Білім беру ҧйымдарында


Ерте жастағы балаларды дамыту (туғаннан бастап 3 жасқа дейін)



бет50/216
Дата06.02.2022
өлшемі1,52 Mb.
#79248
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   216
Байланысты:
ӘДН 2020-2021 оку жылы

Ерте жастағы балаларды дамыту (туғаннан бастап 3 жасқа дейін)


Жас кезеңдері мен жас топтары (балалардың жасы-оқу жылының басындағы толық жасы) мынадай:
1) бӛбек жасы – 0-3 жас: нәрестелік жас-туғаннан бастап; ерте жас- 1 жастан бастап (ерте жас тобы); кіші жас – 2 жастан бастап (кіші топ);
Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін балалар үшін Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарына сәйкес апталық оқу жүктемесінің кӛлемі:

  1. ерте жас тобы (1 жастан бастап) – ұзақтығы 7-10 минуттан 7 сағатты;

  2. кіші топ (2 жастан бастап) – ұзақтығы 10-15 минуттан 9 сағатты құрайды.

Оқыту орыс тілінде жүргізілетін балалар үшін Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарына сәйкес апталық оқу жүктемесінің кӛлемі мынадай:
1) ерте жас тобы (1 жастан бастап) – ұзақтығы 7-10 минуттан 7 сағат; 2) кіші топ (2 жастан бастап) – ұзақтығы 10-15 минуттан 9 сағат.
Осы жас кезеңінде баланың толыққанды, жан-жақты дамуы мынадай міндеттерінің табысты шешілуіне байланысты:
баланың денсаулығын нығайту, оны шынықтыру, жүйке жүйесінің
жұмысқа қабілеттілігін арттыру; негізгі қимыл түрлерін дамыту (жүру, жүгіру, лақтыру, қағып алу,
секіру); баланың қоршаған ортамен байланысын байыту, күнделікті ӛмірде және баламен арнайы ұйымдастырылған әрекетте ортаның құбылыстарын түсінуге қызығушылықты дамыту, оларды ойын, бейнелеу, музыкалық және басқа да әрекетке ауыстыру; түсінінетін сӛздер қорын кеңейту және белсенді сӛздік қорды байыту; заттық әрекеттің алуан түрлілігі: жақын маңдағы заттармен, олардың қасиеттерімен, атқаратын қызметімен және олармен әрекет ету тәсілдерімен таныстыру, қасиеттері бойынша заттарды таңдауды және топтастыруды кӛрсету; ӛзіне-ӛзі қызмет кӛрсету бойынша қарапайым әрекеттерді орындауға (киіну, шешіну, ойыншықтарды жинау) жағымды эмоционалдық ынталандыру және қолдау, еңбек әрекеттеріне қызығушылықты тәрбиелеу, оларды ӛз бетінше орындау ниетін ынталандыру.
баланың тұлғасын дамытуға ықпал ету: әрекет түрлерінде оның дербестігін дамытуға, ӛзін – ӛзі құрметтеу және қадірлеу сезімін әрекетте және қарым-қатынаста табысты бағалау арқылы дамыту үшін жағдай жасау; ұқыптылық пен тазалықты сақтау дағдыларына баулу;
баланы ересектермен және құрдастарымен мейірімді қарым-қатынасқа
ынталандыру; барлық тіршілік иелері (жануарлар, ӛсімдіктер) мен заттар әлеміне
сүйіспеншілікке және ұқыпты қарауға тәрбиелеу.
Үлгілік оқу бағдарламаның мазмұны балалардың ӛзара әрекеті бойынша әлеуметтік дағдыларын қалыптастыруға, бейімделуіне, баланың тұлға ретінде қалыптасуына, қоршаған ортаға (отбасына, әлеуметке, табиғатқа), қауіпсіз мінез-құлық негіздеріне ізгілікті қарым-қатынасын қалыптастыруға бағытталған.
«Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық» және «Әлеумет» білім беру салаларына ерте жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытудың мазмұны енгізілген, ол білім беру салаларын кіріктіру және балалар әрекетінің түрлері (ойын, қимыл, дербес) арқылы іске асырылады.
«Әлеумет» білім беру саласында дербестікті тәрбиелеу, әлеуметтіктұрмыстық және әлеуметтік-коммуникативтік біліктер мен дағдыларды дамыту, балаларды әлеуметтік-мәдени нормаларға, отбасы, қоғам мен мемлекет дәстүрлеріне баулу бойынша әлеуметтендірудің негізгі міндеттері кӛрсетілген.
Мектепке дейінгі ұйымға бейімделу кезеңінде балалардың ӛмірін дұрыс ұйымдастыру оларды тәрбиелеудің маңызды сәті болып табылады.
Ерте жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқыту міндеттері:
1 жас-1 жас 6 ай:

  • түсінетін сӛздер қорын адамның және жануарлардың дене мүшелерін, заттар мен ойыншықтарды, жақын адамдарды білдіретін зат есімдердің есебінен кеңейту;

  • белсенді сӛйлеуді дамыту;

  • заттарды кӛлемі, түсі, пішіні бойынша ажырата білу;

  • заттармен әрекет ету үшін кӛмекші құралдарды қолдана білуді дамыту

(тарту, домалату, қозғалу және т. б. );

  • балаларды заттардың пішінімен және кӛлемімен таныстыру.

1 жас 6 ай-2 жас:

  • қоршаған орта заттарын білдіретін зат есімдердің, заттардың жағдайын және белгілерін, қимылдарын білдіретін етістіктердің, сын есімдердің есебінен пассивті сӛздік қорды кеңейту;

  • диалогтік сӛйлеуді дамыту;

  • заттар туралы жалпы түсінік қалыптастыру: заттарды тану үшін жағдай жасау, заттарды топтастыру, түсі, пішіні, кӛлемі және т. б. бойынша сәйкестендіру;

  • тӛрт негізгі түсті ажырата білуді дамыту: қызыл, сары, жасыл, кӛк;

  • қарапайым заттарды меңгеруге жаттықтыру, оларды күнделікті ӛмірде қолдану.

2 жастан 3 жасқа дейін:

  • түсті, кӛлемді, пішінді, сапаны, әрекетті және т. б. білдіретін сын есімдермен, етістіктермен, үстеулермен байыта отырып, белсенді сӛйлеуді дамыту;

  • баланы заттар әлемімен таныстыру кезінде жарқын әсерлермен байытуды жалғастыру;

  • әрекетте заттармен түрлі қимылдарды дамыту үшін жағдай жасау;

  • түс туралы түсініктерді кеңейту (қызғылт сары, кӛк, қара, ақ);



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   216




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет