Бірінші топ аниондарының жеке реакциялары



бет2/8
Дата14.11.2022
өлшемі60,48 Kb.
#158081
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Аниондар (1)
қазақ тілі нед тап, 9 Лекция-презентация (1), «Иррационал те деулер мен те сіздіктер», 1тапсырма, элект Жұман М, Гаухар Презентация, Тема 6, Тапсырма 3, 3тапсырма, 4 тапсырма, Новый практический курс китайского языка. Учебник. Часть 1 ( PDFDrive ), 14 лекция, срсп 12.03, Гүлдана дүниетану, лекция 4
Күміс нитраты AgNO3 фосфат-ионымен сары түсті күміс фосфаты тұнбасын береді, азот және аммиак ерітіндісінде жақсы ериді. Бейтарап немес әлсіз сілтілік ортада тұнба толық тұнуы мүмкін:
Na3PO4+AgNO3=Ag3PO4↓+3NaNO3
Реакция формакопеялық болып табылады.
CO32- карбонат ионның реакциялары
Карбонат-ионы көмір қышқылының анионына жатады. Бұл қышқылдың бос күйіндегі белгісіз, себебі ол толық СО2 газына және суға ыдырайды. Көмір қышқылы - өте әлсіз қышқыл, оның сілтілік металл тұздары гидролизге ұшырайды.
Қышқылдар барлық карбонаттарды қарқынды түрде көміртегі (IV) оксидін бөле отырып ыдыратады:
Na2CO3 + 2HCl = 2NaCl + CO2 ↑+ H2O
Бұл реакция карбонаттар үшін өте тән, өйткені сульфиттердің қышқылдармен ыдырау кезінде SO2 бөлінуі осы сияқты қарқынды болмайды. Реакция фармакопеялық болып табылады.
SO32- сульфит ионның реакциялары
SO32- ерітіндіде ғана кездесетін күкіртті қышқылдың Н2SO3 анионы. Оның тұздары-сульфиттер деп аталады. Күкіртті қышқыл тұрақсыз қышқылға жатады SO2 және суға ыдырайды. Сульфиттер сулы ерітінділерінде біртіндеп сульфатқа дейін тотығады.
Барий хлориді BaCl2 бейтарап сульфитті ерітінділерінен ақ түсті барий сульфаты тұнбасын бөледі:
BaCl2+Na2SO3=BaSO3↓ +2NaCl
Тұнба сұйытылған хлорсутек және азот қышқылында ериді.

S2O32- тиосульфат-иондарының реакциялары
S2O32- тиокүкірт қышқылының Н2S2O3 анионы. Тиокүкірт қышқылы тұрақсыз және бос күйінде кездеспейді. Бұл қышқылдың сілтілік металдарының тұздары тұрақты болғанмен, сулы ерітінділерінде гидролизге ұшырайды. Тиосульфаттар күшті тотықсыздандырғыштар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет