Бірінші топ аниондарының жеке реакциялары



бет4/8
Дата14.11.2022
өлшемі60,48 Kb.
#158081
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Аниондар (1)

Pb(NO3)2 қорғасын (II) нитраты хромат-ионымен ашық-сары түсті тұнба түзеді:
Pb(NO3)2+ K2CrO4=PbCrO4↓+2KNO3

AgNO3 күміс нитраты хромиттермен әрекеттесу кезінде азот қышқылында және аммиак ерітіндісінде еритін, қызыл-күрен түсті тұнба түзеді:


K2CrO4+2AgNO3= AgCrO4↓+2KNO3
Дихроматтар Ag+ ионымен тұнба түзбейді.
C2O42- оксалат-иондарының реакциялары
C2O42- оксалат-ионы H2C2O4 қымыздық қышқылының анионына жатады. Бұл қатты, суда жақсы еритін қышқыл, әлсіз электролит.
CaCl2 кальций хлориді оксалат-ионымен минералды қышқылдарда еритін, ал сірке қышқылында ерімейтін ақ кристалды кальций оксалаты тұнбасын түзеді:
(NH4)2C2O4+CaCl2=CaC2O4↓+2NH4Cl
KMnO4 кальций перманганаты қышқылдық ортада оксалат-ионын көміртегі IV оксидіне дейін тотықтырады. Бұл кезде MnO4 ионы түссіз ионға Mn2+ дейін тотықсызданады және ерітінді түссізденеді:
5(NH4)2C2O4+2KMnO4+8H2SO4=10CO2↑+2MnSO4+K2SO4+5(NH4)2SO4+8H2O


ЕКІНШІ АНАЛИТИКАЛЫҚ ТОП АНИОНДАРЫНЫҢ
ЖЕКЕ РЕАКЦИЯЛАРЫ

Екінші топ аниондарына Cl-, Br-, I-, S2- және SCN- иондары жатады. Бұл аниондар күміс ионымен суда қиын еритін және сұйылтылған азот қышқылында ерімейтін тұздар түзеді. Сұйылтылған азот қышқылы қатысында топтық реактиві AgNO3 болып табылады. Бұл жағдайда AgNO3 бірінші топтың аниондарымен тұнба түзбейді. Екінші топ аниондарының барий тұздары суда ериді.




Cl - хлорид-иондарының реакциялары
Хлорид-ионы хлорсутек (тұз қышқылы) қышқылының анионына жатады. Бұл күшті қышқылдардың бірі, олардың күшті негіздің катиондарынан түзілген тұздары гидролизге ұшырамайды. Хлоридтердің басым көпшілігі суда жақсы ериді, сынап (I), қорғасын және күміс хлоридтері қиын ериді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет