3. Жара процесінің биологиясы Пайда болғаннан бастап жарада жазылу процессі басталады. Жараның айналасындағы әр түрлі потологиялық өзгерістер пайда болады, олар сол жердегі қан айналысын, жүйке қызметінің өзгерістері, осыған байланысты биохимия және биофизикалық өзгерістердің әсерімен жара бірте-бірте өлі еттерден тазартып қуысы ұлпаларға толып жазылады. Осы жараның басынан аяғына дейін балатын жазылу процесінің биологиясы дейді. Бұл процесстің белгілері жараның екінші жетілуімен жазылғанда айқын байқалады, ал жара бірінші жетілуімен немесе қабыршақтанып жазылғанда сыртқы белгісіз өтеді.
Клиникалық белгілеріне қарай Н.П.Пирогов жара процессінің үш сатысын айырады: 1. ісіну; 2. тазару; 3. грануляция сатысы. Цитологиялық және патологиялық өзгерістеріне қарай Н.Ф.Камаев (1962) жара процессін келесі дәуірлерге бөледі:
Ерте пайда болған (12 сағат шамалы) – мұнда қабынудың алғашқы белгілері біліне бастайды.
Дегенеративтік – қабыну дәуірі.
Регенерация дәуірі.
И.И. Кузин үш кезеңді айырады: қабыну кезеңі, регенерация, тыртықтану және эпителиилену кезеңі. Жарадағы боифизика-химиялық өзгерістеріне қарай И.Т.Руфанов жара процессін екі кезеңге бөледі: гидратация кезеңі немесе жараның биологиялық өздігінен тазаруы; дегидратация кезеңі немесе регенеративтік қалпына келу кезеңі. Осы соңғы жіктелу ең қолайлы деп саналады.
4. Жараның емі. Жараларды емдеген кезде қолданатын шараның бірін, жараны зиянды әсерден қорғап, оның жазылуына қолайлы жағдай туғызуға бейімдейді. Ондай шаралар неғұрлым ерте және тиянақты жасалса, соғұрлым ол нәтижелі болады. Жараны емдеу уақытына қарай оның жолдары және әдістері әр-түрлі болады.
Жана пайда болған жараға шұғыл көмек беру. Кездейсоқ аяқ астынан пайда болған жараға күрделі ем көрсету алдында қосымша ластамауға әрекет жасау керек, ағып тұрған қан болса оны таза дәкемен басып тоқтату керек те 5% йодтың спирт ерітіндісін қайнаған сумен екі есе ерітіп соған суланған тампонды жараның қуысына салу керек немесе бұнын орнына антисептикалық ұнталар (стрептоцид, трициллин, йодоформ) қолданып жағдай келсе танып тастау керек. Кейін мал емдеуге жағдай пайда болғанда (малды дайындап, керекті құжаттар, дәрі-дәрмектер дайындалғанда) жараның айналысып өңдеп, қуысын тазартып антисептикалық ұнталар қолданып жараның шеттерің бір-біріне беттестіріп тігу керек. Басқа жағдайда жараны емдегенде оның кезеңдеріне қарай ем қолданады.