Оқыту мен сабақ берудің әдістері
бет 113/226 Дата 29.01.2023 өлшемі 0,76 Mb. #166720
Байланысты:
СИЛЛАБУС-Мамандығы-051301-–-«Жалпы-медицина» 5. Оқыту мен сабақ беруд ің әдістері :
Аралас, комбинирленген тәсіл қолданыланады: видеотәсіл қосылған ауызша сұрау, блиц-сұрақтар , жазбаша түрде бақылау, шағын топтарда жұмыс жасау.
Оқыту құралдары : кестелер, сызбанұсқалар , тест тапсырмалары, видеофильм (кафедралдық компьютерде)
Бағаланатын құзырлылылар
жазбаша жауап алу, үй тапсырмасын (жаттығулар, жағдайлық есептер және тесттер) тексеру арқылы жүргізіледі;
1. Сабақты ұйымдастыру - сабақтың міндеттері мен мақсатымен танысу. Күрделі сұрақтар бөлек талданылады.
Үйге тапсырма беру: Белоктар алмасуы. Жай белоктардың аралық алмасуы. Жасушада амин қышқылдарының (анаболикалық реакцияларға – белок, креатин, алмастырылатын амин қышқылдарының синтезіне) қолданылуы. Амин қышқылдарының катаболизмі: амин қышқылдарының декарбоксилденуі және дезаминденуі. Амин қышқылдарының азотсыз қалдықтарының және аммиактың қолданылуы. Аммиакты залалсыздандыру. Жай белоктар алмасуының соңғы өнімдері, олардың бөлінуі.
Келесі сабақтың өзбетімен дайындалу сұрақтары:
1. Жасушада амин қышқылдарының пайдаланылуы.
2. Белоктар алмасуындағы бауырдың рөлі.
3. Амин қышқылдарын анаболикалық үрдістерге пайдалану.
4. Жасушада амин қышқылдарының ыдырау жолдары (катаболикалық үрдістер).
5. Амин қышқылдарының декарбоксилденуі , биогенді аминдердің түзілуі, маңызы.
6. Амин қышқылдарының дезаминдену түрлері.
7. Амин қышқылдарының азотсыз қалдықтарының пайдаланылуы.
8. Аммиактың түзілуі және оның пайдаланылу жолдары.
9. Мочевина синтезі.
10. Белоктар алмасуының соңғы өнімдері және олардың ағзадан шығарылуы.
2. Блиц-сұрау тест сұрақтары бойынша жүргізіледі
3. Ауызша сұрау
Қалыпты жағдайдағы асқазан сөлінің химиялық құрамы.
Асқазан сөліндегі тұз қышқылының рөлі.
Қалыпты жағдайдағы және патологиялық жағдайдағы асқазан сөлінің физико-химиялық қасиеттері
Асқазан сөлінің патологиялық құрамдас бөліктері, пайда болу себептері.
АІЖ-дағы белоктардың қорытылуы, бұл үрдістерге қатысатын ферменттер , оларға сипаттама (осы сұрақ ағылшынша, орысша, қазақша өткізіледі).
Амин қышқылдарының сіңірілуі.
Белоктардың ішекте шіруі, улы шіру өнімдерінің залалсыздануы.
Залалсызданудың жүретін орны мен әдістері.
Достарыңызбен бөлісу: