Білім беру ҧйымдарында



бет74/216
Дата06.02.2022
өлшемі1,52 Mb.
#79248
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   216
Байланысты:
ӘДН 2020-2021 оку жылы

Графикалық модельдеу
Графикалық модель – сюжеттік есептің сызбасы, ол білім алушыларға есеп шартында берілген абстрактілі қатынастарды нақты кеңістіктік формада түсінуіне кӛмектеседі.

  • есеп мәтінін сызбамен келтіре алады;

  • есеп мәтінін және оған сай келетін сызбаны сәйкестендіре алады;

  • есептің берілгендерімен модельді толтыра алады;

  • сызба бойынша есеп құрастыра алады

4

Заңдылықтарды табу және ӛзінің заңдылықтарын жасауға арналған шығармашылық тапсырмалар. Математикалық заңдылық – бұл




белгілі бір ереже. Осы ереже бойынша элементтердің сандық, пішіндік немесе басқа да қатарында белгілі бір сәйкес тәртіппен элементтердің немесе олардың қасиеттерінің қайталануы немесе ӛзгеруі болып табылады.

бойынша орналасқанын түсінеді;
- топтастыра және қорытынды жасай алады.

Пән бойынша жиынтық бағалау тоқсандық жиынтық бағалауды (ТЖБ) және бӛлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты санын жүргізуді кӛздейді. 1-сыныпта пән бойынша жиынтық бағалау жҥргізілмейді. Тӛменде бӛлім/ортақ тақырып үшін жиынтық бағалау саны кӛрсетілген (32-кесте).
29-кесте – «Математика» пәні бойынша жиынтық бағалау саны

Сыныптар

Бӛлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау саны

ТЖБ балдары

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

әр тоқсанда

2-сынып

3

3

3

3

14 балл

3-сынып

3

3

3

3

16 балл

4-сынып

3

2

2

3

18 балл

Карантиндік және шектеу іс-шаралары жағдайында барлық мектептерде (штаттық режимде, дистанциялық форматта, кезекші сыныптарда) «Математика) пәні бойынша 1 БЖБ, 1 ТЖБ жҥргізіледі. «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» оқу пәні

Бастауыш сыныптарда «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәнін оқытудың мақсаты – білім алушыларды компьютер құрылғысы, ақпаратты ұсыну және ӛңдеу, Интернет желісінде жұмыс істеу, есептік ойлау, робототехника мәселелері бойынша заманауи ақпараттық технологияларды тәжірибеде пайдалану үшін базалық біліммен, іскерлікпен және дағдылармен қамтамасыз ету болып табылады.
2020-2021 оқу жылында Республиканың жалпы білім беретін мектептерінің 3 және 4-сыныптарында «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәнін оқыту Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына (188-2к қосымша) (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 26 шілдедегі № 334 бұйрығына 4-қосымша) сәйкес жүргізілетін болады.
3-сыныптағы «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәнінің базалық мазмҧны:

  1. «Компьютер» компьютер құрылғылары: енгізу және шығару құрылғылары; бағдарламалық қамтамасыз ету: компьютерлік бағдарламалардың (ӛткізгіш, бейнелерді кӛруге арналған бағдарлама), бағдарламалар мәзірі, мәзір командаларын пайдалану, файлдар мен папкалар, компьютерде файлдарды ашу және сақтау; қауіпсіздік техникасы: Қауіпсіздік техникасы ережелері;

  2. «Ақпаратты ұсыну және ӛңдеу»: мәтіндер: мәтіндік редактордың мақсаты, Бағдарлама мәзірі, мәтінді теру және редакциялау, символдар мен абзацтарды пішімдеу, мәтін фрагментімен операциялар жасау, символдарды қою; графика: графикалық редактордың мақсаты, суреттерді ашу және сақтау, редактор құралдарын пайдалана отырып, бейнелерді жасау, түстер палитрасы, суретті редакциялау, сурет ӛлшемін кесу, бұрау және ӛзгерту, суреттің фрагментін кӛшіру; презентациялар: презентациялар жасау бағдарламасының мақсаты, Бағдарлама мәзірі, презентацияларды ашу және сақтау, слайдтағы мәтін мен бейнелерді орналастыру, слайдтар арасында ауысу, презентация дизайны, дыбысты қою; мультимедиа: дыбыстық ақпаратты енгізу және шығару құрылғылары, дыбыстық редактордың мақсаты, дыбыстарды жазу, ӛңдеу және жаңғырту, дыбыстық әсерлерді қолдану;

  3. «Интернет желісіндегі жұмыс»: ақпаратты іздеу: веб-беттерді қарау бағдарламасының мақсаты, іздеу жүйелері, кілт сӛз бойынша ақпаратты іздеу; ақпарат алмасу: ақпарат алмасу тәсілдері, бӛлінген мәтін мен бейнені құжатқа кӛшіру; Интернет желісіндегі қауіпсіздік: Интернет желісіндегі жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері.

4-сыныптағы «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәнінің базалық мазмҧны:

  1. «Компьютер»: компьютер құрылғылары: компьютерлік және мобильді технологиялардың ескіруі ғылыми-техникалық прогреспен байланысты екенін түсіндіру.

Қауіпсіздік: сенімді пароль критерийлері;

  1. «Ақпаратты ұсыну және ӛңдеу».

Мәтін: мәтіндегі кестелер.
Презентациялар: слайдтың макеті; объектілердің анимациясы; бейне мен аудионы орналастыру.
Мультимедиа: бейнеролик жасау.

  1. «Интернет желісіндегі жұмыс»: ақпарат іздеу: компьютерде файл мен бумаларды іздеу; ақпарат алмасу : браузерді реттеу (бетбелгі, журнал мен жүктеу); электрондық пошта: хабарлама қабылдау және жіберу, файлдары қоса берілген хабарлама.

  2. «Есептей білу»: алгоритмдер: енгізілген циклдер, логикалық операторлар, салыстыру операторлары.

Программалау: программалау ойын алаңында айнымалыларды қолдану; жеке сценарийі бойынша ойын әзірлеу.

  1. «Робототехника»: түс датчигі; ультрадыбыс датчигі.

«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәні бойынша оқу жүктемесінің жоғары шектік кӛлемі:
1) 3-сыныпта аптасына 1 сағаттан, оқу жылы бойынша 34 сағат; 2) 4-сыныпта аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 34 сағат.
Оқыту процесінде белсенді оқыту стратегияларын қолдану (тапсырмаларды орындау арқылы практикалық дағдыларды іске асыру); кері байланыс алу (оқушылар арасында немесе мұғалім мен оқушы арасында); оқуға ынталандыруға ықпал ету (оқушыға сенімділік беру); оқыту сапасын жетілдіру (сараланған тапсырмалар) ұсынылады.
Бастауыш мектепте «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәнін оқыту негізгі мектептегі информатиканың базалық курсын меңгеруге дайындықты қамтамасыз етеді.
«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәнін оқытудың әдістемелік ерекшелігі бастауыш мектепте білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың белсенді формалары мен әдістерін оқу процесіне кіріктіру болып табылады. Ұғымдарды жақсы түсіну үшін ӛмірде жиі кездесетін нақты мысалдармен байланыстыра және оқыту формаларының, әдістерінің, тәсілдерінің әр түрлерін пайдалана отырып кӛрсету ұсынылады.
2-сыныпта «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәнін оқыту 2021 жылғы 1 қыркүйектен енгізіледі.
Бастауыш сыныптарда «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәнінің бӛлімдері бойынша және тоқсан бойынша жиынтық бағалаулар жүргізілмейді. ««Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар»» пәні бойынша жартыжылдық соңында «есептелді» («есептелмеді») қойылады. Білімалушы оқу жылында сабаққа қатысумен бірге оқыту мақсаттары бойынша практикалық тапсырмаларды орындаған жағдайда «есептелді» қойылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   216




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет