Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы
Жұлдыз ауылы
А.Хұсайынов атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Гумарова Айымжан Сүйеуғалиқызының
іс-тәжірибесінен
Білімнің мініп тұлпарын,
Биікке құлаш ұрамын!
Мақсаты:А)Білімнің сара жолы мектептен басталатынын, кең дүниеде
өмірге есік ашатынын сезіндіре отырып,оқушылардың 4 жыл
білім алған бастауыш сыныбымен қоштасу рәсімін жасау;
Ә) Білімге деген құштарлығын арттыру, білімді болуға шақыру,
ақыл, ой-өрісін дамыту;
Б) Ұстаздары мен ата-аналарына балалық алғыстары мен
сүйіспеншіліктерін білдіру, олардың талғам мәдениетін
қалыптастырып, ұстазды, үлкенді құрметтеуге баулу.
Көрнекілігі: әсем безендірілген зал,қанатты сөздер, слайд
Барысы:
Ертегі сыр шертеді.
Бүгінгі мынау заманда
Жер шары деген ғаламда
Жұлдыз деген ауылда
Балаларға білім беретін,
Батыр ата есімінде
«Мектеп» патшалығы өмір сүріпті.
Патшалықты ой десе ойы бар, ақылы асқан Ерғали Абзал Ниетжанұлы деген патша басқарыпты. Ол патшаның екі уәзірі болыпты. Біріншісі – мектептің оқу ісін жүргізуші, келбеті әсем келіскен, білімін елмен бөліскен Жұмағазиева Әлия Сапарғалиқызы, ал екіншісі – балалардың тәрбиесімен шындап айналысқан, халқының қамын ойлаған Биғалиева Дариға Биғалиқызы екен.
Патшаның кеңесшілер сарайында білім беру ісінде үздік саналған, өз ісінің шебері атанған көптеген ұстаздар қызмет етіпті.
«Мектеп» патшалығында іші балаларға толы шағын-шағын 7 сарай болыпты. «Даярлық» сарайының жауапты ұстазы Ерғалиева Света патшалық табалдырығын жүрексіне аттап, ішке енуге батылдары бармай тұрған № 1 сарай балаларын Гумарова Айымжан Сүйеуғалиқызы деген мұғалімге тапсырыпты.
Айымжан Сүйеуғалиқызы 2008 жылдың 1 қыркүйегінен бастап сол сарайдағы 16 баланы алаңсыз білім алсын деп өз бауырына басады.
Күндердің күнінде сол кішкентай балалар білім жолына есік ашқан Әліппе оқулығын тәмәмдап, Ана тілі оқулығына қол созады.Математика пәнінің қыр-сырын үйреніп, Дүниетану пәні арқылы ой-дүниесін кеңітеді, шет тілдері арқылы тіл сындырады.Осылайша бұл балдырғандар 4жылдың қалай тез өте шыққанын да сезбей қалады.Бір күні олар өздерінің бастауыш сыныппен қоштасып, ортаңғы буынға өтуге міндетті екендігін ұстаздарынан естіп, біледі. Сөйтіп алғыстарын білдіру үшін ұстаздары мен ата-аналарын Шәкен мәдениет сарайында өтетін мерекелік кештеріне шақырады.
(Музыка әуенімен сахна ашылады)
1-жүргізуші: Армысыздар, мұғалімдер , әз жандар,
Білім іздеп инемен құдық қазғандар.
Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан
Өмір деген үлкен жолды шарлаңдар.
Бүгін міне қоштасады бастауышпен балбұлақ,
Ән мен жырға, тарландарым, сал құлақ .
Кеше сәби, бүгін міне жас ұлан,
Лаулап жансын балалығың шамшырақ.
2-жүргізуші: Қош келіпсіз, ақ жаулықта аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарыңызда жауқазындай құлпырған –
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.
Қош келіпсіз, өр тұлғалы әкелер,
Қыран құстай болашағын мәпелер.
Бүгін міне бастауышпен қоштасад
Азамат боп кешегі сәби-еркелер.
Екеуі бірге: Құрметті қонақтар, қош келіпсіздер!
1-жүргізуші: Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да,
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда.
Қол соғып қошеметттеп қойыңыздар
4 сынып оқушылары ортаңызда.
2-жүргізуші: - Алдарыңызда тұрған балалар осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіп-кішкене балдырғандар едік. Енді міне бойымыз да, ойымыз да өсіп, егеменді еліміздің жарқын болашағын жасау мақсатында жоғары сыныпқа қадам басқалы тұрмыз.
Бүгінгі мерекемізді ашу үшін сөз кезегін мектеп басшысына береміз.
Ән : «Мектеп»
1-оқушы: Қағылды тұңғыш сабақ қоңырауы,
Сыныптан 16 бала орын алды.
Мөлдіреп отыр өңкей қара көздер,
Келе алмай сыртта қымбат ойын қалды.
2-оқушы: Есімде ұстаздың алғаш қарсы алғаны,
Айқара есік ашып тастағаны.
Бір мереке думан боп осы маңда
Жетектеп бір сыныпқа алып барғаны.
Енді міне, сағымдай боп өте шықты,
4 жыл уақыт аз ба екен ,кім біліпті?
Ұстаз ана жасады мына бізден
Ел таңқалар азамат бір-бір мықты.
1-жүргізуші: Алғашқы ұстаз – ерекше тұлға, дара шың,
Ұмтылмастай мәңгі есте қалатын.
Сарғайып кеткен суреттерді парақтап,
Шәкірттерін оңаша еске алатын,
2-жүргізуші: Ажырамай мектептен бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпен өзіңізге,
Шәкірттерге арналсын тілегіңіз.
Сөз кезегі алғашқы ұстазымызға беріледі.
1-жүргізуші: - Балалар, алғашқы бастауыш сыныпты тамамдап, ортаңғы буынға көшкелі отырмыз. Осы уақыт аралығында не оқыдық, не білдік?
3-оқушы: «Әліппе» ұстап, «Ана тілімен» таныстым,
Байлығына достарыммен таң қалыстым.
Тілі екен бұл Абай, Жамбыл, Мұхтардың,
Қазақтағы әулие би, үш арыстың.
4-оқушы: Әйтекенің жарып айтқан,
Қазыбектің қазып айтқан,
Төле бидің тауып айтқан
Ұлағатты сөзінен өнеге үйрендік.
5-оқушы: Осылардың өлең-жырын оқып жаттадық,
Даналық сөзді қазақтан басқа таппадық.
Мазмұндама, шығарма жазып үйрендік,
Әңгіме айтып тәп-тәуір сөз саптадық.
Білдім алғаш дыбыстың не екенін,
Жуан ба, әлде жіңішке ме екенін.
Әріпті де ойдағыдай меңгердім,
Ақтара алдым емін-еркін сөз кенін
6-оқушы: Алғаш рет сандарменен таныстым,
Оларды санап жазу қиынға түсті тым.
Қосып алуды да меңгердім,
Көбейту кестесін де үйрендім.
Үйрендім есептің төрт амалын,
Шығарып есеп, теңдеу де құра аламын.
Көп таңбалы сандардың да
Бұза алатын болдым қамалын.
2-жүргізуші: Сыныбымда оқып жатыр кіл дарын,
Сенбесеңіз зейін қойып тыңдағын.
Қыздарымыз нақышымен оқиды,
Ақындардың өлең менен жырларын.
Мәнерлеп оқу:1.Мейрамова Диляра «Тәлім өлең» Оразақын Асқар
2.Мағзомова Саянгүл «Дос туралы» Мұқағали Мақатаев
2-жүргізуші: Жақсы жырды жақ талмас жырлағанда,
Әсем ән нәр береді, сыр маған да.
Көрерменнің көңілі көкке жетер
« » әсем ән тыңдағанда.
1-жүргізуші: -Нұрдәулет, мерекемізге ата-аналарымызды да қатыстырып, көңілдерін бір серпілтіп тастасақ қайтеді?
2-жүргізуші: - Жөн айтасың. Құрметті ата-аналар, балаларыңыздың сіздерге арнаған тапсырмалары бар. Соларды орындап, салтанатымызға өз үлестеріңізді қосуды сұраймыз.
Ойынның шарты: қазір ортаға шыққан балалардың ата-аналарының да сахнаға көтерілуін сұраймыз. Балаларыңыз іс-қимылмен жасырады, ал ата-аналар сөзбен айтып табуы керек.
1. Менің көйлегімді жуып берші, ілгегімді тағып берші.
2. Мен ыдыстарды, үйді жуамын, сен маған балмұздақ алып берші.
3. Менің тісім ауырып тұр, сабаққа бармай-ақ қояйыншы.
1-жүргізуші: - Ардақты да, ұғымтал ата-аналарымызға көптен-көп рахмет!
- Енді сіздерге сұрақтар жазылған парақшалар үлестіріледі. Сол сұрақтарға қызықты да, мәнді жауап дайындап отырсаңыздар. Мерекеміздің келесі сатысында тыңдайтын боламыз.
1. Балаңыздың арманын білесіз бе? Ол нені армандайды және кім болуды армандайды.?
2. Балаңыздың өміріндегі немесе өзіңіздің өміріңіздегі ең қызықты бір сәтті әңгімелеп
берсеңіз?
3. Балаңыз бос уақытында немен айналысқанды жақсы көреді?
4. Балаңыздың ең жақын досы туралы не білесіз?
1-жүргізуші: - Ендігі кезекте ,мына отырған қауымға сөз қадірін түсініп, мақалдап
сөйлейтін оқушыларымыздың өнерін тамашалауды ұсынсақ қайтеді.
Көрініс: «Мақал-мәтел айтысы»
Ақсақал: -Ассалаумағалейкум! «алыстан алты жасар бала келсе, ауылдағы алпыс жасар қария сәлем береді» демекші қалың қалай балам?
Жігіт: - «Келгенше қонақ ұялады, келегн соң үй иесі ұялады» деуші еді, келіңіз, төрге шығыңыз, қонақ болып кетіңіз.
Ақсақал: - «Қонағын сыйласа төрге шық» деген, төрге шығайын.
Жігіт: - «Жат асына қарайды, дос басына қарайды» деуші еді аталарымыз, асқа отырыңыз.
Ақсақал: - Ойбай-ау! «Жақсы ас қалғанша, жаман қарын жарылсын.»
Жігіт: - «Досыңның тамағын қасыңдай іш» деген, ала отырыңыз.
Ақсақал: - Ой, рахмет! «Досы жоқ адам, тұзы жоқ тағам» дейді ғой. Алла разы болсын.
Жігіт: - «Жылқы кісінескенше, адам сөйлескенше.» Осылай таныс-біліс болу да бір ғанибет қой.
Ақсақал: - «Таз таранғанша той тарқар.» Мен қайтайын.
Жігіт: - «Бір ауылда мың туысың болғанша, әр ауылда бір туысың болсын» деген, келіп тұрыңыз.
2-жүргізуші: - Достар, осылайша сөз қадірін біліп, ана тілімізді қастерлеп жүрейік.
Өнерліге әсем ән мен сән керек,
Өнегені қанжығаға өңгеред.
Тамылжыта билегенде бишілер,
Бүкіл әлем кетер бір сәт дөңгелеп.
Сахнаға биші қыздарымызды шақырамыз.
7-оқушы: «Здраствуйте!» деп бүгін,
Амандасар бәріңмен.
Орыс тілі пәні де
Достастырар өзге ұлтпен
8- оқушы: «Үш тұғырлы тіл» - біздің ұранымыз,
Гүлнұр апайдан көп біздің сұрарымыз.
Орыс тілі мемлекеттік тілден кейін
Керек болар тіліміз, құралымыз.
Бүгінде тілді білсек қор болмаймыз,
Шүлдірлеп тұрсақ егер зор болмаймыз.
Тілейміз Гүлнұр апайға
Болашаққа сілтейтін жол болғайсыз.
9 – оқушы: «Үш тұғырлы» тілдің бірі – ағылшын,
«Гуд мони» деп амандасып мен тұрмын.
Ағылшынша сайрап, бүкіл әлеммен
Ләззат апай ұғындырар шет тілін.
Хор: «Әрқашан күн сөнбесін» (орыс тілінде, шет тілінде)
1-жүргізуші: -Достар , бүгін бізде мейрам. Бастауышты бітіріп жатырмыз. Бір-бірлеріңе қандай жақсы тілек тілер едіңдер?
10-қушы: Құтты болсын құрбы жан,
Алға аттаған қадамың!
Білім деп соқсын жүрегің,
Жолыңа бестік шашамын. (Бестік баға шашады)
11-оқушы: Жайнаса бұлбұл бүлдіршін,
Бір сынып тағы өрлесін.
Жайқалып тұрған көктемгі,
Өмірің сенің гүл болсын! (Гүл шашады)
12оқушы: - Өмірдеген сан-салалы қиыр жол ,
Адаспаңдар одан да аларың мол.
Ұстаз, ана, әкенің, құрбының да
Саған достым тілейтіні тек ақ жол! (Күріш шашады)
Үшеуі бірге: Шақырып алыс арманға,
Асулар күтіп тұр алда.
Өмірге ұлы самғауға,
Жар бола көрсін бір Алла!
2-жүргізуші: - Осы тұста, ата-аналарымыздың жауабы дайын болса, сахнаға шақырамыз.
Қошеметтеп қойыңыздар.
(Ата-аналар жауабы тыңдалады)
2-жүргізуші: «Ұстаз!» Бұл сөздің ұғымы кең. Оның негізгі мәні жақсылыққа, өмірде өзі
де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізуге үйретіп, тәрбиелеу
дегенді білдіреді.
1-жүргізуші: - Ұстаз – ең қадірлі, қымбат адам. «Біреудің бақытын аялаған, өзінің
уақытын аямаған» асыл тұлға.
Әр баланың жүрегіне гүл еккен,
Ұстаз ісін ақын біткен жыр еткен.
Бұл ұжымға айтар алғыс шексіз – ау
Қаншама мың шәкірттерді түлеткен.
2-жүргізуші: Ендігі кезекте бастауышта білім берген ұстаздарға арнаған оқушылардың
өлеңдеріне кезек береміз. Қабыл алыңыздар!
13-оқуышы: Талаптанып білім шыңға самғауға,
Мен мектепке алғаш рет барғанда.
Света апай қарсы алып ең біздерді,
Мерейіңіз биік болсын әр қайда.
14-оқушы: Жетілдіріп жеткіншектер білімін,
Сырын ашқан ағылшынның тілінің.
Ләззат апай еңбегіңді бағалап,
Сізге шексіз алғыс айтар сыныбым.
15-оқушы: Жасау үшін жас өскіннен шын дарын,
Талай балғын суретшіні шыңдадың.
Назерке апай үйреттіңіз біздерге,
Әсем етіп сурет салу сырларын.
16-оқушы: Санамызда тұрса дағы сан ұғым,
Білмеуші едік көп нәрсенің ағынын.
Салауатты өмір салтын сақтауды,
Спартак ағай мен өзіңнен таныдым.
17-оқушы: Сырғып артқа сәби шағым, жас шағым,
Өте шықты бастауышым қас-қағым.
Салауат ағай таныстырды біздерге,
Өзіңді танып, тәрбиелеудің сыр-мәнін.
Ән: «Ұстазым» Орындайтын:
18- оқушы: Жарқылдап тойға келген асыл жандар,
Гүлдей боп көзімізге басылғандар.
Қол жетпес арманды іске асырғандар –
Ата-аналар, құрметті, асыл жандар.
Сырымды менің бес саусақтай біледі,
Біздер үшін бөлек жаны, жүрегі.
Қамқор жанды одан басқа көргем жоқ,
Біздер үшін бақыт іздеп жүреді.
19-оқушы: Қамқорым, асыл анам, ғазиз анам,
Жүресің көп жақсылық тілеп маған.
Өмірде көп жамандық көрмей жүрші,
Тілерім осы ғана менің саған.
Санама құйған сансыз ақылыңды,
Білемін балаң үшін мақұлыңды.
Ақтармын тірі жүрсем ақ сүтіңді,
Жаратқан жабырқатпа жақынымды.
20-оқушы: Асқар тау әкешім бар, сүйенішім,
Ізгілік, адалдықты сүйеді шын.
Қабақ шытса балалық қылығыма,
Ешқашан болмақ емес ренішім.
Ойлайды әрқашан да бала қамын,
Көремін аялаған алақанын.
Әкемнен алған асыл қасиетті,
Елімнің керегіне жаратамын.
1-жүргізуші: - Жетекші боп балаңызға жүрдіңіз бе?
Бізді ойлап көңіліңіз жүдеді ме?
Достарым тыңдаңыздар ата-ана сөзін,
Сіздерге арнап айтар тілегін де,- деп, құттықтау сөз кезегін ата-аналарға
береміз.
Ән: «Ана--әке»
2-жүргізуші: Ақыл айтса салмақты,
Ашуы да бар қатты.
Алайда ол басқадан
Қымбат, әрі ардақты – деп, бастауыш сынып жетекшімізді шақырамызжәне болашақ сынып жетекшіміз ортаға шақырамыз.
(5-сынып жетекшісіне тапсыру сәті)
Хормен: Құрбыласпыз,
Тұрғыласпыз,
Барлығымыз бір сыныптаспыз.
Таланттымыз,
Талаптымыз
Жақсы оқимыз сабақты біз!
1-жүргізуші: Аяулы менің мектебім,
Өзіңде өткен көктемім.
Өзіңнен алар әлі де
Арманым асқақ көп менің.
2-жүргізуші: Алғашқы басқан өткелім,
Білімді сарқып төккеннің.
Сусындап сенен нәр алсам,
Алатын шыңым көп менің,
Аяулы менің мектебім.
1-жүргізуші: Кезекті құттықтауларға береміз.
Оқу ісінің меңгерушісі Әлия Сапарғалиқызын ортаға шақырамыз.
2-жүргізуші: Тәрбие ісінің меңгерушісі Дариға Биғалиқызын сахна төріне шақырамыз.
1-жүргізуші: Бастауыш сынып бірлестігінің жетекшісі Нарша Мұхамбетқызына
құттықтау сөз кезегін береміз.
Ән:
Орындайтын:
Мұғалім: Алдымда білім қуған ұландарым,
Қатайсын қанаттарың, қырандарым.
Кеше ғана кіріп едің тарыдай боп,
Бастауышпен қоштастың бүгін бәрің.
Қияға қанат бітіп шарықтаңдар,
Білімді боп, өсіңдер жалықпаңдар.
«Сапар сәтті болсын» ұл-қыздарым
Ұмытпаңдар ұстаз салған із барын.
Төртіншіні сендер бітіріп кеткенмен
Қайталаймыз тағы бастап біз бәрін.
Хормен: Ұстаз деген ұлық атты сыйлаймыз,
Жақсы әдетті сол жандардан жинаймыз.
Болашаққа ұмтыламыз үмітпен,
Әйтсе де әлі бастауышты қимаймыз.
Хор: «Сыныптастар, құрдастар» («Армандастар» әні әуенімен )
1-жүргізуші:Білімнің мініп тұлпарын,
Өзіңде өстім, көктедім.
Қош, ұстазым алғашқы,
Қош бастауыш мектебім!
2-жүргізуші: - «Білімнің мініп тұлпарын, Биікке құлаш ұрамын!» атты бастауыш
сыныппен қоштасу салтанатымыз өз мәресіне жетті.
Уақыт бөліп тамашалағандарыңызға мың алғыс!
Музыка әуенімен сахна жабылады.
Естелік суреттерге түсу.
Құттықтау сөз:- Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгін сіздер бастауыш сынып түлектерінің қоштасу ертеңгілігіне куә болып отырсыздар.Қаздай болып тізілген балалар осыдан төрт жыл бұрын мектепке келген балдырғандар еді. Енді бойлары да, ойлары да өсіп, бастауыш сыныпта білім алып, жоғары сыныпқа өткелі отыр.
Талаптарыңызға нұр жаусын, ата-аналарыңыздың, ұстаздарыңыздың сенімін ақтар ел азаматы болыңыздар демекпін.
Бүгінгі күн сіздердің естеріңізде мәңгі сақталсын!
Құрметті қонақтар, алдарыңызда тұрған балғын түлектердің өнерін бірге тамашалап, көңілдеріңіз бір серпілсін дегім келеді.
4 жыл білім нәрімен сусындаған біздің шағала шат көңілді шәкірттерім!
Бүгін сіздер үшін де, біздер үшін де қуанышты, қимастыққа толы ерекше сәт!
Қуаныштысы – бал дәурен балалық шағынан білім нәрін құйған шәкірттеріміз бастауыш сыныппен қоштасып, сәл де болса есейіп, ержетіп, орта буындағы сынып оқушылары қатарына қосылып отыр.
Ал қимас сезім – мектеп босағасын бүлдіршін боп аттаған өнегелі шәкірттеріңді, білімнің қыр-сырын үйреткен шәкірттеріңді жаңа бір белеске шығарып салу. Біз осы тәрбиелеген, мәпелеп оқытқан, жақсы, жаманды айыруға үйреткен, білім мен тәрбие берген шәкірттеріміздің ендігі болашағын сізге сеніп тапсырамын.
Кемшілік тұстарын түзетіп, жетістігін асырып, бойыңыздағы білім нәрін еш аянбастан себеді деп сенемін.
Өздеріңмен адымдап аспандаймын,
Сендер барда ешкімнен жасқанбаймын.
Бастауышты бітірген сендер
Ал мен
Тағы да бір белестен асқандаймын.
Мен үшін бәрің бірдей, қарақтарым,
Орындалсын арман-тілек, талаптарың.
Самғаңдар биіктерге
Қайрылмасын
Енді ғана қатайған қанаттарың.
Тағы да бір өтсем бе екен санап бәрін
Сегіз ұл мен сегіз қыз шырақтарым
Он алтыңды түрлі мінезбен парақтадым:
Білімімен үлгі болған сыныпқа,
Отырмайды ойланбастан тынып та.
Нұрдәулет біздің өнегелі, өнерлі,
Арасында достарының беделді.
Ал мен ақын болам деп
Сусылдаған қаламым.
Аңсағаным ынталы,
Таудан асқан талабы.
Тентек, бірақ ақылды,
Сыйлап жүрер жақынды.
Мерген біздің ұлдарды,
Тәртіпке әркез шақырды.
«Мен үлкейіп, толамын,
Сіздей ұстаз боламын»
Деп жүр біздің Аймангүл,
Үлгісі кіші баланың.
Математиканы ұнатады,
Қыздарды кейде жылатады.
Ерғабыл бізді әрқашан
Күлдіреді және қуантады.
Мен дәрігер боламын,
Үлкеннің де баланың.
Деп жүр біздің Салтанат
«Өзім емдеп жазамын.»
Суретті жақсы салады,
Өнері бойға тарады.
Үлгілі оқушы Нұрлыбек,
Биікке шығып барады.
Өнер куған жасынан,
Сөз асырмас басынан.
Намысқой біздің Диана,
Табылар дос қасыңнан
Ертеңгі күнін ойлайтын,
Бес алам деп қалмайтын.
Аршыл біздің Бекарыс,
Жалқаулыққа бармайтын.
Келеді сонау қашықтан,
Мектепке әр кез асыққан.
Жаннұр біздің ақ көңіл,
Көңілі дария тасытқан.
Қай кезде де ол анық,
Қайғырмайды өзі үшін.
Асылжан біздің қуанып,
Қызарады өзі үшін.
Қыздарымыз ұқыпты,
Сүйкімді, әрі қылықты.
Құралай біздің әрқашан
Таза ұстайды сыныпты.
Бойында алаулаған жалын,
Жақсылық толғандырып жанын.
Тілеген біздің қайтпай үйге
Ойлаумен жүреді сыныптың қамын.
Би билейді талмайды,
Озат болдудан қалмайды.
Біздің әсем Саянгүлді,
Барлық бала тыңдайды
Мен инженер боламын,
Жерден алтын табамын.
Деп жүр біздің Нұрғиса
«Алтыннан мектеп саламын.»
Білімді, алғыр, жан-жақты,
Қыздарымыз сымбатты.
Диляра біздің әрқашан
Досымыз болар қымбатты.
Достарыңызбен бөлісу: |