Білім беру бағдарламасының тобы- ветеринария Дайындық бағыты: Ветеринария Білім беру саласы Ветеринария Нур-Султан 2019


Организмнің көздарғыларға тосқауы механизмі



бет23/36
Дата30.03.2022
өлшемі1,25 Mb.
#137301
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   36
Байланысты:
cillabus vet hir 10.09.19

3. Организмнің көздарғыларға тосқауы механизмі
Бұл механизмдерге мал организмнің иммунобиологиялық және анатомиялық кедергілері жатады; жараланбаған бүтін тері, кілегей қабықтары, шаңдырлар, мүшелердің (органдардың) сыртқы қабықтары, бауыр және лимфоциттік кедергілер, гемоэнцифалиттік кедергілер (малдың, жүйкелердің қабықтары) гемоофтальмиялық кедергі (көздің қабықтары); жергілікті кедергілер (клетка аралығындағы заттар-гиалурон қышқылы – ұлпа аралығындағы сұйықтар); клетка қабы да микробтармен уларға тосқауыл болады.
Бұдан басқа жарақатталған жерлерде бұдан басқа қосымша кедергілер пайда болады. Мысалы: жарақатталған жердің қабынып ісінуі, тірі етпен өлі еттің шегінде (шекарасында) пайда болатын лимфоцитті кедергі, кейіннен ол дамып гранулды ұлпаға айналады. Хирургиялық инфекцияның дамуы осы кедергілердің жағдайына байланысты, кейде бұған қарамастан инфекция дамып, ары ұлғайып кетеді. Оған не себеп әсер етеді?

Хирургиялық инфекцияның дамына себепкер жағдайлар:





  1. Терінің, кілегей қабығының иммунобиологиялық толымсыздығы;

  2. Анатомиялық кедергілердің, грануляциялық ұлпаның жарақаттануы.

  3. Кедергі және қорғау иммуногенезінің төмендеуі.

  4. Нейрогуморалдық және зат алмасуын бұзылуы.

  5. Организм сенсибилизация (бөгде заттарға сезімталдығы).

  6. Организмге витаминдердің жетіспеушілігі.

  7. Мал ашырқап көтерем болуы.

  8. Әр түрлі жарақаттан малдың қансырауы (қанның азаюы).

  9. Диобактериоз (организмдегі қалыптасқан микробтардың арақатынасының бұзылуы).

  10. Ауыр жарақат және малдың улануы.

  11. Организмдегі өлі ұлпалар мен бөгде заттардың әсері.

  12. Жарақаттың әсерімен пайда болатын өлі ет, бөгде заттар, ірің.

Осымен қатар инфекция процессінің дамуына микробтардың ауру тудыратын қасиеттері және орталық жүйке жүйесінің вагетативтің бөлімінің қызметітің нашарлауы көп әсер етеді.


Хирургиялық инфекцияға қарсы алдын-ала шара қолдану принциптері


Негізгі принциптері.

  1. Қоздырушы микробтардың денеге енбеуіне шара қолдану, әр түрлі операция жасағанда асептика, антисептика, ережелерін бұлжытпай сақтау.

  2. Өлі еттердің мүмкіндігінше қысқа мерзімде операциялық немесе басқа жолдармен алып тастау, жараның қуыстарын кеңейту.

  3. Түтік арқылы іріңді сыртқа шығаруға жағдай жасау, осмотерапия және ферменттерапия қолдану.

  4. Антисептикалық ерітінділер және бактериостатистік ұнтақ қолдану.

  5. Сенсибилизация және жүйке жүйесінің шеткі және орталық бөлімдерінің аса қоздыруын жою (новокаин, транквилизатор қолдану).

  6. Ауру малды жақсы күтіп, құнарлы жем-шөппен қамтамасыз ету керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет