Білім және ғылым министрінің



бет5/16
Дата26.02.2020
өлшемі277,09 Kb.
#59040
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
0904000 ЭНС

Модульді зерделеу нәтижесінде білім алушылар: Қазақстанның негізгі тарихи кезеңдерінің хронологиялық шекаралары мен маңызын меңгереді.

Оқыту нәтижесі: 1) Негізгі тарихи оқиғаларды түсіну.

Қазақстан тарихы

Бағалаудың өлшемшарттары:

1. Ежелгі дәуірден қазіргі кезеңге дейінгі тарихи оқиғалар хронологиясын біледі және мәнін түсінеді.
2. Қазақ халқының жалпытүрік қоғамдағы, көшпелі өркениет жүйесіндегі, Еуразия әлемі халықтарының тарихи-мәдени қауымдастығының дамуындағы рөлі мен орнын аша біледі.
3. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстан Республикасында болып жатқан саяси және қоғамдық өзгерістердің мәні мен бағытын түсінеді.
4. Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерін сипаттайды.


Оқыту нәтижесі: 2) Тарихи оқиғалардың себеп-салдар байланысын анықтау.

Бағалаудың өлшемшарттары:

1. Қазақстан тарихының толыққандылығы мен жүйелілігін көрсететін және сипаттайтын фактілерді, үдерістер мен құбылыстарды анықтайды.
2. Тарихи оқиғалардың арасында байланыс орнатады.


Кәсіптік модульдер

090401 2 – Байланыс желісі электромонтері

1 КБ.Кәсіптік қызметте стандарттардың және нормативтік- техникалық қжаттаманың негізінде ақпараттық технологиялар мен графикалық редакторларды пайдалана отырып, сызуларды орындау және конструкторлық құжаттаманы ресімдеу

01 КМ. Кәсіптік қызметте стандарттардың және нормативтік- техникалық қжаттаманың негізінде ақпараттық технологиялар мен графикалық редакторларды пайдалана отырып, сызуларды орындау және конструкторлық құжаттаманы ресімдеу

Осы модуль конструкторлық және технологиялық құжаттаманы әзірлеуді, ресімдеуді және оқуды орындау және үшін қажетті дағдылар мен білімдерді алуға мүмкіндік береді. Модульді зерделеу кезінде білім алушылар мыналарды меңгереді: техникалық детальдардың геометриялық құрылымы және сызу қағидаларын; жинақтау сызулары туралы жалпы мәліметтерін;
сызуларда қолданылатын шарттылықтар мен жеңілдетулердің мақсатын;
жұмыс сызуларын ресімдеу және оқу қағидаларын; конструкторлық, технологиялық және басқа да нормативтік құжаттаманың негізгі ережелерін; технологиялық жабдықты көрсетудің және технологиялық сызбаларды орындаудың графикалық тәсілдерін; сызулар мен сызбаларды ресімдеуге және жасауға стандарттардың талаптарын; конструкторлық, технологиялық және басқа да нормативтік құжаттаманың негізгі ережелерін;
материалдарды саралау, олардың мақсатын;
материалдардың құрамы, құрылымы және қасиеттері арасындағы негізгі байланыстар, сондай-ақ термикалық, химиялық немесе механикалық әсердің әрекетінен осы қасиеттердің өзгеру заңдылықтарын;
материалдарды өңдеудің негізгі технологиялық процестерін;
өңделетін материалдардың атауы және маркалануын;
материалдардың негізгі қасиеттерін;
өткізгішті және жартылай өткізгішті материалдар мен бұйымдарын;
магниттік және электр оқшаулау материалдарын;
электротехникалық материалдарды эксплуатациялау жағдайларын;
ақпаратты іздеу, жинау, сақтау, өңдеу, ұсыну, тарату процестері мен әдістері және өндірістік процестерді автоматтандырылған басқару тәсілдері туралы кешенді мағлұматтарын.
Модульді зерделеу кезінде білім алушылар:
детальдардың сызуын орындауды;
эскиздер мен көшірмелер бойынша жалпы түрдегі сызуларды және жинақтау сызуларын орындауды;
мамандық бойынша сызбаларды орындауды;
сызулар мен сызбаларды ресімдеу және құру кезінде станларттардың талаптарын сақтауды;
конструкторлық және технологиялық құжаттаманы әзірлеу үшін қолданбалы бағдарламалар пакетін пайдалануды үйренеді.
Мыналарды:
стандарттаудың рөлін және мәнін; өзара алмасу және техникалық өлшемдердің негізгі мәселелерін;
түрлі қосылыстарға арналған рұқсаттар мен отыруды регламенттейтін стандарттарды;
өлшеудің әмбебап құралдарының құрылғысын, оларды эксплуатациялауды, таңдау әдістемесін және тәртібін;
өлшеу құралдарын тексеруді ұймыдастыруды және тәртібін;
конструкторлық және технологиялық құжаттаманы ресімдеу қағидаларын регламенттейтін стандарттарды пайдалануын;
отырғызуды таңдауын;
рұқсаттар тағайындауын;
өлшеу және бақылау құралдарын дұрыс таңдауы және оларды пайдалануын;
метрологиялық құралдардың көмегімен негізгі өлшеулерді орындауын,
беттердің ауытқуларын айқындауын;
ақпаратты іздеу, жинау, сақтау, өңдеу, ұсыну, тарату процестері мен әдістері және өндірістік процестерді автоматтандырылған басқару тәсілдері туралы кешенді мағлұматтын;
бір жүйеден екіншісіне ауыстыруды игеруін; формальды, математикалық логиканы; бағдарламаландыру тілін; бағдарлама, оны құрылымдандыруды; есептеу техникасын қолдану амалдарын, тәсілдері және әдістері, ақпараты автоматты өңдеу, беру және басқару қағидаттарын үйренеді.


Оқытудың нәтижесі: 1) Детальдардың сызуын орындау.

Сызу
Стандарттау, сертификаттау және метрология негіздері
Кәсіби қызметтегі ақпараттық технологиялар


Бағалаудың өлшемшарттары:

1. Конструкторлық, технологиялық және басқа да нормативтік құжаттаманың негізгі ережелерін меңгерген.
2. Геометриялық құрылымдарды орындайды.
3. Техникалық детальдардың контурларын сызу қағидаларын білетінін көрсетеді.
4. Техникалық детальдардың контурларын сызу қағидаларын пайдалана отырып, геометриялық құрылымдарды орындайды.
5. Геометриялық денелердің проекциясын және олардың аксонометриясын орындайды.
6. Детальдардың проекциясын, қажетті қималар мен қиылыстарды орындайды.
7. Бұрандалық қосылыстардың бейнелері мен белгіленуін орындайды.
8. Детальдардың эскиздері мен сызуларын орындайды.
9. Жалғағыш және жалғанбайтын қосылыстардың сызуларын орындайды.
10. Берілістердің сызуларын орындайды.


Оқытудың нәтижесі: 2) Қолданбалы бағдарламалардың көмегіменжалпы түрдегі сызуларды және эскиздер бойынша жинақтау сызуларын орындау.

Бағалаудың өлшемшарттары:

1. Жалпы түрдегі сызуларды және жинақтау сызуларын ресімдеу және оқу қағидаларын меңгерген.
2. Сызуда қолданылатын шарттылықтар мен жеңілдетулерді білетінін көрсетеді.
3. Машина жасау сызуларының дағдыларын қолданады.
4. Эскиздер бойынша жинақтау сызуларын ресімдейді.
5. Жинақтау сызуларын оқиды.


Оқытудың нәтижесі: 3) Қолданбалы бағдарламалар пакетінің көмегімен мамандық бойынша сызбаларды әзірлеу және ресімдеу.

Бағалаудың өлшемшарттары:

1. Техникалық құралдар туралы негізгі түсініктерді меңгерген.
2. Компьютерлік графиканы білетінін көрсетеді.
3. Конструкторлық құжаттаманы әзірлеу үшін қолданбалы бағдарламалар пакетін пайдаланады.
4. Техникалық сызу құралдарын пайдаланып, мамандық бойынша сызбаларды орындайды.


Оқытудыңнәтижесі: 4) Электртехникалық жабдықтың детальдары мен тораптарына рұқсат ету және отырғызуды айқындау.




Бағалаудың өлшемшарттары:

1. Стандарттардың санаттары мен түрлері, стандарттаудың нормативтік құжаттары және стандарттардың түрлері, өнім сапасының көрсеткіштері бойынша білімдерін көрсетеді.
2. Электр техникалық жабдық детальдарының түрлеріне, параметрлеріне, мақсатына, белгіленуіне, рұқсат етуге және отырғызуына сипаттама береді.
3. Стандарттық қосылыстардың саңылаулары мен керілулерін айқындайды.
4. Электр технкиалық жабдықтың детальдары үшін рұқсаттар мен отырғызудың негізщгі мәндерін айқындайды және рұқсаттар өрісін құрады


Оқытудың нәтижесі: 5) Электр техникалық жабдықтың негізгі параметрлерін айқындау үшін өлшеу және бақылау құралдарын қолдану.

Бағалаудың өлшемшарттары:

1. Метрологияның негізгі түсініктерін, өлшеудің тәсілдерін саралауды меңгерген.
2. Электр техникалық жабдықтың негізгі параметрлерінөлшеу үшін негізгі микрометриялық саймандарды қолданады.
3. Өлшеулердің дәлдігін бағалауды жүргізеді.
4. Бақылау құралдары мен өлшеу құралдарының құрылымын, әрекет ету қағидатын біледі.
5. Бұдырлылық пен толқындылықты бақылауды орындайды.
6. Тегіс цилидрлік беттерді бақылауды оындайды.
7. Бұрандалы қосылыстарды бақылауды орындайды.
8. Бұрыштар мен конустарды бақылауды орындайды.
9. Дайындамалардың сапасын бақылауды орындайды.
10. Электр техникалық жабдықты өлшеуді орындау үшін өлшеу құралдарын таңдайды.


Оқытудың нәтижесі: 6) Сертификаттау жөніндегі органдары аккредиттеу тәртібін айқындау.




Бағалаудың өлшемшарттары:

1. Сертификаттаудың түсінігін, функцияларын, сертификаттау мақсатын түсінеді.
2. Сынау зертханаларын сертификаттау жөніндегі аккредиттеу органдарының тәртібін түсінеді.
3. Өнім сапасының негізгі терминдерін және анықтамаларын, сапа көрсеткіштерін айқындау әдістерін түсінеді.


Оқытудың нәтижесі: 7) Ақпарат іздеуді жүргізеді.

Бағалаудың өлшемшарттары:

1. Іздеу бағдарламаларын меңгерген.
2. Іздеу бағдарламаларын қолдана біледі.


Оқытудыңнәтижесі: 8) Ақпараттық технологияларды қолданудың негізгі мүмкіндіктерін меңгеру.

Бағалаудың өлшемшарттары:

1. Ақпараттық технологиялардың негізгі түрлерін саралауды түсінеді.
2. Деректерді берудің, өңдеудің, жинақтаудың ақпараттық процестерінің модельдерін түсінеді.
3. Базалық және қолданбалы ақпараттық технологияларды біледі.
4. Желілік ақпараттық технологиялардың коммуникацияларын меңгерген.


Оқытудың нәтижесі: 9) Темір жолдарды электрмен жарақтауда ақпараттық технологияларды пайдалану.

Бағалаудың өлшемшарттары:

1. Темір жолдарды электрмен жарақтауда заманауи ақпараттық технологияларды меңгерген.
2. Кәсіби бағдарланған ақпараттық технологияларды меңгерген.
3. Ақпараттық технологиялардың даму перспективаларын меңгерген.


2 КБ. Электр тізбектері мен сызбаларының параметрлерін жинау және өлшеу,электр техникасы, электроника және микроэлектроника негіздерінің базасында электр машиналары мен трансформаторларға қызмет көрсету.

02 КМ.Электр тізбектері мен сызбаларының параметрлерін жинау және өлшеу, электр техникасы, электроника және микроэлектроника негіздерінің базасында электр машиналары мен трансформаторларға қызмет көрсету.

Осы модуль жұмыстың нәтижелілігіне, кәсіптік қызметте электрлік және магниттік тізбектердің негізгі заңдарын және түрлі күштік тізбектерде және электр жабдығында олардың көріністерін қолдану үшін қажетті дағдылар мен білімдерді сипаттайды.
Модульді зерделеудің нәтижесінде білім алушылар:
электр және магниттік тізбектердің маңызды қасиеттері мен сипаттамаларын;
электр-магниттік өрістің негізгі түсініктері мен заңдары, электр және магниттік тізбектердің заңдары; стационарлық және өтпелі режимдерде тұрақты және ауыспалы тоқ тізбектерін талдаудың әдістерін;
желілік және желілік емес электр тізбектерінде өтпелі және орнатылған процестерді есептеу әдістерін;
тұрақты тоқ машиналарының мақсаты, қолданылу салалары, конструкциясы және әрекет ету қағидатын;
тұрақты тоқ қозғалтқыштарын іске қосу және айналу жиілігін реттеу тәсілдерін;
түрлі үлгідегі электр машиналарының негізгі эксплуатациялық көрсеткіштерін;
электр машиналары мен трансформаторлардың жұмыс қағидатының негізінде жатқан электрмагниттік және электрмеханикалық процестерін;
электр машиналары мен трансформаторлардың негізгі қасиеттерін, конструктивтік ерекшеліктері және сипаттамаларын;
олардың қолданылу саласын меңгереді.
Модульді зерделеу кезінде білім алушылар:
талдамалық және графикалық тәсілдермен электр тізбектерін есептеуді;
электр тізбегінің негізгі сипаттамаларын айқындауы және алынған нәтижелерге физикалық негіздеме беруді;
материалдардың талап етілетін эксплуатациялық қасиеттерін алу үшін өңдеуді түрін айқындауды;
материалдарды өңдеудің ұтімді тәсілін және өңдеу режимін, дайындамалар мен дайын бұйымдарды алу үшін қажетті жабдықты таңдауды;
стандарттау бойынша нормативтік құжаттаманы және анықтамалық әдебиетті пайдалануды; қажетті элекр материалдарын таңдау кезінде баламаларды ескеруді меңгереді.
Модульді зерделеу кезінде білім алушылар электр жабдығын, электр машиналары мен трансформаторларды монтаждау, эксплуатациялау және жөндеу кезінде:
конструкциясы және паспорттық деректері бойынша электрлік машиналар мен трансформатордың типтерін айқындауды;
қозғалтқыштарды іске қосу сызбасын жинауды және сипаттамаларын алуды жүргізуді;
зәкір орамдарын және статор орамдарын есептеуді орындау және ашып көрсетілген сызбаларын құруды;
тұрақты тоқтың магниттік тізбегін есептеуді жүргізуді;
электер қозғалтқыш күшін, электрмагниттік сәттерді және коллекторлық машиналардың айналу жиілігін есептеуді жүргізуді;
осы машиналарды есептеуді және сипаттамаларын құруды жүргізуді;
трансформаторлардың параметрлерін және сипаттамаларын есептеуді жүргізуді;
үшфазалы асинхрондық қозғалтқыштарды есептеуді және жұмыс сипаттамаларын құруды жүргізуді үйренеді.
Модуль темір жолдардың электр техникалық жүйелерін эксплуатациялау жөніндегі мамандарды даярлау кезінде метрология негіздерін, түрлі жүйелер мен үлгідегі өлшеуіш аспаптардың жұмыс қағидаттары мен эксплуатациялау негіздерін, электрлік және электрлік емес шамаларды өлшеуді практикалық орындау дағдысын береді.
Модульді зерделеу кезінде білім алушылар мыналарды меңгереді:
өлшеуіш аспаптар, құралдар, өлшеу тәсілдері мен әдістері дамуының негізгі кезеңдері мен перспективаларын;
метрология негіздерін;
өлшеу тәсілдері мен әдістерін;
өлшеулер мен аспаптардың кемшіліктерін;
тікелей бағалау аспаптарының жалпы құрылымын;
түрлі жүйелердің өлшеуіш аспаптарының, авометрлердің, гальванометрлердің, осциллографтардың, цифрлық аспаптардың құрылымы, жұмыс қағидаты, эксплуатациялау негіздеріжәне қолданылу салаларын;
тоқты, кернеуді, қуатты, электр энергиясын, қаут коэффициентін, жиілікті өлшеу тәсілдері мен әдістерін;
тоқ және кернеудің өлшеуді; трансформаторларының құрылым, мақсаты, жұмыс қағидаты және қолданылуын.
Модульді зерделеу кезінде білім алушылар:
қарқындылықтың және сыйымдылықтың қарсылығын өлшеуін;
оқшаулау және жерге тұйықтау қарсылығын өлшеуін;
әуе және кәбілдік желілерде өлшеулерді жүргізуін;
әуе және кәбілдік желілердің зақымданған жерлерін айқындауын;
электрлік емес әдістермен электрлік емес шамаларды параметрлік түрлендіргіштерін;
электрлік әдістермен электрлік емес шамаларды өлшеуді жүргізуді;
электрондық аппаратураның қарапайым үлгі сызбаларын түсіну жән оқуды;
қолданылу ерекшеліктеріне қарай электрондық аспаптардың типтерін таңдауды;
электрондық құрылғыларды эксплуатациялауды үйренеді.


Оқытудың нәтижесі: 1) Электр энергиясын өндіру, беру және тарату қағидатарын түсіну.

Электротехника
Электрлік материалдар
Электрлік машиналар
Электрлік өлшеулер
Электроника және микроэлект-
роника негіздері


Бағалаудың өлшемшарттары:

1. Электр тізбегінің негізгі құрамдас бөліктеріне сипаттама береді.
2. Электр энергиясының көздері мен тұтынушылардың мақсатын айқындайды.
3. Электр энергиясын өндірудің қағидатын түсіндіреді.
4. Электр энергиясын беру және тарату қағидатарын білетінін көрсетеді


Оқытудыңнәтижесі: 2) Электр тізбектерінің негізгі заңдары мен сипаттамаларын білетінін көрсету.

Бағалаудың өлшемшарттары:

1. Электр және магниттік өрістердің қасиеттеріне сипаттамасын бағалайды.
2. Электр тізбектерінің негізгі заңдары мен қасиеттеріне анықтама береді.
3. Магниттік тізбектердің негізгі заңдары мен қасиеттеріне анықтама береді.
4. Тұрақты және ауыспалы тоқ тізбектерінің ерекшеліктерін айырады.
5. Желілік және желілік емес тізбектердің ерекшеліктерін айырады.
6. Ом және Кирхгоф заңдарын түсінеді.
7. Ауыспалы тоқтың бірфазалы тізбектері туралы мағлұматы бар.
8. Ауыспалы тоқтың үшфазалы тізбектері туралы мағлұматы бар.


Оқытудың нәтижесі: 3) Талдамалық және графикалық әдістермен электр тізбектерін есептеу

Бағалау өлшемшарттары

1. Тұрақты тоқтың желілік және желілік емес тізбектерін есептейді.
2. Ауыспалы тоқтың бірфазалы тізбектерін есептейді.
3. Ауыспалы тоқтың симметриялық және симметриялық емес үшфазалы тізбектерін есептейді.
4. Магниттік тізбектерді есептейді.
5. Таратылған параметрлері бар синусоидалдық емес тізбектерді, желілерді, төрт полюстік және электр сүзгілердің есептеу әдістерінің ерекшеліктерін түсінеді.


Оқытудың нәтижесі: 4) Өндірісте қолданылатын материалдардың қасиеттерін айқындау және саралау.

Бағалаудың өлшемшарттары:

1. Өндірісте қолданылатын материалдардың қасиеттері, сипаттамаларын және қолданылу салаларын түсінеді.
2. Материалдарды өңдеуді алу білімдерін және тәсілдерін көрсетеді.
3. Металдарды алу білімін және тәсілдерін көрсетеді.


Оқытудыңнәтижесі: 5) Электроқшаулау және қорғау материалдарының қасиеттерін айқындау.

Бағалау өлшемшарттары

1. Диэлектриктердің электр өткізгіштігінің негіздерін түсінеді.
2. Созу және сығуға электр оқшаулау материалдарын механикалық сынауды орындайды.
3. Металдарды өңдеудің тәсілдерін таңдайды.


Оқытудың нәтижесі: 6) Өткізгішті және жартылай өткізгішті материалдар мен бұйымдардың қасиеттерін айқындау.

Бағалау өлшемшарттары

1. Металл өткізгіштердің жәнемагниттік материалдардың құрылысына сипаттама береді.
2. Электрлік және магниттік өрістерде металдардың күйін түсінеді.
3. Металдардың электрлік қасиеттерін атайды.
4. Өткізгішті және магниттік матеиалдарды жіктеуді орындайды.
5. Материалдардың қарсылығын есептеуді жүргізеді.
6. Өткізгішті және магниттік матеиалдардымақсаты бойынша қолданады.


Оқытудың нәтижесі: 7) Жартылай өткізгішті материалдардың қасиеттерін айқындау.

Бағалаудың өлшемшарттары:

1. Электрондық өткізгіштік негіздерін түсінеді.
2. Жартылай өткізгіштердің p-n-өтпелерінің вольт-амперлік сипаттамаларын атайды.
3. Химиялық қосылыстардың жартылай өткізгіштерінің құрылымын, негізгі сипаттамаларын, қолдалынуын түсінеді.
4. Жартылай өткізгішті материалдарды мақсаты бойынша қолданады.


Оқытудың нәтижесі: 8) Материалдарды сынауды жүргізу.

Бағалаудың өлшемшарттары:

1. Материалдарды сынаудың түрлері мен жүргізудің тәсілдеріне сипаттама береді.
2. Механикалық сынауларды жүргізеді.
3. Технологиялық сынауларды жүргізеді.
4. Химиялық сынауларды жүргізеді.


Оқытудың нәтижесі: 9) Электр машиналардың іске қосуды және айналу жиілігін реттеуді жүргізу.

Бағалаудың өлшемшарттары:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет