1. Хирургиялық инфекция туралы түсінік.
Инфекция процессін емдеуде ең нәтижелі ем хирургиялық жолдармен оған қосымша микробқа қарсы әрекет және патогендік емдеу әдістерімен жүзеге асырылса оны хирургиялық инфекция дейді.
Хирургиялық инфекция көбінесе жарақаттардың әсерінен организмге микробтар немесе вирустар енгенде дамиды. Ол микробтар енген кезде пайда болып, көп жағдайда жіті немесе созылмалы шектеулі инфекциялық процесс түрінде етсе, оны жергілікті хирургиялық инфекция дейді. Ал микробтардың патогендік және вируленттік қасиеттері басым болып, мал организмінің қорғаныс бейімделу әрекеті жеткіліксіз төмен болса микробтар, вирустар, керең құлақтар бүкіл денеге тарап жалпы хирургиялық инфекция сепсис дамиды (пайда болады). Инфекция микроб, вирус немесе керең құлақтардың бір түрімен пайда болса, оның бір түрлі, ал инфекция пайда болуына микробтардың бірнеше түрлері қатысса оны аралас инфекция дейді. Алғашқы пайда болған инфекцияға тағы қосымша микробтар еніп оны асқындырса оны екіншілей инфекция дейді.
Егер алғашқы микроорганизмдер қайталай тағы әсер етіп инфекцияны одан әрі дамытса оны қайталанған инфекция дейді. Ағымы жағынан хирургиялық инфекция жіті және созылмалы болып бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |