Білім беру ұйымдарына арналған лауазымдық НҰСҚаулықтар жинағЫ



бет7/10
Дата05.11.2019
өлшемі155,21 Kb.
#51197
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Сборник должностных инструкций
Пайда ойлама, приказ 509, №509 приказ

4. Құқықтары

Әлеуметтік педагог құқылы:

4.1. білім беру мекемесінің Жарғысымен белгіленген тәртіппен Мектепті басқаруға қатысуға;

4.2. шағымдармен, өз жұмысына баға берілген басқа да құжаттармен танысуға, осы бойынша түсініктеме беруге;

4.4. оқыту мен білім берудің әдістемесін, оқу құралдары мен материалдарды, білім алушылардың білімін бағалау әдістерін еркін таңдап, қолдануға;

4.5. біліктілігін арттыруға;

4.6. тиесілі біліктілік санатына ерікті түрде аттестациялануға және аттестациядан табысты өткен жағдайда тиесілі біліктілік санатын алуға;

4.7. сабақ процесінде және үзіліс кезінде білім алушыларға сабақты ұйымдастыруға және тәртіп сақтауға қатысты өкімдер беруге, Жарғымен, білім алушыларды көтермелеу және жаза салу туралы Ережелермен белгіленген тәртіппен тәртіптік жауапкершілікке тартуға;


5. Жауапкершілігі

5.1. Әлеуметтік педагог білім бағдарламасын орындаудың сапасы бойынша, сабақ процесінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығы, олардың құқықтары мен бостандықтарының бұзылуы бойынша жауапкершілікке тартылады.

5.2.Ешбір себептерсіз білім беру мекемесі Жарғысының, Ішкі еңбек тәртібі ережелерінің, білім беру мекемесі басшысының заңды өкімдерінің және басқа да жергілікті нормативтік актілердің, осы Нұсқаулықпен белгіленген лауазымдық міндеттердің орындалмағаны және тиесілі орындалмағаны үшін әлеуметтік педагог еңбек заңнамасымен белгіленген жауапкершілікке тартылады.

5.3.Физикалық және (немесе) психикалық күш көрсетумен байланысты тәрбие беру әдістерін қолданғаны үшін, оның ішінде бір рет қолданғаны үшін де, сондай-ақ басқа да адамгершілікке жат істері үшін ҚР Еңбек кодексіне және Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңына сәйкес әлеуметтік педагог қызметінен босатылуы мүмкін.

5.4.Өзінің лауазымдық міндеттерін орындаумен (орындамаумен) байланысты білім беру мекемесіне немесе білім беру процесіне қатысушыларға тигізген зияны үшін әлеуметтік педагог еңбек заңнамасымен және (немесе) азаматтық заңнамамен белгіленген тәртіпте және мөлшерде материалдық жауапкершілікке тартылады.
6. Қарым-қатынастары. Лауазымы бойынша байланыстары

Әлеуметтік педагог:

6.1. ҚР Еңбек кодексінің 77-б., 1-т, 82-б., 2-т. сәйкес сабақ кестесіне сай өзіне белгіленген оқу жүктемесінің көлемін орындау режимінде, міндетті жоспарланған жалпы мектепшілік шараларға қатысу режимінде және міндетті қызметін өзіндік жоспарлау режимінде жұмыс жасайды;

6.2. әр жаңа оқу жылына және әр оқу тоқсанына өз жұмысын жоспарлайды. Жұмыс жоспары жоспарланған кезеңнің басталуынан бастап бес күннен кешіктірілмей білім беру мекемесінің басшысымен бекітіледі;

6.3.білім беру мекемесі басшысының оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарына өз жұмысы бойынша есеп береді (ауызша түрде немесе көлемі бес беттен аспайтын жазбаша түрде);

6.4. білім беру мекемесінің басшысынан және оның орынбасарларынан нормативтік-құқықтық және ұйымдастырушылық-әдістемелік сипаттағы ақпараттар алады, тиесілі құжаттармен танысып, қолын қояды;

6.5. оқытушылармен, білім алушылардың ата-аналарымен (оларды алмастыратын тұлғалармен) тығыз байланыста жұмыс жасайды, білім беру мекемесінің әкімшілігімен, педагогтармен өзінің құзіреттілігіне қатысты ақпараттармен жүйелі түрде алмасып отырады.
Білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Неке және отбасы туралы», «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеуді қолдау туралы», «Қазақстан Республикасындағы балалар құқығы туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қолдау туралы», «Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз және панасыз қалудың алдын алу туралы», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңдарды және білім беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік құқықтық актілерді; әлеуметтік саясат негіздерін; жалпы және әлеуметтік педагогиканы; педагогикалық, әлеуметтік, жас ерекшелік және балалар психологиясын; валеология және әлеуметтік гигиена негіздерін; әлеуметтік-педагогикалық және диагностикалық әдістемелерді; тәрбие жұмыстарының әдістерін, педагогикалық ғылымның дамуының негізгі бағыттарын; әлеуметтік-педагогикалық жұмысты талдау және бағдарламалауды; еңбек туралы заңнама негіздерін; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өрттен қорғанудың ережелері мен қалыптарын; тазалық ережелерін.
 Лауазымдық нұсқаулықпен таныстым және екінші данасын алдым.
Таныстым: ______________________ ______________________________

(қолы) (Ф.А.Ә.)
Күні: «___» _______________ 20____ж.
БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІНДЕГІ ПСИХОЛОГТЫҢ ЛАУАЗЫМДЫҚ НҰСҚАУЛЫҒЫ
1. Жалпы ережелер

1.1. Осы лауазымдық нұсқаулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 13.07.09 ж. №338, Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің 28.06.03 ж. №141 бұйрықтарымен бектіліген тарифтік-біліктілік сипаттамасы және Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің 30.05.03 ж. №119-л бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындар мамандары жекелеген лауазымдарының біліктілік сипаттамасы, «Орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызмет ережелері» (Әділет министрлігінде 17.01.12 ж. №7380 тіркелген ҚР БҒМ 20.12.11 ж. №528 бұйрығы), білім беру мекемесінің ұжымдық келісім-шарты _______________________, білім беру мекемесінің Жарғысы ________________ негізінде жасалды.

1.2.Психологты білім беру мекемесінің басшысы қызметке тағайындап, қызметінен босатады.

1.3.Психологтың жоғары немесе орта кәсіби білімі болуы шарт, педагогикалық еңбек өтілінің болуы міндетті емес.

1.4.Психолог білім беру мекемесі басшысының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына тікелей бағынады.

1.5.Өз қызметінде психолог Қазақстан Республикасының Конституциясын, Заңдарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдерін, Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өрттен қорғану ережелерін, сондай-ақ білім беру мекемесінің Жарғысын және жергілікті құқықтық актілерін (оның ішінде Ішкі еңбек тәртібінің ережелерін, мекеме басшысының бұйрықтары мен өкімдерін, осы лауазымдық нұсқаулықты), еңбек келісім-шартын (контракт) басшылыққа алады.

Психолог Бала құқықтары туралы конвенцияны бұлжытпай орындайды.  
2. Атқаратын қызметтері

Психологтың атқаратын қызметінің негізгі бағыттары:

2.1. білім беру мекемесінде білім алушыларды психологиялық тұрғыда зерттеу;

2.2. білім алушылардың психологиялық шығармашылық қабілеттерін дамыту. 


3. Лауазымдық міндеттері

Психолог төмендегі лауазымдық міндеттерді атқарады:

3.1. психологиялық үйірменің құрамын жинақтайды және білім беру мерзімі аяқталғанша оның сақталуы бойынша шаралар қабылдайды;

3.2. білім алушыларды психологиялық бақылауды жүзеге асырады;

3.3. психофизиологиялық мақсатқа сәйкес жұмыс жасаудың (оқытудың) психологиялық негізделген түрлерін, амалдарын және әдістерін қамтамасыз етеді;

3.4. білім алушылардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз етеді;

3.5. білім бағдарламаларын жасауға және жүзеге асыруға қатысады;

3.6.сабақтардың жоспарларын және бағдарламаларын жасайды, олардың орындалуын қамтамасыз етеді, белгіленген құжаттаманы және есептілікті жүргізеді;

3.7.білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін анықтайды, оларды дамытуға, тұрақты кәсіби қызығушылықтары мен икемділіктерін қалыптастыруға ықпал етеді;

3.8. дарынды, талантты білім алушыларға, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі балаларға қолдау көрсетеді (деректемелер банкін қалыптастырады);

3.9.арнайы есепте тұрған, суицидке бейімдігі бар, әумесерлік (девиантты) мінез-құлықты балалармен, «қатерлі» топтағы балалармен алдын алу жұмыстарын жүргізеді;

3.10. білім алушылардың көпшілік шараларға қатысуын ұйымдастырады;

3.11. өз құзіреті аясында ата-аналарға (оларды алмастыратын тұлғаларға), сондай-ақ білім беру мекемесінің оқытушылары мен білім алушыларына консультациялық көмек көрсетеді, белгіленген нысанда құжаттама жүргізеді;

3.12. 1, 5, 10 сынып оқушыларының бейімделуі бойынша жұмысты ұйымдастырып, талдау жасайды;

3.13.ҰБТ-ға даярлық жұмыстарында 11-сынып оқушыларына психологиялық көмек көрсетеді;

3.14.оқушылардың емтихандарға даярлығы барысында психологиялық көмек көрсетеді;

3.15. сабақ өткізу барысында еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өрттен қоғану ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді; белгіленген үлгідегі журналға міндетті тіркеумен білім алушыларға еңбекті қорғау бойынша нұсқау береді;

3.16.әрбір оқыс оқиға туралы мекеме әкімшілігіне жедел хабарлайды, алғашқы көмек көрсету бойынша шара қолданады;

3.17. өзінің кәсіби біліктілігін арттырады; әдістемелік бірлестіктердің жұмыстарына және әдістемелік жұмыстардың басқа да түрлеріне қатысады;

3.18. білім беру мекемесінің Педагогикалық кеңесінің жұмысына қатысады;

3.19. білім беру мекемесінде, тұрмыста, қоғамдық орындарда педагогтың қоғамдағы орнына сай әдеп нормаларын сақтайды. 
4. Құқықтары

Психолог құқылы:

4.1. білім беру мекемесінің Жарғысымен белгіленген тәртіппен Мектепті басқаруға қатысуға;

4.2. шағымдармен, өз жұмысына баға берілген басқа да құжаттармен танысуға, осы бойынша түсініктеме беруге;

4.4. оқыту, тәрбиелеудің әдістемесін, оқу құралдары мен материалдарын, оқулықтарды, білім алушыларды бағалау әдістерін еркін таңдап, пайдалануға;

4.5. біліктілігін арттыруға;

4.6. тиесілі біліктілік санатына ерікті түрде аттестацияланып, аттестациядан табысты өткен жағдайда тиесілі біліктілік санатын иемденуге;

4.7. сабақ процесінде, үзіліс кезінде білім алушыларға сабақты ұйымдастыруға, тәртіп сақтауға қатысты міндетті бұйрықтар мен өкімдер беруге, Жарғымен, білім беру мекемелерінде білім алушыларды көтермелеу және жаза салу туралы Ережелермен белгіленген жауапкершілікке тартуға . 


5. Жауапкершілігі

5.1. Психолог білім бағдарламасының орындалу сапасы, сабақ процесіндегі білім алушылардың өмірі мен денсаулығы, олардың құқықтары мен бостандықтарының бұзылуы бойынша ҚР заңнамасымен жауапкершілікке тартылады.

5.2. Жарғы және Ішкі еңбек тәртібінің ережелерін, білім беру мекемесі басшысының заңды өкімдерін және басқа да жергілікті нормативтік актілерді, осы Нұсқаулықта белгіленген лауазымдық міндеттерін себепсіз орындамаған және тиесілі орындамаған жағдайда психолог еңбек заңнамасымен белгіленген тәртіппен тәртіптік жауапкершілікке тартылады.

5.3.Білім алушы тұлғаға физикалық және (немесе) психикалық күш көрсетумен байланысты тәрбие беру әдістерін қолданғаны үшін, оның ішінде бір рет қолданғаны үшін де, сондай-ақ басқа да адамгершілікке жат істері үшін ҚР Еңбек кодексіне және Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңына сәйкес психолог қызметінен босатылуы мүмкін.

5.4.Өзінің лауазымдық міндеттерін атқаруымен (атқармауымен) байланысты білім беру мекемесіне немесе білім беру процесіне қатысушыларға тигізген зияны үшін психолог еңбек және (немесе) азаматтық заңнамамен белгіленген мөлшерде және тәртіппен материалдық жауапкершілікке тартылады.  
6. Қарым-қатынастары. Лауазымы бойынша байланыстары

Психолог:

6.1. ҚР Еңбек кодексінің 77-б., 1-т., 82-б., 2-т. сәйкес сабақ кестесіне сай өзіне белгіленген оқу жүктемесінің мөлшерін орындау, міндетті жоспарланған жалпы мектепшілік шараларға қатысу және міндетті қызметін мөлшерленбеген өзіндік жоспарлау режимінде жұмыс жасайды;

6.2. әрбір жаңа оқу жылындағы және әрбір оқу тоқсанындағы жұмысын өз бетінше жоспарлайды. Жоспарланған кезең басталған күннен бастап бес күннен кешіктірмей жұмыс жоспарын мектеп басшысының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына бекіттіреді;

6.3. әрбір оқу тоқсанының аяғында мектеп басшысының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына атқарған жұмысы туралы 5 беттен артық емес жазбаша есебін береді;

6.4. білім беру мекемесінің басшысынан және оның орынбасарларынан нормативтік-құқықтық және ұйымдастырушылық-әдістемелік сипаттағы ақпараттарды алып отырады, тиесілі құжаттармен танысып, қолын қояды;

6.5. оқытушылармен, білім алушылардың ата-аналарымен (оларды алмастыратын тұлғалармен) тығыз байланыста жұмыс жасайды; білім беру мекемесінің әкімшілігімен, педагогтарымен өзінің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша жүйелі түрде ақпарат алмасады.



Білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы», «Неке және отбасы туралы», «Мүгедектігі, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы», «Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы», «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеуді қолдау туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз және панасыз қалудың алдын алу туралы» Заңдарды және білім беруді дамытудың бағыттары мен болашағын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді; пәнді оқытудың, тәрбие жұмыстарының әдістемесін; оқу кабинеттері мен қосалқы бөлмелерді жабдықтау талаптарын; оқыту тәсілдерін және олардың дидактикалық мүмкіндіктерін; білім берудің және педагогика ғылымының негізгі бағыттары мен даму болашағын; құқық және еңбекті ғылыми ұйымдастыруды, педагогика және психология негіздерін; білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын; педагогиканы, педагогикалық психологияны; педагогика ғылымы мен тәжірибесінің жетістіктерін; экономиканың, еңбек туралы заңнаманың негіздерін; еңбекті қорғаудың, қауіпсіздік техникасының және өрттен қорғанудың ережелерін; тазалық ережелерін.
 Лауазымдық нұсқаулықпен таныстым, екінші данасын алдым
Таныстым: ______________________ ______________________________

(қолы) (Ф.А.Ә.)
Күні: «___» _______________ 20____ж.




БІЛІМ БЕРУ МЕКЕСІНІҢ КІТАПХАНАШЫ (КІТАПХАНА МЕҢГЕРУШІСІ) ЛАУАЗЫМДЫҚ НҰСҚАУЛЫҒЫ



1.Жалпы ережелер.

1.1. Осы кітапханашылардың қызметтік нұсқаулығы Қазақстан Республикасының және Ғылым мен білім министрлігінің 2009 жылы 13 маусымның №338, Қазақстан Республикасы еңбек және әлеуметтік қорғаныс аймағының Министрлігі 2003 жылы 28 шілденің №141, қазыналық мекемелер мен жеке қызметтік мамандардың мемлекеттік мекемесі, Қазақстан Республикасы еңбек және әлеуметтік қорғаныс аймағының Министрлігі 2003 жылы 30 мамырдың №119 бұйрығымен бекітілген, білім мекемесінің ұжымдық келісімі.............., білім мекемесінің Жарлығы...........................

1.2. Кітапханашыны(кітапхана меңгерушісін) білім мекемесінің директоры кітапханалық қызметке тағайындайды және босатады.

1.3. Кітапханашының бейіні бойынша техникалық және кәсіптік (арнаулы орта және кәсіптік орта) білім, мектеп кітапханашысының қызметіндегі еңбек өтілі 3 жылдан кем емес.

1.4. Кітапханашы білім мекемесінің директоры мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына бағынады.

1.5. Қазақстан Республикасы заңы мен Конституциясы, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы, Қазақсан Республикасы Президентінің шешімі, кітапхана жұмысы мен білімге байланысты сұрақтар бойынша білім басқару ұйымдарының барлық деңгейі; еңбекті қорғау нормалары мен ережелері, техника қауіпсіздігі мен өртке қарсы қорғаныс, сонымен қатар білім басқармасының жергілікті құқықтық актісі мен Жарғысы(соның ішінде ішкі еңбек ережелерінің тәртібі, директордың бұйрығы мен әмірі, нақты қызметтік нұсқаулық), еңбек келісімшартын жетекшілікке алады.
2.Лауазымдық міндеті

Кітапхана қызметінің негізгі бағыттары:

2.1. Білім мекемесінде оқу -тәрбие процесін ақпаратпен қамтамасыз ету.

2.2. Оқырманды кітап оқуға және мәдениет мекемелері ретінде ұйымдастыру.



3.Қызметтік міндеттер

Сынып жетекші келесі қызметтік міндеттерді орындайды:

3.1 Білім мекемелерінде кітапханашы кітапхана қорын жинақтауға, өңдеуге каталогтарды және басқа да кітапханалық-анықтамалық аппараттардың элементтерін ұйымдастыру мен қолдануға сәйкес кітапхана үрдісін қамтамасыз ету жұмыстарын атқарады;

3.2. Катологтар,картотекалар,оқу бұрыштарында тақырыптық бөлімдер және әдеби шолуларды ұйымдастырады;

3.3 . Оқушыларды және білім мекемесіндегі қызметкерлерге абонементте оқу залдарында қызмет көрсету , оқырмандармен жеке бұқаралық жұмыстар жүргізу,,(даталы күндерге көрме,әр түрлі іс шаралар) Қор жағдайы мен оқырмандар сұранысын зерттеу;

3.4. Есепке алуды және белгіленген есеп беруді ұйымдастырады;

3.5. Кітапхана қорының сақталуына ,кітаптарды түгендеу,ескірген кітаптарды есептен шығару ереже бойынша жүргізу;

3.6. Кітапхана қорынан жоғалтқан, зиян келтірген әдебиеттерге оқырмандарға шара қолдану;

3.7. Басқа кітапханалармен тығыз байланыста болу;



3.8. Білім мекемесінде мерзімдік басылымдарды жүргізу және басылымды уақтылы жеткізу жұмыстарын қадағалау;

3.9.Кітапхананы жабдықтармен,өндіріс құралдарымен, кітапханалық техникалармен қамтамасыз ету;

3.10. Оқырман конференциялар, әдеби кештер және басқа іс - шаралар ұйымдастыру.

3.11.Кітапханада еңбек және техника қауіпсіздігі, өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін. санитарлық-гигиеналық режимді сақтау;
4.Құқықтары

Кітапхана меңгерушісі мынадай құқықтарға ие:

4.1.Білім беру мекемелеріндегі қызметкерлермен оқырмандарға кітапхананы пайдалану ережелеріне қатысты мәселелер бойынша орындалуы міндетті нұсқамалар беруге;

4.2. Кітапханадағы ағымдық жұмыстарды кіші қызметкерлерге бағыт беріп отыру;

4.3.Білім мекемелеріндегі педагоикалық кеңеске қатысу;
5. Жауапкершілігі

5.1. Кітапханашы білім мекемесінің ішкі еңбек кодексі мен Жарғысына, білім мекемесі директорының заңды әмірі мен жергілікті құқықтық актісі, құқықтық міндеттерін себепсіз орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының еңбек кодексімен сәйкес жауапкершілікке тартылады;

5.2.Білім мекемесіндегі өз лауазымдық міндеттерін орындауға байланысты немесе білім беру процесін қатысушыларға келтірген зияны үшін кітапхана меңгерушісі еңбек және азаматтық заңнамаларда белгіленгег тәртіппен жауапқа тартылады;

5.3. Білім мекемесіндегі сақтауға алынған кітаптар жоғалған немесе бүлінген жағдайда, бұл оның кінәсінан еместігі дәлелденбесе,кітапхана меңгерушісі жасалған жазбаша шарттың негізінде ішінара материалдық жауапкершілікке тартылады.


6.Өзара қарым-қатынас және лауазым бойынша байланыс

Кітапханашы:

6.1 Білім мекемесіндегі Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі ст.77, п1;ст 82, п 2 директордың бекітілген графигі бойынша жұмыс істейді;

6.2.Білім мекемесіндегі директор мен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарының бұйрығымен уақытша мұғалімдер мен сынып жетешілердің орнын ауыстыруға болады;

6.3.Мұғалімдер мен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қол қойған оқулықтарға тапсырысты рәсімдейді, жаңа құжаттардың келіп түсуін рәсімдейді;

6.4.Оқушылармен, мұғалімдермен, білім алушы балалардың ата-аналарымен"заңды өкілдермен) тығыз байланыста жұмыс істейді;әкімшілігімен және педагог қызметкерлермен өз құзіретіне енетін мәселелер бойынша жүйелі түрде ақпараттар алмасып отырады.



Қызметтік нұсқаулықпен таныстым және екінші данасын алдым.
Таныстым_______________________________________________________________
(қолы) (Аты-жөні, тегі)

Күні «______» ___________20 _____ж.



БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІ СЫНЫП ЖЕТЕКШІСІНІҢ ЛАУАЗЫМДЫҚ МІНДЕТТЕРІ


  1. ­­­Жалпы түсінік---------------------------лерінің

1.1. Осы сынып жетекшілердің қызметтік нұсқаулығы Қазақстан Республикасының және Ғылым мен білім министрлігінің 2009 жылы 13 маусымның №338, Қазақстан Республикасы еңбек және әлеуметтік қорғаныс аймағының Министрлігі 2003 жылы 28 шілденің №141, қазыналық мекемелер мен жеке қызметтік мамандардың мемлекеттік мекемесі, Қазақстан Республикасы еңбек және әлеуметтік қорғаныс аймағының Министрлігі 2003 жылы 30 мамырдың №119 бұйрығымен бекітілген, білім мекемесінің ұжымдық келісімі.............., білім мекемесінің Жарлығы...........................

1.2. Сынып жетекшіні білім беру мекемесінің директоры сынып жетекшілік қызметтен тағайындайды және босатады.

1.3. Сынып жетекшінің педагогикалық қызметтен тыс арнайы орта және жоғары кәсіби білімі болуы қажет.

1.4. Сынып жетекші білім мекемесінің директоры мен оның қарамағындағы орынбасарларына бағынады.

1.5. Қазақстан Республикасы заңы мен Конституциясы, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы, Қазақсан Республикасы Президентінің шешімі, оқуылардың тәрбиесі мен білімге байланысты сұрақтар бойынша білім басқару ұйымдарының барлық деңгейі; еңбекті қорғау нормалары мен ережелері, техника қауіпсіздігі мен өртке қарсы қорғаныс, сонымен қатар білім басқармасының жергілікті құқықтық актісі мен Жарғысы(соның ішінде ішкі еңбек ережелерінің тәртібі, директордың бұйрығы мен әмірі, нақты қызметтік нұсқаулық), еңбек келісімшартын жетекшілікке алады.

Сынып жетекші бала құқығы туралы Конвенцияны сақтайды.




  1. Қызметі

Сынып жетекші қызметінің негізгі бағыттары:

    1. Оқушылардың жеке тұлға ретінде дамуына және адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға жағдай жасау;

    2. Сынып ұжымын қалыптастыру.




  1. Қызметтік міндеттер

Сынып жетекші келесі қызметтік міндеттерді орындайды:

    1. Өзіне тағайындалған сыныппен жұмыс жасайды;

    2. Сыныпта әр оқушыны жеке мүддесі мен икемдерін зерттеу;

    3. Сыныпта әр оқушыға морально-психологиялық климат пен қолайлы орта туғызу;

    4. Оқушыларға ата-аналары, жолдастары, пән мұғалімдерімен қандай да бір мәселе туындағанда шешуге көмектесу;

    5. Оқушының өздігінен жеке тұлға ретінде дамуына және өзін-өзі тәрбиелеуге бағыттайды, тәрбиелеу жүйесіне қажетті түзетілімдер енгізеді;

    6. Оқу қызметінде оқушыларға көмектесу; үлгерімінің төмендеген себебін анықтап, соның шешімін ұйымдастыру;

    7. Тұрғылықты орны бойынша білім мекемелерінің қосымша үйірме, клуб, секция, бірлестіктерден қосымша білім алуына көмектесу;

    8. Сынып ұжымының жас ерекшеліктеріне сай оқу мүдделері мен қоғам өмірінің талаптарына сай сынып ұжымы өмірінің мазмұнын жаңартып отыру;

    9. Оқушылардың бостандығы мен құқығын қадағалау;

    10. Өзін-өзі басқару ұйымдарымен бірігіп, салауатты өмір салтын насихаттау, жаппай дене шынықтыру, спорттық және басқа да денсаулықты нығайтатын іс-шаралар өткізу;

    11. Сынып құжаттарын жүргізу, жеке іс қағаздарын жинақтайды, сынып журналы мен күнделіктерінің дұрыс толтырылуы мен бағаларының уақытылы қойылуын қадағалау;

    12. Оқушылардың ата-аналарымен үнемі байланыста болу (оларың орнын ауыстырушылар);

    13. Сыныпта тәрбиелік жұмысты жоспарлау;

    14. Оқу үрдісінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

    15. Білім мекемесінің әкімшілігі кездейсоқ жағдайлар болғанда дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету шараларын қолдану;

    16. Оқу үрдісінде оқушыларға сауықтандыру және жақсарту, сонымен қатар оқу меңгерушілерін оқу үрдісіндегі кемшіліктермен ақпараттандыру;

    17. Оқушыларға тәрбие жұмыстарын өткізу барысында қауіпсіздік ережелерін түсіндіружәне арнайы тіркелу журналына тіркеу жасау;

    18. Суда, тұрмыстық жағдайда, жол жүру ережесін үйрету;

    19. Білім мекемесінің Педагогикалық кеңесіне қатысу жұмысы;

    20. Мерзімді тегін медициналық тексерістен өту;

    21. Өзінің кәсіби біліктілігін жүйелі түрде арттыру; әдістемелік бірлестік қызметіне және басқа да әдістемелік жұмыс түрлеріне қатысу;

    22. Білім мекемелерінде, қоғамда, тұрмыстық жағдайда этикалық норманы сақтау;





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет