Ұжымшылдық– ұжыммен ынтымақтастық, өзін оның бір мүшесі деп сезіну сезімі, топ және қоғам үшін пайдалы әрекеттерге дайын болуы. Қалыптастыру жолдары: оқуда, еңбекте, қоғамдық жұмыстарда ынтымақтастық пен өзара көмекті ұйымдастыру, мәдени –жаппай және спорттық шараларға бірлесе қатысу; оқушыларға перспективаны анықтату және оларды бірлесе орындалуын қамтамасыз ету, балардың қоғамдық ұйымдарының жұмысын белсендіру.
Ұжым дамуының қозғаушы күші – перспектива болып табылады. Перспективалар жақын, орта, алыс перспетивалар деп бөлінеді:
Жақын перспектива – күнделікті туындайтын тұлғаны әр түрлі іс-әректке ынталандыратын мақсаттар.
Орта перспектива – орта аралық мерзімге (апта, ай)арналған ұжымдық іс-әректтің проектісі.
Алыс перспектива – ұзақ уақыт талап ететін, маңызды және мәнді нәтижеге бағытталған мақсаттар.
7.2 Балалар ұжымын қалыптастарудың кезеңдері, қызметі және заңдары.
Ұжымның функциялары:
Ұйымдастырушы – балалар ұжымыөзінің қоғамдық пайдалы іс-әрекеттерін басқарудың субъектісіне айналады.
Тәрбиелеуші – балалар ұжымы белгілі бір идеялық- адамгершілік көзқарастарды ұстанушы және оларды таратушы болып табылады.
Ынталандырушы – балалар ұжымы барлық қоғамдық пайдалы істердің адамгершілік стимулдарының қалыптасуына ықпал етеді, ұжым мүшелерінің тәлім-тәртібін реттейді, олардың өзара байланыстырады.
Балалар ұжымының іс-әректін ұйымдастыру принциптері мен заңдары:
-Ұжымның даму (қозғалыс) заңы - «Еркін адамзат ұжымының даму формасы – алға қарай жылжу, ал өлу формасы – тоқтау», - деп көрсеткендей ұжым үнемі алға қарай жылжу үстінде болуы керек. Белгіл бір мақсаттарға жеткен ұжым өз дамуында осы жерден тоқтап қалса, ол баолашақтан қол үзгені болып табылады.
- Параллельді әсер ету заңы - педагог тұлғаға ұжым арқылы әсер етеді, себебі ұжым өзінің әрбір мүшесі үшін жауап береді, ал әрбір мүше ұжым үшін жауап береді. Бұл фактордың іске асуның бір факторы – қоғамдық пікір, ол әсер теу құралы немесе «бұзу» құралы болуы мүмкін
- Перспективті линиялар принципі - суть этого принципа по словам А.С.Макаренконың айтуы бойынша бұл принциптің мәні - «жаңа перспективалар құрастырылады, бұрын қолданылған принциптерді пайдаланылады, құнды принциптер ойлап табылады». Педагог ұжымның әрбір мүшесін және ұжымды белгілі бір мақсатарға тарта алуы тиіс, оны орындау үшін еңбектену, күш салу қажет, ол өз кезегінде қанағаттанушылық, рахаттану сезімін тудыруы қажет.
- Педагогикалық мақсатқа сәйкестілік принципі – ұжымның өмірі, іс-әректі, қарым-қатынасының мазмұнын таңдау тәрбиенің мақсаты мен міндетеріне негізделуі тиіс.
- Тәрбие процесінің біртұтастық принципі целостности – «Адам жеке бөліктермен тәрбиеленбейді, ол біртұтастықта қалыптасады...».- деп жазады А.С.Макаренко. Сондықтан үйлесімді ұйымдастырылған барлық құралдар жүйесі ғана толық тұлға қалыптастырады.
- Жауапкершілікті байланыстылық принципі – ұжымда дұрыс қарым-қатынас стилі мен тонын ұйымдастырумен байланысты принцип.
- Белсенді мақсатқа бағыттылық принципі– А.С.Макаренко даму перспективаларының мақсатына жету үшін «біз мақсатқа белсенді ұмтылуымыз керек. Тәрбие жұмысының барысында шешімді және белсенді күш қажет.» ,- деп көрсетеді.
Ұжымның дамуы принциптер мен заңдарды дұрыс пайдалануға байланысты. Ұжым өзінің дамуында үш кезеңді өткізеді. Ұжымның даму кезеңдерін айқындаған А.С.Макаренко. Ол балалар ұжымы дамуының мақсатына, іс-әрекетінің мазмұнына, тәртібіне, балалардың ара-қатынасы тәуелділігіне байланысты ажыратты.
Төмендегі сызбада ұжым дамуының кезеңдері көрсетілген:
Достарыңызбен бөлісу: |