Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі.
Бітібаева Қ.О
Оқушыларды ғылыми-зерттеу жұмысына баулу жолдары.
Семей, 2007ж.
КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері, ҚР-ның еңбек сіңірген мұғалімі, Қазақ ССР, СССР Халық ағарту ісінің озық қызметкері, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері, «Құрмет» орденінің иегері, белгілі ұстаз, профессор Қ.О.Бітібаеваның «Оқушыларды ғылыми-зерттеу жұмысына баулу жолдары» атты оқу құралының маңызы ерекше. Оқу құралы текелей оқушыларға арналып жазылған. Сондай-ақ ұстаздарға беретін ақыл-кеңесі де мол. Еңбектің құндылығы - оқушыларды ғылымға баулудың теориялық мәселелерімен қоса, практикалық жағының да жан-жақты қамтылғаны. Тұңғыш рет жазылып, ұсынылып отырған оулық-дәптердің бағдаршамдай маңызы зор деп ойлаймыз.
Пікір жазғандар:
Картаева А – филология ғылымының кандидаты, ШҚМТУ-дың аға оқытушысы.
Құрманбаева Ш.Қ – филология ғылымының кандидаты, доцент, ШҚМТУ-дың оқытушысы.
Мұқашева М.Қ – ғылым магистрі, жоғары санаттағы жаңашыл ұстаз.
Ғылым - Отаныңның ең киелі дүниесі
болуға тиіс. Өйткені ойлаудан әрі үзбей
ойлана іздеуден өзге жұртты артқа тастап,
озған халық қана берекелі ел бола алады.
Л. Пастер
І БӨЛІМ
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ ІЗДЕНІСІНЕ
БАҒЫТТАЛҒАН ОҚУЛЫҚ-ДӘПТЕР.
Оқулық - оқушының өз бетімен
жұмыс жасауының құралы.
К.Д.Ушинский
... Бір ғылымнан басқаның,
Кеселі көп асқанға...
Абай.
Қашан бала ғылым-білімді махаббатпен
көксерлік болса, сонда ғана оның аты
Адам болады.
Абай
Болмасањ да ±ќсап баќ,
Достарыңызбен бөлісу: |