Білім беру ұйымдарында «Қазіргі Қазақстан. Елбасы Көшбасшылығының сабақтары» атты жалпы республикалық ашық сабақтардың



бет60/64
Дата11.01.2022
өлшемі1,5 Mb.
#110788
түріСабақ
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64
Байланысты:
17.11 акт слайд, 1574233575368
20

40

60

80

100

ҚР ұлттық рәміздері

20

40

60

80

100

ҚР конституциясы

20

40

60

80

100

ҚР мемлекетік мейраидары

20

40

60

80

100

Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

3 ТУР.

Тақырыбы: Елордам Нұр-Сұлтан

Қызықты деректер:

Нұр-Сұлтан қаласы қандай мұхит бассейнінде жатыр? (Есіл өзені, Обь өзенінің бассейніне жататынына байланысты)?

Нұр-Сұлтан - әлемнің ең суық астанасы. Нұр-Сұлтані Оттавадан да суық, бірақ Моңғолияның астанасы жылырақ болады …

Әлемде атауы «астана» ретінде аударылатын қай қала бар? Бұл ......

Жауап:


1. Солтүстік Мұзды мұхиты

2. Улан - Батор

3. Сеул

IІІ КЕЗЕҢ. Қорытындылау. Марапаттау.
«..Мен өз халқымның жолында басымды бәйгеге тіккен адаммын»

Н.Ә. Назарбаев

13-кейс

«Назарбаевтай болғым келеді»
Мақсаты мен міндеттері:

1. Елбасы бастамаларының «Жас Ұлан» ұйымында жүзеге асырылуы.

2. Елбасы бойындағы рухани-адамгершілік құндылықтарына зерделеу.

3. Жасұландықтарға Елбасы құндылығымен тәрбие беру.



Қатысушылар Жасұландықтар

Өткізу түрі: ТОПТЫҚ ЖАРЫС.

Сабаққа жүргізуге қажетті дидактикалық материалдар:

Құндылықтар көрсетілген плакат, түрлі түсті алты қалпақ.презентациялар, маркер,бейнебаяндар, классикалық музыка, таза плакаттар т.б.

Тақтаға рухани-адамгершілік құндылықтары тізілген плакат ілінеді. Қатысушылар түрлі түсті алты қалпақты таңдау арқылы алты топқа бөлінеді. Топ басшылары таңдалады.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:

І КЕЗЕҢ (10 минут)

А) Аға тәлімгер классикалық музыка қойып, тыныштық сәтін өткізеді.

Түстер әлемі

Ыңғайлы отырамыз, көзімізді жұмамыз. Көз алдымызға аппақ шарды елестетеміз, шар үлкен, шарға жақындаймыз, шардың ішіне енеміз. Айналамыздың бәрі аппақ әлем. Осы әлемде біздер ақ ниетті, адал дос жандарға айналамыз. Көзімізді ашып ақ жүректен достарымызға қарап жымиямыз.

Ә) «Миға шабуыл» Мұғалім адам бойындағы рухани құндылықтармен таныстырады. Әрбір құндылықтарға қандай қасиеттер жататынын сұрайды.

- Балалар, «ынтымақтастық» құндылығына қандай қасиеттерді жатқызамыз?

- достық, ынтымақ, бауырмалдық, туысқандық қасиеттерін жатқызамыз т.б.




Құндылықтар

Ынтымақтастық

Сүйіспеншілік




Құрмет

Кішіпейілділік




Жауапкершілік

Жомарттық




Адалдық

Әділдік




Еңбекқорлық

Эмпатия




Кемелдену

Қанағат




Этика-әдеп

Тазалық




Табандылық

Денсаулық




Отансүйгіштік

Батылдық




ІІ КЕЗЕҢ (30 минут)

Интернеттен сілтеме ашылады.

https://el.kz/kz/news/archive/%D0%B5%D0%BB%D0%B1%D0%B0%D1%81%D1%8B%D0%BD%D1%8B%D2%A3-%D0%B6%D0%B0%D1%81%D1%82%D0%B0%D1%80%D2%93%D0%B0-%D0%B0%D1%80%D0%BD%D0%B0%D0%BF-%D0%B0%D0%B9%D1%82%D2%9B%D0%B0%D0%BD-%D3%A9%D0%BD%D0%B5%D0%B3%D0%B5%D0%BB%D1%96-1000-

Аға тәлімгердің кіріспе сөзі:


  • Балалар, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті –

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың әр жылдары жастарға арнап айтқан өнегелі 1000 сөзін іріктеп «Жас Ұлан» ұйымының бес бағытына бөліп отырмын.

Бағыты

Елбасының өнегелі сөздері

«Отан»

Ел бірлігін көздің қарашығындай сақтаңдар!

Мен үшін елімді дамыған елдердің сапына тұрғызып, санатына қосудан үлкен мақсат жоқ.

Мен өз халқымның жолында басымды бәйгеге тіккен адаммын.

«Жас қазақстандық азамат дегені­міз – бұл тек құқық қана емес, бірінші кезекте өзі, өзінің отбасы және біздің Отанымыз үшін ұлы жауапкершілік екенін есте ұстаулары тиіс». 

Қазіргі күндерге жету үшін біздің буын, сендердің әкелерің, аталарың көп тер төкті.

Елдің сыртын жаудан, ішін даудан аман алу үшін деп күндіз-түні тынбай жұмыс істедік.

Бойында қаны бар, намысы бар әрбір азамат: «Енді тәуелсіздікті қалай кемелдендіреміз, елдің көсегесін қайтсек көгертеміз?!» деп ой-санасын қамшы­лауы керек.


«Руханият»

Ешуақытта басқа ұлттың, басқа діннің адамдарын ренжітуге болмайды. Қандай жаманшылықты өзіңе тілемейсің, басқаларға да сондай тілекші бол. Қазақстандықтардың барлығы бір-біріне тілеулес болғаны жөн.                            

Жаңа құндылықтар жастардың жүрегіне тезірек жол табады.

Бірінші. 140 этностың басын құрайтын барлық қазақстандықтардың бірлігі – бұл ғаламат құндылық.

Егер біз мемлекет болып тұрғымыз келсе, өзіміздің мемлекеттігімізді ұзақ уақытқа меңзеп құрғымыз келсе, онда халықтың руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн.

Көпұлттылық — қоғамның кемшілігі емес, артықшылығы.

Ең басты міндет — қайталап айтамын, халықтың рухын көтеру. Өзіне деген сенімін арттыру.



«Экоәлем»

Көптеген елдерді араладым. Табиғаты ғажайып талай өлкенің сұлулығына көз құмарымды суардым. Бірақ бәрі де өзім туып-өскен қазағымның жеріне, Алатаудың бір бөктеріне жамбастай жығылған үш қоңыр төбеге жетпеді. Балалығымның, сағынышымның алтын қазығы сонда екен...

Егер кинотеатрда немесе спорт, футбол залдарында сағызды жапсыратын болсаң, онда барлығы да бұл әрекетті қайталайды. Сондықтан да тазалық ұдайы жинастыратын жерде емес, тазалық - ластамайтын жерде сақталады. Осыны есте сақтау керек.

Жаңа ғимараттардың барлығы керемет. Осының барлығын қоқыс-қолаң қылмай жаңғырту үшін біз жасыл-желекті Астананы жасауымыз керек. Астананың төңірегінде 60 мың гектар жерге орман отырғызылды. Қаланың ішінде 16 мың гектар орман болады. Қала мұндай болып па еді. Қазір жасыл қала болды»

«Салауат»

«Мен сіздерді және барлық студент­терді біздің олимпиадашыларымыздың жеңісі құрметіне зиянды әдеттерден бас тартуға шақырамын, спортпен айналысыңыздар, саламатты өмір салтын ұстаныңыздар».

Денсаулықты бірінші кезекте адамның өзі қалыптастыруы керек.



Осылай жарқырап қалуы үшін тазалық болуы керек. Әр адамның тазалығы болуы қажет. Сондықтан қаланы барлығымыз баптап, сақтап, таза күйінде ұстауымыз керек. Бұл Отанымыздың болашағы үшін қажет.

«Еңбек»

«Беталысы күнде өзгерген алмағайып дүниеде адамзат үшін ешқашан өзгермеген, өзгермейтін темірқазықтар бар. Ол – білім! Ол – еңбек!

Сендердің бәрің лайықты өмірдің, әл-ауқаттың, жаңа өмір сапасына қол жеткізудің тек еңбек арқылы ғана келетінін есте сақтауларың керек».

«Біздің еңбексүйгіштігіміз біздің екінші құнды жеңісіміз болып табылады».

«Жұмыс істегісі келгендердің бәрі жұмыс табады және бір емес, екі жұ­мыс тауып, еңбекақы алу мүмкіндігі бар. Тек ниет болуы керек».

«Сендердің білімдерің – ол сендердің еңбектеріңнің нәтижесі.



Тапсырма

  • Балалар, біз енді «Ойлаудың алты қалпағы» ойынын ойнаймыз.

Мақсатымыз Елбасының бойындағы рухани-адамгершілік құндылығын тану.

Бұл үшін бағыттар бойынша берілген Елбасының өнегелі сөздеріне ой жүгіртіп, зерделеп, постер әзірлейміз. Топ басшысы әзірленген постерді қорғайды. Қазылар тобы әзірлеген сұрақтарға жауап береді.

Тапсырма бойынша білім жас ұландықтар алты топқа бөлініп, құндылықтар бойынша кластер сызады. Пікірлерін қорғайды.

«Ақ қалпақ» - «Отан» бағыты;

«Сары қалпақ» - «Руханият» бағыты;

«Жасыл қалпақ» - «Экоәлем» бағыты;

«Көк қалпақ» - «Салауат» бағыты;

«Қызыл қалпақ»- «Еңбек» бағыты;

«Қара қалпақ» - қазылар тобы.

Әрбір топ құндылықтар бойынша кластерлерін қорғап Елбасының тамаша қасиеттерін өзіндік баға беруге, өзінің ой-пікірін нақты әрі толық айтып беруге тырысады. Демек, ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастырады.

«Қара қалпақ» - қазылар тобы әзірлеген сұрақтарға жауап береді.

Аға тәлімгер жасұландықтардың жеке тұлғалық қабілеттерін жетілдіруге назар аударады.

III КЕЗЕҢ (5 минут)

Аға тәлімгер жарысты қорытындылап, Елбасыдай болуға, оның тамаша қасиеттерін алуға талпынуға шақырады.

«Жас Ұлан»  гимні орындалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет