16
Үшінші адам «Аллаһым! Мен қызметшілерге жұмыс істеттім. Еңбекақыларын да
уақытылы беріп тұрдым. Алайда, біреуі ақысын алмай кетіп қалды. Мен оның ақшасын іске
қосып, пайда таптым. Малы кӛбейді. Ол бірнеше жылдан кейін келіп, «Ей, Аллаһтың құлы!
Маған қарызыңды тӛле» деді. Мен «Мына кӛріп тұрған сиыр, түйе, күңдердің барлығы
сенікі. Осылардың бәрін ал!» дедім. Әлгі адам «Мені мазақ етпе!» деді. Мен тағы да «Мен
сенімен ойнап отырған жоқпын. Барлығын ал» деп қайталадым. Ол бәрін алып, кетті.
Аллаһым! Егер осыны Сенің разылығың үшін жасаған болсам, бізді мына жағдайдан
құтқар» дейді. Сол кезде тас ашылып, олар ӛз жӛндерімен кетеді.
Иә, хадистен байқап отырғанымыздай шарасыз қалған үш адам ӛздерінің жасаған
шынайы істерін айтып, Аллаһқа жалбарынған, Аллаһ та оларды құтқарған. Әрқайсысының
да жасаған әрекеттері ӛте игі, ізгі әрекеттер. Әсіресе, тақырыбымызға қатысты мысалдан
алатын ӛнегеміз мынада, ата−анаға қызмет ету, оларды риза ету адам қиын жағдайда қалған
кезде бір кӛмек ретінде қайтарылатындығын кӛреміз. Ата−анасына қызмет еткен, оларды ӛз
балаларынан артық кӛрген адамның жасаған дұғасын Аллаһ қабыл етіп, оның үңгірден
шығуына себеп болған.
Достарыңызбен бөлісу: