Білім беру ұйымдарына арналған лауазымдық НҰСҚаулықтар жинағЫ



бет5/10
Дата05.11.2019
өлшемі155,21 Kb.
#51197
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Сборник должностных инструкций
Пайда ойлама, приказ 509, №509 приказ

4.Құқығы

Директордың әкімшілік-шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары өз құзырлығында құқылы;

4.1. Білім мекемесінің техникалық персонал мен қызмет көрсету жұмысшыларына жұмысқа қатысты нұсқауларға әмірлер бере алады;

4.2. Білім мекемесінің мүлкін сақтау және қорғау негізінде барлық ғимарат, бөлмелерді аралай алады. Өрт қауіпсіздігін, өндірістік санитарияны және еңбек қауіпсіздігін бұзбай оқу үдерісінің дұрыс өтуін қамтамасыз етуге.

4.3. Білім беру мекемесінің директорына білім мекемесінің қызметкерлерін білім мекемесінің мүлігін бүлдіргені үшін, қауіпсіздік техника ережелерін, өндірістік санитария және өртқауіпсіздігі ережелерін орындамағаны үшін тәртіптік және материалдық жауапқа тартуды ұсынуға.

4.4. Техникалық және қызмет көрсету персоналдарының еңбегін ұйымдастыруды жетілдіру бойынша ұсыныс жасауға, осы саладағы қызметкерлерді мараппатауды және көтермелеуді ұсынады.


5. Жауапкершілік

Білім беру мекемесі директорының әкімшілік-шаруашылық жөніндегі орынбасары:

5.1. заңмен бекітілген тәртіп бойынша білім мекемесінің дүние-мүлігіне және шаруашылық мүлігіне, оларды уақытылы толықтыруға және орнына келтіруге, қауіпсіздік техникасы, ережелерін, өндірістік санитария, өртқауіпсіздік ережелерін сақтауға жауапты.

5.2. Білім мекемесінің Жарғысы мен Ішкі еңбек ережелерін, білім мекемесінің директорының заңды тапсырмаларын немесе басқа да жергілікті нормативтік актілерді, осы Нұсқау негізінде бекітілген лауазымдық міндеттерін себепсіз орындамағаны немесе тиісті деңгейде орындамағаны үшін, соның ішінде берілген құқықтарын қолданбағаны үшін Білім мекемесі директорының әкімшілік-шаруашылық жөніндегі орынбасары ҚР Еңбек кодексінде бекітілген ереже бойынша тәртіптік жауапкершілікке тартылады. Еңбек міндеттерін дөрекі бұзған жағдайда тәртіптік жауапкершілік жазалау ретінде жұмыстан босатуды қолдануға болады.

5.3. Өрт қауіпсіздік ережелерін, еңбекті қорғау, оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың санитарлық-гигиеналық ережелерін бұзғаны үшін білім мекемесі директорының әкімшілік-шаруашылық жөніндегі орынбасары әкімшілік жауапқа тәртіп бойынша және әкімшілік заңнамада қарастырылған жағдайларда тартылады.

5.4. Білім мекемесіне немесе оқу үдерісінің қатысушыларына өзінің лауазымдық міндеттерін орындауына (орындамауына) байланысты шығын келтірген жағдайда білім мекемесі директорының әкімшілік-шаруашылық жөніндегі орынбасары ҚР Еңбек кодексі және (немесе) азаматтық заңнамаларымен бекітілген тәртіп пен шектеулер бойынша материалдық шығынды өтеуге міндеттеледі.



6. Қарым-қатынастар. Лауазым бойынша байланыстар

Білім беру мекемесі директорының әкімшілік-шаруашылық жөніндегі орынбасары:

6.1. ҚР Еңбек кодексінің 77-бап, 1-п; 82-бап, 2-п сәйкес Білім мекемесінің директоры бекіткен кесте бойынша жұмыс істейді.

6.2. әр оқу тоқсандары аяқталғаннан кейін 10 күн ішінде директорға өзінің атқарған жұмысы жөнінде (ауызша немесе 5 беттен аспайтын жазбаша) есеп береді.

6.3. Білім мекемесінің директорынан нормативтік-құқықтық және ұйымдастырушылық-методикалық сипатта ақпарат алады, қажетті құжаттармен танысып, қол қойып алады.

6.4. Оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруға байланысты Білім мекемесінің директорының бұйрықтарына бұрыштама соғады.

6.5. Өзінің құзырлығына кіретін сұрақтар бойынша білім мекемесінің педагог қызметкерлерімен, білім мекемесі директорының басқа орынбасарларымен жүйелі түрде ақпарат алмасып отырады.

Білуге тиісті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңын, «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы Балалар құқығы туралы», «Жемқорлықпен күресу туралы», «Неке және отбасы туралы», «Қазақстан Республикасының мүгедектік жағдайы бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жас мөлшері бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алу туралы», «Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы», «Мүмкіншіліктері шектеулі балаларға әлеуметтік және дәрігерлік-педагогикалық сүйеніш туралы», «Кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу және балалардың қадағалаусыздығын, қорғансыздығын ескерту туралы» және білімді дамыту бағыттарын; пәнді оқыту, тәрбие жұмысы әдістерін; оқу кабинеттері мен қосалқы бөлмелерді жабдықтау талаптарын; оқыту құралдарын және олардың дидактикалық мүмкіншіліктерін; педагогикалық ғылым және білімді дамытудың негізгі бағыттарын; құқық негіздерін және педагогиканы, психологияны, еңбекті ғылыми ұйымдастыруды; мемлекеттік жалпыміндеттілік білім стандартын; педагогиканы, педагогикалық психологияны; педагогикалық ғылым мен тәжірибенің жетістіктері; экономика негіздерін, еңбек туралы заңнамалар туралы; еңбекті қорғау шарттары мен ережелерін, қауіпсіздік және өрттен қорғау ережелерін; санитарлық ережелер мен шарттарын анықтайтын басқа да нормативтік – құқықтық актілерді.
Лауазымдық Нұсқаулықпен таныстым және екінші данасын алдым.
Таныстым: ___________________________________________

(Аты-жөні, тегі)

______________________________

(қолы)


Күні: «____» ________________ 20___ж.

БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЖҰМЫСҚА ЖАУАПТЫ ТҰЛҒАНЫҢ ЛАУАЗЫМДЫҚ НҰСҚАУЛЫҒЫ


  1. Жалпы ережелер

1.1.Осы лауазымдық нұсқау _________ білім мекемесінің ұжымдық келісімшарты, _________ білім мекемесінің Жарғысы негізінде құрастырылды.

1.2. Білім беру мекемелеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысқа жауапты тұлғаны білім беру мекемесінің директоры тағайындайды және босатады.

1.3. Білім беру мекемелеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысқа жауапты тұлғаның жоғары кәсіби білімі, педагогикалық қызметтегі немесе басқару лауазымдарында еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс.

1.4. Білім беру мекемелеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысқа жауапты тұлға тікелей білім беру мекемесінің директорына бағынады.

1.5. Білім беру мекемелеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысқа жауапты тұлға өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, барлық деңгейдегі білім алушыларға білім беру және тәрбиелеу мәселелері бойынша басқару органдары мен Президенттің Өкімдерін, еңбекті, техника қауіпсіздігін сақтау және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақталуына, сонымен қатар білім беру мекемесінің Жарғысы және локалдық құқықтық актілерді (соның ішінде ішкі еңбек тәртібі Ережесін, директордың бұйрықтары мен өкімдерін, осы лауазымдық нұсқауды), еңбек келісімшартты (контрактіні) басшылыққа алады.

Білім беру мекемелеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысқа жауапты тұлға Бала құқықтары туралы Конвенциясын сақтайды.


  1. Қызметі

Білім беру мекемелеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысқа жауапты тұлғаның негізгі бағыттары:

    1. білім беру ұйымының қызметін Жарғыға және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқару.

    2. педагогикалық және әдістемелік кеңестермен бірлесе отыра білім беру мемлекеттік жалпы міндетті стандарттардың жүзеге асыруын ұйымдастыру.

    3. білім беру мекемесіндегі оқу-тәрбие процесінің ғылыми-әдістемелік және материалдық-техникалық базасын жетілдіру және ұйымдастыру, осы процесті дамыту, басқару және бақылау.

    4. педагогикалық ұжымға әдістемелік басқару жасау.

    5. оқу процесінде техника қауіпсіздігі нормалары мен ережесін сақтауын қамтамасыз ету.



3.Лауазымдық міндеттері

Білім беру мекемелеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысқа жауапты тұлға

3.1. білім беру ұйымындағы оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысының сыбайлас жемқорлық бағытының қалпына талдау жасайды және тиімділігін арттыруына ұсыныстар береді.

3.2. білім беру мекемесіндегі білім алушылардың құқықтық мәдениетін көтеруде және сыбайлас жемқорлық көзқарасын қалыптастыруда педагогикалық қызметкерлерге көмек көрсетеді.

3.3. білім беру мекемесінде педагогикалық қызметкерлерге, ата-аналарға, немесе оларды алмастырушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы мәселелер бойынша кеңес береді.

3.4. педагогикалық, әдістемелік кеңестердің, бірлестіктердің жұмыстарына, ата-аналар жиналыстарын өткізуіне қатысады.

3.5. өз құзырлығы шегінде педагогикалық, әдістемелік және ақпараттық материалдарды дайындауға қатысады.

3.6. білім беру мекемесі қызметі туралы ақпаратқа азаматтардың мүмкіндік құқығын жүзеге асырылуына, білім беру мекемесі туралы ақпараттың сайтта, стендтерде жаңартылып тұруына, білім беру мекемесіне қабылдауды ұйымдастыруына көмектеседі.

3.7. сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыруды тәрбие жұмысы жүйесінде жүзеге асыруына қатысады, білім алушылардың құқықтық мәдениет деңгейін дамытуда өткізілетін іс-шаралардың ұйымдастыруындағы білім алушылардың сыбайлас жемқорлыққа төзбестік қарым-қатынастырын қамтамасыз етеді.

3.8.өз құзырлығы шеңберінде білім беру мекемесіндегі білім беру процесін жетілдіруіне ұсыныстар енгізеді.

3.9. сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытындағы тәрбие және оқу жұмысы аясындағы педагогикалық қызметкерлердің нәтижелі тәрбиесін таратуда және жинақтауда ықпалын тигізеді.

3.10.білім беру мекемесінде, қоғамдық орындарда, тұрмыста педагогтың қоғамдық ахуалына сай әдептік нормаларды сақтайды.
4.Құқықтары

Білім беру мекемелеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысқа жауапты тұлғаның құқығы:

4.1.қызметіне байланысты білім беру басқармасының жобаларының шешімдерімен танысу;

4.2.осы лауазымдық нұсқауға байланысты жұмыстың жетілдіруіне қарасты ұсынымдар енгізу;

4.3. өз лауазымдық қызметі барысында білім беру мекемесіндегі (құрылымдық бөлімшелерде, жеке қызметкерлерде) айқындалған барлық кемшіліктер туралы қызметі шегінде өзінің тікелей директорына хабарлайды, оларды жоюға ұсынымдар енгізеді;

4.4.өз лауазымдық міндеттерін атқаруда білім беру мекемесінің директорының тікелей тапсырысы бойынша қажетті құжаттарды және ақпараттарды сұрастыруға;

4.5.жүктелген мәселелерді шешуде мекеме қызметкерлерін қатыстыруға (білім беру мекемесі директорының рұқсатымен);

4.6.білім беру мекемесінің жылдық жоспарына түзетулер енгізуге.
5. Жауапкершілігі

Білім беру мекемелеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысқа жауапты тұлға

5.1.осы нұсқау бойынша белгіленген лауазымдық міндеттерді, білім беру мекемесінің Жарғысын, ішкі еңбек тәртібін, білім мекемесі директорының заңдық өкімдерін және басқа да локалдық нормативтік актілерді орындамау немесе себепсіз жүзеге асырмаса, сонымен қатар берілген құқықтарды орындамаса, ҚР еңбек кодексіне сәйкес тәртіптік жазаға тартылады. Еңбек міндеттерін дөрекі бұзса, тәртіптік жаза ретінде жызметтен босатылады.

5.2.оқу-тәрбие процесінде еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі, өртке қарсы күрес нормалары мен ережелерін, санитарлық ережелер мен нормаларды бұзса, әкімшілік заңнамамен қарастырылған әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

5.3.білім беру процесінде өз лауазымдық міндеттерін орындауда (орындамағанда) білім беру мекемесіне зиян келтірген жағдайда;

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Неке және отбасы туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Заңдарын білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді; мемлекеттік жалпы міндетті білім беру стандарттары, құқық және экономика негіздері; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі, өртке қарсы күрес нормалары мен ережелерін, санитарлық ережелер мен нормаларды білуі тиіс.
Қызметтік нұсқаулықпен таныстым және екінші данасын алдым. Таныстым____________________________________________________
(қолы) (Аты-жөні, тегі)

Күні «______» ___________20 _____ж.


БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІНДЕГІ ПЕДАГОГ-ҰЙЫМДАСТЫРУШЫНЫҢ ЛАУАЗЫМДЫҚ НҰСҚАУЛЫҒЫ


  1. Жалпы ереже

    1. Лауазымдық нұсқаулық білім беру мекемесіндегі педагог-

ұйымдастырушының тарифтік-біліктілік мінездемесінің негізінде әзірленіп, Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрінің 2009 жыл 13 шілдесіндегі № 338 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің 28.06.03 жыл №141 бұйрығымен, қызметтің барлық шеңберлері үшін ортақ мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорындар мамандарының жеке лауазымдық Біліктілік мінездемелері, Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің 30.05.03 жыл №119 бұйрығымен бекітілген, білім мекемесінің ұжымдық келісімімен....... , Білім мекемесінің Жарлығымен...

    1. Білім беру мекемесінің педагог-ұйымдастырушысы қызметіне білім

беру мекемесінің директорымен тағайындалады және босатылады.

    1. Педагог-ұйымдастырушының педагогикалық еңбек өтіліне қойылатын талаптан басқа жоғары немесе орта кәсіптік білімі болу керек.

Талапқа сәйкес білімі жоқ, бірақ жеткілікті практикалық тәжірибесі, білімі, білігі бар және өзіне жүктелген қызметтік жауапкершілікті толық және сапалы түрде орындайтын тұлғаны білім беру мекемесінің аттестациялық комиссиясының ұсынысымен педагог-ұйымдастырушы лауазымына тағайындау мүмкін.

    1. Педагог-ұйымдастырушы білім беру мекемесі директорының тәрбие ісі-жөніндегі орынбасарына бағынады.

    2. Өз қызметінде педагог-ұйымдастырушы Қазақстан Республикасы

Заңдарымен және Конституцияны, Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімдерімен, білім беру және тәрбиелеу, білім беру мекемесінің жергілікті құқықтық актілері және Жарлық, өртке қарсы және техника қауіпсіздігі, еңбекті қорғау нормалары мен ережелері (сонымен қатар, ішкі еңбекпен қамту Ережелері, директордың бұйрығымен, нақты қызметтік нұсқау), еңбек келісім шартын қолдану.

Педагог-ұйымдастырушы Бала құқығын қорғау Конвенциясын сақтайды.




  1. Қызметі

Педагог-ұйымдастырушы қызметінің негізгі бағыттары:

    1. Оқушылармен сыныптан тыс және мектептен тыс тәрбие жұмыстарын

ұйымдастыру;

    1. Оқушылармен сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыста қауіпсіздік

ережелері және нормаларын сақтау тәртібін қамтамасыз ету;


  1. Қызметтік жауапкершілігі

Білім беру мекемесінің педагог-ұйымдастырушысы төмендегідей қызметтік жауапкершілікті орындайды:

    1. Білім беру мекемесінің оқушыларының қажеттіліктері мен

қызығушылықтарын, жас және психологиялық ерекшеліктерін білу;

    1. Жалпы тұлғалық мәдениетін және Салауатты өмір салтын

қалыптастыру, физикалық (туристтік) қабілеттерін дамытуға көмектесу;

    1. Балалар мен үлкендердің әртүрлі біріккен жұмысын, балалармен және жеткіншектермен жекелеген жұмыс, секциялардың жұмысын ұйымдастыру;

    2. Спорттық-туристтік бағытқа жетекшілік ету;

    3. Ассоциацияларға, әрекеттегі заңнамаға сәйкес қоғамдық ұйымдарға

қатысуға бала құқығын жүзеге асыруға мүмкіндік береді;

    1. Оқушылардың демалысын, экскурсияны ұйымдастыру, оқушылардың бос уақытын қоғамға қажетті жұмыстармен өткізу;

    2. Мәдени-көпшілік шараларға оқушылардың қатысуын ұйымдастыру,

Шараның өтуі барысында оқушылардың денсаулығы және өмірін сақтау үшін қажетті жағдай жасауды қамтамасыз ету;

    1. Білім беру мекемесінің аймағында және мекемеде тазалық, тәртіп

жағдайында жүйелі түрде бақылау жасау;

    1. Сабақ барысында еңбек ережесін сақтау, өртке қарсы және техника

қауіпсіздігі, оқушылардың еңбекті қорғау нұсқаулығын өткізу;

    1. Білім беру мекемесі қабырғасында болып қалған әр түрлі жағдайларға әкімшілік тарапынан қатысу, дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету;

    2. Өзінің кәсіптік біліктілігін арттыру; әдістемелік бірлестік

отырыстарына және басқа әдістемелік жұмыс жасау;

    1. Білім беру мекемесінің Педагогикалық кеңесі жұмысына қатысу;

    2. Уақытылы тегін медициналық тексерістен өтіп отыру;

3.14 білім мекемелерінде, тұрмыста, қоғамдық орындарда педагогтың қоғамдағы орны және этикалық нормаларын сақтау.
4. Құқықтары

Педагог-ұйымдастырушы мыналарға құқылы:

4.1 білім мекемесінде басқару ісіне мекеме жарғысы бойынша қатысуға;

4.2 оның жұмысын бағалайтын арыздармен және басқа құжаттармен танысу, олар бойынша түсіндірме беру;

4.4 оқыту және тәрбие беру әдістемелерін, бекіткен бағдарламаға сәйкес оқу құралдары мен материалдарын, оқулықтарды еркін таңдап алуға;

4.5 кәсіби біліктілігін көтеруге;

4.6 өз еркімен тиісті кәсіби біліктілік санатқа аттесттациядан өтуге;

4.7 сабақ және үзіліс кезінде білімалушыларға міндетті өкімді беру.


5. Жауапкершілігі

5.1 Педагог-ұйымдастырушы ҚР заңдылығы бойынша білім бағдарламаның орындалуының сапасына, сабақ кезінде білімалушылардың өмірі мен денсаулығына, олардың құқықтарының және бас еркіндігінің бұзылуына жауап береді.

5.2 Педагог-ұйымдастырушы болумен байланысты шектеулерді орындауға не оларды уақтылы, сапалы және тиісті орындамағаны әр түрлі заңды жауапкершілік тудыратындай бұзғаны үшін дербес жауап беретін міндеті көрсетіледі, осы нұсқаулықта қарастырылған өз лауазымдық міндеттерін орындамағаны немесе тиісті дәрежеде орындамағаны үшін – қолданыстағы ҚР Еңбек кодексіне сәйкес.

5.3 Баланың жеке басына тәрбиенің күштеу және (немесе) психикалық қысым жасау әдісін бір рет те болса қолданғаны үшін педагог-ұйымдастырушы ҚР Білім Заңына сәйкес қызметінен босатылады.

5.4 Өзінің лауазымдық міндеттемелерді орындауына (орындамауына) байланысты білім мекемесіне немесе білім үдеріс қатысушылырына айыпты зиян келтіру үшін педагог-ұйымдастырушы еңбек және азаматтық заңнама бойынша материалдық жауапкершілік тартады.
6. Қарым-қатынас. Лауазымдық байланыс

Педагог-ұйымдастырушы:

6.1. ҚР Еңбек кодексінің 77 кодекс бабының 2 тармағы; 82 кодекс бабының 2 тармағына сәйкес және білім мекеменің директорымен бекітілген жұмыс кестесі бойынша жұмыс істейді;

6.2. әр оқу жылына және әр оқу тоқсанына өз бетімен өз жұмысын жоспарлайды. Білім мекемесінің директордың тәрбие ісі бойынша орынбасарымен бекітілген жұмыс жоспары жоспарлаған кезеңінің басталуынан бес күн бұрын бекітіледі.

6.3 білім мекемесінің директордың тәрбиесі ісі бойынша орынбасарына өз қызметі бойынша есеп береді (ауызша немесе жазбаша бес парақтан артық емес)

6.4 білім мекемесінің директорынан және оның орынбасарынан алған нормативтік- құқық және ұйымдастыру-әдістемелік ақпаратпен және құжаттармен қолын қойып танысады.

6.5 мұғалімдермен, білімалушылардың ата-аналарымен (олардың орындағы адамдар) тығыс байланыста жұмыс істейді; педагогикалық қызметкерлерімен және әкімшілікпен өз құзыреттілігіне кіретін ақпаратпен және сұрақтармен жүйелік түрде алмасып тұрады.
Педагог-ұйымдастырушы мыналарды білуге тиісті:

ҚР Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «ҚР бала құқығы туралы», «Жемқорлыққа қарсы күрес туралы», « ҚР тіл туралы», «Неке және отбасы туралы» заңдарын және тағы басқа білім туралы нормативтік-құқықтық актілерін; жас ерекшеліктері педагогикасы мен арнайы педагогика мен психологияны, физиология мен гигиенаны;білімалушылар ынтасы мен талап-тілектерін дамытудың өзіндік ерекшеліктерін, олардың шығармашылық негіздерін; жас таланттарды іздестіру мен оларды қолдау әдістемесін; үйірмелер, секциялар, студиялар, клуб бірлестіктері сабақтарының бағдарламаларын; балалар ұжымдары, ұйымдары мен ассоциациялары қызметінің негіздерін; еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі нормалары мен ережелерін.


Лауазымдық Нұсқаулықпен таныстым және екінші данасын алдым.
Таныстым: _______________ (Аты-жөні, тегі)______________________________ (қолы)
Күні: «____» ________________ 20___ж.

БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІНДЕГІ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ (БӘД) ОҚЫТУШЫСЫНЫҢ ЛАУАЗЫМДЫҚ НҰСҚАУЫ  
1.Жалпы ережелер

1.1. Бұл лауазымдық нұсқаулық «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығы, Қазақстан Республикасы Еңбек және Әлеуметтік қорғау министрінің 2003 жылғы 28 маусымдағы №141 бұйрығы және «Мемлекеттік мекеме мамандарлауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және Әлеуметтік қорғау министрінің 2003 жылғы 30 мамырдағы №119 бұйрығы, білім мекемесінің ұжымдық келісім шарты, білім мекемесінің Жарғысы негізінде жасалған.



1.2. БӘД оқытушысын жұмысқа қабылдау және босату туралы білім мекемесінің басшысы шешім қабылдайды.

1.3. БӘД оқытушысы жоғары кәсіби білімді, азаматтық қорғаныстан арнайы дайындықтан өткен, әскери жоғары білімді немесе, еңбек өтіліне талап етілмейтін орта әскери білімді болуы керек.

1.4.БӘД оқытушысы тікелей білім мекемесінің басшысы немесе оның орынбасарына бағынышты.

1.5.Өз еңбек жолында БӘД оқытушысы Қазақстан Республикасының Конституциясы және «Білім туралы», «Қорғаныс туралы», «Азаматтық қорғаныс туралы» заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарғылары, Қазақстан Республикасының Үкімет және білім басқармасының білім және тәрбие мәселелері, қорғаныс, азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайларда мекемелерді қамтамасыз ету деңгейлерінің, еңбек қорғау ереже және норма, өрттен қорғану қауыпсыздігін сақтау (сонымен қатар ішкі еңбек Ережелерінің қалыптасуымен, басшының бұйрығымен, нақты лауазымдық нұсқауы), еңбек келісім шарт шешімімен жүзеге асады.



БӘД оқытушысы бала құқығының Конвенциясын сақтайды.
2. Атқаратын қызметтері

БӘД оқытушысының атқаратын қызметтерінің негізгі бағыттары:

2.1. БӘД пән негіздерін оқытупреподавание основ НВП;

2.2. оқушылардың әскерге қабылдануға дейін дайындығын заңнамаға сәйкес ұйымдастыру

2.3. білім мекемелерінде АҚ бойынша іс- шараларды ұйымдастыру және өткізу

2.4. білім мекемелерін төтенше жағдайлармен апат жұмыстарына дайындау.
3. Лауазымдық міндеттері

3.1. оқушыларды өмір қауыпсіздік негіздері және әскерге қабылдануға дейін дайындығын ескере отырып оқытады және тәрбиелейді;

3.2. жеке тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастырады және олардың құқығы мен бостандығын сақтайды;

3.3. оқу сабақтарын жоспарлау, сыныптан тыс қосымша сабақтар, дене тәрбие дайындығын ұйымдастыру, өткізу;

3.4. әр түрлі әдіс – тәсілдерді қолдана отырып, өз біліктілігін арттыру;

3.5.білім мекеме қызметкерлерінің және оқушылардың еңбегін қорғау, өмір және денсаулық туралы іс-шаралардың өтуіне қатысу;

3.6. басқа мекемелермен бірлесе отырып оқушыларды өмір қауыпсіздік негіздері және әскерге қабылдануға дейін дайындығын сұрақтары бойынша қатыстыру;

3.7. денсаулық сақтау мекемелерімен бірлесе отырып, әскерге қабылдауға дейінгі жасөспірімдерді медициналық тексерістен өткізу, военкоматқа тіркелуін ұйымдастыру;

3.8. жасөспірімдерге әскери оқу орындарына түсуіне көмектесу;

3.9. білім мекемелерінде әскери міндеттілердің есебін жүргізу, военкоматқа керекті есеп беру;

3.10. білім мекемелерінде АҚ жоспарын қалыптастыру;

3.11. білім мекеме қызметкерлерімен АҚ бойынша сабақтар ұйымдастыру;3.12. АҚ бойынша команда- штабы, арнайы тәсілдерді оқытуды дайындау және өткізу;

3.13. төтенше жағдайларда білім мекемесінің жұмысын қамтамасыз етуге қатысу;

3.14. қорғаныс қалқанының сақталуын қамтамасыз ету, индивидуальды қорғаныс құралдарын дайындау;

3.15. білім мекемелерінде экстремалды жағдайларда практикалық сабақтар және дайындықтар өткізу;

3.16. білім беру ұйымдарында БӘД оқу- материалдық базаны толтыруға, мүліктерінің сақталуына санитарлық гигиеналық талаптарды орындауға жағдай жасау;

3.17. білім мекеме қызметкерлерінің, оқушыларының құралдарды пайдалудың қауыпсіздік талаптарын орындау, оқу үдерісі кезінде балалардың денсаулығы мен өміріне жауапкершілік арттыру;

3.18. оқыс оқиғаларды зерттейтін комиссия жұмыстарына қатысу, еңбек қорғау сұрақтарын бақылау;

3.19. ақысыз медициналық тексерістен өту;

3.20. білім мекемесінде этикалық нормаларын сақтау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет