Бірінші топ аниондарының жеке реакциялары



бет3/8
Дата14.11.2022
өлшемі60,48 Kb.
#158081
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Аниондар (1)
қазақ тілі нед тап, 9 Лекция-презентация (1), «Иррационал те деулер мен те сіздіктер», 1тапсырма, элект Жұман М, Гаухар Презентация, Тема 6, Тапсырма 3, 3тапсырма, 4 тапсырма, Новый практический курс китайского языка. Учебник. Часть 1 ( PDFDrive ), 14 лекция, срсп 12.03, Гүлдана дүниетану, лекция 4
Минералды қышқылдар тиокүкірт қышқылын өзінің тұздарынан ығыстырып шығарады:
Na2S2O3+2HCl=H2S2O3+2NaCl
Тиокүкірт қышқылы түзілген сәтте ыдырайды:
H2S2O3=S↓+SO2↑+H2O
Күкірт түзу нәтижесінде ерітінді лайланады. Бұл реакция сульфиттердің катысында тиосульфаттарды анықтауға болады, себебі күкіртті қышқыл ыдырау кезінде тек SO2 газы бөлінеді, ал күкірт түзілмейді. Реакция фармакопеялық болып табылады.
AgNO3 күміс нитраты ерігіш тиосульфаттармен ақ тұнба Ag2S2O3 береді, ол суда еріп, күміс сульфиді пайда болу нәтижесінде оның сары түсі қара түске айналады:
Na2S2O3+2AgNO3=Ag2S2O3↓+2NaNO3
Ag2S2O3+H2O=Ag2S↓+H2SO4
Реакция фармакопеялық болып табылады.
BO33-және B4O72- борат-иондарының реакциялары
H3BO3 ортобор қышқыл-түссіз кристалды зат, өте әлсіз электролиттерге жатады. Құрамы бойынша бор қышқылының тұздары ортобор қышқылына сәйкес емес, ал HBO2 метабор қышқылына немесе H2B4O7 тетрабор қышқылына сәйкес келеді.
Этил спирті және концентрациялары күкірт қышқылы құрғақ бор қышқылымен немесе құрғақ бораттармен әрекеттесу кезінде борноэтил эфирі түзіледі. Борноэтил эфирі жану кезінде жалынға ашық-жасыл түс береді. Бұл реакция фармакопеялық болып табылады.
Cr2O72- хромат-иондарының реакциялары
Хромат – ионы H2CrO4 хром қышқылының анионына жатады. Қышқылдық ортада ол дихромат-ионына Cr2O72- ауысады:
CrO42-+2H↔Cr2O72-+H2O
Қышқылданған кезде (Н+ иондарының концентрациясын көбейткенде) тепе-теңдік оңға қарай ығысады да, ерітіндіде Cr2O72- иондары болады. Егер дихромат ерітіндісіне сілті қосатын болса, тепе-теңдік солға қарай ығысады (ОН- иондары Н+ иондарын байланыстырады және олардың концентрациясы күрт төмендейді) және ерітіндіде CrO42- иондары болады.
BaCl2 барий хлориді хроматтармен барий хроматының сары тұнбасы түзіледі:
K2CrO4+BaCl2=BaCrO4↓+2KCl
Тұнба минералды қышқылдарда ериді, ал сірке қышқылында ерімейді. Cr2O72- ионы барий хлоридімен Ba CrO4 тұнбасы түзеді тек натрий ацетаты қатысында.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет