4. Құқығы
БӘД келесі нәрселерге құқылы
4.1., Мектеп жарлығымен бекітілгенмектепті басқару жұмыстарына құқылы;
4.2. шағымдармен және басқа құжаттармен танысу, олар туралы түсініктеме беру;
4.4. білім және тәрбие беру әдістерін еркін таңдау, оқу-әдістемелік құжаттарды, оқулықтарды, оқушылардың білімдерін бағалау құқылы;
4.5. квалификациясын көтеруге;
4.6. квалификациялық категорияғаеркін түрде аттестаттау;
4.7. оқу процесінде және үзіліс кезінде оқушыларға тапсырма беру, тәртіпті сақтау, оқушыларды білім мекемесі қойған қатаң тәртіпке шақыру.
5.Жауапкершілігі
5.1. БӘД оқытушысы оқу жоспарына және оқу процесінің графигіне сәйкес білім бағдарламаларының іске толық асырылуынажауапты.
5.2. Оқу процесінде оқушылардың өмірі мен денсаулығына, сабақты себепсіз босатқаны үшін БӘД оқытушысы жауапты
5.3. Білім мекемесі бекіткен еңбек ережелерін қатаң сақтауға, локальдық және нормативтік актерді, инструкциямен жасалғанқызметтік міндеттерді, БӘД оқытушысы ҚР еңбек кодексімен анықталған жауапкершілік артады.
5.4. Физикалық және психикалық зорлық-зомбылық көрсеткен жағдайдыҚР-ның «Білім заңының» еңбек кодексіне сәйкес жұмыстан босатылады;
5.5.Білім беру мекемесінің мүлкін сындырған, немесе бұзған жағдайды.
6. Қызметі бойынша қарым-қатынас
БӘД оқытушысы
6.1. еңбек кодексіндегі білім ұйымының графигіне сәйкес жұмыс жасайды;
6.2. жылдық және әр тоқсандық іс-шараларға жауапты. Іс-шараларлы білім мекемесінің директорымен бекітіледі;
6.3.әрбір тоқсан сайын білім беру мекемесінің директорына 10 бет көлемінде ауызша немесе жазбаша есеп беріп отырады;
6.4. директордан нормативтік-құқықтық, ұйымдастырушылық-әдістемелік ақпараты алу;
6.5.директордың бұйрықтарымен таныстыру, БӘД, әскер қатарына шақыртылғанға дейінгі дайындық, еңбекті қорғау, өндірістік тазалықөрттен сақтау ережелері;
6.6. әкімшілікпен өз құзыретіне қатысты жүйелі түрде ақпарат алмасу.
Білу керек: Қазақстан Республикасының конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңдарын», «Қазақстанның тілдері туралы», "Бала құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлықпен күрес", "Неке және отбасы", "Арнайы әлеуметтік қызметтер", "Мүикіндіктері шектеулі балаларға әлеуметтік және медико-педагогикалық коррекциялық көмек туралы, "Жасөспірімдердің арасындағы құқықбұзушылық" және бас да нормативтік-құқықтық акттар, пәнннің оқыту әдістемесін, тәрбие жұмысын, педагогика және психология; мемлекеттің жалпыға бірдей білім беру стандарты; экономика негіздерін, еңбек туралы заңын
Қызметтік нұсқаулығымен таныстым. Екінші дананы қолыма алдым.
Лауазымдық нұсқаулықпен таныстым: .....................................
(қолы, аты-жөні)
Күні: «.........».........................20.......ж.
БІЛІМ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕГІ
АҒА ТӘЛІМГЕРДІҢ ҚЫЗМЕТТІК НҰСҚАУЛЫҒЫ
1.Жалпы ережелер
1.1.Осы қызметтік нұсқаулық Білім мекемелерінің аға тәлімгерінің тарифтік-квалификациялық сипаттамасы негізінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығына және Қазақстан Республикасы халықты әлеуметтік қорғау және еңбек Министрінің 2003жылғы 28 маусымдағы №141бұйрығына және мемлекеттік мекемелер мамандарының жеке қызметтік сапаны бағалау мінездемесі қазыналық мекемесі, жалпы қызметтің барлық саласы үшін, Қазақстан Республикасы халықты әлеуметтік қорғау және еңбек Министрінің 2003жылғы 30 мамырдағы №119 бұйрығымен бекітілген білім мекемелерінің жарғысымен жасалынған.
1.2 Аға тәлімгер қызметінеБілім мекемелеріндегі директордың бұйрығымен тағайындалады және босатылады.
1.3. Аға тәлімгердің жоғарғы немесе орта кәсіби білімі болуы керек. Жұмыс өтіліне және толық орта біліміне және жұмыс өтіліне арнайы даярлыққа талап қойылмайды.
1.4. Аға тәлімгер Білім мекемесіндегі директордың тәрбие жөніндегі орынбасарына тікелей бағынады.
1.5 Аға тәлімгер өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Заңдарын және Конституциясын, Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Президенті Жарғысынбасшылыққа алады, білім алушыларға білім беру және тәрбиелеу жөніндегі барлық деңгейдегі білім басқармасы ұйымы; қауіпсіздік техникасымен өртке қарсы қорғау, еңбек қорғау нормаларымен ережелері және білім мекемелерінің Жарғысы және локальдық құқықтық актісімен (оның ішінде ішкі еңбек тәртібі Ережесі, директордың бұйрықтары мен әмірі, осы қызметтік нұсқаулық),еңбек келісім шартымен (шартпен).
Аға тәлімгер бала құқығы туралы Конвенцияны сақтайды.
2. Міндеттері
Аға тәлімердің қызметінің негізгі бағыттары:
2.1.Балалар қоғамдық бірлестігі мен ұйымының қызметіне және дамуына қолғабыс ету.
2.2.Балалардың бос уақыттарын ұйымдастыру.
3.Қызметтік міндеттері
Аға тәлімгер төмендегідей қызметтік міндеттерді атқарады:
3.1. Балалар қоғамдық бірлестігі мен ұйымының қызметіне және дамуынаолардың қызметіне өз еркімен әуесқойлық принципіндегі бағдарламасына көмектеседі,балалардың қажеттілігі мен қызығушылығына адамгершілікпен демократиялық өзіндік бастамасымен қарайды;
3.2. Балалар қоғамдық бірлестігі мен ұйымының қызметі формасымен мазмұнының жаңашалауына қолғабыс етеді. Өмір талаптарына және жас ерекшеліктеріне сәйкес ұжымдық -шығармашылық қызметтерін ұйымдастырады;
3.3. Балалар және жастар ұйымдары бірлестігі туралы білулерін қамтамасыз етеді;
3.4.Білім мекемелеріне жүргізілген жұмыстар тақырыбына көрнекіліктер ұйымдастырады;
3.5. Білім мекемелерінде оқушыларға азаматтық және өнегелілік позициясын көрсетуіне, қызығушылығымен талабын жүзеге асыруына, бос уақыттарын қызықты және іске пайдалы өткізуіне қолайлы жағдай жасайды;
3.6. Өзіне сеніп тапсырылған оқушылардың денсаулығымен қауіпсіздігіне қамқорлық етеді,еңбекті қорғау қауіпсіздік техникасын өртке қарсы қорғану ережелері мен нормаларын сақтайды;
3.7. Оқушылардың сырт келбетіне жүйелі түрде бақылау жасап отырады;
3.8. Өзінің біліктілігін арттырып балалармен жасөспірімдермен жұмыстың озық тәжірибелерін үйреніп қолданады;
3.9.Бастапқы балалар ұйымдары,бірлестігі ұжымдарының басқарушыларын (ұйымдастырушыларын) даярлап іріктеу жұмысын жүргізеді;
3.10. Өз жұмысын жоспарлап құжаттарды қалыптасқан тәртіпте ұстайды;
3.11.Білім мекемелерінде тұрмыста қоғамдық орындарда этикалық нормаларды сақтайды;
4.Құқығы
Аға тәлімгер құқылы:
4.1. Педагогикалық мақсатпен және Білім мекемесінің жалпы жұмыс жоспарын қолға ала отырып,өз бетінше оқушылармен жұмыс әдістерімен формаларын таңдайды және жоспарлауға;
4.2.Білім мекемесінің Педагогикалық кеңесінің жұмысына қатысады Білім мекемесінің Жарғысымен анықталған мектеп тәртібінің басқаруына қатысуға;
4.3.Жұмысы бағаланған құжаттар мен арыздармен танысуға,оларға түсінік беруге;
4.5. Біліктілігін арттыруға;
4.6.Біліктілік санатын өздігімен алуға және оның сәтті аяқталуына байланысты дәрежеге қол жеткізуге.
4.7.Оқушыларға үзіліс кезінде сабақты ұйымдастыру мен тәртіп сақтауға жататын міндетті жарлықтар беруге.
Білім мекемесінің Ережесіне сәйкес оқушыларды тәртіпке шақыруға.
5.Жауапкершілігі
5.1.Аға тәлімгер Білім мекемесінің ішкі еңбек тәртібі ережесімен Жарғысын ешбір себепсіз, лайықсыз орындамау, басқа локальдық актілерді, Білім мекемесі әкімшілігінің заңды Жарлығын, осы нұсқаулықтағы көрсетілген қызметтік міндеттерді, ҚР Еңбек кодексімен анықталған тәртіптік жауапкершілік негізінде міндетті жүктейді.
5.2. Оқушылардың жеке тұлғасын психикалық-физикалық күш көрсету әдісін қолдану, әлденеше рет қолдану, басқа да аморальдық әрекет жасаған аға тәлімгер ҚР Еңбек кодексіне және ҚР Білім туралы заңына сәйкес қызметінен босатылады.
5.3. Аға тәлімгер Қ Р Еңбек кодексі және азаматтық Заңнама бекіткен аясында Білім мекемесіне немесе оқу процесіндегі қатысушыларға зақым көрсетіп зиян келтіріп өзінің қызметтік міндетінің орындалу (орындамау) қатынасына байланысты материалдық жауапкершілік тартады.
6. Қарым-қатынас. Қызметтік байланыс
Аға тәлімгер:
6.1. ҚР Еңбек кодексінің 77т, 1п; 82т, 2п; сәйкес Білім мекемесінің директорының бекітілген кестесімен жұмыс жасайды;
6.2. Білім мекемесінің педагогикалық ұжымымен өзін-өзі басқару органдарымен және қосымша білім беру мекемелері және қоғамдық ұжымдармен үнемі тығыз байланысты қолдайды;
6.3. Әр оқу жылы оқу тоқсанына өз бетінше жоспарлайды. Жұмыс жоспары оқу Білім мекемесінің директорының тәрбие жөніндегі орынбасарымен бекітіледі;
6.4. Білім мекемесінің директорының тәрбие жөніндегі орынбасарына ( ауызша немесе жазбаша бес беттен аспайтын машинамен басылған мәтін) өзінің қызметі жөнінде әр тоқсан аяғында 10 күнде есеп береді;
6.5. Білім мекемесі әкімшілігінен нормативтік құқықтық және ұйымдастыру әдістемелік істің түрлері туралы ақпарат алады, құжаттармен қол қою арқылы танысады;
6.6. Білім мекемесінің педагогикалық жұмысшыларымен өз құзыретіне кіретін сұрақтар мен жүйелі түрде ақпаратпен алмасады;
Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқығы туралы»,«Сыбайлық жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Неке және отбасы туралы», «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерге әлеуметтік мемлекеттік жәрдем асыраушысынан айырылу және жасына байланыстыарнайы әлеуметтік қызмет туралы», «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және педагогикалық-медициналық коррекциялық қолдауы туралы»,«Кәмелетке толмаған балалардың арасындағы құқықты бұзушылықтын алдын алу шаралары және балалық бақылаусыз қараусыздықты ескерту туралы» және білім беруді дамытудың келешегі мен бағыттарын анықтайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерін; тәрбие жұмысының, пәндік оқытудың әдісін; оқу кабинеттерімен қосалқы үй-жай жабдықталуы және жарықтандыруыталабын; оқыту құралдары мен олардың дидактикалық мүмкіндіктерін; негізгі бағыттарымен білім беру келешектерін және педагогикалық ғылымды; құқық негізі және ғылыми еңбек ұйымдастыру;педагогика мен психологияны; мемлекеттік жалпы білім стандартын; педагогиканы; педагогикалық психологияны; педагогикалық ғылым мен тәжірибенің жетістіктерін; экономика негіздерін, еңбек туралы заңнаманы; еңбек қорғау ережесімен нормасын, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қорғану ережелерін; санитарлық ереже мен нормаларын.
Қызметтік нұсқаулығымен таныстым. Екінші дананы қолыма алдым.
Лауазымдық нұсқаулықпен таныстым: .....................................
(қолы, аты-жөні)
Күні: «.........».........................20.......ж.
БІЛІМ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГҚА АРНАЛҒАН ҚЫЗМЕТТІК НҰСҚАУЛЫҚ
Жалпы ережелер
1.1. Әлеуметтік педагог қызметі балалардың дамуы мен оны қорғауды қамтамасыз ету заңына негізделген. Әлеуметтік педагог сонымен қатар өз қызметінде Қазақстан Республикасының 2009ж.13 шілдеден №338 Білім және Ғылым министрлігі, 28.03.03. №141 ҚР Еңбек министрлігі мен тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсету, сонымен қатар 30.05.03ж. №119 ҚР тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсету сен Еңбек министрлігімен бекітілген бұйрықтар және де басқа да нормативтік актілер мен құжаттарды, осы ережені басшылыққа алады.
1.2. Әлеуметтік педагог қызметіне тағайындау және қызметтен тек білім мекемесінің директоры босата алады.
1.3. Әлеуметтік педагог жоғары білімді, еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы керек.
1.4. Әлеуметтік педагог директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына тікелей бағынады.
1.5. Әлеуметтік педагог қызметі балалардың дамуы мен оны қорғауды қамтамасыз ету заңына негізделген. Әлеуметтік педагог сонымен қатар өз қызметінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңын, БҰҰ «Балалардың құқықтары туралы Конвенция», ҚР «Неке және отбасы туралы заңы», басқа да нормативтік актілер мен құжаттарды, осы ережені басшылыққа алады.
2. Бағыттары
Әлеуметтік педагогтың қызметтік бағыттары:
2.1. Қорғаншы мен қамқоршыларды қажет ететін балалар мен жастарды анықтау және есепке алу жұмыстарын жүргізеді Қорғаншы мен қамқоршыларды қажет ететін балалар мен жастарды анықтау және есепке алу жұмыстарын жүргізеді Қорғаншы мен қамқоршыларды қажет ететін балалар мен жастарды анықтау және есепке алу жұмыстарын жүргізеді;
2.2. Балалардың құқығын қорғау мен еркін таңдау мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді
.
3. Қызметтік міндеттері
Әлеуметтік педагог мына қызметтік міндеттерді атқарады:
3.1. Социумдағы әлеуметтік жағдайды зерттеп және оған болжам жасау арқылы отбасы мен балаларға әлеуметтік-педагогикалық нақты көмек формаларын және түрлерін ұсынады;
3.2. Баланың жан-жақты психологиялық дамуына жағдай жасау, оқу мен тәрбиеге теріс көзқарасты жою, салауатты өмір салтына оңды көзқарас қалыптастыру, бала тұлғасы дамуының бұзылуы себептерін анықтап, алдын ала сақтандыру шараларын жүргізу, үгіт-насихат жұмыстары арқылы педагогтар мен балалардың психологиялық, құқықтық біліктілігінің жоғары болуын қамтамасыз ету;
3.3. Әлеуметтік педагог мектеп әкімшілігімен, мұғаліммен, педагог-психологпен, салауаттанушымен, медбикемен, тәрбиешілерімен, оқушылармен олардың ата-аналарымен өзара байланысқа түседі.
3.4. Мектепте, отбасында, өмір сүру ортасында, жастар мен балалар қоғамдарында және ұйымдарында баланың тұлғалану үдерісінің дамуына тікелей әсер ету.
3.5. Сабақтан тыс баланың өзін-өзі дамуына жағдай жасау;
3.7. Қоғамдағы гуманизмдік, рухани бай қарым-қатынастың болуына жағдай жасау;
3.8. Бала мен мемлекеттік, қоғамдық мекемелерімен қарым-қатынастың орнауына жағдай жасау;
3.9. Мұғалімдермен, ата-аналармен және де басқа заңды тұлғалармен қарым-қатынасқа түседі;
3.10. Оқу барысы кезіндегі оқушылардың өмір қауіпсіздігі мен денсаулықтарына жауап береді;
3.11.Білім мекемелерінде оқу бағдарламасының орындалуын қадағалайды;
Психофизикалық сәйкестіктерді басшылыққа ала отырып, оқытудың тәсілдері мен әдістемелерінің түрлерін таңдауға жағдай жасайды;
Әлеуметтік жағдайы төмен оқушыларды, жартылай жетім, аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасы оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету, сыныптың әлеуметтік паспортын, Наркопост жұмыстарын құрастыру, шағын аудандар бойынша рейд жұмыстары, оқытушылардың құқықтарын қорғауын қамтамасыз етеді.
3.14. Мінез-құлқында ауытқу байқалатын балалар мен жастарды дер кезінде анықтау, асоциалдық мінез-құлықтың алдын алу жұмыстарын (қылмыстың, құқық бұзушылықтың, маскүнемдіктің, таксикоманияның, наркоманияның және т.б. алдын алу).
3.15.Бағдарлама мен жоспарды құрастырып, олардың орындалуын қамтамасыз етеді; бекітілген құжаттама мен есептілікті жүргізеді;
3.16.Ата-аналарға, педагогтарға, басқа да ұйымдардың қызметкерлеріне әлеуметтік-педагогикалық кеңес берумен айналысады.;
3.17.Сабақ өткізу барысында қауіпсіздік техника ережелерін сақтауға қамтамасыз етеді;
3.18 Әр төтенше жағдай туралы және оның алдын алу жолдарын білім беру мекемелерінің әкімшілігін хабардар етеді, бірінші медициналық көмек көрсету жолдарымен қамтамасыз етеді;
3.19. Өзінің кәсіптік деңгейін көтереді, әдістемелік бірлестіктері мен басқа әдістемелік жұмыстарына қатысады;
3.20. Бұйрықтардың жобаларын дайындайды, Педагогикалық кеңестің жұмыстарына қатысады;
3.21. Мерзімді медициналық тексерісті тегін өтеді;
3.22. «Қамқорлық» пен «Мектепке жол» атты акцияларды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз етеді;
3.23. Мектепте, отбасында, өмір сүру ортасында, жастар мен балалар қоғамдарында және ұйымдарында баланың этикалық нормаларын қадағалайды.
4. Құқықтары
Әлеуметтік педагог құқылы:
4.1. білім мекемелерінде ережеге сай мектептегі тәртібін қадағалауына қатысу;
4.2. шағымдар мен басқа құжаттармен танысып, оларға түсініктеме беруге құқылы;
4.4.оқушылардың бағалары мен оқу материалдары, оқулықтардың әдістемесін таңдап, оларды еркін қолдана алады;
4.5.кәсіптік деңгейін көтеру;
4.6 әлеуметтік педагогтің қызметі 5 жылда бір рет өткізілген аттестация нәтижелері ынталандырып отырады. Егер әлеуметтік педагог өз қызметінің кәсіби шеберлігі едәуір жоғарылады деп есептейтін болса кезектен тыс аттестацилық сынақтан өтуге тілек білдіруіне болады;
4.7. кәсіпұйым мүшелерімен бірлестікте мектеп әкімшілігі қабылдаған білім беру ұйымының субъектілерінің құқықтары, денсаулықтары, әрекет жағдайлары мен оларды қорғауға қатысты локалді құқықтық актілердің дұрыс құрылуын анықтауға қатысуға.
5. Жауапкершілігі
5.1.Әлеуметтік педагог жұмысын жүргізудегі ҚР заңдарына сәйкес жасалған білім беру бағдарламасының сапасына, сабақ кезіндегі оқушылардың өмірі мен денсаулығына, олардың құқықтарының бұзылуына жауапты;
5.2.Білім беру мекемесінің ережелері мен жарлығы орындалмаған жағдайда әлеуметтік педагог жауапқа тартылады;
5.3.Оқушыларға психикалық және физикалық зорлық көрсететін болса, әлеуметтік педагог ҚР «Білім беру» Заңына сәйкес жұмыстан босатылады;
6. Өзара қарым-қатынастары. Қызметтік қарым-қатынас
Әлеуметтік педагог:
6.1.ҚР Еңбек кодексінің 2б. 82б.; 1 тармағ. 77б. сай сабақ кестесі мен жалпымектептік іс-шаралар режимінде жұмыс істейді;
6.2. Әр оқу жылына және әр тоқсанға өздігінен жұмыс жоспарын құрастырады. Білім беру мекемесінің директордың қолымен бекітіледі;
6.3. Директордың оқу іс жөніндегі, ғылыми-әдістемелік, оқу-тәрбие ісінің орынбасарына өзінің істелінген жұмыстары туралы есеп береді (ауызша немесе жазбаша түрде, бес беттен көп болмауы керек);
6.4.Білім беру мекемесінің директоры мен орынбасарынан нормативтік-құқықтық құжаттар туралы ақпаратты алып, онымен танысады;
6.5. Ата-аналармен, мұғалімдермен, білім беру мекемесінің жұмысшылары мен әкімшілігімен тығыз байланыста жұмыс жасайды.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясы; ҚР «Білім беру туралы заңы»; Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы; БҰҰ «Балалардың құқықтары туралы Конвенция»; ҚР «Неке және отбасы туралы заңы»;«ҚР баланың құқықтары туралы заңы»; «Қорғаншылық және қамқоршылық туралы ереже»;ҚР Еңбек кодексі; ҚР Қылмыстық кодексі; «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын-алу туралы» ҚР Заңы және де басқа нормативтік құжаттар.
Қызметтік нұсқаулығымен таныстым. Екінші дананы қолыма алдым.
Лауазымдық нұсқаулықпен таныстым: .....................................
(қолы, аты-жөні)
Күні: «.........».........................20.......ж.
БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІНДЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТЫҢ ЛАУАЗЫМДЫҚ НҰСҚАУЛЫҒЫ
1. Жалпы ережелер
1.1. Осы лауазымдық нұсқаулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 13.07. 09 ж. №338 , Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 28.06.03 ж. №141 бұйрықтарымен бекітілген білім беру мекемесіндегі әлеуметтік педагогтың тарифтік-біліктілік сипаттамасы негізінде және Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.05.03 ж. №119-п бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындар мамандары жекелеген лауазымдарының біліктілік сипаттамалары негізінде, білім беру мекемесінің ұжымдық келісім-шарты _______________________________, білім беру мекемесінің Жарғысы _______________________________ негізінде жасалды.
1.2.Әлеуметтік педагогты білім беру мекемесінің басшысы қызметке тағайындап, қызметінен босатады.
1.3.Әлеуметтік педагог жоғары білімді болуы шарт, әлеуметтік педагогтың жұмыс өтілі 3 жылдан кем болмауы тиіс.
1.4.Әлеуметтік педагог білім беру мекемесі басшысының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына тікелей бағынады.
1.5.Әлеуметтік педагог өз қызметінде ҚР Конституциясын, Заңдарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдерін, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өрттен қорғану ережелері мен нормаларын, сондай-ақ білім беру мекемесінің Жарғысын және жергілікті құқықтық актілерін (оның ішінде Ішкі еңбек тәртібі ережелерін, директордың бұйрықтары мен өкімдерін, осы нұсқаулықты), еңбек шартын (контракт) басшылыққа алады.
Әлеуметтік педагог Бала құқығы туралы Конвенцияны бұлжытпай орындайды.
2. Атқаратын қызметі
Әлеуметтік педагог қызметінің негізгі бағыттары:
2.1. әлеуметтік қорғалмаған білім алушылардың құқықтарын бақылауды жүзеге асырады;
2.2. білім алушылардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуын қамтамасыз етеді.
3. Лауазымдық міндеттері
Әлеуметтік педагог төмендегі лауазымдық міндеттерді атқарады:
3.1. тұлғаның жеке басының және оның микроортасының психологиялық-медициналық-педагогикалық ерекшеліктерін, тұрмыс жағдайын зерттейді, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің қызығушылықтары мен қажеттіліктерін, туындаған мәселелерді, тартысты ситуацияларды, мінез-құлығындағы ауытқуларды анықтап, оларға уақытылы әлеуметтік көмек және қолдау көрсетеді;
3.2. әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың міндеттерін, түрлері мен әдістерін, баланың жеке басының және әлеуметтік мәселелерін шешу амалдарын анықтайды, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, балалардың тұлға ретіндегі құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруда әлеуметтік қорғау және әлеуметтік көмек бойынша шаралар қолданады;
3.3. білім алушылар мен білім беру мекемесінің, жанұяның, түрлі әлеуметтік қызмет мекемелері, ведомстволары және әкімшілік органдар (ЗПД, ИДН, т.с.с.) мамандарының арасында делдалдық қызмет атқарады;
3.4. білім беру мекемелерінде және тұрғылықты мекен-жайы бойынша білім алушылардың тұлға ретінде қоғам өміріне бейімделуін қамтамасыз ететін тәрбие, білім беру, дамыту және әлеуметтік қорғау бойынша шаралар кешенін жүзеге асырады;
3.5. білім алушылардың сабақтан тыс уақытында дарынын, ойлау қабілеті мен физикалық қабілеттерін дамытуға жағдай жасайды;
3.7. әлеуметтік ортада ізгілік, адамгершілік қатынастардың орнауына ықпал етеді;
3.8. баланың және мемлекеттік, қоғамдық ұйымдар мен әлеуметтік қызмет орындарының арасындағы байланысты қамтамасыз етеді;
3.9.оқытушылармен, ата-аналармен және басқа да заңды өкілдермен өзара қарым-қатынас жасайды;
3.10. білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз етеді;
3.11. білім беру ұйымында білім бағдарламаларын жасауға, бекітуге және жүзеге асыруға қатысады;
3.12. психофизиологиялық мақсатқа сәйкес жұмыс жасаудың (оқытудың) әлеуметтік негізделген түрлерін, тәсілдері мен әдістерін қамтамасыз етеді;
3.13. білім алушылардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуын қамтамасыз етеді, жетім балалардың, тұрмысы төмен отбасынан шыққан және басқа да оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуына, жалпыға міндетті оқу Қорына, Алдын алу кеңесінің жұмыстарын ұйымдастыруға, мөлтек аудандар бойынша рейдтерге, сыныптардың әлеуметтік паспорттарын құруға жауап береді, оқушылардың сабаққа қатысуын қадағалайды;
3.14.арнайы есепте тұрған, суицидке бейімдігі бар әумесерлік (девиантты) мінез-құлықты оқушылармен, «қатерлі» топтағы балалармен алдын алу жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етеді;
3.15.жоспарлар мен бағдарламалар жасайды, олардың орындалуын қамтамасыз етеді; белгіленген құжаттаманы, есептілікті жүргізеді;
3.16. өз құзіреті аясында ата-аналарға (оларды алмастыратын тұлғаларға), сондай-ақ білім беру мекемесіндегі педагогтарға және білім алушыларға консультациялық көмек көрсетеді;
3.17. сабақ өткізу барысында еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өрттен қоғанудың сақталуын қамтамасыз етеді;
3.18. орын алған әрбір оқыс оқиға туралы білім беру мекемесінің әкімшілігіне жедел хабарлайды, алғашқы көмек көрсету бойынша шаралар қолданады;
3.19. өзінің кәсіби біліктілігін арттырады; әдістемелік бірлестіктердің, әдістемелік жұмыстың басқа да түрлерінің қызметіне араласады;
3.20. білім беру мекемесінің Педагогикалық кеңесінің жұмысына қатысып, бұйрықтардың жобаларын даярлайды;
3.21. мерзімді тегін медициналық тексерулерден өтеді;
3.22. «Мектепке бастайтын жол», «Қамқорлық», т.б. акцияларды ұйымдастырып, өткізуді қамтамасыз етеді;
3.23.білім беру мекемесінде, тұрмыста, қоғамдық орындарда педагогтың қоғамдағы орнына сай әдеп қалыптарын сақтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |