4.Дене тәрбиесінің міндеттері (Сауықтыру , білім беру, тәрбиелік міндеттері)
Сауықтыру міндеттгрі;
1. Өсіп келе жатқан ағзаның үйлесімді дамуына жәрдемдесу және оны біртіндеп ұлғайып келе жатқан жүктемеге дайындау, дұрыс дене сымбатын қалыптастыру, журек-қантамыры айналысы мен тыныс алу жүйелерін дамыту, зат алмасу процесінің қызметін жеделдету, жүйке жүйесін бекіту.
Белгілі бір жастағылардың және жыныстағылардың қозғалыс саладарын
дамыту.
Шынығу сыртқы ортаның жағымсыз әсерлерше ағзаның (қалыптылығын)
бейімділігін орнықтылығын арттыру.
Әртүрлі жас ерекшелігі топтарында сауықтыру міндеттерін ең маңыздыларын бірі нақтыланады, яғни ол дұрыс дене тұлғасын (сымбатын) қалыптастыру болып табылады.
Ағзаны шынықтыру - аса маңызды сауықтыру шараларының бірі. Шынықтыру процедураларын мектепке дейінгілерге қарағанда оқушыларға байқап және біртіндеп жасаған жағдайда ғана күшті әсер етеді.
Сауықтыру міндеттері екі жақты шешілуі мүмкін:
1) Дербес, өз бетінше, дене тәрбиесінің әдістері мен құралдарын арнайы таңдап, яғни, дұрыс дене дамуына немесе дене сымбатының бұзылуын, салмағын, белгілі бір бұлшық топтарының нашар дамуын қалпына келтіретіндей мүмкіндік туғызу.
2) Кез келген алу дене тәрбие міндеттеріне жол ашу. Мектеп оқушылары үшін жеткілікті белсенді қозғалыс күн тәртібі, күнделікті орындалатын дене жаттығулары маңызды; ерекше таза уақытқа (дозировка) есептеліп жасалынған жүктеме, ағзаның қуат қорып (ресурстарын) ашуға жол бермейді, өсуіне қажет жеткілікті демалыспен, ұйқымен, тамақпен өз уақтында күш бастапқы қалпына келтіруі; барынша жаксы гигиеналық қандай жасау - сабақтың сыртқы ортамен және материалдык-техникалық қамтамасыз байланыс; денсаулық жағдайына және дене дайындығы көрсеткіштеріне жүйелі түрде дәрігерлік-педагогикалық бақылау жасау.
Білім беру міндеттері
1. Оқушыларды өмірдің әртүрлі жағдайында кажетті біліммен, қабілетпен және дағдымен қаруландыру:
а) дене жаттығуларынын маңызы және әсері, әдіс түрі, ережесі және олардың
табыспен орындалу жағдайы;
б) өмірге қажетті қабілет пен дағдыны кең ауқымда жетерліктей қалыптастыру;
в) сантүрлі жаттығулар аркылы қозғалыс тәжіркбесін байыту, өз түйсігімен күш
салуды реттеу қабілетін қалыптастыру, әрекетті өз уақытында және дәл, нақтылы
міндетке сай, соңына ішінде күрделіленген жағдайда жасау. Бұл міндетті шешу жаңа
әрекеттерді өмір өткелдерінде пайдаланып шешуге жағдай туғызады.
3.Тәрбиелік міндеттері Мектеп оқушыларының жеке тұлғасын жан-жақты дамыту мақсатында дене тәрбиесінін барлық құралдары мен әдістері қолданылады. Олар оқушығы акыл-ойының дамуына, адамгершілік қабілеттерінін қалыптасуына, оларды еңбекке, отанды қорғауға дайындауға, эстетикалық дамуына жәрдемдеседі.
Өнегелілікке тәрбиелеу жаңа қоғам құрылысытың жеке тұлғаларынын мына ерекшеліктерін қалыптастыруға бағытталады:
1) Патриоттық (отан сүйгіштік), азаматтық, ұлтаралық ынтымақтастық;
2) Еңбек сүйгіштік, ұжымдық еңбекке дайын болу, басқалардың еңбекке деген
ынтасын сыйлау;
3) Ұжымға деген сүйіспеншілік, өзара жолдастық көмек, адамдарға деген
адамгершілік қарым-қатынас;
4) Саналы (зерделі) тәртіп, адалдық, шыншылдық;
5) Мақсатқа жетуге деген табандылық, ұстамдылық, өзін-өзі ұстай білу, тәуекелшілдік, шешімшілдік, батылдық.
Достарыңызбен бөлісу: |