) инсулин өндірісі шикі заттьщ жетіспеуіне тәуелді болмайды; 2) адам инсулинін алуға мүмкіндік береді; 3) Адам инсулинді пайдаланғанда жануарлар инсулині сияқты жағымсыз салдарына әкелмейді (аллергия, бүйрек қызметінің бүзылуы т.с.с). 3.3.2. Гибридомалар және моноклонды антиденелерді алу технологиясы . Жануарлар биотехнологиясында сомалық будан жасушаларды, әсіресе моноклонды антиденелерді синтездейтін гибридомалар- ды алу үшін жасуиіалық инженерияны қолданылады. Жануар- лардың сомалық будан технологиясының дамуьша келетін бол- 130
сак, алгаш рет XIX ғасырдың 30-жылдарында ғалымдар өкпе ту беркулез!, шешек, ұшпа шешек, қызылша сияқты ауыруға шалды- ғушылардың ауыру өзгерісі туылған ұлпаларынан көп ядролы жасушаларды байқаған. Сонымен қатар XIX ғасырдың 70-жыл- дарында ғалымдар бақаның қызыл жасушасынан да (эритроцит- терден) көп ядролы құрылымдарды көрген. Бірақ сол кездегі ғылым мен техниканың дамуының шектелуінен, олар мүндай құбылыс- тың мәніне толық назар аудармаған. 1958 жылы Жапония ғалымдары «Сендай» деген тіршіліктен айырылған вируспен ықпал етіп адамның құрсақ шеменін ісік жа- сушасына қосып табысқа жетті. Кейін келе ғалымдар тағы түрліше жануарлардың дене жасушасын осындай өлтірілген вирустар ықпалымен қосып жаңалык ашты. Вирустың сыртындағы гликопро теин мен кейбір ферменттер жасуша ферменттерімен гликопро- теинмен әрекеттесіп, жасушалар өзара біріктірілді. Әрі карай бу дан жасушаларды өсіреді. Әдістің ең маңызды жолы - моноклонды антидене даиындау, ал моноклонды антиденені алу үшін ғалымдар и
и