Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары-7
Бөлім:
|
Азаматтық және патриотизм
|
Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)
|
|
Күні:
|
|
Сынып:7
|
Қатысушылар саны:
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы
|
«Өзге тілдң бәрін сүй, өз тіліңді құрметте!
|
Сабақтың мақсаты
|
Оқушыларға тілдің маңызын түсіндіру, оқушылардың ана тілі туралы ой-пікірлерін білу, оқушыларды ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу.
|
Бағалау критерийі
|
Жас ұрпақты ана тілінің қадір – қасиетін түсіне біледі. Олардың халқына деген сүйіспеншілігін, тіліне деген құрметін арттыру.
|
Құндылықтарды дарыту
|
Ана тілін қастерлеп, құрметтейді.
|
Сабақтың барысы
Сабақтыңкезеңі/ уақыт
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
|
Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру
І Ұйымдастыру кезеңі
Тіл – қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады.
Адам баласы ес білген кезінен бастап айналадағы жаңа ұғымдарды ана тілі арқылы қабылдап, олардың мәнін түсіне бастайды...
Ой қозғау: суретке тақырып қой.
Тіл қарым-қатынас құралы дегенді қалай түсінеміз?
|
Оқушы өз ойларын ортаға салады.
Оқушы жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу
Оқушы өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді
|
ҚБ «Мадақтау сэндвичі»
|
Тақырыптық суреттер
сілтемеде
суреттер
|
Сабақтың ортасы
|
Негізгі бөлім.
Өз ана тілін білмеген, қадірлемеген адам өзін дүниеге әкелген, мәпелеп өсірген анасын да, ел-жұртын да, Отанын да сүйе алмайды.
Тіл байлығы — әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса, да қарсы тұруы тиіс. Құрметті ақынымыз Қадыр Мырзалиев:
Фотосуреттер бойынша тапсырманы деңгейлерге бөлемін. «Сипаттамалы жазба» әдісі
І деңгей
Фотосуретті пайдаланып әңгіме құрастыр.
ІІ деңгей
Фотосуреттер бойынша сөйлем құрастыр.
ІІІ деңгей
Фотосуреттеді бойынша әңгіме жаз.
ЕБҚ: оқушыға тапсырманың бір бөлігін ерекшелеп көрсетіп, 2 мин әңгімлеседі.
Сергіту сәті.
Сергіту сәтінде балалармен бірге «Жас дәуірдің түлегіміз» әнін қимылға салып айту.
-Балалар не түсіндіңдер?
1. «Басқа бәле тілден» мағынасын түсіндір.
2. Ал, енді балалар қазір біз ойын ойнаймыз. Тақтаға 5 оқушы шығады. Олар музыка ойналғанда жердегі геометриялық фигураларды айнала жүгіреді. Музыка тоқтағанда оқушылар тоқтап жанындағы геометриялық фигураны алып, оның түсін, атын айтып беруі керек.
- Ал, енді балалар,алдарыңдағы геометриялық фигуралардан отбасы мүшелері тұратын үй құрастырайық.
ЕББ оқушыға суреттер/иллюстрациялар ұсынылады;
|
Оқушы ақпараттық мәтінмен жұмыс жасайды
Оқушы өз жұмыстарының қорытындыларын сынып алдында қорғайды. Оқушы бір-біріне қосымша сұрақтар, қойып, бір-бірін толықтырады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |