81
«Белі майысқан қариялар, сүт
еметін сәбилер, жайылған малдар болмағанда бәле
деген үстеріңе селдей жауар еді»
147
.
«Әдеп адам үшін бір киім. Әдепсіз адам жалаңаш адаммен бірдей».
3.
Сәлемдесу әдебі
Сәлемдесу − адамдар арасындағы біте қайнасуды қамтамасыз ететін, сүйіспеншілікті
арттыратын достықтың белгісі. Сонымен қатар, ол сүннетке жатады. Сәлем беру – сүннет,
ал сәлемді алу – парыз. Бір хадисте былай бұйырылады:
«Сендер иман келтірмейінше жұмаққа кіре алмайсыңдар. Бір−біріңді жақсы
кӛрмейінше иман келтірген болып саналмайсыңдар. Сендерге бір нәрсе кӛрсетейін бе, оны
жасаған кездеріңде бір−біріңді жақсы кӛресіңдер: Сәлемдесіңдер»
148
.
Сәлем беру әдебін былай бӛліп қарастыруға болады:
1.
Бір топтың қасына барған кезде сӛйлеместен бұрын «Әссәләму алейкум» деп сәлем беріледі.
2.
Ішінде адамы жоқ жерге кірген кезде «Әссәләму алайна уә ала ибадиллахиссалихин» дейді.
3.
Біреумен кездескен кезде сәлем берумен қатар айрылғанда да сәлем беруге болады. Ӛйткені,
пайғамбарымыз (саллаллаһу алейхи уәссәлләм): «Сендерден бірің
мешітке барған кезінде
сәлем беріп, шыққанда да сәлем берсін» дейді
149
.
4.
Кездескен екі адамның кішісі үлкеніне, шағын топ үлкен топқа, жастар қарияларға,
кӛліктегілер жаяуларға, жүргендер отырғандарға, артта
келе жатқандар алда келе
жатқандарға сәлем береді.
5.
Бір топқа берілген сәлемге «Уә алейкумусселам» деп біреу жауап қайтарса, екіншісінің сәлем
алуы міндетті емес. Ал, сол топтан ешкім жауап бермесе онда олардың барлығы жауапты
болады.
6.
Сәлем беруде «Мерхаба» деген сӛз де қолданылған. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейхи
уәссәлләм) қонақтарына «Мерхаба» деген. «Рахабе» деген түбірден шығатын бұл сӛз
«кеңшілік пен рахатқа қауышыңдар, тыныштық болсын» деген мағынаны береді.
7.
Сәлемге дереу жауап беру керек, мүмкіндігінше жауапты сәлем берген адамға естіртіп айту
керек.
8.
Сәлем берген адамның сәлемін естімегендей болуға болмайды.
Сәлем беруге болмайтын кейбір жағдайлар да бар. Олар:
147
Ажлуни, Кешфул Хафа6, 2\230
148
М
ү
слим, Иман 22;
Ә
буд Дауыт, Селам 1; Тирмизи, Истизан 43
149
Тирмизи, Истизан, 15
82
1.
Сәлем Аллаһ Тағаланың (жәллә жәләлуһ) кӛркем есімдерінің бірі болғандықтан таза емес
жерлерде айтуға болмайды.
2.
Бір харам іс істеп жатқан адамға сәлем берілмейді.
3.
Құран оқыған, хадис айтып отырған және ғылым талқылап отырған адамдарға (осындай
қайырлы істің бӛлінбеуі үшін) сәлем берілмейді. Ол іс біткен соң сәлем беріледі.
4.
Азан шақырып тұрған, намаз оқып тұрған және қамат айтып тұрған адамға сәлем берілмейді.
5.
Сәлемге жауап қайтара алмайтын жағдайдағы адамға сәлем беру − мәкрүһ.
6.
Сәлем беру, сәлем алу − достықтың белгісі. Алайда, сәлем берген кезде тӛмен иілу − мәкрүһ.
Сәлемнен кейін қол алысу да сүннет. Пайғамбарымыз
қол алысудың сәлемді
толықтырушы нәрсе екенін айтқан
150
. Басқа бір хадисінде екі мұсылман адам кездескен
кезде бір−бірімен қол алысып, Аллаһ Тағаладан (жәллә жәләлуһ) бір−біріне кешірім тілесе,
олар ажырамай тұрғанда−ақ Аллаһтың екеуінің де күнәларын
кешіретінін айтқан
151
.
Әдепті адам ғылымнан құр болмайды,
Әдепсіз ғылым алған ғалым болмайды.
«Әдеп бар болса ғылым да бар деген сӛз. Бірақ, әдепсіз адам кітапхананың бәрін
меңгерсе де ғалым саналмайды».
Достарыңызбен бөлісу: