Білім беру ұйымдарына арналған лауазымдық НҰСҚаулықтар жинағЫ



бет1/10
Дата05.11.2019
өлшемі155,21 Kb.
#51197
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Сборник должностных инструкций

БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНА

АРНАЛҒАН ЛАУАЗЫМДЫҚ НҰСҚАУЛЫҚТАР ЖИНАҒЫ




МАЗМҰНЫ





1

Директор

5

2

Директордың оқу-әдістемелік жұмыс бойынша орынбасары

7

3

Директордың ғылыми-әдістемелік жұмыс бойынша орынбасары

14

4

Директордың бағдарлы оқу және бағдаралды оқу бойынша орынбасары

22

5

Директордың ақпараттандару жұмысы бойынша орынбасары

26

6

Директордың тәрбие жұмысы бойынша орынбасары

34

7

Директордың әкімшілік-шаруашылық жұмысы бойынша орынбасары

41

8

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс бойынша жауапты

45

9

Педагог - ұйымдастырушы

47

10

АӘД оқытушысы-ұйымдастырушы

50

11

Аға вожатый

53

12

Әлеуметтік педагог

57

13

Психолог

64

14

Логопед

67

15

Дефектолог

71

16

Кітапханашы

74

17

Сынып жетекшісі

76

18

мұғалім

79

19

Дене шынықтыру мұғалімі

84

20

Лаборант




21

Бас бухгалтер

88

22

Бухгалтер

90

23

Шаруашылық меңгерушісі

91

24

Хатшы




25

Іс жүргізуші

93

26

Мектеп медбикесі

94

27

Аудармашы

98

28

Архивариус

99

29

Вахтер

101

30

Қарауыл

104

31

Күзетші

105

32

Қызмет орнын тазартушы

106

БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ЛАУАЗЫМДЫҚ НҰСҚАУЛЫҒЫ



  1. Жалпы ереже

Осы лауазымдық нұсқаулық білім беру мекемесінің басшысы еңбегіне тарифтік-квалификациялық бағалау негізінде ҚР Білім және ғылым Министрлігінің 13.07. 2009 ж. №338 бұйрығына, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің 28.06.03. №141 бұйрығына, осы Министрліктің 30.05.03ж. №119 бұйрығы сәйкес құрастырылды.

1.2 Мектеп басшысы жоғары мекеме басшылығының (Білім Басқармасы...........) нұсқауымен тағайындалады және босатылады.

Кезекті еңбек демалысы немесе уақытша еңбекке жарамсыз болған жағдайда оның міндетін орынбасарлары атқарады.

1.3.Мектеп директорының кәсіби жоғары білімі және кемінде 5 жылдық педагогикалық еңбек өтілі, оған қоса лауазымдық қызметте болу міндетті.

1.4. Білім мекемесінің директоры тікелей Білім беру басқармасына бағынады.

1.5. Мектеп басшысы ҚР Конституциясы мен Заңдарын, еңбекті қорғау заңдарын, қауіпсіздік ережелері мен өрт қауіпсіздігін сақтау ережелерін басшылыққа ала отырып, барлық еңбек келісім шарттарды мұқият орындауға міндетті. Бала құқығын сақтау Конвенциясы ережелерін бұлжытпай орындайды.


2. Міндеттері

Білім беру мекемесі басшысының негізгі міндеттері:

2.1. Білім беру мекемелері мен ұйымдардың ережелері мен құқықтық нормативтік актілерді басшылыққа алады.

2.2.Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, педагогикалық және әдістемелік кеңес шешімдерін тарату жұмыстарын ұйымдастырады.

2.3. Педагогикалық ұжымға әдістемелік басшылық көрсетеді.

2.4. Ғылыми-әдістемелік және мектептің материалдық- техникалық базасына, оқу-тәрбие үрдісіне басшылық жасап, бақылауда ұстайды.

2.5.Оқу үрдісінде техникалық қауіпсіздікті сақтау барысын қадағалайды.
2.Лауазымдық міндеттері

Білім беру мекемесінің директоры

3.1. Жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларды бекітеді.

3.2. Жалпы білім беру ережелеріне сәйкес бекітілген аймақ көлемінде балаларға білім беру жұмыстарын қадағалап, қамтамасыз етеді.

3.3. Оқу-тәрбие үрдісінде әдістемелік нұсқаулықтар беріп, заман талабына сәйкес ақпараттық технологиялармен қамтамасыз етеді.

3.4. Педагогикалық ұжымның қалыптасуына, әдістемелік бірлестіктердің, балалар ұжымдарының дамуына жағдай жасайды.

3.5. Оқыту үрдісінде оқушылар мен мекеме қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығын қорғау қауіпсіздігін сақтауға толық жағдай жасайды. Олардың құқықтарын қорғап, әлеуметтік жағдайын жақсартуға көмектеседі.

3.6. Оқушының жеке дамуына, оларды әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етеді.

3.7. Тамақтандыру ісімен, медициналық көмек көрсету ісімен айналысады.

3.8. Арнайы белгіленген құқықтық ережелер негізінде бөлінген қаражаттар мен заттарды орынды пайдалану ісін бақылайды.

3.9. Оқу- материалдық базаны есепке алу, жетілдіру, қатамасыз ету істерімен айналысады. Ішкі еңбек тәртібін, санитарлық-гигиеналық ережелерді, еңбек және техникалық қауіпсіздіктерді сақтау ісіне бақылау жасайды.

3.10. Педагог кадрларды іріктеу, орналастыру ісімен айналысады, басқару жүйесін тағайындайды, қызметкерлердің штаттық кестесі мен лауазымдық міндеттерін бөледі, кәсіби біліктілігін жоғарылату ісімен айналысады.

3.11. Мұғалімдердің оқу жүктемесін бөліп, құжатарды рәсімдеу ісімен айналысады.

3.12. Есеп құжаттардың жүргізілуін қатаң қадағалайды.

3.13. Педагогикалық кеңестер жүргізеді.

3.14. Қызметкерлерді аттестациялаудың бекітілен ереже негізінде жүргізілуін қадағалайды.

3.15. Еңбегімен ерекшеленген мұғалімдер мен басқа да қызметкерлерді марапаттау ісімен айналысады.

3.16. Қоғамдық істермен айналысып, ата-аналармен жұмыс ісіне басшылық етеді.

3.17. Жоғары Мемлекеттік мекемелерге есеп беру ісіне басшылық етеді.

3.18. Дене тәрбиесі пәнінің жүргізілу сапасын қадағалайды.

3.19. Оқу үрдісінің сапалы жүргізіліп, оқушы білімінің әділ бағалануын қадағалайды; сабақтарға, түрлі іс-шараларға қатынасады, оларға талдау жасап, қажетті жерінде әдістемелік көмек көрсетеді.

3.20. Қоғамдық орындарда педагог кадрлардың этикалық нормаларды сақтауын қадағалайды.
4. Құқығы

Мектеп директорының құқықтары:

4.1. Кез келген сабаққа қатынасуға құқылы;

4.2. Қол астындағы қызметкерлерге орындауға міндетті тапсырмалар беруге;

4.3. Бекітілген мектепішілік ережелерге, ҚР еңбек кодексіне және «Білім туралы» заңдылықтарына қарсы іс-әрекет жасаған жағдайда оқушылар мен қызметкерлерді тәртіптік жауапкершілікке тарта алады;
5. Жауапкершілігі

Мекеме басшысы ҚР Еңбек кодексіне, ҚР «Білім туралы» (45 ст. Т. 3) заңдары негізінде төмендегі жауапкершіліктер жүктеледі:



  1. Оқушылар мен қызметкерлердің құқықтарына қайшы әрекет еткенде;

  2. Шамадан тыс тапсырмалар берген жағдайда;

  3. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты талаптарын орындамағанда;

  4. Оқу және тәрбие үрдісі кезінде оқушылар мен қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қауіпті әрекет еткенде;

  5. Қаржыны мақсатты жұмсамаған жағдайда;

  6. Еңбек кодексіне қайшы басқа да тәртіп бұзушылық орын алғанда.

Білуі керек: ҚР Конституциясын, ҚР «Білім туралы», «ҚР Тіл туралы», «ҚР бала құқығы», «Жемқорлықпен күрес», «Отбасы туралы», «Арнайы әлеуметтік қызметтер» т.б. Заңдармен қоса білім берудің болашағы мен бағыттарын айқындайтын, пәндерді оқыту әдістемелерін, оқу кабинеттерін жабдықтау, жарықпен қамтамасыз ету мәселелерін, педагогика мен психология негіздерінде мемлекеттік жалпыға білім беру стандартын, экономика, құқық, еңбек кодекстерінің заңдылықтарын, техникалық және өрт қауіпсіздіктерін, санитарлық ережелер мен нормаларды.
Лауазымдық нұсқаулықпен таныстым: .....................................

(қолы, аты-жөні)
Мерзімі: «.........».........................20.......ж.
БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫС ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ
1. Жалпы ережелер

1.1.      Бұл лауазымдық нұсқаулық Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 13 шiлдедегi № 338 бұйрығы, Қазақстан Республикасы Еңбек  және  халықты  әлеуметтік  қорғау министрінің 28.06.03 ж. №141 бұйрығы мен

Педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғалар лауазымдарының тарифтік-біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы барлық сала қызметкерлеріне ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бекіткен 30.05.03. ж. №119-п бұйрығы, білім мекемесінің ұжымдық келісімі............. Білім мекемесінің Қаулысы ............... негізінде әзірленді.

1.2.      Директордың оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарын  білім беру мекемесінің директоры тағайындайды және босатады.

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары демалыста және уақытша жұмысқа қабілетсіз болған кезеңде оның міндеттері директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі өзге орынбасарына немесе тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына жүктелуі мүмкін. Мұндай жағдайларда міндеттерді уақытша атқару  мекеме директорының ҚР Еңбек кодексі талаптарын сақтай отырып, шығарған бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.

1.3.      Директордың оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарында жоғары кәсіптік бiлiмі және басқарушылық міндетінен 3 жылдан кем емес еңбек өтілі болуы тиiс.

1.4.      Директордың оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары тікелей мектеп директорына бағынады.

1.5.      Директордың оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарына педагогикалық қызметкерлер тікелей бағынады.

1.6.    Директордың оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары өз қызметін атқару барысында: ҚР Конституциясы мен Заңдарын, Президент Жарлығын және өз қызметінде оқушыларға білім мен тәрбие беру мәселелері бойынша білім беру ісін басқарушы барлық деңгейдегі органдар шешімдерін, еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын, сонымен қатар  мекеме жарғысы мен жергілікті құқықтық актілерін (оның ішінде Ішкі еңбек тәртібі ережелерін, осы лауазымдық нұсқаулықты), еңбек шартын (келісім-шарт) директордың бұйрықтарын басшылыққа алады.

Директордың орынбасары Бала құқықтары туралы Конвенцияны сақтайды.


2. Функциялары

Директордың оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары  қызметінің негізгі бағыттары:

2.1.      Оқу-тәрбие үрдісін (орыс тілінде білім алатын сыныптар үшін) жүйелі ұйымдастыру, осы үрдістің дамуын басқару және бақылау жасау;

2.2.      Педагогтардың білім беру барысын әдістемелік тұрғыдан басқару;

2.3.      Оқыту үрдісінде техникалық қауіпсіздік ережесі мен нормасын сақтауды қамтамасыз ету.
3. Лауазымдық міндеттері

Директордың оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары  келесі лауазымдық міндеттер атқарады:

3.1. Тарификация бойынша және педагог қызметкерлерінің оқу жүктемесінің құжаттарын даярлайды және ұйымдастырады.

3.2. Білім беру үрдісінің сапасын және оқушылардың қорытынды бағаларының объективті түрде қойылуын бақылау; мұғалімдердің өткізген сабақтарына және басқа да іс-шараларға қатысады (аптасына 5 сабақтан кем емес), ол сабақтардың мазмұны мен формасын талдайды, педагогтарға сараптама қорытындысынан хабардар етеді;

3.3 есеп тапсыратын құжаттардың уақытында сапалы орындалуын қамтамасыз етеді (ОШ-1 және басқалар)

3.4.Педагогтердің (орыс тілде білім алатын сыныптар) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мен факультатив және таңдау бойынша курстардың жоспарларының орындалуын, құжаттамаларды әзірлеу жұмыстарын үйлестіреді.

3.5. Білім алушылардың оқу жүктемесіне (орыс тілде білім алатын сыныптар) бақылау жасап, сабақтардың кестесін және басқа да оқу қызметінің түрлерін құрады, уақытша жұмысқа жарамсыз мұғалімдердің орнына басқа мұғалімдермен алмастыру, ауыстырылған және босатылған сабақтардың есебін жүргізеді.

3.6. (орыс тілде білім алатын сыныптар) 9-сынып оқушыларының қорытынды аттестациялауды өткізу, 11-сыныптарда ҰБТ және аралық аттестацияның сапалы және уақытында өтуін бақылайды

3.7. құжаттардың (сынып журналдары, оқушылардың жеке іс-құжаттары, үлгерім табельдері, нормативті құжаттар) жүйелі бақылауға алады және жауап береді.
3.8.оқу жылының тоқсанның, жарты жылдықтың қорытындысы бойынша мониторинг жүргізеді

3.9. жеке бағдарлама бойынша үйде білім алатын оқушыларға білім беру барысын бақылайды, ұйымдастырады (орыс және қазақ тілінде білім алатын сыныптарда)

3.10. мүмкіндігі шектеулі, дамуы кеш жетілген оқушылардың білім алуын қадағалайды және ұйымдастырады ПМПКмен байланыс жасайды.

3.11. Жаратылыстан-математикалық пәндер бойынша, таңдау бойынша курстар (орыс тілінде білім алатын сыныптар) бақылайды

3.12. материалды-техникалық базаның сақталуы мен оқу кабинеттерінің, рекреациялардың санитарлық ахуалына жауап береді.

3.13. ата-аналармен оқушылардың оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырады (орыс тілінде білім алатын сыныптар), ата-аналарды (ата-ана орнын алмастырушыны) қабылдайды

3.14. Білім беру үрдісіне ұсыныстар енгізеді, білім беру мекемесінің педагогикалық кеңес жұмысына қатысады.

3.15. Білім беру мекемесінің педагогикалық және басқа қызметкерлерінің аттестациядан өтуге дайындығына және аттестация жұмысына қатысады.

3.16. Директордың әкімшілік-шаруашылық ісі жөніндегі орынбасарының қатысуымен оқу кабинеттерін, шеберханаларды, спорт залын, сондай-ақ қосалқы орын-жайларды паспорттау ісін дер кезінде және сапалы жүргізуді ұйымдастырады.

3.17. Медицина мекемесінен алынған материалдар негізінде мерзімдік медициналық байқаудан өту қажеттігі себебін, яғни факторын көрсете отырып, мезгіл-мезгіл медициналық байқаудан өтіп тұруға тиісті тұлғалардың тізімін жасайды.

3.18. Педагог қызметкерлердің және оқу-көмекші құрамның жұмыс уақытын есепке алу табелін, еңбекақы алу табелін жүргізеді, қолын қояды және білім мекемесінің директорына өткізеді, бұйрықтарға жоба дайындайды.

3.19. 5-сынып оқушыларының (орыс тілінде оқытылатын сыныптар) орта буынға бейімделу жұмысын жоспарлайды, ұйымдастырады және талдау жасайды.

3.20.Педагогтың қоғамдық жағдай талабына сай білім беру ұйымдарында, тұрмыста , қоғамдық орындарда тәртіптің әдептік нормаларын сақтайды.
4. Құқықтары

Директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары өз құзыреті аясында мынадай құқықтарға ие:

4.1. Білім беру мекемесінде кез келген сабаққа қатысуға (сабақ басталғаннан кейін шұғыл қажеттіліксіз сыныпқа кіру және сабақ кезінде мұғалімге ескерту жасау құқығынсыз).

4.2. Тікелей қол астындағы қызметкерлерге міндетті түрде орындалуға тиісті өкімдер беруге.

4.3. Оқушыларды оқу процесіне кері ықпал ететін қылықтары үшін білім беру мекемесінің Жарғысы мен Ішкі еңбек тәртібі ережелерінде белгіленген ретпен тәртіптік жауапкершілікке тартуға.

4.4. Қажет болған жағдайда сабақ кестесіне өзгерістер енгізуге, бірлескен сабақтар өткізу үшін топтар мен сыныптарды уақытша қосуға.


5. Жауапкершілігі

5.1. Білім беру ұйымдарында жарлық пен ереже бойынша себепсіз жұмыстың орындалмауы, білім беру ұйымдарындағы директордың заң бойынша бұйрығын, жергілікті нормативті акт, лауазым міндеті, бекітілген нұсқау, бекітілген ережені орындамау директордың оқу әдістеме жұмысы бойынша орынбасары еңбек құқығының тәртібіне жауап береді. Еңбек құқығын дөрекі бұзушылық болған жағдайда жұмыстан шығарылыуы тиіс.

5.2. Тәрбие әдісінде оқушының физикалық және психикалық зорлық, егер де мектеп директорының оқу әдістеме жұмысы бойынша оқушыларға аморальді іс көрсеткен жағдайда ҚР «Білім туралы» Заңы, еңбек кодексі бойынша өз лауазымынан босатылады.

5.3. Өрт сөндіру ережесінің бұзылуы, еңбектің күзеті, мектеп директорының оқу–тәрбие, оқу-әдістемелік жұмысының бұзылуы жағдайында әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

5.4. Мектеп директорының оқу-әдістемелік жұмыс бойынша орынбасары мектеп қызметкерлерінің міндеттері орындалмаған жағдайда ҚР Еңбек кодексі бойынша жауапкершілікке тартылады.


6. Қарым-қатынас. Лауазымдық байланыс

Директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары :

6.1. ҚР Еңбек Кодексінің 77-бап, 1-пункт; 82-бап, 2-пунктіне сай білім беру мекемесінің директоры бекіткен кесте бойынша жұмыс жасайды;

6.2. Мектеп директорына әр тоқсан соңында 10 күн аясында өз іс-әрекеті, қызметі бойынша есеп береді. (ауызша немесе жазбаша, көлемі 5 беттен аспау керек)

6.4. Білім беру мекемесінің директорынан нормативтік-құқықтық және ұйымдастырушылық-әдістемелік іс-шаралар жөнінде ақпарат алады, сәйкес құжаттармен қол қою арқылы танысады;

6.5. Оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудағы сұрақтар бойынша білім беру мекемесі директорының бұйрығын таратады;

6.6. Білім беру мекемесі директорының басқа орынбасарларымен, білім беру мекемесінің педагогикалық қызметкерлерімен өз құзіретіне кіретін сұрақтар бойынша жүйелі түрде үнемі ақпаратпен алмасып отырады;

6.7. Білім беру мекемесі директоры уақытша болмаған кезеңде (демалыс, сырқат және т. б.) оның міндеттерін атқарады.Міндеттерді орындау ҚР заңнамасына, білім беру мекемесінің Жарғысы мен Ішкі еңбек тәртібі ережелеріне сәйкес директордың бұйрығы немесе өкілетті органның басшысының (Білім басқармасы) бұйрығы негізіндежүзеге асырылады.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының " Білім туралы " , " Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы ", " Қазақстан Республикасындағы тіл туралы ", " Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" , " Неке және отбасы туралы ", " Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы " , " Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы ", " Арнайы әлеуметтік қызмет туралы ", "Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы " Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді; педагогика мен психология негіздерін; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын; педагогиканы, педагогикалық психологияны, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін; еңбек туралы, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын; санитарлық ережелер мен нормаларды. 

Қызметтік нұсқаулығымен таныстым. Екінші дананы қолыма алдым.
Лауазымдық нұсқаулықпен таныстым: .....................................

(қолы, аты-жөні)
Күні: «.........».........................20.......ж.
БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫС ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ
1. Жалпы ережелер

1.1.      Бұл лауазымдық нұсқаулық Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 13 шiлдедегi № 338 бұйрығы, Қазақстан Республикасы Еңбек   және  халықты  әлеуметтік  қорғау министрінің 28.06.03 ж. №141 бұйрығы мен

Педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғалар лауазымдарының тарифтік-біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы барлық сала қызметкерлеріне ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бекіткен 30.05.03. ж. №119-п бұйрығы, білім мекемесінің ұжымдық келісімі............. Білім мекемесінің Қаулысы ............... негізінде әзірленді.

1.2.      Директордың оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарын  білім беру мекемесінің директоры тағайындайды және босатады.

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары демалыста және уақытша жұмысқа қабілетсіз болған кезеңде оның міндеттері директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі өзге орынбасарына немесе тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына жүктелуі мүмкін. Мұндай жағдайларда міндеттерді уақытша атқару  мекеме директорының ҚР Еңбек кодексі талаптарын сақтай отырып, шығарған бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.

1.3.      Директордың орынбасарында жоғары кәсіптік бiлiмі және басқарушылық міндетінен 3 жылдан кем емес еңбек өтілі болуы тиiс.

1.4.      Директордың оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары тікелей мектеп директорына бағынады.

1.5.      Директордың оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарына педагогикалық қызметкерлер тікелей бағынады.

1.6.    Директордың оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары өз қызметін атқару барысында: ҚР Конституциясы мен Заңдарын, Президент Жарлығын және өз қызметінде оқушыларға білім мен тәрбие беру мәселелері бойынша білім беру ісін басқарушы барлық деңгейдегі органдар шешімдерін, еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын, сонымен қатар  мекеме жарғысы мен жергілікті құқықтық актілерін (оның ішінде Ішкі еңбек тәртібі ережелерін, осы лауазымдық нұсқаулықты), еңбек шартын (келісім-шарт) директордың бұйрықтарын басшылыққа алады.

Директордың орынбасары Бала құқықтары туралы Конвенцияны сақтайды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет