Биология және экология кафедрасы 050608 Экология мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын студенттерге арналған


Қарастырылатын сұрақтар Дәріс мазмұны



бет11/24
Дата14.04.2017
өлшемі2,24 Mb.
#13927
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24

Қарастырылатын сұрақтар

Дәріс мазмұны:


1. Жердің химиялық құрамы.

2. Жер қойнауында болатын химиялық элементтердің негізгі формалары.


Әдебиеттер: Степановских А.С. Общая экология, 33-55, 555-586; Степановских, 137-140; Орлов Д.С., Безуглова, 44-68, 75-91; Асқаров, 41-44 б.; Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә., 16-21-беттер.
1. Жердің химиялық құрамы.

Жер планетасының химиялық құрамын алғаш рет анықтаған американ ғалымы – Ф.Кларк.

Организмдер өмір сүру үшін қажетті, бірақ өте аз мөлшерде жұмсалатын элементтер мен қосындылар микроэлементтер деп аталады. Организмдер өмір сүруіне қажетті және көп жұмсалатын элементтер макроэлементтер деп аталады. Адам организміне қажетті микроэлемент - йод көзі болып теңіз балдырлары саналады. Сынаппен улану меркуриализм деп аталады.

Тірі заттардың орташа химиялық құрамының жер қыртысының орташа химиялық құрамынан ерекшелігі - көміртегі мен азоттың көп болуы.


2. Жер қойнауында болатын химиялық элементтердің негізгі формалары.

Мантия заттарында силикаттар басым болады. Жер ядросында кездесетін элементтер: темір және никель.

Топырақ пен тау жыныстарында макроэлемент, ал тірі организмдер үшін микроэлемент болып табылатын компонент – темір. Активті ауа мигранты болып саналады (А.И.Перельман бойынша) – оттегі. Пассивті ауа мигранты болып саналады (А.И.Перельман бойынша) – неон.

Кейбір өсімдіктер көп мөлшерде химиялық элементтерді жинақтайды. Ламинария балдыры иод жинақтайды. Мыс көп кездесетін топырақтарда купрофиттер өседі. Қоршаған орта күйін анықтау үшін индикатор ретінде пайдалануға болады.


Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:

Адам организміне қажетті микроэлемент - йод көзі болып саналады?

Жер қыртысында сирек кездесетін элементтерді ата

Жер қыртысында химиялық элементтердің орташа мөлшерінің көрсеткіші

Сирек кездесетін, жер қыртысында шашыранды таралған элементті атаңыз.

5 дәріс



Тақырыбы: Жер планетасының химиялық құрамы.

Қарастырылатын сұрақтар

Дәріс мазмұны:


1. Жердің химиялық құрамы.

2. Жер қойнауында болатын химиялық элементтердің негізгі формалары.

3. Вернадский-Кларк заңдылығы.
Әдебиеттер: Степановских А.С. Общая экология, 33-55, 555-586; Степановских, 137-140; Орлов Д.С., Безуглова, 44-68, 75-91; Асқаров, 41-44 б.; Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә., 16-21-беттер.
1. Жердің химиялық құрамы.

Жер қыртысында химиялық элементтердің орташа мөлшерінің көрсеткіші кларк деп аталады. Жер қыртысында ең көп кездесетін элемент оттегінің кларкі 47- ге тең.

Жер қыртысында элементтердің таралу заңдылығына сәйкес «химиялық элементтердің атомдық құрылысы күрделенген сайын олардың кларкі азаяды». Биосфераның қайтымдылық заңын (1957) негіздеген П.Дансеро. В.Докучаев "Географиялық зоналылық" заңдылығын негіздеді.
2. Жер қойнауында болатын химиялық элементтердің негізгі формалары.

Жер бетінде химиялық элементтердің таралуының Оддо-Гаркис заңдылығына сәйкес «Д.Менделеев кестесінде қатар орналасқан екі химиялық элементтің реттік саны жұп түрінің кларкі үлкен болады». Жер қыртысында атомдық массасы 4-ке бөлінетін элементтердің химиялық элементтердің кларкі әрдайым жоғары болады.


3. Вернадский-Кларк заңдылығы.

Химиялық элементтердің қоршаған ортада шашырап таралу заңдылығы Вернадский-Кларк заңдылығы деп аталады.

Калий - көміртегі - темір химиялық элементтерін қосатын қисық сызық қоректік элементтер сызықтығы деп аталады: көміртегі мен калийді және көміртегі мен темірді қосады. «Қоректік элементтер сызықтығынан» алыс және төменде орналасқанда химиялық элементтер тірі организмдер үшін аса қауіпті болып саналады. Организмдердің қалыпты тіршілік етуі үшін қажетті элементтер «қоректік элементтер сызықтығының» бойында немесе жақын орналасады.
Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:

Организмдер өмір сүру үшін қажетті, бірақ өте аз мөлшерде жұмсалатын элементтер мен қосындылар аталады

Тірі заттардың орташа химиялық құрамының жер қыртысының орташа химиялық құрамынан ерекшелігі неде?

Жер планетасының химиялық құрамын алғаш рет анықтаған американ ғалымын атаңыз.

6 дәріс, 1 кредит сағат

Тақырыбы: Қоршаған ортадағы химиялық элементтердің миграциясы.

Қарастырылатын сұрақтар

Дәріс мазмұны:


1. Биосферадағы тірі заттар.

2. В.Вернадскийдің тірі зат туралы ілімі.



Әдебиеттер: Степановских А.С. Общая экология, 33-55, 555-586; Степановских, 137-140; Орлов Д.С., Безуглова, 44-68, 75-91; Асқаров, 44-52 б.; Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә.16-21-беттер.
1. Биосферадағы тірі заттар.

Тірі заттар дегеніміз химиялық құрамы, энергия және салмағы арқылы біріккен бүкіл тірі организмдердің жиынтығы. Тірі заттар тек биосферада ғана кездеседі. В.И.Вернадский тірі органикалық заттарды биосферадағы бос энергияны тасушы атаған. "Жердің сыртқы қабатында үнемі өзгеріс енгізетін тірі организмдерден құдіретті күш жоқ" - деп атап көрсетті. Тірі заттың биогеохимиялық энергиясы - биосферадағы процесстердің дамуының негізгі қозғаушы факторы болып саналады.

В.И.Вернадскийдің бөліп қарастырған тірі заттың бес функциясы:

1. Газды – газдардың миграциясын және олардың айналымын, атмосфераның газдық құрамын қамтамасыз ету; атмосферада оттегі жинақталады, өсімдіктердің оттегіні бөліп шығаруы, денитрификация және нитрификация процесстері, биогенді күкіртсутек түзілуі, батпақ газының пайда болуы.

2. Жинақтау немесе концентрациялық – организмдердің өз денелерінде шашыранды химиялық элементтерді жинақтау қабілеті, олардың мөлшерін қоршаған ортамен салыстырғанда бірнеше есе көбейту; химиялық элементтерді концентрлеу қабілеті, заттар атомдарын іріктеп жинақтау. Жер қыртысында кальцийдің жинақталуы тірі заттың концентрациялық функциясына жатады. химиялық элементтер организмдерде жинақталады. Мысалы, диатомды балдырлардың кремнийді жинақтауы.

3. Тотығу-тотықсыздану – тірі заттың әсерінен тотығу (ортаның оттегімен байытылуы) және тотықсыздану – оттегінің тапшы кезінде органикалық заттардың ыдырауы, күкіртті сутектің түзілуі, жинақталуы процесі; Тірі заттың тотығу-тотықсыздану функциясына сәйкес топырақта және гидросферада тұздар пайда болады.

4. Биохимиялық

5. Адамдардың биогеохимиялық іс-әрекеті.

Сондай-ақ планетамызда тірі заттардың мынадай функциясын ажыратады:

Деструкциялық - өлген органикалық заттардың ыдырауы, яғни тірі заттың өлі затқа айналуы. Нәтижесінде биосфераның биогенді және биологиялық өлі заттары (биокостық) түзіледі. Биосферадағы тірі заттардың деструктивті функциясының мәні - органикалық заттардың ыдырату және минералдану.

Энергетикалық – биосфералық-планетарлық құбылыстардың космостық сәуле шығарумен, күн радиациясымен байланысын жүргізу;
2. В.Вернадскийдің тірі зат туралы ілімі.

Тірі зат пен өлі заттың құрамы, құрылымдық және функциональдық ерекшеліктері болады. Тірі заттың құрамында ірі молекулалы қосындылар – белоктар мен нуклеин қышқылдары болады. Құрылымдық жағынан барлық тірі заттардың клеткалық құрылымы болады. Клеткалық құрылысына қарай барлық тірі организмдер прокариоттар (клетка ядросы болмайтын) мен эукариоттарға (ядролы) бөлінеді.

Тірі заттар дегеніміз қазіргі уақытта Жер бетіндегі барлық тірі организмдердің жиынтығы. Тірі зат тек биосферада ғана болады. Биосфераны құрайтын заттар бір текті емес. Сондықтан олар тірі және өлі (косты) заттарға бөлінеді. Өлі заттар массасы мен көлеміне бойынша басым болып келеді.

Биосфераның өлі заттары мен тірі заттар арасында атомдар миграциясы үнемі жүріп тұрады. Биосферадағы өлі заттарға магмалық тау жыныстары жатады. Космостық табиғаты бар зат – метеорит. Тірі организмдер және олардың шала ыдыраған қалдықтарынан түзілетін тау жыныстары каустобиолиттер деп аталады. Каустбиолиттерге мұнай, газ, шымтезек жатады.

Функциональдық тұрғыдан тірі заттар өзіне ұқсас ұрпақ қалдыруға қабілетті. Сонымен қатар тірі заттарға зат алмасу, тітіркендіргіштік, өсу, даму, қозғалу, тыныс алу т.б. процесстер тән.
Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:

Биосферада тұрақтылықтың қамтамасыз етілу механизмі болып не саналады?

Тірі ағзалар мен геологиялық процестердің біріккен әрекетінен түзілген денелер қалай аталады?

Биосферадағы тірі заттардың деструктивті функциясының мәні неде?

Жер қыртысында кальций жинақталуы тірі заттың қандай функциясына жатады?

В.В.Вернадский ілімі бойынша биосферада биогенді миграцияға қатысады?


7 дәріс, 1 кредит сағат

Тақырыбы: Қоршаған ортадағы химиялық элементтер миграциясы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет