Қашықтан оқыту форматындағы сабақтарды (консультацияларды) ҧйымдастыру тәртібі Балалар ата-аналардың қалауы бойынша кезекші топтарға бара алады немесе қашықтан оқи алады.
Қашықтан оқыту форматында тәрбиеленушілерге бейнесабақтар ӛткізу ата-аналар қауымдастығының сұраныстарын және әлеуметтік тапсырысты орындауды, сондай-ақ қашықтан оқыту технологияларын қолдану арқылы тәрбиеленушілердің ата-аналарын консультациялық қолдауды қанағаттандыруға бағытталған.
Мектеп (шағын орталық болған жағдайда) және мектепке дейінгі ұйым басшылары ата-аналардың (балалардың заңды ӛкілдерінің) хабардар болуын қамтамасыз ету мақсатында және ересектер тобы, мектепалды тобы балаларына қашықтан оқытуды ұйымдастыру бойынша:
-қашықтан оқытудың барлық қатысушыларының (педагогтер, балалардың ата-аналары/заңды ӛкілдері) ересектер тобы, мектепалды тобы балаларын қашықтан оқытуды ұйымдастыру туралы сабақтың басталу күнін кӛрсете отырып хабардар болуы;
қашықтан оқытуды ӛткізу үшін әр отбасында қолжетімді байланыс түрлерінің, ғаламтор-ресурстардың тізімін анықтау;
«Сауат ашу негіздері», «Математика негіздері»,«Қоршаған ортамен танысу» бойынша (күніне бір сабақ) қашықтан кіріктірілген сабақ кестесін құруы;
педагогтердің демонстрациялық материалдарды, дидактикалық ойындарды және т.б. кеңінен қолдана отырып, қашықтан оқыту
топтардың контингентін бекіту, сабақ кестесін, жұмыс кестесін, күн тәртібін жасау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады.
Басшының орынбасарлары, әдіскерлер:
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын ересек, мектепалды жастағы балалардың меңгеруіне бағытталған қашықтан оқытуды ұйымдастырады;
педагогтермен бірге ересек, мектепалды жастағы балаларды қашықтан оқытуды қамтамасыз етеді;
-жұмысты ұйымдастыру туралы барлық қашықтан оқытуға қатысушылардың (педагогтер, балалардың ата-аналары/заңды тұлғалар) белсенді ақпараттандырылуына ықпал етеді;
қажет болған жағдайда балаларды қашықтан оқыту нәтижелерімен бейне талқылау педагогтермен ӛткізеді;
ҰБДҚ мәліметтерін, тәрбиеленушілердің ауысуы, педагогтерінің сапалық құрамы, материалдық база, техникалық персонал және т. б. туралы ақпарат базасын толтырады;
сабақ кестесін құрады;
педагогтердің қызметін ұйымдастырады;
тәрбиеленушілердің ата-аналарына жеке консультация беруді жүзеге асырады;
тәрбиеленушілердің ата-аналарын (заңды ӛкілдерін) білім беру платформасы, сабақ кестесі туралы хабардар етеді.
Педагогтер:
әдіскерлермен және басқа да педагогтермен бірге жас топтарына перспективалық жоспар құрастырады;
сабақтарды ӛткізу жоспарын құрады;
демонстрациялық материалдар (слайдтар, бейне, аудио, кӛрсетуге арналған заттар (ойыншықтар, муляждар, тұрмыстық заттар және т. б.) дайындайды;
бекітілген кестеге сәйкес қашық форматта сабақтар ӛткізеді;
ата-аналармен кері байланыс орнатады;
ата - аналар үшін топтық, жеке бейне және аудио консультациялар ӛткізеді.