«Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларына» сәйкес (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 29 мамырдағы №206 бұйрығы) мектепке дейінгі білім берудің қол жетімділігін және вариативтілігін қамтамасыз ету үшін, балаларды дамыту, тәрбиелеу және оқытуда қолайлы жағдайлар жасау үшін мектепке дейінгі ұйымдардың түрлері құрылады, оларда балалар жас ерекшелігі бір немесе жас ерекшелігі әртүрлі қағидасы бойынша жасақталады.
Түрлі жас тобы (1 жастан 3 жасқа дейінгі немесе 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар) қажетті материалдық-техникалық жағдайлармен және кадрлармен қамтамасыз етілген (бӛлінген қаражат шегінде) жағдайда құрылады және санитарлық-гигиеналық талаптар мен ӛрт қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес, қажетті ойын және спорттық құрал-жабдықтармен, оқу-кӛрнекілік құралдарымен және материалдарымен жабдықталған, балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес бӛлмелерде ұйымдастырылады.
Мектепке дейінгі ұйымдардағы түрлі жас топтарының толымдылығы санитариялық қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.