Білім беру ұйымдарына арналған лауазымдық НҰСҚаулықтар жинағЫ



бет4/10
Дата05.11.2019
өлшемі155,21 Kb.
#51197
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Сборник должностных инструкций
Пайда ойлама, приказ 509, №509 приказ

4.Құқықтары

Директордың ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары өз күзіреті аясында мыналарға құқылы;

4.1. директоры уақытша болмаған кезеңде (демалыс, сырқат және т.б.) оның міндеттерін атқаруға;

Міндеттерді орындау ҚР заңнамасына, жарғысы мен Ішкі еңбек тәртібі ережелеріне сәйкес директордың бұйрығы жүзуге асырылады.

4.2. Тікелей қол астындағы қызметкерлерге міндетті түрде орындалуға тиісті орындалуға тиісті өкімдер берілді.

4.3. Оқушыларымен өткізілетін кез келген сабаққа қатысуға (сабақ басталғаннан кейін шұғыл қажеттіліксіз сыныпқа кіру және сабақ кезінде мұғалімге ескерту жасау құқығынсыз).

4.4. Оқушыларды оқу процесіне кері ықпал ететін қылықтары үшін жарғысы мен Ішкі еңбек тәртібі ережелерінде белгіленген ретпен тәртіптік жауапкершілікке тартуға.

4.5. Қажет болған жағдайда сабақ кестесіне өзгерістер енгізуге, бірлескен сабақтар өткізу үшін топтар мен сыныптарды уақытша қосуға.

4.6. Тің түрлі бөлімшелеріне, қызмет орындары мен жекелеген қызметкерлеріне тән жұмыс құжаттамаларын (ережелер, жоспарлар, бағдарламалары, жұмыс материалдары, бақылау жұмыстары және т.б.) бақылау және түзету енгізу үшін сұратуға.

4.7. Қызметкерлерін марапатқа (наградаға) және құрметті атақтарға ұсыну жөнінде директордың қарауына мәселе қоюға.

4.8. Қызметкерлерінен тәрбие, білім беру, эксперименттік, зертеу және шаруашылық қызметінің технологияларын, кәсіптік этика нормалары мен талаптарын сақтауды, мектеп қауымдастығы қабылдаған жоспарлармен мен бағдарламаларды (міндетті және инновациялық сипаттағы) орындауды талап етуге.

4.9. Оқушылар конингентін жасақтау ісіне атсалысуға.

4.10. Өз біліктілігін арттыруға.
5. Жауапкершілігі

Жарғы мен Ішкі еңбек тәртібі ережелерін, директорыныңзаңды бұйрықтары мен өкімдерін және өзге де жергілікті нормативтік актілерді, осы нұсқаулықта белгіленген лауазымдық міндеттерді, дәлелді себептерсіз орындалмағаны немесе тиіснше орындалмағаны, оның ішінде өзіне берілген құқықтарды пайдаланбағаны үшін директордың ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары еңбек заңнамасында белгіленген ретпен тәртіптік жауапкершілікке тартылады.

Еңбек міндеттерін өрескел бұзғаны үшін тәртіптік жаза ретінде лауазымынан төмендетілуі немесе босатылуы мүмкін.
6.Өзара қарым – қатынас және лауазымы бойынша байланыстар

6.1. Өзара әрекеттестікке жұмыс жүргізеді:



  • Педагогикалық кеңесімен;

  • Директордың орынбасарларымен;

  • Мұғалімдермен;

  • Тің медицинналық, әлеуметтік және психхологиялық қызмет орындарымен;

  • Бас бухагалтермен;

  • Хатшы-іс қағаздарын жүргізушімен;

  • Кітапхана меңгерушісімен;

6.2. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарымен, директордыңтәрбие жөніндегі орынбасарымен, кафедралардың және әдістеме бірлестіктерініңжүйелі түрде ақпарат алмасып отырады.

6.3. Сағаттық жұмыс аптасы бойынша жасалған кестеге сәйкес норамаланбаған жұмыс режімінде еңбек етеді.

6.4. Өз жұмысын әр оқу жылы мен оқу тоқсанына арнап, жоғары тұрған орындар жоспарларына қарай дербес жоспарлайды.

6.5. Директорға қажетті ақпараттық және есеп беру құжаттамаларын уақытылы ұсынып отырады.

6.6. Директорынан нормативтік – құқықтық және ұйымдық – әдістемелік сипатта ақпараттар алады, тиісті құжаттармен қол қоя отырып танысады.

6.7. Қызметкерлеріне жүйелі түрде олардың құзырына кіретін білім беру қызметі мәселелері бойынша ақпараттар беріп отырады.

6.8.Директорын оқушылар мен қызметкерлердің өміріне, денсаулығына қатысты орын алған барлық төтенше жағдайлар жайлы хабардар етіп отырады.

Қызметтік нұсқаулықпен таныстым және екінші данасын алдым

______________________ ______________________________таныстым
(Қолы) (аты-жөні)
Күні: «___» _______________ 20 ____ г.

МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫНЫҢ ТӘРБИЕ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ ЛАУАЗЫМДЫҚ НҰСҚАУЛЫҒЫ


  1. Жалпы ережелер

1.1. Бұл лауазымдық нұсқаулық Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы №251-III Еңбек кодексі, ҚР Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалар лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» №338 бұйрығы, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» №319 заңы, жарғысы мен Ішкі еңбек тәртібі ережелері және жергілікті нормативтік актілер негізінде жасалды.

1.2. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарын Білім беру бөлімі келісімімен, кәсіподақ уәждемелі пікірін ескере отырып, директор тағайындайды және босатады.

1.3. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары демалыста және уақытша жұмысқа қабілетсіз болған кезеңде оның міндеттерін директордың тәрбие ісі жөніндегі өзге орынбасарына немесе оқу ісі жөніндегі орынбасарына, болмаса неғұрлым тәжірибелі педагогтердің біріне жүктелуі мүмкін. Мұндай жағдайларда міндеттерді уақытша атқару директорының ҚР Еңбек кодексі талаптарын сақтай отырып шығарған бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.

1.4. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарында жоғары педагогикалық білім және 3 жылдан кем емес педагогикалық жұмыс стажы болуы тиіс.

1.5. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары тікелей директорына бағынады.

1.6. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына кітапханашы, сынып жетекшілері мен оқушылар тікелей бағынады.

1.7. Білуге міндетті:

- ҚР Конституциясын;

- Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Неке және отбасы туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет көрсетулер туралы», «Мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау көрсету туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» заңдарын және басқа да білім беру ісін дамыту бағыттары мен перспективаларын айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді;

- Педагогика мен психология негіздерін;

- Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын;

- Педагогика ғылымы мен практикасының жетістіктерін;

- Менеджмент, қаржы-шаруашылық қызметі негіздерін, еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын;

- Санитарлық ережелер мен нормаларды;

- ҚР Еңбек кодексін;

- Ғылым мен техниканың заманауи жетістіктерін;

- Бағдарламалық-әдістемелік құжаттамарды.

Сондай-ақ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары өз қызметінде оқушыларға білім мен тәрбие беру мәселелері бойынша білім беру ісін басқарушы барлық деңгейдегі органдар шешімдерін, сондай-ақ жарғысы мен жергілікті құқықтық актілерін (оның ішінде Ішкі еңбек тәртібі ережелерін, осы лауазымдық нұсқаулықты), еңбек шартын (келісім-шарт)басшылыққа алады. Бала құқықтары туралы Конвенцияны сақтайды.

1.8. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары компьютерді және басқа да ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен ғаламдық Internet желісін қолданудың тиімді тәсілдерін меңгеруі тиіс.
2. Функциялары

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары атқаратын негізгі қызмет бағыттары мыналар болып табылады:

2.1. Тәрбие процесін жүйелі ұйымдастыру және оның жарғысы мен Ішкі еңбек тәртібі ережелеріне, ҚР заңнамасына сәйкес басқару.

2.2. Бала құқықтарын сақтау және жүзеге асыоу.

2.3. Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылардың алдын алуға байланысты жұмыстарды ұйымдастыру.

2.4. Өз құзыреті аясында полицейіне, әлеуметтік педагогқа, психологқа, кезекші мұғалімге, вожатыйға, қосымша білім беру педагогтарына және сынып жетекшілеріне өкілеттік беру.


3. Лауазымдық міндеттері

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары мынадай лауазымдық міндеттер атқарады:



3.1. Талдау жасайды:

∙ тәрбие процесінің проблемаларына;

∙ тәрбие жұмыстарының жай-күйі мен нәтижелілігіне;

∙ тәрбие жұмыстары саласындағы жай-күйі мен перспективалық мүмкіндіктеріне;

∙ оқушыларға дер кезінде әлеуметтік көмек пен қолдау көрсетіп отыру мақсатымен олардың тұрмыс жағдайына, талап-тілектеріне, проблемаларына;

∙ мұғалімдер мен сынып жетекшілерінің тәрбие ісі саласындағы кәсіби біліктілігі деңгейіне;

∙ оқушылардың тәрбиелілік жағдайына;

∙ алдындағы тәрбие міндеттерін жүзеге асыруға педагогика ұжымының даярлығына.



3.2. Қандай да бір тәрбиелік шараларды жүргізудің тиімділігіне болжам жасайды.

3.3. Әзірлейді және белгілейді:

∙ үйірмелер мен қосымша білім беру пәндеріне арнап «СанПиНомға» (санитарлық нормалар) және өзге де нормативтік құжаттарға сәйкес оқу сабақтарының кестесін;

∙ тәрбие жұмыстарының кешенді-мақсатты бағдарламасын;

∙ өз міндеттеріне сәйкес бойынша бұйрықтар мен өкімдер жобаларын;

∙ өз жұмысының перспективалық және ағымдағы жоспарларын;

∙ оқушыларға тәрбие беру жұмыстарын жаңаша ұйымдастыру бағытында жоспарлар;

∙ мәдени-тәрбиелік шаралар әзірлеп, оларды өткізу жұмыстарын;

∙ өз міндеттеріне сәйкес тәрбие қызметінің мәселелері бойынша есеп беру құжаттарын және анықтамалық материалдар;

∙ дамыту бағдарламасының жекелеген фрагменттерін, өзге де стратегиялық құжаттарды.

3.4. Жоспарлайды және ұйымдастырады:

∙ тәрбие жұмыстарымен шұғылданатын қызметкерлердің біліктілігі мен кәсіби шеберліктерін арттыруды;

∙ тәрбие жұмыстарын;

∙ аға вожатыйлардың, сынып жетекшілерінің, денешынықтыру-сауықтыру және көркемдік-эстетикалық циклдер бойынша қосымша білім беру педагогтарының қызметін ағымдағы және перспективалық жоспарлауды;

∙ сенбіліктер, «таза бейсенбіліктер», сыныптан тыс шаралар өткізуді;

∙ оқушылар арасындағы тәрбие жұмыстарының мазмұны мен технологиясы туралы мәселелер бойынша педагогикалық ұжымда өткізілетін әдістемелік оқуларды;

∙ оқушылардың ата-аналарымен, жалпы мектептік ата-аналар комитетімен жүргізілетін жұмыстарды;

∙ «Табиғаттың жас достары», «Жол қозғылысының жас инспекторлары», наркологиялық посттар, экологиялық патрульдер жұмысын, СПИД-тің алдын алу жөніндегі жұмыстарды;

∙ оның территориясын көріктендіру жөніндегі жұмыстарды;

∙ «қиын» оқушылармен жүргізілетін жұмыстарды, балаларды қадағалау органымен және қоғамдық ұйымдармен байланысты;

∙ жарыстарды, экскурсияларды, мейрамдарды;

∙ сынып жетекшілерінің, қосымша білім беру, денешынықтыру-сауықтыру және көркемдік-эстетикалық циклдер бойынша мұғалімдердің қызметін;

∙ оқушыларға қосымша білім берудің авторлық және бейімбелген бағдарламаларын жасауда мұғалімдерге көмек көрсетуді;

∙ тәрбие жұмыстарының мазмұнын, формасын және әдістерін;

∙ сыныптан тыс жұмыстарға қатысты оқу-материалдық базаларын нығайту жөніндегі жұмыстарды.

3.5. Қамтамасыз етеді:

∙ құрылымдарының ата-аналар комитетімен, тиісті комиссиялармен, қамқоршылар кеңесімен т.б. өзара әрекеттестігін;

∙ білім беру жүйесіндегі тәрбие процестерін ұйымдастыруда жаңа тәсілдердің қолданылуын;

∙ тәрбие процесінде қолданылатын жабдықтардың, приборлардың, техникалық және көрнекі құралдардың қауіпсіздігін;

∙ физикалық тәрбие, спорттық сауықтыру және әскери-патриоттық, салауатты өмір салты үдерістерінің үйлесімді дамуын;

∙ өз міндеттеріне сәйкес жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар құқықтарының, мүдделерінің ҚР заңнамалық актілеріне сәйкес қорғалуын;

∙ оқушылардың сыртқы көрінісі мен бірыңғай формасы бойынша қойылатын талаптардың орындалуын;

∙ мұғалімдердің үзілістерде белгіленген график бойынша кезекшілік етуін;

∙ оқушылардың таңертеңгілік сапқа тұруы (линейкасы) директор бекіткен график бойынша өткізілуін.

3.6. Басқарады:

∙ моральжық-психологиялық қолайлы климат жасау жөніндегі жұмыстарды;

∙ көріктендіру және көгалдандыру жөніндегі жұмыстарды.

3.7. Бақылау жасайды:

∙ тәрбие беру процесінің сапасына бақылау жасайды, оқушылардың сынып сағаттарына және басқа да мәдени-тәрбиелік шараларға (оқу жылында 150-180 сағаттан кем емес) қатысады;

∙ сынып жетекшілерін курстық даярлау және қайта даярлау жоспарының орындалуына;

∙ үйірмелер, секциялар жұмысына және қызметкерлері атқаратын басқа да тәрбиелік ұйымдастыру жұмыстарына;

∙ мінез-құлқында ауытқулары бар балалармен жеке жүргізілетін тәрбиелік жұмыстарға;

∙ сынып жетекшілерінің, сынып жетекшілері әдістемелік бірлестіктерінің жұмыстарына;

∙ психологтың орта буын және аға буын оқушылармен жүргізетін жұмыстарына;

∙ әлеуметтік және полицейлік қызметке;

∙ әскери-патриоттық тәрбиеге;

∙ қосымша білім беру сабақтарына аналған санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуына;

∙ сыныптарда тәрбие жұмыстары жөніндегі құжаттамалардың, сынып журналдарының дұрыс жүргізілуіне;

∙ өз міндеттеріне сәйкес тәрбие процесін дамыту саласы бойынша қабылданған шешімдердің орындалуына.



3.8. Үйлестіреді (және көмектеседі):

∙ сынып жетекшілерінің оқушыларды әлеуметтік қорғау, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау мәселелері бойынша атқаратын қызметін;

∙ тәрбие жұмыстары бойынша қажетті әдістемелік құжаттамаларды әзірлеу, жалпы мектептік мәдени-тәрбие шараларын өткізу жөніндегі жұмыстарды;

∙ тәрбие процестерін қамтамасыз ететін әкімшіліктері, қызмет орындары және бөлімшелері өкілдерінің қоғамдық және құқық қорғау органдарының, ата-аналардың, ата-аналар комитетінің өкілдерімен өзара әрекеттестігін;

∙ экологиялық патрулі қызметін.

3.9. Бағалайды, сараптайды:

∙ оқушылары арасында болған жазатайым оқиға жағдайларын;

∙ өз міндеттеріне сәйкес оқушыларға тәрбие беру мәселесі бойынша стратегиялық құжаттарын;

∙ сынып жетекшілері тарапынан оқушылар арасында жүргізілетін тәрбие жұмыстарының сапасын;

∙ сынып жетекшілерінің оқу тәрбие процесін жетілдіруге байланысты ұсыныстарын.

3.10. Кеңес береді:

∙ мұғалімдер мен ата-аналарға тәрбие процесінің мәселелері бойынша;

∙ мұғалімдер мен ата-аналарға оқушыларды әлеуметтік қорғау, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау мәселелері бойынша.

3.11. Баспаға дайындалатын оқу-тәрбие процесі жөніндегі материалдарды-сынып сағаттарының әдістемелік әзірлемелерін, зерттеулер мен эксперименттер нәтижелерін т.б. редакциялайды, түзетеді.

3.12. Хабардар етеді:

∙ әкімшілікті және мұғалімдерді тәрбие процесіндегі, білім беру жүйесіндегі мәселелер жөнінде;

∙ өз міндеттерінесәйкес кітапханалық, полицейлік, әлеуметтік және психологиялық қызмет орындарын тәрбие процесінің мәселелері жөнінде.

3.13. Тыйым салады:

∙ мәдени-тәрбие шараларын өткізу кезінде типтік тізбелерде қарастырылмаған жабдықтар мен приборларды, соның ішінде қолдан жасалған заттарды пайдалануға;

∙ орын-жайларында оқушылар мен қызметкерлер денсаулығына қауіп тудыратын жағдайлар пайда болса, ол жерлерде білім беру процесінің жүргізілуінде.

3.14. Қатысады:

∙ педагогикалық кеңестер жұмысына;

∙ жоғары орындар ұйымдастырып, өткізетін кеңестер, семинарлар, конференциялар, тренингтер жұмысына, «дөңгелек стол» отырыстарына және басқа шараларға;

∙ тәрбие жұмыстары бойынша қажетті әдістемелік құжаттарды әзірлеуге;

∙ оқушылар контингентін жасақтауға;

∙ педагогтары мен өзге де қызметкерлерін аттестаттауға әзірлеу және оны өткізу ісіне;



3.15. Жетекшілік етеді:

∙ кәмелетке толмағандардың мүліктік және мүліктік емес құқықтарын әлеуметтік қорғау ісіне;

∙ сынып жетекшілерінің, сынып жетекшілері әдістемелік бірлестіктерінің жұмысына;

∙ аға вожатый, әлеуметтік педагог, қосымша білім беру педагогтары мен полиция өкілі жұмыстарына;

∙ балалар мен жастар ұйымдары қызметіне;

∙ кітапхана қызметіне.


4. Құқықтары

Директордың оқу ісі орынбасары өз құзыреті аясында мыналарға құқылы:

4.1. Мектеп директоры уақытша болмаған кезеңде (демалыс, сырқат және т.б.) оның міндеттерін атқаруға;

Міндеттерді орындау ҚР заңнамасына, жарғысы мен Ішкі еңбек тәртібі ережелеріне сәйкес директордың бұйрығы негізінде асырылады.

4.2. Тікелей қол астындағы қызметкерлерге міндетті түрде орындалуға тиісті өкімдер беруге;

4.3. оқушылармен өткізілетін кез келген сабаққа қатысуға (сабақ басталғаннан кейін шұғыл қажеттіліксіз сыныпқа кіру және сабақ кезінде мұғалімге ескерту жасау құқығынсыз);

4.4. Оқушыларды оқу процесіне кері ықпал ететін қылықтары үшін жарғысы мен Ішкі еңбек тәртібі ережелерінде белгіленген ретпен тәртіптік жауапкершілікке тартуға;

4.5. Қажет болған жағдайда сабақ кестесіне өзгерістер енгізуге, бірлескен сабақтар өткізу үшін топтар мен сыныптарды уақытша қосуға;

4.6. Түрлі бөлімшелеріне, қызмет орындары мен жекелеген қызметкерлеріне тән жұмыс құжаттамаларын (ережелер, жоспарлар, бағдарламалар, жұмыс материалдары, бақылау жұмыстары және т.б.)бақылау және түзету енгізу үшін сұратуға;

4.7. Қызметкерлерін марапатқа (наградаға) және құрметті атақтарға ұсыну жөнінде директордың қарауына мәселе қоюға;

4.8. Қызметкерлерінен тәрбие жұмыстарының технологияларын, кәсіби этика нормалары мен талаптарын сақтауды, мектеп қауымдастығы қабылданған жоспарлар мен бағдарламаларды (міндетті және инновациялық сипаттағы) орындауды талап етуге;

4.9. Оқушылар конингентін жасақтау ісіне атсалысуға;

4.10.Өз біліктілігін арттыруға.
5. Жауапкершілігі

5.1. Жарғы және Ішкі еңбек тәртібі ережелерін, директорының заңды бұйрықтары мен өкімдерін және өзге де жергілікті нормативтік актілерді, осы нұсқаулықта белгіленген лауазымдық міндеттерді, дәлелді себептерсіз орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны, оның ішінде өзіне берілген құқықтарды пайдаланбағаны үшін директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары еңбек заңнамасында белгіленген ретпен тәртіптік жауапкершілікке тартылады.

Еңбек міндеттерін өрескел бұзғаны үшін тәртіптік жаза ретінде лауазымынан төмендетілуі немесе босатылуы мүмкін.
6. Өзара қарым-қатынас және лауазымы бойынша байланыстар

6.1. Өзара әрекеттестікке жұмыс жүргізеді:

∙ педагогикалық кеңесімен;

∙ ата-аналар кромитетімен;

∙ директордың орынбасарларымен;

∙ мұғалімдермен;

∙ сынып жетекшілерімен және мұғалімдермен;

∙ медициналық, полициялық, әлеуметтік және психологиялық қызмет орындарымен;

∙ бас бухгалтермен;

∙ хатшы іс-қағаздарын жүргізушімен;

∙ кітапхана меңгерушісімен;

∙ техникалық персоналмен.

6.2. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарымен, директордың тәрбие жөніндегі орынбасарымен, кафедралардың және әдістеме бірлестіктерінің меңгерушілерімен жүйелі түрде ақпарат алмасып отырады.

6.3. Сағаттық жұмыс аптасы бойынша жасалған кестеге сәйкес нормаланбаған жұмыс режімінде еңбек етеді.

6.4. Өз жұмысын әр оқу жылы мен оқу тоқсанына арнап, жоғары тұрған орындар жоспарларына қарай дербес жоспарлайды.

6.5. Директорға қажетті ақпараттық және есеп беру құжаттамаларын уақтылы ұсынып отырады.

6.6. Директорынан нормативтік-құқықтық және ұйымдық-әдістемелік сипатта ақпараттар алады, тиісті құжаттармен қол қоя отырып танысады.

6.7. Қызметкерлеріне жүйелі түрде олардың құзырына кіретін білім беру қызметі мәселелері бойынша ақпараттар беріп отырады.

6.8. Директорды оқушылар мен қызметкерлердің өміріне, денсаулығына қатысты орын алған барлық төтенше жағдайлар жайлы хабардар етіп отырады.

Қызметтік нұсқаулығымен таныстым. Екінші дананы қолыма алдым.
Лауазымдық нұсқаулықпен таныстым: .....................................

(қолы, аты-жөні)
Күні: «.........».........................20.......ж.

БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІНДЕГІ ДИРЕКТОРДЫҢ ӘКІМШІЛІК-ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҰМЫСЫ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ ЛАУАЗЫМДЫҚ НҰСҚАУЛЫҒЫ
1.Жалпы ережелер

1.1 Негізгі қызметтік нұсқау тарифті-біліктілік мінездемесі білім беру мекемесіндегі басшының орынбасары негізінде әзірленген,мемлекеттік мекеме мен қазыналық мекемелерде мамандардың жеке қызметкерлердің біліктіліктеріне мінездеме, жалпы барлық қызмет шеңберіне ,Қазақстан Республикасының Еңбек және Әлеуметтік қорғау Министрінің 30.05.03 жылдан, №119 бұйрығымен білім мекемесінің ұжымдық келісім шарты............., білім мекемесінің жарғысы.............

1.2. Білім беру мекемесі басшының әкімшілік-шаруашылық жөніндегі орынбасары қызмет орнына тағайындалып,босатылуы мекеме директорымен тағайындалады.

Жыл сайынғы демалыс және денсаулығына байланысты уақытша жұмысқа қабілетсіз кезінде әкімшілік-шаруашылық жұмысының міндеттерін мекеменің шаруашылық орынбасары атқарады.

1.3. Директордың әкімшілік-шаруашылық жөніндегі орынбасары орта –кәсіптік немесе жоғары –мамандырылған білімді, жұмыс тәжірибесі 3 жылдан кем болмауы шарт.

Арнайы дайындығы жоқ, еңбек өтілі жетіспеген болса да,дегенмен жұмысын сапалы, берілген көлемді тапсырманы уақытылы орындап,жүктеген қызметтік шаруаны дұрыс орындаса, ондай жағдайда директордың әкімшілік-шаруашылық жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындала алады.

1.4. Әкімшілік-шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары білім мекемесінің директорына тікелей бағынады.

1.5. Әкімшілік-шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары білім мекемесінің директорына тікелей: медбике, компьютерді басқару жөніндегі инженер, тазалаушы, вахтер, мекемеге қызмет етуші жұмысшы, электрик, аула тазалаушы, күзетші бағынады.

1.6. Білім мекемесінің әкімшілік-шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары Қазақстан Республикасының Ата Заңына, Қазақстан Республикасының жарлығына, Қазақстан Республикасының Үкіметінің шешіміне, білім мекемесінің әкімшілік-шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары бағынады: еңбек қағидасы ережелері, техника қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі, білім мекемесінің құқықтық локалды актілермен (оның ішінде ішкі еңбек тәртібі, басшының бұйрықтары, қызметтік нұсқау) еңбек келісім шартымен.

Басшының әкімшілік-шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары балалардың құқығын қорғау Конвенцияны сақтауы шарт.


2. Атқаратын қызметтері

Директордың әкімшілік-шаруашылық ісі жөніндегі орынбасарының негізгі жұмыс бағыты :

2.1.Білім беру мекемесінің шаруашылық жұмысы;

2.2 Оқу үдерісін материалды –техникалық жабдықтау;

2.3. Оқу мен еңбекке салауатты мүмкіндік жасау

3. Атқаратын қызмет түрі

Басшының әкімшілік-шаруашылық ісі жөніндегі орынбасарының негізгі атқаратын міндеттері:

3.1.білім мекемесінің шаруашылық жұмысын жүргізеді;

3.2 заңмен тағайындалған материалдық құнды заттарды, жиһаз, мүлікті толығымен сақтауға жауапты;

3.3. Мекеме қызметкерлерін кеңсе тауарларымен,шаруашылық заттарымен қамтамасыз етеді;

3.4. Білім мекемесін жаңа оқу жылына уақытылы дайындауы;

3.5.Білім мекемесінің санитарлық –гигиеналық қалпына,ағымды шаруашылық қызметіне,сыныптарды,оқу кабинеттерін,шеберхана,спортзал,кейде мекеменің мүлкіне ,асхана, өмір қауіпсіздігік ережесіне сай буфет жұмысын қадағалау .

3.6.Білім мекемесінің қаржы материалдарын тиімді жұмсауын қадағалайды;

3.7.Мектеп дәліздерінің санитарлық-гигиеналық қалпын, абаттандыру жұмыстарын,мектеп алдын көгалдандыру ,жинауды қадағалайды;

3.8 Қарамағындағы техникалық және қызмет етуші персоналды жұмыс көлемін береді, жұмысшылардың жұмыс уақытын қадағалайды ,жоба бұйрығын дайындайды:

3.9 Білім мекемесінің мүлік есебін ұйымдастырады,мүліктің түгендеуін жүргізеді,жұмыстың аяқталу құжаттарын, уақытылы есеп жүргізеді.

3.10.білім мекемесінің шаруашылық жұмысының өздігінен –өзі кеңеюін,уақытылы келісім шарттардың жасалуы;

3.11. Білім мекемесінің еңбек күзетінің талабына сай болуы, ғимаратының көшірілуі кезінде басқа салынатын ғимарат ,технологиялық,энергетикалық жабдықтарға, жөндеу жұмыстарын жүргізу .

3.12. Ауыр затты тасымалдағанда қауіпсіздікке жауапты,жүк тасу-жүк түсіру жұмыстарында,білім мекемесінің аумағында көлік тасымалы;

3.13. Ғимараттың өрт қауіпсіздігіне ,өрт сөндіру дұрыстығын қадағалайды.

3.14.Оқу кабинеттерін қамтамасыз етеді,шеберхана,тұрмыстық,шаруашылық т.б мүлікпен бөлмелерді қамтамасыз ету,өмір қауіпсіздігіне сай ережелерді сақтау,еңбек қаіпсіздік стандартын қамтамасыз етеді;

3.15.Жыл сайын электроқондырғы мен электросымдардың оқшауларын өлшеу ,жерлестіруші құрылғылар, периодтық сынақтардың су жылытқыш пен бу котелдарын куәландыру,буындарын, қысым астында жұмыс істейтін,жанатын және жанған газ баллондарды ,шаң-тозаңға қарсы сараптама,газ бен зарарлы заттар,радиацияның болуы,өмір қауіпсіздік ережесіне сай шу нормасын қадағалау;

3.16. Техникық персоналға 5 жылда 1 рет еңбек күзетінің нұсқауын ұйымдастырады;

3.17.Оқуды ұйымдастырады,жұмыс орнында нұсқаулық жүргізеді/бірінші және кез/ техникалық және қызмет көрсету жұмысшыларына;

3.18. Тапсырысқа сай арнайы киім алады,арнайы аяқ киім жұмысшылардың жеке қорғаныс жұмысына керек заттар;

3.19. Жеткізушілермен келісім –шартқа отырады:

3.20 Есеппен қамтамасыз етеді,өрт қауіпсіздігіне қарсы мүлікті сақтау, кептіру, киім жуу, жөндеу жұмыстары мен арнайы киімнің жұқпауы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет