Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту (3 жастан және 4 жастан бастап)
Жас кезеңдері және жас топтары (балалардың жасы –оқу жылының басындағы толық жасы) мынадай:
мектепке дейінгі жас – 3-6 жас: орта жас – 3 жастан бастап (ортаңғы топ); ересек жас – 4 жастан бастап (ересек топ).
Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін балалар үшін Үлгілік оқу жоспарына сәйкес апталық оқу жүктемесінің кӛлемі:
ортаңғы топ (3 жастан бастап) – ұзақтығы 15-20 минуттан 11 сағатты;
Оқыту орыс тілінде жүргізілетін балалар үшін Үлгілік оқу жоспарына сәйкес апталық оқу жүктемесінің кӛлемі мынадай:
ортаңғы топ (3 жастан бастап) – ұзақтығы 15-20 минуттан 11,5 сағат; - ересек топ (4 жастан бастап) – ұзақтығы 20-25 минуттан 12,5 сағат.
Үлгілік оқу жоспарының құрылымында инвариантты және вариативтік бӛлім кӛрсетілген. Инвариантты бӛлім Үлгілік оқу бағдарламасының міндетті бӛлімін орындауды қамтамасыз етеді.
Вариативтік компонентті анықтауда балалардың жас және жеке ерекшеліктері, қызығушылықтары және мектепке дейінгі ұйым қызметінің бағыты ескеріледі.
Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін топтарда вариативтік компоненттің апталық оқу жүктемесінің жалпы кӛлемі:
ортаңғы топ балалары үшін-1 сағатты; ересек топ балалары үшін- 2 сағатты құрайды.
Оқыту орыс тілінде жүргізілетін топтарда вариативтік компоненттің апталық оқу жүктемесінің жалпы кӛлемі:
ортаңғы топ балалары үшін - 0,5 сағатты; ересек топ балалары үшін - 1,5 сағатты құрайды.
Үлгілік оқу жоспарларына келесідей ӛзгерістер мен толықтырулар енгізілді:
«Қатынас» білім беру саласы:
«Драма» ҰОҚ алынып тасталды, 0,5 апталық жүктемесі мен міндеттері «Кӛркем әдебиет» ҰОҚ-не енгізілді және аптасына 1 сағатты құрайды. «Драма» ұйымдастырылған оқу қызметінде кӛзделген міндеттер «Кӛркем әдебиет» ҰОҚ арқылы әдістемелік тәсілдердің кӛмегімен (рӛлдерде ойнау, театрландыру, әңгімелеу, рӛлдерді қайталау және т.) жүзеге асатын болады.
«Әлеумет», «Таным» білім беру салалары:
«Экология негіздері» ҰОҚ алынып тасталды, 0,25 сағат апталық жүктемесі
«Қоршаған ортамен танысу» ҰОҚ енгізілді және апталық жүктемесі 0,5 сағатты құрайды. «Экология негіздері» ҰОҚ міндеттері «Жаратылыстану» ҰОҚ-де шешілетін болады.