Білім беру ұйымдарына арналған лауазымдық НҰСҚаулықтар жинағЫ



бет10/10
Дата05.11.2019
өлшемі155,21 Kb.
#51197
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Сборник должностных инструкций


Таныстым: _________________________

(қолы) (аты-жөні)
Мерзімі «__»__________20 ____ж.

БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІ ҚАРАУЫЛ ЛАУАЗЫМДЫҚ

НҰСҚАУЛЫҒЫ
1.1 Қазақстан Республикасы халықты әлеуметтік қорғау және еңбек Министірінің 30.05.2003 жыл №119 бұйрығымен бекіткен білім мекемесінің ұжымдық шарты ______________ білім беру мекемесінің жарғы ______________ негізінде әуірленген мемлекеттік мамандарының лауазымдық біліктілік сиппатамасы, білім мекемесі күзетшісінің тарифтік-біліктілік сиппатамасы негізінде дайындалған лауазымдық нұсқаулығы.

    1. Білім беру мекемесіне күзет фирмасы күзетшіні ұсынады.

    2. Күзетші тікелей директордың әкімшілік-шаруашылық жұмысы жөніндегі орынбасарына бағынады.

    3. Күзетші өз жұмысында нормативті құжаттар мен бұйрықтар, өнімдер, еңбекті сақтау нормалары мен ережелер қауіпсіздік техникасы, өндірістің санитария, өрт қауіпсіздігі,сонымен қатар, Жарғы мен ішкі тәртіп ережелері және осы нұсқаулықты басшылыққа алады


2 Функциясы

2.1 Білім беру мекемесінің қауіпсіздіқ қамтамасыз ету


3 Лауазымдық міндеттері

3.1 Білім беру мекемесінің күзету қызметын жүзеге асырады

3.2 мекемеге келген тұлғалардың құжаттарын тексереді, материалды құндылықтарды әкелу немесе әкетуін бақылайды

3.3 Кәсіпорынға орнатылған күзет-өрт дабылы құралдарының жұмысын бақылайды, қауіпсіздік қызметінің басшысына хабар береді (күзет бастығы , обьект кезекшісі) қажет болса ішкі істер немесе өрт бөліміне

3.4 Дабыл қосылу себебін анықтайды, шара қолданады, тәртіп бұзушыларды ұстайды

3.5 Дабыл соғылған кезде шығу (кіру бекеттерін жабады қызмет басшысының рұқсатымен шығарады, кіргізеді)



    1. Күзетіп отырған обьектіден материалды құндылықты заңсыз адып шығуға ұмтылған немесе құқық бұзушыларды ұстайды

    2. Құжаттардың дұрыс сақталуы үшін қажетті жағдай жасайды, құжаттардың жағдайын қарайды

Білуі тиіс

Нормативті-құқықтық актілер, ережелер, нұсқаулықтар, қауіпсіздікті қамтамасыз ететін материалдар, еңбекті ұйымдастыру негіздерін техникалық құралдарды қолдану, ҚР еңбек туралы заңнамаларын ішкі еңбек тәртібі, еңбекті қорғау ережелері мен нормалар, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі.


4 Құқығы

4.1 Мекеме қызметкерлерінің қажет болса әкімшіліктен қажетті ақпаратты сұрауға құқығы бар.



5. Жауапкершілігі

    1. Өзінің тікелей міндеттерін Жарғы мен ішкі тәртіп ережелерін, басқа да нормативті актілерді, осы лауазымдық нұсқалықтағы міндеттерін себепсіз орындамаса ҚР еңбек кодексінде көрсетілген тәртіп бойынша жауапкершілікке тартылады.

    2. Білім беру мекемесіне немесе білім процесіне қатысушыларға күзетшінің міндетін орындауына, орындамауына байланысты залал келсе, ол ҚР еңбек кодексі мен заңнамаларда қарастырылған тәртіп бойынша материалды жауапкершілікке тартылады.




  1. Қарым-қатынас. Қызметтегі байланыстар

    1. Күзет фирмасы бекіткен мектеп директорымен келісілген кесте бойынша жұмыс істейді.

    2. Жұмыс барысында қажетті ақпараттар мен материалдарды дайындау немесе ұсыну мәселелер бойынша педагогикалық , әкімшілік ұжыммен өзара әрекеттеседі.


Қызметтік нұсқаулығымен таныстым. Екінші дананы қолыма алдым.

Лауазымдық нұсқаулықпен таныстым: .....................................

(қолы, аты-жөні)
Күні: «.........».........................20.......ж.

БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІ КҮЗЕТШІСІНІҢ ЛАУАЗЫМДЫҚ НҰСҚАУЛЫҚТАРЫ


  1.      Жалпы Ереже

Осы қызметтік нұсқаулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі N 338 Бұйрығы негізінде білім беру мекемелеріндегі жұмыскерлердің тарифтік-біліктілік сипаттамасы, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 28.06.03. №141 бұйрығы және мемлекеттік мекемелер мен қазыналық өндірістерде мамандардың жеке қызметтік біліктілігі, барлық шаруашылық үшін жалпы, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 30.05.03 жылғы №119 бұйрығы, білім беру мекемесінің ұжымдық келісім шарты, білім беру мекемесінің жарғысы негізінде жасалған.

Осы нұсқаулық типтік болып саналады және оның күші білім беру мекемелеріндегі барлық мұғалімдерге қатысты, нұсқаулық негізінде жеке пәндерден білім беретін мұғалімдерге немесе бастауыш білім беретін мекемелердегі мұғалімдерге лауазымдық нұсқаулық құрылады.


2. Қызмет ету аясы

Қүзетші жұмысының негізгі бағыттары:

2.1. Білім беру мекемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
3. Қызмет міндеттері

Күзетші келесі міндеттерді атқарады:

3.1. Еңбек қорғау нұсқауларын, ішкі еңбек тәртібін, қауіпсіздік сақтау және өртке қарсы ережелерін орындайды;

3.2. Нысанға қатысы жоқ адамдарды жібермейді;

3.3. Жұмыс барысында шылым шекпейді, спирт ішімдіктерін қолданбайды және санитарлық ережелерді сақтайды;

3.4. Еңбек тәртібінің дұрыс орындалмауы туралы мекеме бастығына немесе оның орынбасарына хабарлайды;

3.5. Күзетке алынған объектінің тұтастығын тексеру ( құлыптардың пломбалануы, өртке қарсы қолданатын керек- жарақтың бар болуы, телефон, электр жарықтын дұрыстығы).

3.6. Күзетке алынған объектініаусымына үш рет қарап өту.

3.7. Есік- терезелер, мөрлердің бұзылған жағдайында мекеме бастығына немесе оның орынбасарына хабарлайды және полиция қызметкерлері келгенше күзетеді.

3.8. Объектіде өрт басталған жағдайда дабыл көтері полиция және өрт сөндіру қызметтеріне хабарлайды.

3.9. төтенше жағдай орын алған кезінде, мекеме бастығы немесе оның шаруашылық бойынша орынбасарына хабарлайды.

3.10. Жылыту жүйесін бақылайды және білім беру мекемесінің ауа температурасын қадағалайды.

3.11. Қезекшілікті қабылдау немесе өткізу кезінде журналға сәйкес жазу жасайды.

3.12. Білім беру мекемелерінде, қоғамдық орындарында қүнделікті әдептілік нормаларды сақтайды.




Лауазымдық нұсқаулықпен таныстым: .....................................

(қолы, аты-жөні)
Күні: «.........».........................20.......ж.
БІЛІМ ҰЙЫМЫ ҚЫЗМЕТТІК ЖАЙЛАРДЫ ЖИНАП ТАЗАЛАУШЫНЫҢ ЛАУАЗЫМДЫҚ НҰСҚАУЛЫҒЫ
1. Жалпы ережелер

1.1. Аталған лауазымдық нұсқаулық білім ұйымы қызметтік жайларды жинап тазалаушыныңтарифтік-біліктілік мінездемесі, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 30. 05. 03 жылғы №119 бұйрығымен бекітілгенбарлық қызмет түрлеріне ортақ қазыналық кәсіпорын және мемлекеттік ұйымдар мамандарының жекелеген лауазымдарының біліктілік талаптары, білім ұйымының ұжымдық шарты, білім ұйымының Жарғысы негізінде жасалған.

1.2. Қызметтік жайларды жинап тазалаушынықызметке білім ұйымының басшысы тағайындайды және қызметінен босатады. Қызметтік жайларды жинап тазалаушықызметіне жұмыс өтілі мен арнайы дайындығы жоқ адамдар тағайындалады.

1.3. Қызметтік жайларды жинап тазалаушы тікелей білім ұйымының әкімшілік-шаруашылық ісі бойынша орынбасарына бағынады.

1.4. Қызметтік міндетін орындау барысында қызметтік жайларды жинап тазалаушыөкімдерді, бұйрықтарды, басқа да басшылыққа алатын және де нормативтік құжаттарды; еңбекті қорғау нормалары мен ережелерін, қауіпсіздік техникасын, өндірістегі тазалық және өрт қауіпсіздігін, сондай-ақ білім ұйымының ішкі еңбек тәртібі ережелері мен Жарғысын және осы Нұсқаулықты басшылыққа алады.
2. Функциялары

Қызметтік жайларды жинап тазалаушы жұмысының негізгі бағыттары болып:

2.1. оқу мекемесінде санитарлық-гигиеналық талаптарды қамтамасыз ету болып табылады.
3. Лауазымдық міндеттері

Қызметтік жайларды жинап тазалаушы мына лауазымдық міндеттерді орындайды:

3.1. Оқу мекемесінің оған бекітілген қызметтік және оқу жайларын жинайды (сыныптар, кабинеттер, дәліздер, сатылар, жуынатын орындар, дәретханалар және т.б.);

3.2. Қолмен немесе құралдардың көмегімен қабырғаларды, едендерді, терезе жақтауларын және шыныларды, жиһазды және кілем өнімдерін сыпырады және жуады,шаңды сүртеді;

3.3. Қоқыс салатын жәшіктерді қағаздан тазалайды және оларды дезинфекциялық ерітіндімен жуады, қоқысты жинайды және оны белгіленген орынға шығарады;

3.4. Унитаздарды, раковиналарды және басқа да санитарлық-гигиеналық жабдықты тазалайды және залалсыздандырады; жуынатын орындарда (дәретханаларда) сабын (сұйық сабын) және дәретхана қағазын қояды;

3.5. Тазаланатын жайларда санитария мен гигиена талаптарын сақтайды, оларды желдетуді қамтамасыз етеді;

3.6. Белгіленген тәртіпке сәйкес жарықтандыруды қосады және айырады;

3.7. Қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтай отырып қажетті жуу және залалсыздандыру ерітінділерін дайындайды;

3.8. Қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін сақтайды;

3.9. Бекітілген аумақтағы тәртіпті бақылайды, оқушылар жағынан болған айқын тәртіп бұзылуын әдепті сақтай отырып тоқтатады және заңды талапқа бағынбаған жағдайда кезекші педагогқа бұл туралы хабарлайды;

3.10. Әрбір жұмыс күнінің басында және аяғында, жабдықтардың, жиһаздардың, құлыптардың және басқа бекітілетін құрылғылардың, терезе шыныларының, крандардың, раковиналардың, жуынатын жерлердің, электр аспаптарының (ажыратқыштар, розеткалар, кішкентай шамдар және т.с.) және жылу құралдарының жарамдылығын тексеру мақсатында бекітілген аумақты аралап шығады; айына бір рет бекітілген аумақта түбегейлі тазалауды өткізеді;

3.11. Бекітілген аумақта терезелерді іш жағынан (бірінші қабатта – ішкі және сыртқы жағынан) жуады;

3.12. Тұтас перделерді, перделерді таза жағдайда ұстайды, перделерді жылына екі рет немесе олардың кірленуіне қарай жуады;

3.13. Мәжіліс және спорт залдарын, жайларды мектепішілік іс-шараларға дайындауда қатысады;

3.14. Бекітілген аумақта сантехниканың, жылыту радиаторларының, есік құлыптарының, терезе тиектерінің, шынылардың және т.б. ақаулығын тапқан жағдайдасұраным журналына тиісті жазу қалдырады немесе оқу мекемесінің шаруашылық меңгерушісіне ауызша ақпарат береді;

3.15. Оқу мекемесі әкімшілігінің бірлі-жарым жеке тапсырмаларын орындайды;

3.16. Заттар мен құралдарды шаруашылық мақсатына тиімді жұмсауға жауапты;

3.17. Вахтердағы жұмыс уақытын тіркеу журналында күнделікті өзінің жұмысының басталу және аяқталу уақытын белгілейді;

3.18. Оқу мекемесінде, тұрмыста, қоғам орындарында қоғамдық жағдайына сай тәртіптің этикалық нормаларын сақтайды.

Мекеме қызметінің мамандандыруын;еңбек ұйымдастыру негіздерін; техникалық құралдарының пайдалану ережелерін; ҚР еңбек туралы және еңбекті қорғау заңнамаларын; ішкі жұмыс күнтәртібі ережелерін; еңбек қорғау нормалары мен қауіпсіздік техникасын, өндіріс санитариясын және өртке қарсы қорғану ережелерінбілуі керек.
4. Құқықтары

Қызметтік жайлардың жинап тазалаушы:

4.1. Жуу құралдарын, жабдықтарын және сүрту материалдарын, оларды сақтауға арналған жайларды бөлінуіне;

4.2. Белгіленген нормалар бойынша арнайы киім алуға құқығы бар.


5. Жауапкершілік

5.1.Қызметтік жайларды жинап тазалаушы оқу мекемесінің осы Нұсқаулықпен белгіленген ішкі еңбек күн тәртібінің Ережелерін және Жарғысын, басқа да жергілікті нормативтік актілердің, лауазымдық міндеттерді орындамауы немесе дәлелді себепсіз тиісті орындамауы, сонымен бірге берілген құқықтарды пайдаланбағаны үшін ҚР Еңбек кодексімен анықталған тәртіпте, тәртіптік жауапкершілікке тартылады.

5.2. Оқу мекемесіне немесе оқу үдерісіне қатысушыларына өзінің лауазымдық қызметтерін орындамауына байланысты, қызметтік жайларды жинап тазалаушы айыпты зиян келтіргені үшін, ҚР еңбек кодексі және (немесе) азаматтық заңнама белгілеген тәртіппен және осы шекте материалдық жауапкершілікке тартылады.
6. Өзара қатынас. Лауазымды байланыстары

Қызметтік жайларды жинап тазалаушы:

6.1. оқу мекемесі директорымен бекітілген кесте бойынша, Еңбек кодексінің 77-бабының 1-тармағы; 82-бабының 2-тармағына сәйкес жұмыс істейді;

6.2. өзінің іс-әрекеті барысында педагогикалық, әкімшілік және қызмет көрсету қызметкерлерімен қажетті ақпарат және материалдарды ұсынуға және дайындау мәселері дайындауда өзара әрекеттеседі.


 Лауазымдық нұсқаулықпен таныстым және екінші данасын алдым
Таныстым: ______________________ ______________________________

(қолы) (Т.А.Ә.)
Күні: «___» _______________ 20____ж.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет