Білім беру саласы: Әлеуметтік. Қатынас. Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру. Тақырыбы



Дата04.10.2020
өлшемі18,86 Kb.
#64030

Білім беру саласы: Әлеуметтік. Қатынас.

Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру.

Тақырыбы: мен және менің достарым!

Мақсаты: 1. Өзінің есімін, тегін атай білуге жаттықтыру.

2. Топтағы балаларды атымен атауды үйрету; «ұл», «қыз» ұғымдары туралы түсініктерін бекіту.

3. Адамдармен өзара түсінісіп, қарым - қатынас жасай білуге ұйрету.

Қолданылатын көрнекі құралдар: ойыншық тышқан, доп, балалардың суреттері, үлестірмелі материалдар.

Сөздік жұмыс: достық, ынтымақ.

Билингвальды компонент: дос - друг, ұл – мальчик, қыз-девочка.


Оқу іс – әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс – әрекеті

Балалардың іс – әрекеті


Мотивациялық – қозғаушылық


- Қандай ғажайып таң! Бәріміз шаттық шеңберіне тұрып, бір – бірімізге игі тілектерімізді айтайық.


  • Бізге қонаққа келіп тұр. Кім болды екен? (Тышқан жылап кіріп келеді).

Педагог тышқанның даусына салып:

  • Сәлеметсіңдер ме, балалар! Менің көңіл күйім түсіп кетті, өйткені менің достарым жоқ. Қарап тұрсам, сендер көпсіңдер. Мен достардың қандай болатынын да білмеймін.

Балалар, алдымен танысып алайық. Шеңбер бойымен өз есімдерінді атап шықсандар жақсы болар еді.


Шаттық шеңберіне тұрады, бір - біріне игі тілектерін білдіреді, тышқанға әрқайсысы атын айтады.





Ұйымдастырушылық- ізденістік

1. Білімді өзектендіру:

- Тышқанға көмектесіп, достың қандай болатынын және достық туралы айтып берейік.

- Сендердің достарың бар ма?

- Достық дегенді қалай түсінесіндер?

2. Билингвальды компонент: дос – друг, ұл – мальчик, қыз – девочка.
3. Достық тақырыбында әңгіме өткізу.

- Достық (дружба) – адамдардың бір-бірімен жақсы ниетпен араласуы, бірге ойнауы. Балалар, нағыз достың қандай болатынын білесіңдер ме?

Ынтымық (содружество) – адамдар арасындағы ұйымшылдық, бірлік.

4. Үлестірмелі материалмен жұмыс.

Тапсырманы қалай орындау керектігін түсіндереді, қалай орындағандарын қадағалайды.

Жеке жұмыс жүргізеді.

«Иә немесе жоқ» ойыны. Шарты:педагог сөйлемдерді айтады, балалар келісетіндерін немесе келіспейтіндерін «ия», «жоқ» деген жауаптармен білдіреді.

- Ұзақ дос боламыз.

- Достықты біз бағалаймыз.

- Бірге ойнаймыз.

- Бір-бірімізге көмек көрсетеміз.

- Достарды ренжітеміз.



- Досымның қолындагы ойыншығын тартып аламын.

5.Саусаққа арналған жаттығу:

Достық

Қыздар менен ұлдар



Дос қой біздің топта

Ұсынса біреу қолын,

Ешқашан бас тартпа.

6. «Досың туралы айт» жаттығуы

- Досыңнын есімі кім?

- Сенің досың ұл ма, әлде қыз бала ма?

- Досың ызақор ма, әлде мейірімді ме?


Сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерімен бөліседі.

Қайталайды.

Педагогті мұқият тындап, сұрақтарға жауап береді.
Тапсырманы орындайды.

Сұрақтарға жауап бере отырып, ойынға қатысады.


- Иә

- Иә


-Иә

- Иә


- Жоқ

- Жоқ


Саусаққа арналған жаттығуды орындайды.

Мәтін мазмұнына сәйкес қимыл-қозғалыс жасайды.Өз достарын сипаттайды.


- Менің досымның аты – Айша.

- Ол - қыз бала.

- Ол мейірімді.




Рефлексиялық -түзетушілік


Тышқан: Балалар, сендерге көп рақмет. Менің кетуім керек. Енді мен дос табатыныма сенімдімін, өйткені мен дос және достықтың не екенін түсіндім.

Балалармен қоштасады.




Педагогпен сабақты қорытындылайды.

Тышқанмен қоштасады.





Күтілетін нәтиже:

орындайды: заттарды сипаттап айтуға және басқа да ойыншықтардың неден жасалғанын ажыратуға арналған тапсырмаларды.

түсінеді: металл және ағаштан жасалатын ойыншық түрлері туралы мәліметтерді тыңдап.

қолданады: заттардың қандай материалдардан жасалғанын анықтап, оларды білу дағдыларын.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет