Бірінші бӛлім Кӛркем мінез туралы



Pdf көрінісі
бет47/82
Дата26.12.2023
өлшемі0,96 Mb.
#199359
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   82
Байланысты:
Көркем Мінез

Бір түс, тӛрт сабақ 
Пайғңамбарлардың бірі бір түс кӛреді.
Түсінде оған «Таңертең шыққан алғашқы нәрсені же, екінші нәрсені тық, үшінші 
нәрсені қабылда, тӛртінші нәрсені ренжітпе, бесінші нәрседен аулақ бол» дейді. 
Таңертең алдынан шыққан алғашқы нәрсенің тау екенін кӛргенде не істерін білмей 
қалады. Ішінен «Бұл қалай? Раббым мұны жеуді бұйырды» дейді. Бірақ, одан кейін «Раббым 
маған жасай алмайтын нәрсемді бұйырмайды» деп, жеу үшін тауға қарай жүре бастайды. 
Бірақ, тауға жақындаған сайын оның кішірейе түскенін, жанына жақындап барғанда балдан 
тәтті бәлішке айналғанын кӛріп, оны жейді де, Аллаһқа мадақ айтады.
Біраз жүргеннен кейін алдынан бір алтын құмыра шығады. «Мұны маған тығуды 
бұйырды» деп, оны жерге кӛмеді. Бірақ, біраз ілгерілеген соң артына бұрылып қараса алтын 
құмыра қайтадан шығып тұрады. Ол кері қайтып барып, қайтадан кӛмеді. Мұны екі−үш рет 
қайталауға мәжбүр болғаннан кейін біраз жүріп, артына тағы қараса алтын құмыра тағы да 
шығып тұр екен. Бірақ, ол «Мен Раббымның бұйрығын орындадым» дейді де, оны қайтып 
кӛмбейді.
Тағы біраз жүргеннен кейін бір құсқа кезігеді. Құсты қыран қуып жүр екен. Құс 
Оған: «Ей, Аллаһтың пайғамбары, мені құтқар!» дейді. Ол құсты алып, жасырды. Бірақ, 
біраздан кейін қыран алдынан шығып «Ей, Аллаһтың пайғамбары! Қарным ашып, азаннан 
бері осы құсты қуып жүр едім, ұстауға сәл−ақ қалған езде мені ризығымнан айырма» дейді. 
Қыранның бұл сӛзінен кейін пайғамбар не істейтінін білмей, дал болады. Ішінен 
«Кездескен үшінші нәрсені қабылдауым керек болатын, қабылдадым. Кездескен тӛртінші 
нәрсені ренжітпеуіме бұйрық етілді. Тӛртінші нәрсе осы қыран ғой, енді не істесем екен?» 
143
Б
ұ
хари, Либас 18, Хумус 19, Едеб 68 


80 
деп ойлады. Біраз ойланып тұрды қолына пышағын алып, ӛзінің санынан бір кесек ет кесіп 
алып, оның алдына тастайды. Қыран етті алып, ұшып кетеді. Сосын жеңіне тыққан құсты та 
босатып жібереді. 
Тағы біраз жүргеннен кейін алдынан бесінші болып бір ӛлексе шығады. Пайғамбар 
алған бұйрығы бойынша бұл ӛлекседен алыстайды. Түнде «Иа, Раббым! Маған 
бұйырғандарыңды орындадым. Енді маған осылардың мәнін түсіндірші» деп, дұға етіп
ұйқыға жатады. Түсінде оған: 
«Алғаш алдыңнан шығып, сенің жеген нәрсең − ашу. Ол істің басында таудай 
болады, алайда сабыр етіп, қысымға алынса балдан тәтті болады. 
Екінші нәрсе – жақсы амал. Оны қанша жасырсаң да бәрібір жарыққа шығады. 
Үшінші нәрсенің мәні мынада: Саған аманат етілген нәрсеге қиянат етпеуің керек. 
Тӛртінші болып кездескен нәрсең, біреу сенен бір нәрсе сұраған кезде оны орындауға 
тырысуың керектігін, осы жолда қажет болса ӛзің мұқтаж болған бір нәрсеңді беру керек 
болатынын ескерту үшін еді. 
Бесінші болып кездескен нәрсең – ғайбат. Басқалар туралы ғайбат айтқандардан 
аулақ тұр». 
Иә, мүмін адам кішіпейіл болып, ашуға бой алдырмауы керек, әрдайым жақсы істерді 
жасауға тырысып, кӛргенді ӛмір сүруі керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет