Бірінші кезеңде оқушылар ұжымы жеткіліксіз ұйымдастырылған топ. Сондықтан мұғалім сынып өмірін ұйымдастыру үшін жұмысты талап қоюдан бастайды. Талап іс-әрекетінің барысында орындалуға тиісті нақты міндеттер. Талап қою балаларды мінез-құлық нормасына үйрету, әлеуметтік тәжірибеге тарту. Бұл кезеңде балалар ұжымы сирек кездесетін құбылыс. Мұңдай жағдай бастауыш сыныптарда және әр мектептен біріктірілген оқушылардың жоғарғы сыныптарында болуы мүмкін.
Бұл кезеңде ұжым іс-әрекетінде белсеңді, ынталы, оқушыларға сүйену керек. Ұжым өміріне мұндай тәсіл сынып белсенді жұмыс істейтін оқушылар тобын кебейтуге және балалар мен мұғалімдердің жұмысты бірлесіп істеуіне әсер етуі мүмкін.
Бұл кезең аяқталу үшін мына мәселелерді еске алған жөн:
· ұжымды нығайтуға бағытталған мақсаттарды анықтау;
· ұжым іс-әрекетінің дамуы;
· жеке адам арасындағы қарым-қатынас іскерлік және
гуманистік қатынастардың пайда болуы;
· барлық ұжым мүшелері қолдайтын белсенділер тобының
бөлінуі.
Бұл кезеңде мұғалімнің негізгі қызметі - оқушылардың ұжымдық іс-әрекетін ұйымдастыру, оларды әр түрлі іс-әрекеттеріне қатыстыру, ұжымды балаға педагогикалық ықпал жасайтын құралға айналдыру.А.С.Макаренко ұжымды нығайту үшін тәрбие жұмысын барлық ұжымды тәрбиелеуден бастау қажет дейді.
Екінші кезеңде ұжым өзін-өзі басқаруға, яғни сынып жетекшісінің ұйымдастырушылық қызметінен тұрақты ұжым органдарына көшеді. Сондықтан бұл кезеңде белсенді топпен жұмыс істеудің маңызы зор. Мысалы, жұмысты бірігіп жоспарлау, әр түрлі оқу, қоғамдық еңбек тапсырмаларын орындау, әрбір ұжым мүшелеріне көмектесу, іс-әрекеттерін бақылау т.б.
Мұғалімнің қызметі - коммуникативті, яғни балалармен байланыс жасау, ұжымның өмірі үшін оқушылардың ынтасын қуаттау, жалпы міндеттерді орындауда барлық оқушылардың күш-қуатын нығайту.Ұжымның бұл даму кезеңіндс тұлғаға талап қою ұжым арқылы жүзегс асырылады.
Үшінші кезең - бұдан былай белсенді топтың және ұжым (сынып) іс-ерекетінің дамуымен сипатталады, онда қоғамдық өмірдегі деректерді, құбылыстарды бағалауда ұжымдық пікір пайдаланылады. Бұл саты ұжымның өрлеу кезеңі. Ұжым өмірінде, оқушылар арасында жалпы істі бірлесіп орындаудың арқасында ұжымдык, гуманистік қатынастар дамиды, демек, ұжымда тілектестік, бір-біріне ілтипатты болу, жолдас-тарының қуанышына, мұқтаждығына үн қатуға дайын тұру, мінез-құлық нормасын сақтау, нормаға бағыну сияқты болымды қасиеттер пайда болады.
Ұжымның дамуның негізігі жағдайларына жатады: педагогикалық талаптар, ұжымдағы қоғамдық пікір, перспективті алға жылжушылықты ұйымдастыру, өзін-өзі басқаруды ұйымдасытыру, дәстүрлер.
Достарыңызбен бөлісу: |