AgNO3 күміс нитраты иодидтерден ірімшік тәрізді ақшыл-сары түсті күміс иодидінің тұнбасын бөледі:
KI + AgNO3 = AgI↓ + KNO3
Тұнба аммиак ерітіндісінде және азот қышқылында ерімейді және натрий тиосульфаты ерітіндісінде нашар ериді.
Қорғасын (II) нитраты немесе ацетаты иодидтер ерітіндісінен қорғасын иодидін тұнбаға түсіреді – тұнба сары түсті, ыстық суда ериді және ерітіндіні салқындату кезінде қайтадан алтын қабықша тәрізді
2KJ + Pb(NO3)2 = PbJ2 ↓+ 2KNO3
Темір (III) хлориді және басқа тотықтырғыштар (мысалы CuSO4, NaNO2, K2Cr2O7) I- ионын бос күйге дейін тотықтырады:
2FeCl3 + 2KJ = 2FeCl2 + 2KCl + J2
сулфид-иондарының реакциялары
ионы күкіртсутек қышқылының анионына жатады, күліртсутектің судағы ерітіндісі ретінде танымал. Бұл күшті қышқылдардың бірі. ионы жеңіл тотығады.
AgNO3 күміс нитраты ионымен әрекеттесіп, күміс сульфидінің қара түсті тұнбаы түзіледі:
Na2S + 2AgNO3 = AgS↓ + 2NaNO3
Күміс сульфиді суықта сұйылтылған азот кышқылында ерімейді, бірақ осы ерітіндінің ыстық кезінде ериді. Аммиак ерітіндісінде ерімейді.
CdS + CuSO4 = CdSO4 + CuS
Сульфид-ионы үшін тән реакция.
SCN- тиоцианат (роданид) – иондарының реакциялары
SCN- - тиоцианосутегі (роданосутекті) қышқылының HSCN анионы, бұл бірнегізді күшті қышқылдарға жатады.
Темір (III) тұздары роданид-иондармен қызыл қан түсті темір-роданидті қосылысы түзеді. Бұл реакцияның қарапайым теңдеуі:
3KCSN + FeCl3 ↔ Fe(SCN)3 +3KCl
Достарыңызбен бөлісу: |