Білім беру саласы: Шығармашылық
Оқу қызметі: Жапсыру
Тақырыбы: Аққала
Мақсаты:
Білімділік:қыс мезгіліндегі табиғат ерекшеліктерімен таныстыру.Қыс мезгілінің ерекшеліктері туралы түсініктерін кеңейту,жапсырудың домалақтау әдісімен таныстыру
Дамытушылық:әңгімелеу арқылы баланың байланыстырып сөйлеу қабілетін дамыту
Тәрбиелік:қыс мезгілінің сұлулығын тамашалай білуге тәрбиелеу.
Билингвалдық компонент: аққала- снеговик.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
КІРІСПЕ БӨЛІМ
Шаттық шеңбері:
Ашық менің жүрегім
Ылғи күліп жүремін.
Бірге ойнап бір жүрер
Достарым көп, білемін!
Сәлем достар
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
-Балалар жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілінде неше ай бар?
-Қане атайықшы?
Балалар қыс мезгілінде қандай мерекені тойладық?
Жаңа жылға біз ойыншықтар іліп нені безеңдірдік?
Балалар өткен жолы біз шыршаны безендіріп жапсырған болатынбыз.Шырша қылқан жапырақты.Қысы жазы жасыл түске еніп тұрады.
-Қыс мезгілі екенін қалай білеміз?
-Қардың түсі қандай?
-Қардан не жасауға болады?
Жұмбақ
Қыста ғана боламын
Көздерім қара көмірден
Мұрным менің сәбізден
Суықпын аппақпын,
Мен не екенмін?
(Аққала)
Ғажайып сәт:
Осы кезде телефон шырылдайды.
«Сіздің электорды почтаңызға хат келіп тұр»
-Қане балалар оқиықшы
Хат: Сәлеметсіңдермен балалар біз ертегілер елінен Али мен Аиямыз.Біз сендерді өзіміздің елімізге саяхаттауға шақырамыз.
Балалар саяхатқа шығамыз ба?
Олар болса жылдам жету үшін аяғымызға сиқырлы аяқ киім киіп алайық.
Балалар біз ертегілер еліне келдік!
-Ой балалар біздерге ертегілер елінен Али мен Аия видио дайындап қойыпты.
Қане қарайық қандай видио екен. (видиролик көрсету)
Балалар ертегілер еліндегі Али мен Ая өздерінің аққала жасап үйренгенімен сендермен бөлісіп осындай керемет видио хабар жіберіпті.Қандай керемет иә балалар?
Тосын сәт:
Аққала шығады
-Аққала сен неге көңілсізсің?Саған не болды?
Аққала:Жаңа Али мен Аия қардан мені жасаған.Енді оларда мені жалғыз тастап,үйлеріне кетіп қалды.Менің достарым жоқ.
Аққала сен еш мұнайма біз саған көптеген достар жасап береміз.
-Балалар аққалаға достар жасап беремізбе?
-Балалар:аққаланы неден жасайды?
Кәзір біздің тобымызда қар жоқ!
-Аққаланы жапсыру арқылы жасап берейік.
Аққала:Мені неге аққала дейді?
Балалар:Себебі сізді ақ қардан жасайды.
-Мен неше дөңгелектен тұрамын?
Қауіпсіздік ережесі:
-Қайшыны аузымызға салмаймыз
-Көршімізді мазаламаймыз
-Қолымыз бүлінген жағдайда шүберекпен сүртеміз
Қар тек қыс мезгілінде жауатын ерекше құбылыс.
Жұмыстың орындалу тәсілін көрсетіп, түсіндіру:
–Аққаланың суретін көрсете отырып таныстыру;
-Аққаланы жапсыру үшін қағазды үш бөлікке бөліп аламыз
-Бөліктерді үлкенінен бастап,бірінің үстіне бірін қою;
-Екі қолын жапсыру
-Мұрнын сары түсті қағаздан жапсыру
-Бас киімін төртбұрышты етіп жапсыру.
Сергіту сәті.
Ұлдар менен қыздармыз
Доп сияқты секіріп
Аяқпенен топылдап
Қолымызды соғамыз.
Жұмысымызды жалғастырамыз.
-Қарандаршы, біздің аққаламызға не жетіспей тұр?
-Дене мүшесі
-Олай болса көзің, мұрының жапсырамыз
Көз қандай түсті, ол үшін қандай түс керек.
-Қара
Мұрының біз сәбіз секілді жасаймыз. Ол үшін қандай түс керек.
-Қызыл
Аққала:Қыс мезгілі туралы не білесіңдер?
Тақпақтар:
Әмина:Аула сырты баққада, Айлин:Аққала,аққала
Тұрғызамыз аққала Сені жасап мақтана
Аққаланы айналып Қорғауменен жүреміз
Қуанамыз шаттана Бұздырмастан басқаға
Жанайым:Тоғайлар тон келеді Айзере:Аққаламыз жүрмейді
Аяз беттен сүйеді Ойнап бізбен күлмейді
Жиналып ақ бар бала Қалжыңдап қар атсада
Тұрғызамыз аққала Сөз қайтару білмейді
Аққала:Ой балалар сендерге көп-көп рахмет!Маған көптеген достар тауып бердіңдер
Балалар біздің топқа қайтатын уақытымызда болған секелді.
Аққала:Балалар мына қорапшаны сендерге берейін.Балабақшаларына барғанда ашып көресіңдер.Сау болыңдар балалар!
«Не артық» дидактикалық ойын
Шарты:Балалар суреттер арасынан арттық заттарды табу.
Шығармашылық жұмыс
1.Құм терапиясымен аққала жасау
2.Мақтамен қысқы бейне жасау.
Қорытынды:
Қорап: Балалар мен сендермен бірге барғым келді.Бырақ мен ыстық жерде еріп кетемін.Сол үшін мені өз топтарында қалдыру үшін барлығын ұжымдасып мені менің бейнемді жасап алыңдар.
Балалар біз кімді көрдік?
Аққала не істедік?
Аққала неден жасалды екен?
Сұрақ-жауап арқылы оқу қызметін қорытындылау. Балалар жұмыстарын талдау, оларды мақтап, мадақтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |