Білім беру мектебі



Дата16.11.2022
өлшемі129,39 Kb.
#158406
Байланысты:
Тұлғаның психологиялық денсаулығын сақтауда салауатты өмір салтының маңызы Денсау
Қазақ тілі пәні бойынша тақырыпты талдау түсіндіру., Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартымен танысу., Сауат ашу пәні бойынша тақырыпты талдау түсіндіру, бағдарлама және оқулық Математика, математика пәні бойынша бақылау жұмыстары Матем, Психокоррекциялық бағдарламаға талдау жасау. Түзету

Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті “Білім беру мектебі”
Пәні:Денсаулық сақтау педагогикалық технологиялары.
Тақырыбы: Тұлғаның психологиялық денсаулығын сақтауда салауатты өмір салтының маңызы.
Оқытушы:Нурболқызы М.
Тобы:Пимно 19-3
Дайындаған: Мадраймова Бағила.
ОБӨЖ №3
“Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі” деп тегін айтылмаса керек. Бірінші байлық – денсаулық дейміз. Ірақ осы сөздің салмағын шынайы сезініп, түсінбейтін секілдіміз.
Бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін алған егеменді елміз осы бағытта Қазақстан мектептеріне жан – жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат еткен дара тұлғаларды тәрбиелеуді басты талап етіп қойған.
Қазіргі кезде салауатты өмір салтын сақтау туралы көп айтылуда. Тіпті Елбасымыздың Жолдауында да салауаттылықты мемлекеттік деңгейде қолға алу керектігі көрсетілген. Бұл жолдау келешек егемендіктің кілтін ұстар жастардың болашағына апаратын алтын сүрлеу десе болады. Десе де осы салауатты өмір салты дегенді әркім әрқалай түсінеді.
Салауатты өмір салты дегеніміз – денсаулықты нығайту мен сақтау, ағзаның дұрыс дамуын қамтамасыз ететін гигиеналық ережелерді орныдау. Ол үшін денсаулыққа жағымсыз әрекеттерден аулақ болу. Салауатты өмір салтын сақтау сонымен бағалы. Көне замандардағы ғұламалардың бірі Аристотель: «Жанды дене қозғалмаса өледі» - деген екен. Міне, сол тұжырымдама біз үшін салауатты өмір сүрудің негізгі ілім болуға тиіс. Салауатты өмір салтын ұстануда спорттың рөлі зор. Денсаулыққа тек дене шынықтыру арқылы қол жеткізілуге болады. Дене қозғалысы адам ағзасын дамытып, жұмыс істеу қабілетін арттырады, ауруды алыстатып, өмірді ұзартады. Денсаулық – адамға табиғаттың берген ең ұлы құндылығы.
Адам денсаулығын қалыптастыру және нығайту – медицинаның ғана емес, сонымен бірге барлық оқыту мен тәрбиелеу, білім беру жүйелерінің негізгі мақсаты мен міндеті. Себебі, шәкірт денсаулығының жағдайы оның оқу үлгеріміне , мінез – құлқына, қарым – қатынастарына тікелей әсер етеді. Осы орайда мектептегі алғашқы сабақтың 4 – 5 минуты гимнастика жаттығуыннан басталса, ерте тұрып таза ауада жүгіріп және арнайы жаттығулар жасалса. Түрлі спорттық ойындар мен секцияларға қатысудың да артықтығы болмас еді. Сөйтіп, жан дүниемізді байытып шынықтырар едік.
Егемен еліміздің болашағы – жастар. Қоғамда болып жатқан жат, жаман әдеттерден бойын аулақтап, төзімділік, табандылық танытқан, адамгершілік құндылықтарды бағалай білген жанның келешегі кемел, өмірі мәнді болмақ. Дүниенің қызығы мен тамашасы сол.
Салауаттану – тұтасымен алғанда жеке тұлғаның, қоғамның, табиғаттың денсаулығы туралы ғылым. Адам денсаулығы тән, дене, психологиялық, имандылық – адамгершілік және әлеуметтік денсаулықтар құраушының өзара байланысы мен өзара үйлесімді әрекеттерінен қалыптасады. Кез – келген өзара әсер әрекет етуші ретінде де, жауап беруші ретінде де анықталады.
Әлеумет себепші болған аурулар санының өсуіне, адамның әлеуметтік биологиялық мәні арасындағы қарама – қайшылықтардың шиеленісуіне байланысты – салауаттанудың пайда болуы заңдылық. Салауаттану ғылымы аурудың алғашқы алдын алу әдіснамасын, денсаулықты сақтау және нығайту амалдары мен әдістерін зерттейтін салауатты өмір салтын қалыптастырудың ғылыми негізі болып табылады.
Салауаттанудың рөлі – адамның ішкі биологиялық табиғатымен, өзін қоршаған тірі және өлі табиғатпен өзара әсері сапасын өзгерту, кикілжіңнің көзін жою болып та табылады.
Салауаттану ғылымы «қалай денсаулықты сақтаудың» ұстанымдары мен тетіктерін зерттейді. Салауаттану нысаны, біріншіден – дені сау адам, екіншіден – оны қоршағандардың барлығы және денсаулыққа әрекет етуші факторлар, үшіншіден – аурудың пайда болу себептері, организмнің дені сау күйге оралу тетігі, қорғануға бейімделу тетіктері, төртіншіден – сақтандыру және сауықтыру шаралары болып табылады.
Салауаттанудың зерттеу пәні – адам. Зерттеуге организмнің анатомиялық, физиологиялық негіздері, бейімделу тетіктері, қорғану тосқауылдары, организмнің сыртқы ортаға бейімделуі туралы білімдер енеді. Салауаттану адамның термодинамикалық, денелік, химиялық, антропологиялық, экологиялық құбылыстарын қамтиды. Адам қоғамның қарапайым мүшесі, этикалық және эстетикалық ұстанымдарын жеткізуші жеке тұлға ретінде қарастырылады. Тек осындай кешенді тәсіл оның негізгі қасиеті – денсаулығын сипаттауға мүмкіндік береді.
Тіршілік дегеніміз тек адамның ғана емес, кез келген тірі организмнің қоршаған ортамен өзара әрекеттесуі болғандықтан, салауаттану тіршілік етуге қажетті ортаның әсерін барлық құрауыштармен оқып – үйрету міндетін қояды.
Дүниежүзілік денсаулық ұйымы (ДДСҰ) сарапшыларының дерегі бойынша халық денсаулығының 49 – 53% - ы өмір салтына, яғни адамның өз денсаулығына қалай қарайтынына тәуелді 17 – 20% - ы қоршаған ортаға, 18 – 22% - ы тұқым қуалау себептеріне, біздің ден – саулығымыздың тек 8 – 10% - ы ғана денсаулық сақтау ұйымына тәуелді.
Денсаулық қатерінің негізгі факторлары – қозғалыс күшінің кему салдарынан қимылдың кемуі, дене массасының артуы, жүйесіз тамақтану , қоршаған орта нысандарының барлығының көптеген улы заттармен ластануы, өндірісте және тұрмыста күйзеліс туғызатын жағдайлар, зиянды әдеттердің кең таралуы. Салауаттану ғылымы қандай амалдардың жәрдемімен денсаулықты сақтап, нығайтуға болатынын егжей – тегжейлі түсіндіреді. Салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі бағыттары мыналар:
  • Жек және қоғамдық гигена;
  • Дене шынықтыру, гиподинамиямен күрес;
  • Организмді жаратылыс – табиғи факторлармен – су, ауа, күн жарығымен және т.б шыңдау;
  • Күн тәртібін тиімді пайдалану;
  • Дұрыс және уақытылы тамақтану;
  • Жұқпалы аурулардың алдын алу;
  • Тән ауруларынан сақтандыру;
  • Жарақаттанудан, уланудан, т.б сақтандыру;
  • Зиянды әдеттердін сақтандыру;
  • Жыныс гигиенасы;
  • Психопрофилактика және психогигиена;
  • Кикілжің және денсаулық;
  • Экология және денсаулық.

Салауаттанудың негізгі мақсаты – әрбір жеке адамның және тұтастай қоғамның денсаулығын қамтамасыз ету. Салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі мақсаты – балалар мен жастарда жас ерекшеліктеріне, құндылық бағдарларына және имандылық – еріктілігіне сәйкес салауатты өмір салтының ұғымдарын, дағдыларын және уәждерін қалыптастыру.
Бұдан мынандай міндеттер туындайды:
  • Салауатты өмір салтының әдістерін үйрету;
  • Өз денсаулығына қоғамдық игілік, қоғамның рухани құндылығы ретінде жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу;
  • Негізгі гигиеналық дағдыларға төселдіру;
  • Осы заманғы аунру түрлерімен және оларды алдын алу шараларымен таныстыру.

И.И.Брехман денсулықты «сезімталдық, ауызша айту және құрылымдық үш бірегей ағымдардың мөлшерлік және сапалық көрсеткіштерінің әртүрлі өзгерістері жағдайында адамның жасына сәйкес тұрақтылықты сақтау қабілеті» ретінде анықтайды. Сібірлік ғылыми мектебі ұсынған денсаулық анықтамасы – бұл «денсаулық дегеніміз – физиологиялық қасиеттерді сақтап, дамыту процесі, психологиялық әлеуметтік әлеуеттер, қолайлы еңбекке жарамдылық және әлеуметтік белсенділік кезінде салауатты өмірдің барынша ұзаққа созылу процесі».
Келтірілген денсаулық анықтамалары негізіненалғанда денсаулық ұғымын бірдей қамтып көрсетеді, яғни организмнің сыртқы орта жағдайлары мен ішкі факторларға бейімделу сапасын айқындайды. Денсаулықтың мынандай: физиологиялық, сезім әрекетіне берілгіштік, зияттылық, әлеуметтік, тұлғалық негізгі түрлері бар. Ал рухани түрі осыларды бірегей тұтастыққа – денсаулыққа біріктіріледі.
И.И.Брехман
Денсаулықтың физиологиялық түрі организмдегі физиологиялық үрдістерді, олардың өзара әрекеттесуін, организмнің қоршаған орта әсеріне қайтаратын жауабына бейімделу реакцияларын қамтамасыз ететін морфологиялық және функционалдық сақтамаларды зерттейді.
Зияттылық түр дегеніміз – денсаулық турады білімнің ақпаратық көзі.
Сезіз әрекетіне берілгіштік түрі – жағдайға байланысты өз сезімін бағалай білуді түсініп, сол қалпында айшықтай айта алу. Жағымсыз эмоцияға ұстамдылық жасап, жағымды эмоцияны мадақтау.
Әлеуметтік түр – тұлғаны әлеуметтендіру, өзін қоғамға қажетті мүше екенін аңғару, белсенді өмір сүру.
Тұлғалық түр – өзін тұлға ретінде түсіну, тұлға ретінде анықату. Өзін іс жүзінде көрсету.
Рухани түр – адам жеке басының біртұтастығын қамтамасыз ететін қоғамның рухани құндылығын көрсетеді.
Қазіргі уақытта денсаулық бірнеше түрлерге және құрамдас бөліктерге бөлінеді:
  • Тән денсаулығы – бұл адам мүшелері мен организм жүйесінің ағымдағы күйі. Мұның негізгі онтогенездік дамудың әр түрлі кезеңдерінде басымдық көрсететін, базалық қажеттеліктерге негізделген жеке дамудың биологиялық бағдарламасынан құралады.
  • Дене денсаулығы – организм мен мүшелерінің өсуі мен дамуының деңгейі. Мұның негізі бейімделу реакцияларын қамтамасыз ететін морфологиялық және функциялық өріс күйі.
  • Жан денсаулығы – адамның психикалық өріс күйі.

Рухани тазалық – тіршілік әректеінің уәжді және ақпаратты – мұқтаждық өрісі сипаттамасының кешені. Мұның негізі жеке тұлғаның қоғамдағы құндылық жүйесі мен мінез – құлық түрткілерімен және уәждерімен анықталды.
Денсаулыққа адамның руханилылығы себепші болады, яғни ол адамзаттың байлығы – мейірімділік, намыс, абырой, махаббат, сүйіспеншілік және әдемілікке негізделеді.
Денсаулықтың негізгі төрөлшемдері мыналар:
  • Тән және дене күйі үшін – мен істей аламын;
  • Психикалық күй үшін – мен тілеймін;
  • Адамгершіліктік күйі – мен істеуге тиістімін.

  • Денсаулық белгілері мыналар:
  • Зақым келтіретін факторлар әректеіне өзіне тән және өзіне тән емес тұрақтылық;
  • Өсу мен даму көрсеткіштері;
  • Организмнің функционалдық күйі және сақтамалық мүмкіндігі;
  • Қандай болса да аурудың немесе даму кемістігінің болу деңгейі;
  • Имандылық – еріктілік және құндылық – уәждік мақсат деңгейі.

  • Өміріміз – өз қолымызда. Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты. Адамға өмір бірақ рет берілді. Бұл ретте оның денсаулығы мықты, рухы күшті болғаны абзал! Жаңа ғасыр азаматы – дені сау, рухани бай адам!


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет