Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру



бет2/22
Дата25.12.2016
өлшемі4,7 Mb.
#5018
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Танымдық құзыреттілік

 



Құзыреттілік көрсеткіштері

1 жастан бастап 3 жасқа дейін

3 жастан бастап 5 жасқа дейін

5 жастан бастап 6 жасқа дейін

1

Заттардың қасиеттерін бағдарлау

Заттардың түрін, негізгі түсін, пішінін, фактурасын ажырата алады

Заттарға тән белгілер мен айырмашылықтарды сипап сезу, есту, иісін сезіп қабылдау негізінде атайды

Заттардың қасиеттері мен белгілерін танымдық қызмет дәрежесінде қарастырады

2

Қоршаған ортаны тану

Адамдар мен олардың іс-әрекеттеріне қызығушылық пен құштарлық білдіреді

Тірі және өлі табиғат пен қоғамдық өмірдің себеп-салдарлық қарапайым байланысын түсінеді, ол туралы 2-3 сөйлеммен айта алады

Көрнекі-әрекеттік және көрнекі-бейнелі тұрғыда танымдық міндеттерді шеше алады, ұқсастығы мен ерекшелігін ажыратуға, түрлі негіздемелер бойынша топтастыруға және жүйелеуге қабілетті

3

Құрастыру дағдылары

Ересектердің көрсетуімен қарапайым құрылыстарды жасай алады

Құрылыс материалын таңдау кезінде дербестік білдіреді, құрылысты әдемі жасауға тырысады

Құрастырудың бірнеше қарапайым жалпылама тәсілдерін меңгереді және түрлі нәтижеге жету үшін бір тәсілді қайталай береді

4

Экологиялық мәдениет негіздері

Жануарлар әлеміне тілектестік және қамқорлық қарым-қатынасын білдіреді

Табиғатта өзін-өзі ұстай білу нормаларын меңгереді, ересектермен бірге өсімдіктер мен жануарларға қамқорлық жасайды

Қоршаған ортаның көптүрлілігін, өсімдіктер мен жануарлардың белгілері мен қасиеттерін, тіршілік ортасымен өзара байланысын түсінеді

5

Қарапайым математикалық ұғымдар

Кеңістікте бағдарланудың алғашқы дағдыларын көрсетеді

Уақыт, кеңістік, себеп-салдар, сан туралы қарапайым түсініктерін көрсетеді

Геометриялық пішіндердің құрылымдық сипаттамасын, тура және кері сандық қатынас ретін біледі

6

Іздеу және эксперименталды іс-әрекет

Түрлі заттармен эксперимент жасайды (ажыратады, біріктіреді, құрастырады)

Жаңа материалдармен экспериментті мақсатты түрде жүргізеді, заттар арасындағы жалпы қатынастарды бейнелейді, қоршаған ортаның үлгісін жасайды

Эксперименталды іс-әрекетте мақсат қойып, нәтижеге жетеді

7

Ақпаратпен жұмыс

Түрлі ақпарат көздеріне қызығушылық танытады

Жаңа ақпарат алудың қажеттілігін түсінеді

Жаңа ақпаратты қалай ұсыну керектігін, оның кімге қызық екендігін түсінеді

 

4-кесте

  Шығармашылық құзыреттілік

 



Құзыреттілік көрсеткіштері

1 жастан бастап 3 жасқа дейін

3 жастан бастап 5 жасқа дейін

5 жастан бастап 6 жасқа дейін

1

Музыкалық іс-әрекет

Музыкалық фразаның жоғары және төмен дыбысталуын ажырата алады, ересектермен бірге ән айтуға ықылас білдіреді

Ән салады, би, музыкалық-ырғақтық қимылдарды орындайды

Түрлі музыкалық шығармашылық іс-әрекетке қатысады

2

Нәтижелі іс-әрекет

Қарындаш, фломастер, гуашь және ермексаздың көмегімен ұқсас бейнелерді жасайды

Бейнелеу іс-әрекетіне қажетті негізгі техникалық дағдылар мен іскерлікті меңгереді

Бейненің сипатына сәйкес техникалық тәсілдер мен бейнелу құралдарын өздігінен таңдайды

3

Қоршаған ортаны эстетикалық қабылдау

Ұлттық ойыншықтарды қарай отырып, қуаныш, эмоционалдық сезім білдіреді

Бейнелеу өнерінің әр түріне, бейнелеу іс-әрекетіне қызығушылық танытады

Табиғат, киім және үй жиһаздарының әсемдігіне эмоционалды сезімін білдіреді, сәндік өнері мен дизайнға қызығушылық танытады


5-кесте

Әлеуметтік құзыреттілік

 



Құзыреттілік көрсеткіштері

1 жастан бастап 3 жасқа дейін

3 жастан бастап 5 жасқа дейін

5 жастан бастап 6 жасқа дейін

1

Мінез-құлық дағдылары

Өзін-өзі ұстау ережелерін, нормаларын түсінеді, сәлемдесу, қоштасу және алғыс сөздерін айтады

Адамгершілік қарым-қатынасты бағдарлайды, эмоционалдық көңіл-күйді түсінеді

Көмек сұрай алады, басқа адамдардың тілегін құрметтейді

2

Ересектермен және құрдастарымен өзара іс-әрекеті

Жақын адамдары мен құрдастарына ықылас, тілектестік, жанашырлық білдіреді

Құрдастарымен тұрақты ойын бірлестіктеріне қатысады, ересектермен танымдық тақырыптарда әңгімелеседі

Әлеуметтік әлемде өзара байланысты меңгереді, қатынастық іскерліктің жоғары деңгейін көрсетеді

3

Адамгершілік нормалары туралы түсінік

«Жақсы» мен «жаманды» түсіне бастайды

Өз қылығын, ертегі кейіпкерлерінің іс-әрекетін бағалайды

Өз халқы мен басқа халықтардың этикалық нормалары мен құндылығын игереді, эмпатиясы мен төзімділігін білдіреді

 

18. Баланың қалыптасқан базалық құзыреттіліктері:

1) дене бітімі дамыған;

2) білуге құмар;

3) белсенді;

4) эмоционалды елгезек;

5) үлкендермен және құрдастарымен өзара әрекеттесу тәсілдері мен қарым-қатынас жасауды меңгерген;

6) өзі, отбасы, қоғам (жақын әлеумет), мемлекет (елі), әлем және табиғат жөнінде алғашқы түсініктері бар;

7) мектепте оқуға қажетті дағдылар мен іскерліктерді игерген мектепке дейінгі ұйым түлегінің моделін сомдайды.

 

 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080

қаулысымен бекітілген



 

 Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру)

мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі - стандарт) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 56-бабына сәйкес әзірленген.



2. Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдары білім беруді:

1) осы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына;

2) үлгілік оқу жоспарларына;

3) Қазақстан Республикасының орта білім беру саласындағы уәкілетті органы белгілеген тәртіппен бекітілген басқа да нормативтік құжаттарға сәйкес жүзеге асырады.

3. Орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты:

1) орта білімнің базалық (міндетті) мазмұнының жалпы нормаларын, құрылымы мен құрамын анықтайды;

2) білім алушылардың оқу жүктемесінің көлемін, білім беру процесін ұйымдастыру жағдайларын, білімді бақылау мен бағалау жүйесін регламенттейді;

3) жалпы орта білім беретін ұйымдарда білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды белгілейді;

4) білім беру процесін жүзеге асыру жағдайларына: мемлекеттік бюджет қаражатын тиімді пайдалануға, жалпы орта білім беретін ұйымдардың материалдық-техникалық базасын және білім алушылардың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауды нормативтік қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды белгілейді.

4. Орта білім беру стандартында Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес терминдер, анықтамалар мен қысқартулар пайдаланылады. Оларға қосымша мынадай терминдер және олардың анықтамалары енгізілді:

1) Білімнің базалық мазмұны - жалпы орта білім беретін ұйымдардың меншік нысанына, типі мен түріне қарамастан, меңгеруге міндетті, орта білім берудің келесі деңгейлерінде оқуды жалғастыруға жеткілікті болатын білім мазмұнының құрамы мен көлемі;

2) Үлгілік оқу жоспарының инварианттық компоненті - орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына енгізілген және жалпы орта білім беретін ұйымдарда оқытылатын міндетті пәндер жиынтығы.

3) Үлгілік оқу жоспарының вариативтік компоненті - білім алушылардың білімге деген қажеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, жалпы орта білім беретін ұйымдар анықтайтын оқу пәндері мен курстардың жиынтығы.

4) Оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі - үлгілік оқу жоспарының инварианттық және вариативтік (мектеп және оқушы) компоненттеріндегі оқу пәндерінің мазмұнын меңгеру үшін қажетті және білім беру деңгейлері мен оқу жылы бойынша белгіленген оқу уақытының көлемі.

5) Үлгілік оқу жоспары - орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының құрамдас бөлігі болып табылатын, оқу пәндерінің тізбесі мен көлемін регламенттейтін, оқу жүктемесінің инварианттық және вариативтік компоненттерін белгілейтін және бастауыш, негізгі орта білім беру деңгейлерінде оқыту тілін, жалпы орта білім беру деңгейінде оқыту тілі мен бағытын сипаттайтын нормативтік құқықтық акт; білім беру ұйымдарының қызметін қаржыландыру үшін негізгі құжат болып табылады.

6) Оқу жұмыс жоспары - білім алушылардың білім алу мүдделерін ескере отырып, үлгілік оқу жоспары негізінде жалпы орта білім беретін ұйымдар әзірлейтін құжат.

7) Міндетті оқу бағдарламасы - үлгілік оқу жоспарының инварианттық компонентіне енетін әрбір оқу пәні бойынша білім, шеберлік және дағды мазмұны мен көлемін анықтайтын құжат.

8) Вариативтік оқу бағдарламасы - үлгілік оқу жоспарының вариативтік компонентіне енетін әрбір оқу курсы бойынша білім, шеберлік және дағды мазмұны мен көлемін анықтайтын құжат.

9) Білім алушының дайындық деңгейі - тұлғалық, жүйелік-әрекеттік және пәндік нәтижелерінен көрінетін білім алушылардың орта білім мазмұнын меңгеру деңгейі.

10) Білім мазмұнын меңгерудің базалық деңгейі - білім алушылардың білім, шеберлік және дағдының міндетті көлемін меңгеру деңгейі.

11) Білім мазмұнын меңгерудің жетік деңгейі - білім алушылардың білім, шеберлік және дағдының кеңейтілген және тереңдетілген көлемін меңгеру деңгейі.

12) Білім алушының портфолиосы - білім алушының білім алудағы жеке жетістіктері мен оқу, шығармашылық, спорттық, әлеуметтік, коммуникативтік әрекеттерде қол жеткізген түрлі көрсеткіштерінің жиыны.

13) Қамқоршылар кеңесі - жалпы орта білім беретін ұйымның алқалық басқару нысаны болып табылатын сайланбалы орган.

5. Орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты білім берудің жалпы нормалары мен мазмұнын қамтиды және тұлғаның, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін көздейді.

6. Осы стандарт:

1) міндетті және вариативтік оқу бағдарламаларын, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеу, сондай-ақ олардың сапасын сараптау үшін;

2) орта білім беру деңгейлері арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету үшін;

3) жалпы білім беретін ұйымдарда білім беру процесін жүзеге асыру үшін;

4) педагогтің, жалпы білім беретін ұйымның іс-әрекет нәтижесін анықтаудың бағалау жүйесін әзірлеу үшін және білім алушылардың дайындық деңгейін айқындау мен оларды қорытынды аттестаттаудың бақылау-өлшеуіш материалдарын дайындау үшін;

5) педагогикалық кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктіліктерін арттыру бойынша бағдарламаларды даярлау үшін негіз болып табылады.

  

2. Білім мазмұнына қойылатын талаптар

 

7. Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары баланы жеке тұлға ретінде қалыптастыруға, оның жеке қабілеттерін, оқу ісіндегі оң мотивациясы мен іскерлігін: негізгі мектептің білім беру бағдарламаларын кейіннен меңгеру үшін оқудың, жазудың, есептеудің, тілдік қатынастың, шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі көрсетудің, мінез-құлық мәдениетінің берік дағдыларын дамытуға бағытталған.

8. Бастауыш білім беру баланың жеке тұлға ретінде адамгершілік қасиеттерінің, оның қоршаған ортаға эмоционалдық-құндылық қатынасының, оқу процесіне оң мотивациясының қалыптасуын және таным әрекетіндегі жеке қабілеттері мен шеберліктерінің дамуын қамтамасыз етеді.

9. Бастауыш білім мазмұнын жеті білім саласы құрайды: «Тіл және әдебиет», «Математика», «Жаратылыстану», «Адам және қоғам», «Өнер», «Технология», «Дене шынықтыру».

10. Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары білім алушылардың ғылым жүйесінің базалық негіздерін меңгеруге, олардың бойында тұлғааралық және этносаралық қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға, жеке тұлға ретінде өзін-өзі билеуіне және кәсіптік бағдарлануына бағытталады.

11. Негізгі орта білім білім алушының базистік ғылым негіздерін меңгеруін, жоғары рухани-адамгершілік және тұлғааралық, этносаралық қарым-қатынас мәдениетінің қалыптасуын, тұлғаның өмірде өз орнын табуын және өзін-өзі билеуін, функционалдық сауаттылығының қалыптасуын, бейіналды дайындықтың іске асырылуын қамтамасыз етеді.

12. Негізгі орта білім мазмұнын жеті білім саласы құрайды: «Тіл және әдебиет», «Математика және информатика», «Жаратылыстану», «Адам және қоғам», «Өнер», «Технология», «Дене шынықтыру».

13. Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттар бойынша бейіндік оқытуды енгізе отырып, саралау, кіріктіру және білім беру мазмұнын кәсіптік бағдарлау негізінде әзірленеді.

14. Жалпы орта білім білім алушының табиғат, қоғам және адам туралы біртұтас, аяқталған білім жүйесін меңгеруін, функционалдық сауаттылығының дамуын, тұлғаның интеллектуалдық, рухани-адамгершілік және физикалық дамуын, білім мазмұнын саралау, кіріктіру және бейіндеу негізінде болашақ мамандығының бағытын таңдау жағдайын қамтамасыз етеді.

15. Жалпы орта білім мазмұнын алты білім саласы құрайды: «Тіл және әдебиет», «Математика және информатика», «Адам және қоғам», «Жаратылыстану», «Технология», «Дене шынықтыру».

16. Әрбір білім саласы ұқсас оқу пәндерін қамтиды.

17. «Тіл және әдебиет» білім саласына енетін пәндер: «Сауат ашу (оқу, жазу)», «Әдебиеттік оқу», «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті» (қазақ тілінде жалпы білім беретін ұйымдар үшін, оқыту тілі қазақ тілінде емес жалпы білім беретін ұйымдар үшін), «Орыс тілі», «Орыс әдебиеті» (орыс тілінде жалпы білім беретін ұйымдар үшін), «Орыс тілі», «Орыс әдебиеті» (қазақ тілді және басқа да орыс тілді емес жалпы білім беретін ұйымдар үшін), «Шетел тілі».

18. Қазақстан аумағында тұратын этностың тілінде оқытатын жалпы білім беретін ұйымдарда «Тіл және әдебиет» білім саласына осы этностың «Ана тілі мен әдебиеті» қосымша енеді. Нақты этностың шоғырланып орналасқан жерлерінде олардың тілін оқыту мәселесін шешу білім саласындағы жергілікті атқару органдары құзырына беріледі. «Ана тілі» («Ұйғыр тілі», «Өзбек тілі», «Тәжік тілі») мен «Әдебиет» («Ұйғыр әдебиеті», «Өзбек әдебиеті», «Тәжік әдебиеті») пәндері үлгілік оқу жоспарының инварианттық компонентіне енеді.

19. «Математика және информатика» білім саласына енетін пәндер: «Математика», «Алгебра», «Алгебра және анализ бастамалары», «Геометрия», «Информатика».

20. «Жаратылыстану» білім саласына енетін пәндер: «Дүниетану», «Жаратылыстану», «География», «Биология», «Физика», «Химия».

21. «Адам және қоғам» білім саласына енетін пәндер: «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы», «Адам. Қоғам. Құқық», «Өзін-өзі тану».

22. «Өнер» білім саласына енетін пәндер: «Музыка», «Бейнелеу өнері».

23. «Технология» білім саласына енетін пәндер: «Еңбекке баулу», «Сызу», «Технология».

24. «Дене шынықтыру» білім саласына енетін пәндер: «Дене шынықтыру», «Алғашқы әскери дайындық».

25. «Өмір қауіпсіздігінің негіздері» оқу курсының мазмұны 1-4-сыныптарда дүниетану оқу курсының аясында: 1-3-сыныптарда жылдық оқу жүктемесі 6 сағаттан, 4-сыныпта 10 сағаттан бастауыш сынып мұғалімінің оқытуымен іске асырылады; 5-9-сыныптарда дене шынықтыру оқу курсының аясында 15 сағаттық жылдық оқу жүктемесімен дене шынықтыру мұғалімінің оқытуымен іске асырылады; 10-11-сыныптарда алғашқы әскери дайындық оқу курсының аясында 25 сағаттық жылдық оқу жүктемесімен алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушыларының оқытуымен іске асырылады. Өмір қауіпсіздігінің негіздерін оқыту сабақтары міндетті болып табылады және оқыту уақытында жүргізіледі.

26. «Жолда жүру ережелері» оқу курсының мазмұны 1-4-сыныптарда мынадай оқу курстарының аясында іске асырылады: ана тілі, музыка, бейнелеу өнері, технология; 5-8-сыныптарда сабақтан тыс мерзімде, сынып сағаттары мен факультативтер есебінен іске асырылады.

27. Стандартта ұсынылған орта білімнің базалық мазмұны:

1) Қазақстан Республикасындағы білім беру кеңістігінің біртұтастығын, орта білім беру деңгейлері және білім салалары бойынша орта білім мазмұнының жүйелілігін, сабақтастығын және үздіксіздігін;

2) барлық білім алушылар үшін білімнің тең мүмкіндігі мен тең қолжетімділігін;

3) жалпы орта білім беретін ұйымдардың типіне, оқыту нысанына және түріне қарамастан, орта білім мазмұнының бірыңғай талаптарын сақтауды қамтамасыз етеді.

28. Орта білім мазмұнының инварианттық компоненті типтік оқу жоспарларында, ал вариативтік компоненті оқу жұмыс жоспарларында жүзеге асырылады.

29. Орта білімнің іргелілігін сақтау және орта білімнің базалық мазмұнына қойылатын мемлекеттік талаптарды орындау мақсатында инварианттық компонент жалпы сағат көлемінен бастауыш білім деңгейінде 90%-дан, негізгі орта білім деңгейінде 85%-дан, жалпы орта білім деңгейінде 75%-дан төмен болмайтын мөлшерде белгіленеді.

30. Міндетті оқу бағдарламалары орта білімнің базалық мазмұнын іске асырады және орта білім беру деңгейлеріне сәйкес білім алушылардың дайындығына қойылатын талаптарды анықтайды. Вариативті оқу бағдарламалары вариативті компонентке кіретін оқу пәндері мен курстарының мазмұнын іске асырады.

31. Жалпы орта білім екі қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану-математика бағыттары бойынша бейінді оқыту негізінде жүзеге асырылады. Саралап оқыту және білім алушылардың танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында оқытудың осы екі бағыты аясында жекелеген пәндерді тереңдетіп оқытуға арналған үлгілік оқу жоспарына (бұдан әрі - ҮОЖ) сәйкес аралас (ұқсас) пәндер бойынша бейіндендіру енгізіледі.

32. Барлық ҮОЖ-да инварианттық компоненттің оқу пәндері өзгермейді, бұл жалпы білім беретін ұйымдардың барлық типтері мен түрлері үшін орта білімнің базалық мазмұнына қойылатын бірыңғай талаптарды қамтамасыз етеді.

33. Негізгі орта білім мен техникалық және кәсіптік білім мазмұндарының сабақтастығы жекелеген және аралас пәндерді, оның ішінде технологиялық бағыттағы пәндерді тереңдетіп оқыту арқылы бейіналды оқыту аясында іске асырылады. Жалпы орта білім мен жоғары білім беру мазмұндарының сабақтастығы жекелеген және аралас пәндерді тереңдетіп оқыту арқылы бейінді оқыту аясында іске асырылады.

34. Білім алушылардың негізгі орта білім деңгейінде бейіналды оқытудың, жалпы орта білім деңгейінде бейіндік оқытудың бағыттарын таңдауы олардың ата-аналары мен қамқоршылар кеңесінің қатысуымен жүргізіледі.

  


Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет