«Бизнес этиасы» пәнінен қысқаша дәріс тезистері



бет24/40
Дата05.11.2023
өлшемі181,94 Kb.
#189850
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   40
Байланысты:
be 2

Салттар – бұл іс - əрекеттің стандартты бірізділігі, олар жұмысты орындаумен тікелей байланысты емес, бірақ оларға жанама түрде қатынасы бар.
Салттардың мысалына мамандық дəрежесін беру, зейнеткерлікке шығарып салу, компания жалауын көтеру жəне басқалар жатады. Ұрандар жəне əнұран секілді салттар нақты құндылықтарға жəне жағымды əсерлерге баулиды. Еңбек нəтижелері орындауда ынталылықты арттыра алады.
Қазақстандық компанияларда салттар жоралғылары пайда болуда. Бірақ барлық күрделілік – салттардың көбінесе аяқ-асты пайда болуынан жəне ұжымдық құндылықтарға байланыстырылмауынан. Ал мұның өзі қызметкерлердің тəртібі мен нанымдарына қажетті ықпал етпейтінін білдіреді.
21 Негізінен мекемеде кез келген функцияның немесе операцияның тапсырмасы – қанағаттанған ішкі немесе сыртқы клиент.
Əдеттер жəне дəстүрлер – еңбек нəтижелеріне жағымды немесе жағымсыз түрде ықпал ете алатын, анықталған жəне стандарттық ірі жəне шағын əрекеттер жүйелілігінің қозғалыстағы стереотиптері. Жағымды əдеттер мен дəстүрлерді қалыптастыру өндірістің өсуіне жол ашады.
Мəселен, жұмыс басталар алдында 10 минутқа ерте келу əдеті немесе жұмысшылар əулетінің дəстүрі. Мекеме мəдениетінде əдеттер немесе дəстүрлер бекітілгеннен кейін, қызметкерлер осы бағыттағы іс əрекеттерді дағдылы түрде ойланбай орындайтын болады. Осылайша, жағымды əдеттер мен дəстүрлерді ойлап табу керек жəне оны қолдау керек. Ал жағымсыз əдеттерді реттеу қажет, тек оны бұйрықпен ғана орындатуға болмайды.
Қазақстандық мекемелерде, кəсіпорындарда жұмыс орнының реттілігі, кесте бойынша шəй немесе кофе ішуге техникалық үзілістер жəне т.б. сияқты сирек те болса қалыптасқан əдеттерді кездестіруге болады. Тек бір жағдайда ғана басшылықтың жағымсыз əдетпен, яғни жұмыс аралығында шылым шегумен айналысқандарын да көрдім. Көптеген қазақстандық мекемелерде қалыптасқан өнегелі, үлгілі əдеттер де аз емес шығар.
Ал енді дəстүрге келетін болсақ, онда олар мекеме құндылығының жүйелеріне тығыз байланысты болуы тиіс. Егер компания қызметкерлерді өз құндылығы деп жарияласа, онда ол осы құндылықты қандай дəстүрлермен қолдап отырмақ.
Мəселен, бұрын бұл жұмысшылар əулетін құру жəне нығайту дəстүрлерімен қолданылатын. Қазірде бұл сирек кездеседі.
Тіл – басқарудың жалғыз құралы болып табылады жəне өзге жағдайлар үшін бірқатар көптеген ақпарат береді. Жалпы ауызбірліктің болмауы түсінбеушілікке, өзара қарым-қатынастың нашарлауына жəне тиімділіктің төмендеуіне, бір сөзбен айтқанда «Вавилондық ығы-жығылыққа» алып келеді. КСРО аумағында онжылдықтар бойы бизнестің болмауы біздердегі іскерлік тілінің қазіргі уақытта көбінесе ағылшын тілінің термин сөздеріне негізделуіне алып келгенін айта кеткен жөн. Жəне сонымен бірге қызметкерлер көбінесе осы термин сөздердің мəн-мағынасын түсінбейді, мұның өзі өзара түсінушілікті одан əрі күрделендіруде.
Қазір «менеджерлер» өте көбеюде, бара-бара əрбір кондуктордың автобус менеджеріне айналатын да түрі бар. Ал, менеджер – өзгелерді басқаратын адам, ол кəсіби қызметке қарағанда басқару қызметімен көбірек айналысады. Мысалы бригадирді менеджер деп атауға болмайды, себебі ол өзгеше кəсіби жұмыспен айналысады.
Бұл орайда өзге, анағұрлым күрделі термин сөздер туралы айтпай-ақ қояйын. Мəселен, семинарларым жəне тренигтерімнің жүздеген тыңдаушылары арасында «маркетинг» деген сұраққа болар болмастай жиырмаға жетер-жетпес адам ғана жөнді жауап берді. Термин сөздері кеңнен қолданылады, бірақ егер де термин сөздерді біздер əр түрлі деңгейде түсінсек, онда біздердің жұмысымызда өзара жақсы түсіністік жəне өзара қарым-қатынастар болуының мүмкіндігі қандай?
Өзара түсіністіктің табылуы үшін ұжымдық глоссарий құру керек. Ол қызметкерлерді оқыту арқылы жүзеге асырылады, ең ұтымдысы – олардың мұғалімдерден білім алғаны жөн, əйтпесе қызметкерлер əр түрлі топтарда терминдерді əр түрлі түсіндірілуінің қалыптастыру қаупі де бар. Компанияның нормативті құжаттары да жарайды, онда мəтінге енген терминдердің сөздіктері (анықтамалары) бар. Осындай құжаттардың жақсы мысалы, үлгісі – заңдар болып табылады. Кеңестер кезінде, əр түрлі талқылау сəттерінде терминдердің жалпы мағынасын қалыптастыруға да болады. «Осы термин арқылы сіз нені айтқыңыз келді?» - деген сұрақты жиі қоятын болса, сонда əр түрлі адамдардың терминдердің мағынасын түсінуінде қаншалықты алшақтық болатынына таң қаласыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет