«Бизнес этиасы» пәнінен қысқаша дәріс тезистері



бет25/40
Дата05.11.2023
өлшемі181,94 Kb.
#189850
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   40
Байланысты:
be 2

Аңыздар – бұл ойдан шығарылған əңгімелер. Олар көбінесе «қалай» өмір сүрудің үлгісі болып есептелінеді. Əдетте аңыздар – ертегілер болып табылады жəне сəбидің ойлау қабілеті, тəжірибесі жеткіліксіз кезеңінде осы ертегілер құндылықтары қалыптастырылады. Құндылықтарды сондай-ақ ең жақын, ең қымбат адамдар – ата-аналар, əжелер мен аталар да қалыптастырады.
Компания басшылығына қызметкерлерге компанияға тиімді стереотиптер мен құндылықтарды беретін аңыздарды құру немесе таңдап алудың маңыздылығы зор. Олар осы аңыздарды насихаттауы да керек. Мұндай аңыздар «еңбек жетістіктері» туралы немесе кəсіпорында жұмыс жасамаған белгілі жəне белгісіз қаһармандар тарихы туралы əңгімелерден құралуы да мүмкін. Мысалы, жас басшыларды тəрбиелеу үшін əлемнің əйгілі менеджерлері Деминг немесе Якокка туралы əңгімелер жарайды.
Дегенмен, менің ойымша, қазақстандық кəсіпорындар, осы құрал туралы мүлдем ойланбайтын тəрізді. Бірақ «HR форумы» бағдарламасында, 2009 жылғы сəуір айында Алматы қаласында өткен, корпоративті аңыздар мен аңыз əңгімелерді құрастыру бойынша мастер-классты көрдім. Бастамаға жол салынды.
Компания тарихы – бұл да басқару құралы. «Тарих оқытады!». Ел игілігі жолында қажырлылықпен еңбек еткен ата-бабалардың ұлағаты кейінгі ұрпаққа үлгі өнеге болатындығы сөзсіз. Сонымен қатар ұжымдағы жас мамандарға «осындай ізгі іс-шараларды бізге ата-бабаларымыз мұра ретінде қалдырды» десек жəне нені қалдырғанын нақты көрсетсек, онда орындау бағытындағы ұмтылыстың жоғары деңгейдегі болатындығы айдай ақиқат.
Қажеттілікке орай қызметкерлердің назарын компания тарихындағы əртүрлі құндылықтарға аударып түрлі деректерді атап көрсетуге болады. Басқаша айтқанда, өз мекемеңіздің тарихын көздің қарашығындай сақтап жəне оған ұқыптылықпен қарау қажеттігі есте болған жөн. Бұл бұрын да қолға алынған жəне мұның өзі қазіргі кезде де Қазақстанның кəсіпорындарында қалпына келу үстінде.
Корпоративті мұражайлар пайда болуда, олар бүгінгі күн талабына орай жаңару жəне даму үстінде. Бұл өте ғажайып іс, ол құндылықтар жүйесіне, ұжымның көңіл-күйіне тікелей ықпал ету арқылы өндіріс қарқынын да арттырады.
Көптеген кəсіпорындарда өнеге үрдістері бар. Ата-аналары жұмыс жасайтын орынмен танысуға келген балалардың корпоративті мұражайда ата-аналарының еңбек өнімділігін бейнелейтін суреттерді, плакаттарды, хабарламаларды тамашалағанын көрдім. Цех қабырғаларында зауыттың қашан ұйымдастырылғандығы туралы жазылған хабарламалар жəне бүгінгі күн мен өндірістің ұйымдастырылу кезеңі арасындағы уақыттың жүз жылдан асуы көптеген адамдардың жүрегіне мақтаныш ұялататындығы айқын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет