Білім және ғылым министрінің



бет4/16
Дата26.02.2020
өлшемі277,09 Kb.
#59040
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
0904000 ЭНС


      Ескерту:

      * Берілген мамандықтың басқа біліктіліктеріне оқу мекемесі ұқсас тәсілдеме қолданылып жұмыс оқу жоспарларын әзірлейді.

      ** Оқу мекеменің қалауы бойынша дипломдық жобалау сағаттары кәсіптік модульдерге бөлінеді.

      *** Семестр бойынша бөлінуі мекеменің қалауы бойынша өзгереді.

      Қолданылған аббревиатуралар:

      БМ - базалық модульдер;

      КМ - кәсіптік модульдер;

      БҰАМ - білім беру ұйымы анықтайтын модульдер;

      ДЖ - дипломдық жобалау;

      АА - аралық аттестаттау;

      ҚА - қорытынды аттестаттау;

      К - консультациялар;

      Ф - факультативтер.

 

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2017 жылғы 31 қазандағы
№ 553 бұйрығына
138-қосымша

Техникалық және кәсіптік білім берудің "Темір жолдардың электртехникалық жүйелерін электрмен жабдықтау, пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу" мамандығы бойынша үлгілік оқу бағдарламасы

Код және білім беру бейіні:

0900000 – Энергетика. Электр энергетикасы

Мамандық:

0904000 – Темір жолдардың электртехникалық жүйелерін электрмен жабдықтау, пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу

Біліктілік:

090401 2 – Байланыс желісі электромонтері




090403 3 - Электр механигі.
 




Базалық және кәсіптік құзыреттіліктер

Модульдің атауы

Модульге қысқаша шолу

Оқыту нәтижелері және бағалаудың өлшемшарттары

Модульді қалыптастырушы пәндер

Базалық модульдер

БҚ 1. Кәсіптік қызмет аясында кәсіптік лексиканы қолдану

БМ 01. Кәсіптік қызмет аясында кәсіптік лексиканы қолдану

Бұл модуль кәсіби қызметте қазақ (орыс) және шетел тілінде ауызша және жазбаша түрде қарым-қатынас жасауға қажетті білімдерді, икемдер мен дағдыларды сипаттайды.
Модульді зерделеу нәтижесінде білім алушылар іскерлік қазақ (орыс) және шетел тілінің және кәсіби лексиканың негіздерін меңгереді.
Модульді зерделеу кезінде білім алушылар кәсіптік бағыттағы мәтіндерді оқу және аудару үшін (сөздікпен) қажетті қазақ (орыс) және шетел тілінің лексикалық және грамматикалық минимумын үйренеді.


Оқыту нәтижесі: 1) Өзінің кәсіптік қызметі саласында тілдесу үшін қазақ (орыс) және шетел тіліндегі грамматика мен терминологияны меңгеру.

Кәсіптік қазақ (орыс) тілі Кәсіптік шетел тілі

Бағалаудың өлшемшарттары:

1. Кәсіптік қатынасу үшін қажетті мамандық бойынша лексика-грамматикалық материалды меңгереді.
2. Мамандығы бойынша терминологияны қолданады.


Оқыту нәтижесі: 2) Кәсіби бағыттағы мәтіндерді аудару (сөздікпен) техникасын меңгеру.

Бағалаудың өлшемшарттары:

1. Кәсіби бағыттағы мәтіндерді оқиды және аударады (сөздікпен);

Оқыту нәтижесі: 3) Қазақ (орыс) және шетел тіліндегі кәсіби диалогтік сөйлеу тілін енгізу.

Бағалаудың өлшемшарттары:

1. Жағдайға байланысты қисынды және ретті пікір айта алады.
2. Кәсіби қарым-қатынас үдерісінде диалог жүргізе біледі.


БҚ 2. Іс қағаздарын мемлекеттік тілде құрастыру және ресімдеу

БМ 02. Мемлекеттік тілде іс қағаздарын құрастыру

Мемлекеттік тілде іс қағаздарын құрастыруға және рәсімдеуге қажетті білімдерді, икемдер мен дағдыларды сипаттайды.
Модульді зерделеу нәтижесінде білім алушылар: мемлекеттік тілде іс жүргізу негіздерін; іскерлік құжаттарды жасау тәсілдері мен функцияларын; құжаттардың жіктелуін, тасымалдағыштар, мақсатын, құрамдас бөліктерін, рәсімдеу ережелерін меңгереді.
Модульді зерделеу кезінде білім алушылар:
компьютерлік технологияларды қолдана отырып, кәсіптік қызметте қажетті қызметтік құжаттарды мемлекеттік тілде құрастыруды үйренеді.


Оқыту нәтижесі: 1) Компьютерлік технологияларды қолдана отырып, ұйымдық-өкімдік және ақпараттық-анықтамалық құжаттармен жұмыс істеу.

Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу

Бағалаудың өлшемшарттары:

1. Құжаттардың түрлері мен жіктелуін сипаттайды.
2. Құжаттардың ақпараттық және коммуникативтік функциясын түсінеді.
3. Құжаттардың құрылымын анықтайды.
4. Қызметтік құжаттардың негізгі деректемелерін қолданады.
5. Құжаттың мәтініне қойылатын талаптарды сақтайды.
6. Компьютерлік технологияларды қолдана отырып, ұйымдық-өкімдік және ақпараттық-анықтамалық құжаттармен жұмыс жасайды.


Оқыту нәтижесі: 2) Еңбек қатынастарын реттейтін құжаттарды мемлекеттік тілде жасау.

Бағалаудың өлшемшарттары:

1. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек қатынастарын және "Техникалық реттеу туралы" және "Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы" ҚР Заңдарына сәйкес техникалық реттеу саласындағы қатынастарды реттейтін құжаттар туралы ұғымын меңгерген.
2. Еңбек шартының қажетті талаптары туралы ақпаратты меңгереді.
3. Түйіндемені, өмірбаянды, мінездемені, өтінішті, арызды, сенімхатты, қолхатты мемлекеттік тілде құрастырады.


БҚ 3. Физикалық қасиеттерді дамыту және жетілдіру

БМ 03. Физикалық қасиеттерді дамыту және жетілдіру

Бұл модуль жеке қасиеттерді және олармен байланысты қабілеттерді жетілдіру үшін қажетті білімдерді, икемдер мен дағдыларды сипаттайды.
Модульді зерделеу нәтижесінде білім алушылар: дене тәрбиесінің әлеуметтік-биологиялық және психофизиологиялық негіздерін, жеке және спорттық өзін-өзі жетілдіру негіздерін, салауатты өмір салтының негіздерін меңгереді.
Модульді зерделеу кезінде білім алушылар: қозғалыс қабілеттері мен дағдыларын ұдайы жетілдіру жағдайында денсаулықты нығайтуы; кәсіби тұрғыда маңызды физикалық және психомоторлық қабілеттерді дамытуы; өзін-өзі бақылау және ағзаның функционалдық жай-күйін бағалау дағдыларын үйренеді.


Оқыту нәтижесі: 1) Денсаулықты нығайту және салауатты өмір салты қағидаттарын сақтау.

Дене тәрбиесі

Бағалаудың өлшемшарттары:

1. Салауатты өмір салты негіздері мен мәдениетін ұғынады.
2. Бұлшық етке жүктеме түскен кездегі тыныс алу, қан айналым және энергиямен қамтамасыз ету жүйелері қызметінің физиологиялық негіздерін сипаттайды.
3. Жалпы дене дайындығы бойынша жаттығулар кешенін орындайды.
4. Күнделікті өмірде салауатты өмір салты мәдениетін сақтайды.


Оқыту нәтижесі: 2) Физикалық қасиеттерді және психофизиологиялық қабілеттерді жетілдіру.

Бағалаудың өлшемшарттары:

1. Командалық спорттық ойын қағидаларын сақтайды.
2. Денет тәрбиесі жүктемесінің негіздерін және оны реттеу тәсілдерін сипаттайды.
3. Жаттығуларды орындау техникасын меңгереді.
4. Үйренген ойын тәсілдері мен жеке тактикалық міндеттерді оқу ойынында қолданады.
5. Бағдарламада көзделген бақылау нормативтері мен тестілерін орындайды.


Оқыту нәтижесі: 3) Жарақаттану және жазатайым оқиғалар кезінде дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету.

Бағалаудың өлшемшарттары:

1. Дене тәрбиесі жаттығуларымен айналысу кезінде жарақаттардың туындау себептерін, жарақаттанудың алдын алу тәсілдерін түсінеді.
2. Жарақаттар кезінде дәрігерге дейінгі көмек көрсетеді.


БҚ 4. Құқықтық негіздерді түсіну, өзін және өзінің қоғамдағы орнын сезіну, әлеуметтік, саяси, этникалық, конфессиялық және мәдени айырмашылықтарды төзімділікпен қабылдау

БМ 04. Қоғам мен еңбек ұжымында әлеуметтену және бейімделу үшін әлеуметтік ғылымдар негіздерін қолдану

Бұл модуль әлемнің философиялық бейнесін зерттеу, мәдениеттің болмысы мен арналуын түсіну; азаматтық құқықтар мен міндеттерді сақтау; қоғамның даму заңдылықтары мен перспективаларын, қазіргі замандағы әлемнің әлеуметтік-саяси үдерістердің даму үрдістерін түсіну негізінде ойлау мәдениетін қалыптастыруға қажетті білімдерді, икемдер мен дағдыларды сипаттайды.
Модульді зерделеу нәтижесінде білім алушылар: негізгі философиялық ұғымдарды және заңдылықтарды; мәдениеттерді, діндерді және өркениетті; мемлекеттік құқықтық қарым-қатынастар мен құбылыстардың жүйесін; азаматтар мен қоғамдағы саясаттың басқа да субъектілерінің өзара қарым-қатынастары жүйесінің жұмысын меңгереді.
Модульді зерделеу кезінде білім алушылар: негізгі философиялық ұғымдарға сүйенуі;
философияның негізгі мәселесі мен диалектика заңдарын түсінуі; әлемдік өрнениеттегі Қазақстан Республикасы халықтары мәдениетінің рөлі мен орнын талдауы;
жалпы адамгершілік-адами құндылықтар мен гуманистік дүниетаным негізінде толеранттылық таныта білуі;
адам баласын жек көрушілік, экстремистік, радикалдық және террористік идеологияларды мойындамауы;
құқық нормаларын сақтауы; әлеуметтік өзара қарым-қатынастар барысында қалыптасатын әлеуметтік және саяси қатынастар жүйесінде бейімделуге дағдыланады.


Оқыту нәтижесі: 1) Жалпы философиялық мәселелерді жақсы білу.

Философия негіздері
Мәдениеттану
Құқық негіздері
Әлеуметтану және саясаттану негіздері


Бағалаудың өлшемшарттары:

1. Негізгі философиялық ұғымдарды меңгереді.
2. Философия тарихындағы таным үдерісінің мәнін және таным үдерісіне әр түрлі пікірлерді түсінеді.
3. "Диалектика", "диалектика заңдары", "болмыс", "материя", "қозғалыс", "кеңістік және уақыт" ұғымдарының мәндерін сипаттайды.
4. Философияның негізгі категорияларының мәні мен өзара байланысын анықтайды.
5. Әлемнің ғылыми, философиялық және діни көріністерінің ерекшеліктерін түсінеді.


Оқыту нәтижесі: 2) Адам өмірінде еркіндік пен жауапкершілік, материалдық және рухани құндылықтар сияқты философиялық санаттардың арақатынасын анықтау.

Бағалаудың өлшемшарттары:

1. Тұлғаның өмірдің, мәдениеттің және қоршаған табиғи ортаның сақталуына жауапкершілік деңгейін сезінеді.
2. Ғылымның, техника мен технологиялардың дамуымен және пайдаланылуымен байланысты әлеуметтік және этикалық проблемалардың мәнін түсінеді.
3. Адам өміріндегі материалдық және рухани құндылықтардың қатынасы туралы жеке пікірін тұжырымдайды.
4. Өмір шындығы мен мәні туралы әр түрлі пікірлерді талдайды, осы түсініктерге қатысты өз пікірін қалыптастырады.


Оқыту нәтижесі: 3) Қазақстан Республикасы халқы мәдениетінің әлемдік өркениеттегі рөлі мен орнын түсіну.

Бағалаудың өлшемшарттары:

1. Отандық мәдениеттің тарихын, дәстүрлі қазақ мәдениетінің құндылықтарын біледі.
2. Қазақстан Республикасы халқы мәдениетінің әлемдік өркениеттегі рөлі мен орнын түсінеді.
3. Тәуелсіз Қазақстанның мәдени жетістіктерін сипаттайды.


Оқыту нәтижесі: 4) Толеранттылықты және белсенді тұлғалық көзқарасты қалыптастыратын моралдық-адамгершілік құндылықтар мен нормаларды түсіну.

Бағалаудың өлшемшарттары:

1. Әртүрлі мәдениеттер мен өркениеттердің нысандарын және түрлерін, тарихын сипаттайды.
2. Әлемдік және дәстүрлі діндердің тарихын біледі және қазіргі жағдайын түсінеді.
3. Экстремисттік, радикалдық және террористтік идеологияны ажырата алады.
4. Әлеуметтік, этникалық, конфессиялық және мәдени ерекшеліктерді толеранттылықпен қабылдайды.


Оқыту нәтижесі: 5) Құқық және мемлекеттік-құқықтық құбылыстар туралы негізгі ұғымдарды білу.

Бағалаудың өлшемшарттары:

1. Құқықтың мәнісін және негізгі белгілерін түсінеді.
2. Заңдылық және құқықтық тәртіп ұғымын біледі және қағидаттарын сақтайды.


Оқыту нәтижесі: 6) Құқықтың негізгі салалары туралы мәліметтерді меңгереді.

Бағалаудың өлшемшарттары:

1. Қазақстан Республикасы Конституцияның ережелеріне сәйкес жеке тұлғаның құқықтық мәртебесін, "Техникалық реттеу туралы" ҚР Заңына сәйкес тұтынушы мен дайындаушы құқықтарын түсінеді.
2. Әкімшілік реттеу әдістерін сипаттайды.
3. Әкімшілік және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершіліктің қажеттілігін түсінеді.
4. Азаматтық және отбасылық құқықтың негізгі ережелерін меңгереді.
5. Салық түрлері туралы ақпаратты меңгереді.
6. Қылмыстық жауапкершілікті және оның туындау негіздемесін түсінеді.


Оқыту нәтижесі: 7) Еңбек заңнамасына сәйкес өзінің құқықтарын қорғау.

Бағалаудың өлшемшарттары:

1. Қызметкердің Еңбек кодексіне сәйкес құқықтары мен міндеттерін түсінеді.
2. Жұмысшы мен жұмыс берушінің материалдық және тәртіптік жауапкершілігін ажыратады;


Оқыту нәтижесі: 8) Әлеуметтанудың және саясаттанудың негізгі ұғымдарын меңгеру

Бағалаудың өлшемшарттары:

1. Негізгі политологиялық ұғымдарды меңгереді: билік, саяси жүйе, саяси режим, мемлекет, мемлекеттік басқару формалары, мемлекеттік құрылыс формалары, саяси партиялар, партиялық жүйелер, саяси элита, саяси көшбасшылық, геосаясат.
2. Әлеуметтанудың негізгі ұғымдарын меңгереді:
әлеуметтік қарым-қатынас, әлеуметтік құбылыс, әлеуметтік үдеріс, әлеуметтік ілгерілеу.
3. Жалпы әлеуметтік және саяси үдерістерді жеке фактілермен арақатынасын біледі.


Оқыту нәтижесі: 9) Халықаралық саяси үдерістерді, геосаяси ахуалды түсіну.

Бағалаудың өлшемшарттары:

1. Қазіргі әлемдегі Қазақстанның орны мен рөлін түсінеді.
2. Қазақстан Республикасының саяси жүйесінің құрылымын сипаттайды.
3. Саяси мәдениеттің жұмыс істеу мәні мен заңдылықтарын түсінеді.


БҚ 5. Заманауи экономикалық жүйенің заңдылықтарын және қызмет ету тетіктерін түсіну

БМ 05. Кәсіптік қызметте экономиканың базалық білімдерін қолдану

Бұл модуль қазіргі экономикалық жүйенің заңдылықтары мен тетіктері туралы, нарық тетіктері мен мемлекеттік реттеу әдістері туралы кешенді түсінік қалыптастыру үшін қажетті білімдерді, икемдер мен дағдыларды сипаттайды.
Модульді игеру нәтижесінде білім алушылар: экономикалық теория негіздерін; экономикалық жүйелердің жалпы негіздерін; макроэкономика негіздерін; экономиканың өзекті мәселелерін; "Жасыл экономиканың" негізгі міндеттерін меңгереді.
Модульді зерделеу кезінде білім алушылар: негізгі экономикалық мәселелерді, экономика теориясы мен бизнес негіздерінің тұжырымдық ережелерін түсінуді;
елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарын анықтауды үйренеді.


Оқыту нәтижесі: 1) Экономикалық теория саласындағы негізгі мәселелерді меңгеру.

Экономика негіздері

Бағалаудың өлшемшарттары:

1. Экономикалық терминдерді меңгереді, нарықтық экономика заңдылықтары мен қағидаттарын түсінеді.
2. Өндіріс және тұтыну экономикасының негіздерін меңгереді.
3. Мемлекеттің салықтың саясатын сипаттайды.
4. Инфляция көздерін және оның салдарларын түсінеді.


Оқыту нәтижесі: 2) Кәсіпорынның меншік формасы мен түрін, жоспары түрін, негізгі экономикалық көрсеткіштерін анықтау.

Бағалаудың өлшемшарттары:

1. Жоспарлаудың негізгі кезеңдері мен мазмұнын сипаттайды.
2. Математикалық әдістерді қолдана отырып, қажетті экономикалық есептеулерді орындайды.
3. Кәсіпорынның негізгі экономикалық көрсеткіштерін анықтайды.


Оқыту нәтижесі: 3) Әлемдік экономиканың даму үрдістерін, мемлекеттің "жасыл" экономикаға өтуінің негізгі міндеттерін түсіну.

Бағалаудың өлшемшарттары:

1. Әлемдік экономиканың даму үрдістерін сипаттайды.
2. Мемлекеттің "жасыл" экономикаға өтуінің негізгі міндеттерін түсінеді.
3. Жалпы ішкі өнім мен жалпы ұлттық өнімді есептеудің негізгі әдістерін қолданады.


Оқыту нәтижесі: 4) Кәсіпкерлік қызметтің табысқа ие болу және тәуекелге бару мүмкіндіктерін анықтау.

Бағалаудың өлшемшарттары:

1. Кәсіпкерліктің мақсаттарын, даму факторлары мен шарттарын сипаттайды.
2. Қазақстандағы кәсіпкерлік қызметтің заманауи ұйымдастырушылық-құқықтық формаларын сипаттайды.
3. Кәсіпкерлік қызметтің жетістігін анықтайтын факторларды түсінеді.
4. Бизнес жоспарды құру негіздерін меңгереді.


БҚ 6. Қазақстанның тарихын, әлемдік қоғамдастықтағы рөлі мен орнын түсіну

БМ 06. Қазақстанның тарихын, әлемдік қауымдастықтағы рөлі мен орнын түсіну

Бұл модуль ұлттық сананы дамытуға, ежелгі дәуірден қазіргі кезеңге дейін орын алған тарихи оқиғалардың мәні мен заңдылықтарын түсінуге қажетті білімдерді, икемдер мен дағдыларды сипаттайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет