19
адам жолға шығады. Кеш батқан соң түнеу үшін бір үңгірді паналайды. Таудан түскен бір
тас домалап келіп, үңгірдің аузын жауып қалады. Олар ӛз араларында: «Бізді бұл тастан
істеген ізгі істеріміздіді айтып, Аллаһқа жасайтын дұғамыз құтқаруы мүмкін» дейді. Сӛйтіп,
біріншісі былай дейді: «Менің кәрі ата−анам бар болатын. Мен оларға қарап, олардан бұрын
отбасыма да, малыма да тамақ жегізген жоқпын. Бір күні ағаш үздеу үшін алысқа баруым
керек болды. Үйге келсем екеуі де жатып қалыпты.
Малдарды саудым, олар тұрған жоқ.
Олардан бұрын отбасым мен малдарыма жегізуді дұрыс кӛрмедім, бірақ олардың ұйқысын
да қимадым. Мен кешіккендіктен балаларым аяғыма оратылды. Мен болсам сүт толы
ыдысымды ұстап олардың оянғанын күтіп тұрмын. Сол кезде таң да атты. «Аллаһым! Мұны
Сенің ризалығың үшін жасағанымды білсең біздің жолымызды жапқан мына тастан бізді
құтқар! Деді. Тас кішкене ашылады, бірақ шығатындай мӛлшерде емес еді.
Екінші адам былай дейді: «Аллаһым! Менің кӛкемнің бір қызы бар еді. Оны қатты
жақсы кӛретінмін. Оған кӛңілім ауды. Бірақ, оның кӛңілі менде болмады. Бір күні
жоқшылыққа ұшырап, маған жүгінуге мәжбүр болды. Оған менімен кӛңіл жарастыруы
шартымен жүз жиырма динар бердім, ол қабылдады. Қалауымды орындар кезде «Аллаһтың
мӛрін заңсыз түрде бұзу саған харам» деді. Содан мен онымен
байланыс жасаудан бас
тартып, оны жақсы кӛре тұра, оны тастап кеттім, берген алтындарымды қайтарып алмадым.
Аллаһым! Егер осыларды Сенің разылығың үшін жасаған болсам бізді осы қиындықтан
құтқар» дейді. Тас тағы да біраз ашылады. Бірақ, олар сыятындай емес еді.
Үшінші адам «Аллаһым! Мен қызметшілерге жұмыс істеттім. Еңбекақыларын да
уақытылы беріп тұрдым. Алайда, біреуі ақысын алмай кетіп қалды. Мен оның ақшасын іске
қосып, пайда таптым. Малы кӛбейді. Ол бірнеше жылдан кейін келіп, «Ей, Аллаһтың құлы!
Маған қарызыңды тӛле» деді. Мен «Мына кӛріп
тұрған сиыр, түйе, күңдердің барлығы
сенікі. Осылардың бәрін ал!» дедім. Әлгі адам «Мені мазақ етпе!» деді. Мен тағы да «Мен
сенімен ойнап отырған жоқпын. Барлығын ал» деп қайталадым. Ол бәрін алып, кетті.
Аллаһым! Егер осыны Сенің разылығың үшін
жасаған болсам, бізді мына жағдайдан
құтқар» дейді. Сол кезде тас ашылып, олар ӛз жӛндерімен кетеді»
26
.
Хадисте айтылған бірінші адамның ата−анасы үшін
жасаған жомарттығы Хақ
Тағаланың құзырында жақсы іс болады. Бұдан мынадай қорытынды шығаруға болады:
Ата−анасының ризалығы мен батасын алған адам ешқашан қор болмайды. Бұ дүниеде де,
ақыретте де бақытты болады.
Сондай−ақ, халықтың арасында «Дүние кезек» деген сӛз бар. Кім ата−анасына қалай
қараса болашақта балалары да оған солай қарайды. Осыған меңзеген пайғамбарымыз
(саллаллаһу алейһи уәссәлләм) былай деген: «Сендер әкелеріңе жақсылық жасаңдар, сонда
26
Б
ұ
хари, Енбия 50, Б
ү
йу 98, Ижаре 12, Харс13 , Едеб 5, М
ү
слим, Зикр 100; Ебу Дауыт, Б
ү
йу 29
20
балаларың да сендерге жақсылық жасайды. Сендер адал ӛмір сүріңдер,
әйелдерің де адал
болады»
27
.
Қазіргі кезде баласының ісіне шағымданатындар негізінде ӛздерінің ата−аналарына
жасаған істерінің қайтарымын кӛруде. Бұл − баланың ата−анасына жасаған ісінің дүниедегі
қайтарымы. Ал, ақыреттегі қайтарымы болса азаппен беріледі, аятта айтылғанындай
«Ақырет азабы әрине ауыр және ұзақ»
28
. Міне, осы азапқа
ұшырағысы келмеген адам
тәубенің есігі ашық кезде тәубе етіп, ата−анасына жақсылық жасауы керек,
осы мәселеде
басқаларға үлгі бола білуі керек.
Достарыңызбен бөлісу: