Дифениламин (C6H5)2NH қышқылдық ортада азот қышқылымен тотығады, қанық көк түстің пайда болуымен жүреді. NO2-, CrO4- және басқа тотықтырғыштарда осы реакцияны береді.
CH3COO-ацетат-иондарының реакциялары Ацетат-ионы әлсіз сірке қышқылының анионына жатады. Көбіне сірке қышқылының тұздары суда ериді.
Күкірт қышқылы H2SO4 сірке қышқылын өз тұздарынан ығыстырады, оны тән иісі бойынша байқауға болады әсіресе қыздыру кезінде.
2CH3COONa + H2SO4 = 2CH3COOH + Na2SO4 Темір (III) хлориді FeCl3 ацетат-иондарымен қызыл-күрен түске боялған темір (III) ацетатын түзеді:
Fe(CH3COO)3 + 2HOH= Fe(OH)2CH3COO↓ + 2CH3COOH
Этил спирті C2H5OH сірке қышқылымен және оның тұздарымен концентрлі күкірт қышқылы қатысында этилацетаты түзеді, оны өзіндік тән иісімен байқауға болады.
CH3COOH + C2H5OH = CH3COOC2H5 + H2O Сол сияқты амил спиртімен де жүреді.