Бір жастан асқан балаларды тамақтандыру



бет8/8
Дата21.01.2022
өлшемі17,4 Kb.
#112614
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
М11.Бір жастан асқан балаларды тамақтандыру

Капуста құймағы Құрамы: 200 грамм капуста, жарты жұмыртқа, 1 шай қасық кепкен нан ұнтағы, 2 шай қасық май, 1 ас қасық қаймақ, кесенің 1/4 бөлігіндей сүт, тұз татымына қарай. Дайындау тәсілі: Капуста тазартылып, жуылады. Ұсақтап туралады да, үстіне сүт құйылып жұмсарғанша бұқтырылады. Содан соң еттартқышпен тартылады да, тұздалып, шикі жұмыртқа құйылады. Кепкен нан ұнтағы салынып араластырылады да, табадағы қызып тұрған майға қасықпен бөліп-бөліп салып пісіріледі. Балаға берерде үстіне қаймақ құйылады.

Сәбіз-алма котлеті Құрамы: 1 алма, 1 сәбіз, 1 шай қасық майда жарма, жарты шай қасық қант, 2 шай қасық май, кесенің 1/4 бөлігіндей су, тұз татымына қарай, 2 шай қасық қаймақ немесе 1 шай қасық еріткен сары май. Дайындау тәсілі: Сәбіздің қабығы аршылып, тазалап жуылады. Мүмкіндігіне қарай не езіп, не ірі көзді үккішпен үгіледі де, кастрюльге салынып, үстіне су құйылады. Сөйтіп отқа қойылып, шала пісіріледі. Шала піскеннен кейін үстіне қабығы аршылып, ұсақтап туралған алма салынады да қайтадан отқа қойылып, бабымен бұқтырылады. Содан соң майда жарма салынып, тұздалады. Қант қосылады да, үздіксіз араластырыла отырып, 5 минут қайнатылады. Суығаннан кейін сопақшалап, яғни котлет формасына келтіріліп, кепкен нан ұнтағына аунатылады да, табадағы қызған майға салып қуырылады. Балаға берерде үстіне сары май немесе қаймақ құйылады.

Қызылша котлеті Құрамы: 1 қызылша, 1 ас қасық кепкен нан ұнтағы, 1 шай қасық май, 2 шай қасық қаймақ. Дайындау тәсілі: Қызылша жуылады. Қабығы аршылып, ұсақтап кесіледі. Еттартқышпен тартылып, котлет формасына келтіріледі де, кепкен нан ұнтағына аунатылып, табадағы қызып тұрған майға қуырылады. Балаға берерде үстіне қаймақ құюға болады.

Мүкжидек киселі Құрамы: 2 ас қасық мүкжидек, 2 шай қасық картоп ұны, 3 шай қасық қант, 1 кесе ыстық су. Дайындау процесі: жидек әуелі іріктеледі. Електің үстіш салынып, ыстық сумен шайылады да, ағаш қасықпен езіледі. Содан соң дәкеге салынады да, сығылып сөлі алынады. Ал сығындының үстіне бір кесе ыстық су құйылып, отқа қойыла ды да, қайнатылып, сүзіп алынады. Сөйтіп қайнатындының біразы ыдысқа құйылып, суытылады. Үстіне картоп ұны салынады да, қалғанына қант қосылып, тағы да қайнатылады. Осы сироп қайнаған кезде, араластыра отырып, үстіне картоп ұны салынған қайнатынды құйылады. Сөйтіп тағы бір қайнатып алынады. Кисель суыған соң үстіне сығып алынып, беті жабық ыдыспен қараңғы жерде сақталған сөл құйылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет