Жануарлар үйқыбезінен бөлініп алынған инсулинмен адам- дарды емдегенде оньщ қосымша зиянды әсері жағымсыз салда- рға әкелуі мүмкін, мысалы кейбір адамдарда, әсіресе балаларда көздің, бүйректің қызметі бүзылады, аллергия дамиды. Сондықтан дәрі ретінде адам инсулинін ғана пайдалану керек, бірақ адам- дардың үйқыбезін шикі зат ретінде алу мүмкін емес. Жануарлар- дың үлпаларынан бөлініп алынған инсулинді адам инсулиніне ай- налдырудың бір жолы жүзеге асырылды. Жануарлар мен адам инсулинінің айырмашылығы шамалы: шошқа үйқыбезі инсу- линінің В-тізбегінде 30-аминқышқылы - аланин, ал адам инсу- линің В-тізбегінде - треонин. Химиялық реакциялар арқылы шо- шқа инсулинінің В-тізбегіндегі 30 аланин қалдығын треонин қал- дығына ауыстырады, яғни шошқа инсулині адам инсулиніне ай- налдырылады. Альшған препарат белсенді және адам инсулині- мен салыстырғанда оның үқсастыгы көрсетілді. 1978 жьшы адам инсулинінің екі полипептидтік тізбегі гендік инженериялық әдіс арқылы алынды. Алдымен адам инсулинінің А және В-тізбектерін кодтайтын гендерінің химиялық синтезі іске асырылады. Синтетикалық гендерді Е.соіі жасушаларына енгізеді де, олардьщ экспрессиясы нәтижесінде инсулиннің екі полипеп- тидтік тізбегі түзіледі. 1980 ж. АҚШ-та У. Гилберт әріптестерімен адам үлпаларынан инсулиннің мРНҚ-лын бөліп, оның негізінде кері транскрипция әдісімен кДНҚ-ны қүрды. кДНҚ-ны рВК322 плазмидаға енгізіп, одан кейін адам проинсулинінің гені клондалды. кДНҚ-ның экспрессиясын жүзеге асьфып, адам инсулинін алды. Инсулин — гендік-инженериялық әдіс арқылы алынған ең бірінші медициналық препарат (оның коммерциялық атауы - хемулин). Гендік-инженериялық инсулин алудың артықшылығы мьгаадай: 1