«Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары


Персоналды гигиеналық тәрбиелеуге



бет3/6
Дата22.08.2017
өлшемі1,31 Mb.
#24659
1   2   3   4   5   6

9. Персоналды гигиеналық тәрбиелеуге

(жеке гигиенаға) қойылатын талаптар
228. Объектілерде персоналдың жеке гигиена қағидаларын сақтауына жағдай жасалуы тиіс. Қол жуу үшін араластырғышы бар ыстық және салқын су келтірілген, сабын және жеке немесе бір рет қолданылатын сүлгі орнатуға арналған құрылғымен жабдықталған қол жуатын қолжуғыштар орналастырылады.

229. Персоналдың арнайы киімін жуу кір жуатын ұйымда (бар болғанда) немесе өзге де кір жуатын орында жүргізілуі тиіс.

230. Ас блогының қызметкерлері кемінде үш арнайы киім жиынымен (халат немесе шалбары бар кеудеше, бас киім) және қажетті жеке гигиена қағидаларын сақтау жағдайларымен қамтамасыз етіледі. Ас блогының қызметкерлері мынадай жеке гигиена қағидаларын орындайды:

1) жұмыс басталар алдында сырт киімді шкафқа салады, қолдарын сабынмен және щеткамен мұқият жуады;

2) таза арнайы киімде жұмыс істейді, шаштарын орамалдың немесе қалпақтың астына жинайды;

3) жұмыс процесінде сақина, алқа, сағат және басқа да сынатын заттарды шешіп қояды;



4) ас блогынан шығатын жерде дәретханаға барған кезде арнайы киімді шешеді, асханаға қайтып келгенде қолды ыстық сумен, сабынмен және щеткамен мұқият жуады, содан кейін арнайы киімді киеді.

Ұзын тырнақ өсіруге және оны лакпен бояуға, арнайы киімді түйреуішпен түйреуге жол берілмейді.

231. Суық тию немесе асқазан-ішек бұзылу белгілері, іріңдеу, тіліктер, күйіктер пайда болған кезде қызметкер бұл туралы әкімшілікке хабарлайды және медициналық көмекке жүгінеді, сондай-ақ отбасындағы барлық ішек инфекцияларымен сырқаттану жағдайлары туралы хабарлайды.

232. Қызметкерде ішек инфекциясы, іріңді тері аурулары, жоғарғы тыныс алу жолдарының қабынуы, күйіп қалу немесе кесіп алу жағдайлары болса, уақытша жұмыстан шеттетіледі және тиісті тексеру және дәрігердің қорытындысы бойынша медициналық бақылау тексерісінен өткізілгеннен кейін жұмысқа жіберіледі.

233. Аспаздың тиісті кәсіби біліктілігі болу керек.



10. Оқыту және өндірістік практика жағдайларына, мектеп оқулықтарын шығаруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
234. Жалпы білім беру және арнайы білім беру ұйымдарының топтарын (сыныптарын) толықтыру осы Санитариялық қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес қабылданады. Жалпы білім беру обьектілерінде мектепалды сыныптарын (топтарын) ұйымдастыруға жол беріледі. Мектепалды сыныптардың балаларына арналған күн тәртібі осы Санитариялық қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес қабылданады.

Балалар және жасөспірімдер тәулік бойы болатын ұйымдардағы, интернат ұйымдарындағы, КББО, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған, дамуында ауытқуы бар балаларға арналған білім беру ұйымдарындағы, жалпы білім беру ұйымдарының ұзартылған күн тобындағы күндізгі серуеннің ұзақтығы кемінде 1,5 – 2 сағатты, кешке кемінде 2 сағатты құрауы тиіс.

235. Жалпы білім беретін ұйымдардағы сабақтың ұзақтығы 45 минуттан аспауы тиіс. Бірінші сыныптарда бірте-бірте оқу жүктемесін арттыра отырып, оқу сабақтарының «сатылы» режимін пайдаланады. Қыркүйекте 35 минуттан 3 сабақ; екінші тоқсаннан бастап әрқайсысы 35 минуттан 4 сабақ; екінші жартыжылдықтан бастап сабақтар 45 минуттан жоспарланады. Еңбек сабағынан басқа біріккен сабақтарға жол берілмейді. Бірінші сынып оқушылары үшін бір жыл ішінде қосымша бір апталық демалыстар болуы тиіс.

236. Оқу аптасының ұзақтығына қарамастан, оқушылардың негізгі (инвариантты) оқу жүктемесі бастауыш мектепте кемінде бес сабақты және негізгі мектепте кемінде алты сабақты құрайды.

Жалпы білім беретін ұйымдардағы оқу жүктемесінің нормалары осы Санитариялық қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес келеді.

237. Сабақ кестесін құрған кезде бір күн және бір аптаның ішіндегі оқушылардың ақыл-ой еңбегіне қабілеттілік серпіні ескерілуге тиіс және осы Санитариялық қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес қиындық бойынша пәндерді саралау кестесі пайдаланылады.

238. Апта ішіндегі жоғары сынып оқушыларына арналған оқу жүктемесі сейсенбі және (немесе) сәрсенбі күндеріне оның барынша көп көлемі келетіндей; кіші және орта сынып оқушылары үшін сейсенбі мен бейсенбіге келетіндей бөледі. Осы күндері сабақ кестесіне ең қиын немесе орташа және жеңіл пәндерді қояды және қалған күндерге қарағанда пәндердің саны да көбірек болады. Сәрсенбіде кіші және орта сынып оқушылары үшін жеңілдетілген күн көзделеді. Бір күн ішіндегі баллдың ең аз саны дүйсенбі және сенбі күндеріне келуі тиіс.

239. Сабақтардың кестесі міндетті және факультативті сабақтар үшін бөлек құрастырылады. Факультативті сабақтарды міндетті сабақтар санының барынша аз саны бар күндері жоспарланады. Факультативті және міндетті сабақтың соңғы сабағының басталуы арасындағы үзілістің ұзақтығы 40 минутты құрайды.

240. Бастауыш мектепте қосарланған сабақтарды өткізуге жол берілмейді. 5 – 9-сынып оқушылары үшін қосарланған сабақтар тек зертханалық, бақылау жұмыстарын, еңбек сабақтарын, мақсатты (шаңғы тебу, жүзу) дене шынықтыру сабақтарын өткізу үшін жол беріледі. 10 – 11(12)-сыныптарда қосарланған сабақтарды негізгі және салалық пәндер бойынша өткізуге жол беріледі.

241. Жалпы білім беретін барлық түрдегі ұйымдардың оқушыларына арналған сабақтар арасындағы үзілістің ұзақтығы кемінде 10 минут, үлкен үзіліс (2 немесе 3 сабақтан кейін) 30 минутты құрайды. Бір үлкен үзілістің орнына 2 және 3 сабақтан кейін әрқайсысы 20 минуттан 2 үзіліс жасауға жол беріледі. Үзілістер кезінде таза ауа барынша көп пайдаланылған жағдайда, қозғалыс ойындары жасалады .

Ауысымдар арасында ылғалды жинау және желдету үшін ұзақтығы кемінде 40 минут үзіліс көзделеді.

242. Пән оқытушысы сынып журналына деректерді енгізіп, үй тапсырмаларын орындау мүмкіндігін ескере отырып, оқушыларға үй тапсырмаларын береді. Үй тапсырмаларын орындау үшін ұсынылатын уақыт (астрономиялық сағатпен): 2-3 сыныптарда – 1,5 сағаттан асырмау, 4-5 сыныптарда – 2 сағаттан асырмау, 6-8 сыныптарда – 2,5 сағаттан асырмау, 9-11 сыныптарда – 3 сағаттан асырмау.

243. Мектепалды сыныптардағы сабақтардың барынша көп рұқсат етілген саны ұзақтығы 25 – 30 минуттан төрт сабақтан аспайды. Сабақтар арасындағы үзілістер кемінде 10 минут болуға тиіс.

244. Жазғы демалыс кезінде жалпы білім беретін ұйымдар жанында дене шынықтыру-сауықтыру, оқу-тәрбиелік қызметті және балалар мен жасөспірімдердің мәдени бос уақытын өткізуді жүзеге асыратын мектеп жанындағы лагерьлерді (алаңдарды) ұйымдастыруға жол беріледі. Мектеп жанындағы лагерьлер жұмыс істеп тұрған кезде тамақтануды және күндізгі ұйқыны ұйымдастыруға жол беріледі. Тамақтануды ұйымдастыру кезінде осы Қағидалардың талаптары ескеріледі. Күндізгі ұйқыны ұйымдастыру кезінде 1 балаға кемінде 4 м2 есебімен жатын үй-жайы бөлінеді, жеке кереуеттер (жазылатын кереуеттер) орнатылады, жеке төсек жабдықтары (жайма, жастық тыс, көрпе тыс) және кемінде 2 сүлгі (аяққа және қолға арналған) көзделеді.

245. Тірек мектебіндегі (ресурстық орталықта) оқу-тәрбиелеу процесі бірыңғай оқу жоспарының негізінде жүзеге асырылады және магниттік шағын жинақталған мектеп оқушылары үшін ұзақтығы он күн оқу сессиясын жүргізу енгізіледі (бағытты – қазанның бірінші он күндігінде, аралық – ақпанның бірінші он күндігінде, қорытынды – сәуірдің үшінші он күндігінде). Сессия аралық кезеңде қашықтықтан оқыту жүзеге асырылады.

246. Техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі және жоғарғы кәсіби білімнің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру обьектілеріндегі оқу жүктемесі белгіленген білім беру стандарттарынан асып кетпеуі тиіс.

Осы Санитариялық қағидалардың жалпы білім беру ұйымдарындағы оқу режиміне қойылатын талаптарына сәйкес, сондай-ақ ұйымның ерекшелігіне және бейініне сәйкес арнайы білім беру ұйымдарында тәрбиені және оқу сабақтарын ұйымдастыру көзделеді.

247. Бір сарынды еңбек кезінде (конвейерлік өндіріс, ұсақ бұйымдарды жинау және басқалары) жұмыстың әрбір 50 минутынан кейін 10 минуттық үзіліс сақталуы тиіс; жұмысқа дейін және әрбір 2 сағат сайын өндірістік гимнастика жүргізіледі (7 – 8 минут). Станокта жұмыс істейтін тоқыма өндірісі мамандықтары үшін жұмыстың 3 – 3,5 сағатынан кейін 40 – 50 минуттық үзіліс жасалады.

248. Өндірістік оқу оқу-тәрбиелеу процесінің графигіне сәйкес жүргізіледі. Оқушылардың технологиялық жабдықтарды жөндеуіне жол берілмейді.

249. Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт объектілерінде алғашқы медициналық көмек көрсету үшін медициналық пункттер көзделеді.

Спорт және дене шынықтыру сабақтарында оқушылар спорт киімімен келіп, спорттық аяқ киімін киюлері тиіс.

250. Объектілерде құс, аң және балық асырайтын тірі табиғат бұрышын ұйымдастырған кезде ветеринариялық ілеспе құжаты болуы қажет.



11. Объектілердегі медициналық қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
251. Білім беру объектілерінде оқушылар мен тәрбиеленушілерге медициналық қызмет көрсету қамтамасыз етіледі.

Медицина қызметкері болмаған кезде медициналық қамтамасыз етуді аумақтық алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымы жүзеге асырады.

252. Бейімделген, ішіне-жапсарлас салынған ғимараттарда, көп пәтерлі тұрғын үйдің 1-ші қабатында, жеке үй иелігінде орналасқан ұйымның медициналық үй-жайларының жиыны мен ауданы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламауаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келісіледі.

253. Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарына, КТББО-ға, дамуында ауытқуы бар балаларға арналған білім беру ұйымдарына жаңа түскен балалар үшін ойын бөлмесінде бір балаға ауданы 2,5 м2, жатын бөлмесі – 1,8 м2, дәретхана – 0,8 м2 болатын карантиндік бөлімше көзделуі тиіс.

254. Жалпы білім беру және интернат ұйымдарында, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, дамуында ауытқуы бар балаларға арналған білім беру ұйымдарында, КТББО-да медициналық пункттегі үй-жайлардың ең аз жиыны ауданы кемінде 18 м2 болатын дәрігер бөлмесін, ауданы кемінде 14 м2 болатын емшара жасау бөлмесін қамтиды. Интернат ұйымдары, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары, дамуында ауытқуы бар балаларға арналған білім беру ұйымдары, КТББО үшін қосымша изолятор көзделеді.

255. Изолятор палаталары өтпелі болмауы тиіс, олардың арасында 1,2 м биіктікте әйнектелген қалқа құрылғысы арқылы медициналық кабинетпен жапсарлас орналасуы тиіс. Изолятор палаталарындағы 1 орынға ауданы кемінде 6 м2 қабылданады.

256. Оқущылар аз уақыт болатын білім беру мекемелерінде, сондай-ақ мектептен тыс білім беру ұйымдарында медициналық кабинет көзделмейді.

257. Емшара бөлмесінде алдын алу екпесін жүргізуге жол беріледі. Медициналық емшаралар мен алдын алу екпелерін бір мезгілде өткізуге рұқсат етілмейді.

258. Ауылдық елді мекендердегі медициналық пункттің қажетті үй-жайлар жиыны болмаған кезде ауданы кемінде 12 м2 болатын бөлме жабдықталады.

259. ТКБ, ЖОО-да медициналық үй-жайларды жатақханалар мен оқу корпустары жанында орналастырады, мұнда әрқайсының ауданы кемінде 18 м2 болатын дәрігер, емшара кабинеті көзделеді. Жатақханаларда изолятор көзделеді.

260. Арнайы білім беретін ұйымдарда ұйымның бейініне қарай қосымша арнайы медициналық үй-жайлар қарастырылады.

261. Арнайы жалпы білім беру ұйымдарының барлық түрінде физиотерапиялық кабинет, емдік дене шынықтыру, логопед кабинеттері немесе залдары және сырқаттың бейіні бойынша басқа да үй-жайлар көзделеді.



262. Медициналық кабинеттің жабдықталуына арналған медициналық жабдықтар мен құрал-саймандардың тізбесі осы Санитариялық қағидаларға 13-қосымшада белгіленген.

263. Аурудың созылмалы түрі, қатер факторлары, сондай-ақ профилактикалық медициналық тексерулер кезінде анықталған және (немесе) жекелеген жіті аурулармен ауырған студенттер, оқушылар және тәрбиеленушілер диспансерлік есепке алынады және кейіннен сауықтыру арқылы бақылауға алынады;

264. Емдеу-профилактикалық және сауықтыру іс-шараларын медицина персоналы жүргізеді. Обьектілерде балалардың денсаулығын нығайтуға, сырқаттанушылығын төмендетуге және денсаулықтарын нығайтуға бағытталған кешенді сауықтыру іс-шараларының жоспары жасалады.

265. Мектептен тыс ұйымдардан басқа объектілерде балалар мен жасөспірімдерге профилактикалық медициналық тексерулер жүргізіледі. Объектілердің балалары, жасөспірімдері және персоналы профилактикалық егулер алуы тиіс.

266. Объектілердің медицина қызметкерлері мен әкімшілігі:

1) оқушылар мен тәрбиеленушілердің сырқаттанушылығының статистикалық есебін жүргізеді;

2) балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын сақтау және жақсарту, олардың арасында сырқаттанушылықты төмендету бойынша іс-шараларды жыл сайын жоспарлайды;

3) созылмалы ауруы бар балаларды уақтылы диспансерлеуді ұйымдастырады және бақылайды;

4) тереңдетілген медициналық тексеру нәтижелері бойынша динамикалық бақылау тобын (денсаулық топтары), дене бітімінің даму деңгейін, дене шынықтыру сабақтары үшін медициналық топтарды айқындайды;

5) емдеу-сауықтыру жұмысын жүргізеді (оның ішінде балалар мен жасөспірімдердің денсаулық жағдайын жүйелі түрде бақылау, күн сайын амбулаториялық қабылдау, шынықтырудан және сауықтырудан өту т.б.);

6) жыл сайын сырқаттанушылыққа талдау жүргізеді (интернат ұйымдары, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары, дамуында ауытқуы бар балаларға арналған білім беру ұйымдары, КТББО-да – тоқсан сайын) және оқушылар мен тәрбиеленушілердің денсаулық жағдайы, ұйымдағы санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылықты қамтамасыз ету мәселелерін іс-шаралар жоспарын бекіте отырып, педагогикалық кеңес және ректораттар отырыстарына шығарады;

7) ұйым қызметкерлерінің профилактикалық медициналық тексеруден уақтылы өтуін бақылауды және осы Санитариялық қағидаларға 14-қосымшаның нысанына сәйкес журналға тіркей отырып, ас блогы қызметкерлерінің денсаулығына күн сайын бақылауды жүзеге асырады;

8) тиісті аумақтағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесіне сырқаттанушылық, профилактикалық медициналық тексеруді өткізу, денсаулық жағдайы бойынша оқушыларды (тәрбиеленушілерді) бөлу (денсаулық тобы), дене тәрбиесі топтары, диспансерлік бақылау және жүргізілген сауықтыру бойынша есептерді жыл сайын және сұратуға байланысты ұсынады;

9) балалардың тамақтануының ұйымдастырылуын бақылауды жүзеге асырады: келіп түскен тағам өнімдерінің сапасы, оларды сақтау мерзімдері мен жағдайлары, дайындалу технологиясы, дайын тағамның сапасы, ас блогының ұсталуы;

Балалар тәулік бойы болатын ұйымдарда (интернат ұйымдары, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары, дамуында ауытқуы бар балаларға білім беру ұйымдары, КТББО), сонымен қатар осы Санитариялық қағидаларға 8-қосымшаның 4-нысанына сәйкес бюджеттік негізде балалар мен жасөспірімдерді тамақтандыруды ұйымдастыратын обьектілерде ай сайын онкүндікте тамақтануға және кейіннен бақылау ведомосын түзете отырып, жекелеген өнімдер бойынша тәуліктік нормалардың орындалуына талдау жүргізеді. 10 күн ішінде тамақтану нормасының орындалуын қамтамасыз ете отырып, күні бойы нормадан 5% асырмай ауытқуға жол беріледі;

10) балалар мен жасөспірімдердің жеке гигиена ережесін сақтай отырып, дене тәрбиесіне жүйелі бақылауды жүзеге асырады.

267. Білім беру ұйымдарына түсетін балалар мен жасөспірімдер медициналық тексеруден өтеді және денсаулық жағдайы туралы анықтама тапсырады.

268. Медициналық кабинеттерде жабдықтар мен мүкәммалды нұсқаулыққа сәйкес, белгіленген тәртіпте қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялаушы құралдармен санитариялық-дезинфекциялық өңдеуден өткізеді.

269. Балалар немесе персонал арасында инфекциялық аурулар тіркелген жағдайда, ұйым басшылығы, оның персоналы және медицина қызметкерлері эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізеді.

270. Ұйымда осы Санитариялық қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес есепке алу-есеп беру құжаттамасы жүргізіледі.

271. Ұйымдардың персоналы медициналық тексеруден және гигиеналық оқудан өтеді. Қызметкерлердің жеке медициналық кітапшасының болуы және жұмысқа рұқсат белгісі қойылған болуы керек.
«Білім беру объектілеріне қойылатын

санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»

санитариялық қағидаларына 1-қосымша

Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілерінде жүргізілетін зертханалық-аспаптық зерттеулер

Кесте


Зерттеу түрлері

Зерттеу кезеңділігі

Өлшеу немесе сынама алу орны

1

2

3

  1. Микроклиматты зерттеу

Температура,

ауаның салыстырмалы ылғалдылығы, ауа қозғалысының жылдамдығы




Ағымдағы қадағалау тәртібімен пайдалануға берген кезде


Қабылдау бөлмелері, жатын, оқу үй-жайлары, шеберханалар, спорт және музыка залдары, медициналық кабинеттер, демалуға және ұйықтауға арналған үй-жайлар, сыныптар

2. Ауа ортасын зерттеу

Жабық үй-жайлардың ауасын зерттеу (ингредиенттер нысанның бейіні мен үй-жайлардың мақсатына қарай айқындалады)

Ағымдағы қадағалау тәртібімен

Үй-жайлар

Көміртегі тотығының болуы

Ағымдағы қадағалау тәртібімен

Пешпен немесе автономды, электрсіз жылытылатын ұйымдардағы оқу үй-жайлары, зертханалар, спорт залдары, демалуға және ұйықтауға арналған үй-жайлар

Құрылыс және әрлеу материалдарын

токсикологиялық және радиологиялық зерттеулер



Алдын ала санитариялық қадағалау тәртібімен және көрсеткіштер бойынша

Салынып жатқан, қайта құрылып жатқан объектілерде, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу және пайдалануға беру кезінде

Желдетудің тиімділігін зерттеу

Пайдалануға беру кезінде және көрсеткіштер бойынша

Зертханалар, химия кабинеті, спорт залдары, шеберханалар, ас блогы

3. Өнімдерді, дайын тағамдарды және тамақтану рациондарын зерттеу

Жеке компоненттерді қосу толықтығын анықтау

Ағымдағы қадағалау тәртібімен

Жалпы білім беретін ұйымдардың, балалар мен жасөспірімдер тәулік бойы болатын ұйымдардың, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың ас блоктары, бюджеттік негіздегі балалар мен жасөспірімдерге тамақтануды ұйымдастыратын обьектілердің қазандықтарынан немесе тарату желісінен сынама алу

«С» витаминінің болуы

Ағымдағы қадағалау тәртібімен

Балалар мен жасөспірімдер тәулік бойы болатын ұйымдарда

Тамақ өнімдерін, жартылай дайын тамақ өнімдерін, дайын тағамды зерттеу

Әр тексеру кезінде



Ас блогы, тарату желісінен, тамақтану үстелінен, қоймалардан сынама алу

4. Суды зерттеу

Су құбырлары жүйесінің суы (бактериологиялық және санитариялық-химиялық зерттеулер)


Алдын ала санитариялық (құрылыс аяқталғаннан, реконструкциялаудан, жөндеу жұмыстарынан кейін, жүйедегі апатты жағдайлар жойылғанда, обьектіні пайдалануға беру кезінде), ағымдағы санитариялық қадағалау тәртібімен.

Маусым басталу алдында сауықтыру (маусымдық) ұйымдарында




Су тарату крандары, ғимаратқа, ас блоктарына (бөлек блокта орналасқан кезде) – судың кіру және шығу орындары.

Таңдау нүктесі сумен жабдықтау көзіне сәйкес анықталады.




Ыдыстарға құйылған ауыз су (шөлмектердегі суды қоспағанда)


Ағымдағы қадағалау тәртібімен

Ыдыстарға құйылған суды пайдаланатын білім беру ұйымдарында

Құдықтардан, каптаждардан, ұңғымалардан, қоғамдық пайдалану бұлақтарынан алынған су (бактериологиялық, санитариялық-химиялық, паразитологиялық зерттеулер)


Пайдалануға берудің алдында, оқу жылының басында, ағымдағы санитариялық қадағалау тәртібімен
Көрсеткіштер бойынша


Құдықтар, ұңғымалар, каптаждар және бұлақтар, су тарату крандары


Шомылуға арналған ашық су қоймаларындағы су (бактериологиялық, паразитологиялық, радиологиялық зерттеулер)

Шомылу маусымы басталар алдында және ағымдағы санитариялық қадағалау тәртібімен

Балалар мен жасөспірімдерге арналған шомылатын орындар

Жабық жүзу бассейндерінен және ванналардан алынған су (бактериологиялық, санитариялық-химиялық, паразитологиялық зерттеулер)

Пайдалануға беру кезінде және ағымдағы санитариялық қадағалау тәртібімен

Екі нүктеде – бассейн ваннасының тайыз және терең бөліктерінен судың бетінен 25-30 см тереңдікте, сүзгіден кейінгі суда

1

2

3

5. Топырақты зерттеу

Гельминттердің болуына санитариялық-микробиологиялық және паразитологиялық зерттеулер

Көрсеткіштер бойынша мамыр айынан қыркүйек айына дейін ағымдағы қадағалау тәртібімен

Ойын алаңдарындағы құмды алаңқай


6. Жиһаздарды және жабдықтарды зерттеу

Жиһаздардың өлшемі балалар мен жасөспірімдердің жасы мен бойына сәйкестігі

Ағымдағы санитариялық қадағалау тәртібімен

Жалпы білім беру обьектілері, интернаттық ұйымдар, ТЖКБ

7. Балалар ассортимені тауарларын сараптау

Баспасөз басылымдарының санитариялық талаптарға сәйкестігі

Ескертпелі қадағалау мен ағымдағы санитариялық қадағалау тәртібімен

Сигналдық даналарды білім беру ұйымдарына сатуға шығарудың алдында зерттеу


Балалар тауарларының түрлері (киім, аяқ киім, ойыншықтар, косметикалық құралдар, кеңсе тауарлары, ыдыстар, тазалық құралдары және т.б.)

Ағымдағы санитариялық қадағалау тәртібімен

Балалар тауарларының түрлерін сатып алатын балалар және жасөспірімдерді тәрбиелеу және білім беру ұйымдарында

Құрылыс және әрлеу материалдары

Ескертпелі санитариялық қадағалау тәртібімен, құрылыс, жаңарту, жөндеу жұмыстарын жүргізу, пайдалануға беру кезінде және көрсеткіш бойынша

Салынып, реконструкцияланып жатқан обьектілерде, жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде

8. Ұйымдардың санитариялық жағдайын бағалау кезіндегі

санитариялық-бактериологиялық көрсеткіштер



Сыртқы ортадан алынған шайындыларды бактериологиялық зерттеу

Ағымдағы санитариялық қадағалау тәртібімен

Ас блоктарындағы жабдық, бөлшектеу үстелдері, мүкәммал, ас үстелдері, персоналдың қолы мен киімдері және т.б.

Шайындыларды паразитологиялық зерттеу

Ағымдағы санитариялық қадағалау тәртібімен


Интернаттардағы ойыншықтар мен көрнекі құралдар, төсек әбзелдері мен сүлгілер;

Спорт залдарының, спорт мектептерінің спорт жабдықтары



Персоналды бактериологиялық тасымалдаушылыққа зертте-п-қарау

Ағымдағы санитариялық қадағалау тәртібімен және эпидкөрсеткіштер бойынша

Балалар және жасөспірімдерді тәрбиелеу және білім беру ұйымдарында

9. Физикалық факторларды зерттеу

Электромагниттік және электростатикалық өрістердің кернеулігі, ауаны иондау деңгейі

Пайдалануға беру кезінде, ағымдағы санитариялық қадағалау тәртібімен

Компьютерлік және мультимедиялық сыныптар,

ДК-мен жеке оқыту кабинеттері



Жасанды жарықтандыру деңгейі



Пайдалануға беру кезінде, ағымдағы санитариялық қадағалау тәртібімен

Оқу үй-жайлары, зертханалар, шеберхана бөлмелері, өзін-өзі дайындау бөлмесі, оқу залдары, медкабинет, спорт зал, рекреациялар

Шу, діріл

Пайдалануға беру кезінде және ағымдағы санитариялық қадағалау тәртібімен

Ас блогы, шеберханалар, жабдықтармен іргелес тұрған үй-жайлар, дербес компьютерді және бейне терминалды пайдаланатын үй-жай

10. Радиологиялық зерттеулер

Топырақты радиологиялық зерттеу

Жер телімін бөлу кезінде және көрсеткіш бойынша

Жер учаскесі

Обьектіні радиологиялық зерттеу

Пайдалануға берудің алдында, құрылыс, жаңғырту, жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін және көрсеткіштер бойынша

Зерттеп-қарау обьектісі

«Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына 2-қосымша



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет