Биологияны оқыту әдістемесі (пәннің атауы) ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені



бет109/131
Дата05.02.2022
өлшемі1,64 Mb.
#11341
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   131
Лабораториялық сабақ № 11
Тақырып: Биология сабағында тестілік тапсырмаларды қолдану әдістері.
1.Тест-тапсырмасының өсімдіктану сабағындағы орны.
2. Тест-тапсырмасының жануартану сабағындағы орны.
3. Тест-тапсырмасының тәнтану сабағындағы орны.
4.Тест-тапсырмасының тіршіліктану сабағындағы орны
Мақсаты: Биология сабағында тестілік тапсырмаларды қолдану әдістерін меңгеру.
Тапсырмалар: 1.Биология сабағында тестілік тапсырмаларды қолдану әдістері.
Оқушыларға сапалы білім беруде бүгінде кеңінен қолданып келе жатқан әдістердің бірі – тест.Тест-ағылшынның бақылау деген сөзінен шыққан.Тест-бақылаудың жаңа әдісі. Тест бүгінде барлық пәндерде қолданылады.Тест арқылы оқушы сұрақ жауабын жалпылама емес нақты жауап беру арқылы білетін болады.Тест жүйесінің артықшылығы:уақытты үнемдеу, пәнді толық қамтиды, жауап қысқа нақты болады.Тест жүйесінің осындай артықшылығына байланысты мектепте,ЖОО-да сынақтық жүйе тест арқылы өткізіледі.Күнделікті сабаққа тест тапсырмасын мұғалім өзі даярлағаны дұрыс.Жалпы бүгінде тест педагогикалық басылымдарда және жеке кітапшалар болып шығуда.Тест-әдісінің бірнеше түрі бар.Оларды тиімділігіне байланысты дұрыс қолдану керек.Тест тапсырмаларын құрылу құрлымына байланысты былай бөлуге болады.1)Дұрыс жауапты таңдау,яғни бір сұрақтың 5жауабының тек біреуі ғана дұрыс.2)Балама тест(альтернативтік),яғни бір сұраққа «ия» немесе «жоқ» деген жауап беріледі.3).Толықтыру тестісі,яғни сұрақтың толық берілмеген жауабын тауып толықтыру керек.4)Сәйкестендіру тестісі,яғни сұрақтың берілген жауабын тауып сәйкестен-
діру керек. Тест тапсырмасын шешуге берілетін уақыт оның қиындығына байланысты,1-2 минут уақыт жеткілікті болады. Тестіні түрлендіріп құрастыру мұғалімнің еңбегіне тікелей байланысты. Тестілер оқушының кеңінен ойланып,білімін тереңдетуге мүмкіндік береді. Бірақта тестінің баланың сөйлеу қабілетінің дамуын тежейтін жақтары да бар.
Биология сабағында тестіні дұрыс орнымен тиімді қолдану керек.Мұғалім тестіге арнайы дәптер бастаған дұрыс.Әр тақырыпты өткен сайын мәтін көлеміне қарай сұрақтар құрастырылады.Сұрақтар саны ыңғайына қарай 4 тен 8 ге дейін болады. Биология сабағында тестіні үй тапсырмасын тексеруде,меңгерген жаңа сабақты бекітуде қолдануға болады.
Жоғарда берілген тест әдістерінің біріншісін қолданған тиімді,себебі:болашақта ЖОО-на түсерде қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет