Білім беру ҧйымдарында


«МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА» БІЛІМ САЛАСЫ



бет159/216
Дата06.02.2022
өлшемі1,52 Mb.
#79248
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   216
Байланысты:
ӘДН 2020-2021 оку жылы

«МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА» БІЛІМ САЛАСЫ
«Математика және информатика» білім саласы бойынша жаңартылған оқу бағдарламаларымен келесі пәндер оқытылады: «Алгебра және анализ бастамалары», «Геометрия», «Информатика».
Оқу пәндері бойынша оқу жүктемесінің кӛлемі тӛмендегі 77-кестеде кӛрсетілген.
77-кесте. «Алгебра және анализ бастамалары», «Геометрия»,
«Информатика» оқу пәндері бойынша оқу жүктемесінің кӛлемі

Сынып

Оқу пәнінің атауы

Апталық жүктеме

Жылдық жүктеме

10
ЖМБ

Алгебра және анализ бастамалары

4

136

Геометрия

2

68

Информатика

2

68

10
ҚГБ

Алгебра және анализ бастамалары

3

102

Геометрия

1

34

Информатика

1

34

11
ЖМБ

Алгебра және анализ бастамалары

4

136

Геометрия

2

68

Информатика

2

68

11
ҚГБ

Алгебра және анализ бастамалары

3

102

Геометрия

1

34

Информатика

1

34

Жалпы орта білім беру деңгейінде «Алгебра және анализ бастамалары», «Геометрия» пәндерін оқыту маңызды болып табылады, себебі оны оқыпүйрену барысында математиканың практикалық маңыздылығы, тұлғаның логикалық және сыни тұрғыдан ойлау қабілетін қалыптастыру мен дамыту арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға мүмкіндік жасайды. Сондай-ақ, ғылыми-жаратылыстану пәндерін оқып-білуге қажетті математикалық білім мен білік негіздерін игеру қоршаған ортаның біртұтастығы туралы түсінікті қалыптастыруға ықпал етеді.
«Алгебра және анализ бастамалары», «Геометрия» пәндерін оқыту мақсаты: қазіргі замандағы қоғамда ӛзін еркін сезінуге адамға қажетті ойлау қасиеттерін қалыптастыру арқылы оқушылардың зияткерлік деңгейін дамыту; практикалық іс-әрекеттерде қолдануда, басқа пәндерді үйренуде, білім алуды жалғастыруда қажетті математикалық білімді меңгеру.
Міндеттері:

  • Бағдарламаның «Алгебра», «Статистика және ықтималдықтар теориясы», «Математикалық модельдеу және анализ» бӛлімдері бойынша математикалық білім, білік және дағдыларын қалыптастыру мен дамытуға жағдай жасау;

  • әртүрлі мәнмәтіндегі есептерді шешуде математикалық тілді және негізгі математикалық заңдарды қолдануға, сандық қатынастар мен кеңістіктік формаларды оқып білуге ықпал ету;

  • есептерді шешу мақсатында оқушылардың білімдерін математикалық модельдерді құруға және керісінше, шынайы процестерді сипаттайтын

математикалық модельдерді суреттеп беруге бағыттау;

  • практикалық есептерді шешуде, алынған нәтижелерді бағалау мен олардың нақтылығын айқындауда лайықты математикалық әдістерді таңдап алу үшін логикалық және сыни тұрғыдан ойлауын, шығармашылық қабілеттерін дамыту;

  • коммуникативтік дағдыларын, оның ішінде, ақпаратты дұрыс және сауатты түрде беру, сонымен қатар түрлі ақпарат кӛздерінен, басылымдар мен электрондық құралдардан алынған ақпаратты қолдану қабілетін дамыту;

  • ӛздігінен және топта жұмыс істеуде қажетті тәуелсіздік, жауапкершілік, белсенділік, табандылық пен толеранттылық сияқты тұлғалық қасиеттерді дамыту;

  • математиканы оқыту процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану дағдыларын дамыту.

2020-2021 оқу жылында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11сыныптарда «Информатика» пәні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 7 наурыздағы № 105 бұйрығымен бекітілген жаңартылған мазмұн бойынша үлгілік оқу бағдарламасы, 16-қосымша (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 352 бұйрығына 192-қосымша, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына 410қосымша) бойынша және жаратылыстану-математикалық бағыттағы (ЖМБ) 1011-сыныптарда «Информатика» пәні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 7 наурыздағы № 105 бұйрығымен бекітілген жаңартылған мазмұн бойынша үлгілік оқу бағдарламасы, 15-қосымша (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 352 бұйрығына 191-қосымша, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына 409қосымша) бойынша оқытылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   216




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет