Білім беру саласы: «Коммуникация» Бөлімі



бет37/40
Дата26.05.2022
өлшемі103,26 Kb.
#145068
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40
Байланысты:
сауат ашу негіздері 5..

Дидактикалық ойын: «Сөз ойлап айт».
Ойын шарты: Тәрбиеші әр балаға қалам таратады. Берілген дыбысқа сөз құрап айтады. Кім көп сөз айтса, соның қаламы көп болады.
Қорытынды.
Тәрбиеші қорытынды жасайды. Оқу қызметінің ұнағанын балалар смайлик көрсету арқылы білдіреді.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыс:«Ү» дыбысы туралы түсіндіру.
Әдіс-тәсілдері:түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.
Қажетті көрнекі құралдар: жұмыс дәптері, көркем суреттер, қолайна.
Билингвалдық компонент: көл-озера,үйрек-утка.
Д\о: «сөз ойлап айт»
Алматы кітап 5+

2апта

Бейбітшілік қорғанында

«Ү»дыбысы мен әрпі

«ү»дыбысы мен әріп таңбасын қайталату, сөздерге дыбыстық талдау жасатуды меңгер- ту,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

1

Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңберіне тұрғызады.
Өлең шумағын айтады.
Отаным менің кең-байтақ,
Жайнаған сансыз қаласы,
Жайқалған жомарт қаласы,
Ел – Отан біздің кең-байтақ,
Отанның біздер баласы.
Негізгі кезең
– Балалар, сендер өткен оқу қызметінде алыстағы көлдегі үйректі қарсы алғансыңдар.
–Үйрек қайда жүзеді?
– Үйрек қай дыбыстан басталады?
– «Ү» деп бірге қайталап айтыңдаршы.
Тәрбиеші балалардан «Ү» дыбысының дұрыс айтылу артикуляциясын сұрайды.
«Ү» дыбысын өткен дыбыстарға қосып сөз құрау: Үн, сүт, түс, үш, үс.
Тәрбиеші қысқа сөздерге дыбыстық талдау жасатады.
– С қандай дыбыс?
– Ү қандай дыбыс?
– Т қандай дыбыс?
Дидактикалық ойын: «Кімге не керек?»
Ойын шарты: тәрбиеші бір құстың немесе жәндік пен жануарлар атын айтады, балалар не керек екенін айтып береді.
Мысалы: Үйрекке не керек?
Қоянға не керек?
Сергіту сәті.
Топ, топ – добым домалақ,
Қайда кеттің домалап?
Бір, екі деп екі ұрдым,
Шатырға сен секірдің.
– Балалар «Ү» дыбысы – қазақтың төл дыбысы. «Ү» дыбысын дұрыс айту керек. Дұрыс айта алмаған бала қазақ тілін дұрыс сөйлей алмайды.
Тіл ұстарту.
Үз-үз-үз – суда еркін жүз.
Балабақша
Балабақша – базарлы үй,
Ауылдағы ажарлы үй.
Шаттығы бар шуақты үй,
Өз үйіміз сияқты.
(Ә. Қонарбаев)
Тәрбиеші балалар «базарлы үй» деген берекелі, молшылық сыйластығы бар отбасын үйді айтады.
Саусақ бұлшық етіне жаттығу жасату.
Жеті мен сегіз,
Қошақан ғой егіз.
Тоғыз бен он,
Көгершін боп қон.
Қорытынды.
Тәрбиеші қорытынды жасайды.
– Балалар сендерге оқу қызметі ұнады ма? Түсінбеген жерлерің бар ма? Түсінікті болса бәрің қол шапалақтаңдаршы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет