реакциясы басталады: комплемент жүйесі активтенеді. Ол жасуша- лык мембраналарды бұзады. Нәтижесінде Ғс-бөлігі антиденемен байланысып, Ғс-рецептор эффекторлы бөтен жасушаны ерітетін бөлінді шығарады. Онымен дене молекуланың ҒаЪ бөлігі байла- нысқан. Содан кейін ҒаЬ бөлігі ерігіш антиген Ғс-бөлігімен косы- лады. Ол антиген-антидене комплексін бұзады. Қазіргі таңда гибридома алу және моноклондык антиденелер алу технологиясын жетілдіріп медицинада және ветеринарияда пайдаланады. Арнайы антигенге қарсы моноклонды антидене (МКА) алу үшін ВАЬВ/с линиясының тышқандарының денесіне оны бірнеше рет егеді. Осының нәтижесінде тышқан организмінде антигеннің әрбір детерминанталарына қарсы бағытталған В-лим- фоциттер түзіледі. Иммундеу аяқталған соң тышқанның көк бауы- рынан оның лимфацитерін бөліп алып, оларды ісік жасушаларымен араластырады. Сонан соң бүл жасушаларға бір-бірімен қосыла алатын дай жағдай жасайды. Көп қолданатын органикалық қоспа- лардын бірі - полиэтиленгликоль. Бүл жасушалардың гибридиза- циясы электр тогінің әсерімен де іске асады. Олар жасуша мембра- насьга тесіп жасушалардың қосылуына себепкер болады. Деген- мен араластырылган екі түрлі жасушалардың бірлігі бірдей бір- бірімен косыла бермейді. Тек кейбіреулері гана гибридомаларды түзейді. Гибридомаларды қосьшмаган жасушалардан бөліп алу үшін, қоректік ортага гипоксантин-амидоптерин-тимидин (ГАТ) деген қарапайым қосылысты енгізеді. Ісік жасушалары гипоксан- тин гуанинфосфорибозилтрансфераза (ГТФРТ) деп аталатын фер- ментті синтездік қабілетінен айырылган, ал В-лимфоциттері және басқада сау жасушалардагы ГТФРТ гипоксантинды басқа қосы-