«Бизнес этиасы» пәнінен қысқаша дәріс тезистері


Буын сөздер, ұрандар, əнұран



бет23/40
Дата05.11.2023
өлшемі181,94 Kb.
#189850
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   40
Байланысты:
be 2

Буын сөздер, ұрандар, əнұран бұл да белгілер, бірақ графикалық емес, ауызша айтылатын сөздер. Жəне олар да дəл алдыңғылары сияқты жұмыс жасайды. Бірақ тағы бір қосымша ерекшелік бар. Адамдардың өз еркімен айтатын сөздері олардың нанымдарына оңай айналады. Қандай да бір қызмет орнын лауазымды иелену, ант ету, серт беру мазмұны осылардан құралады.
Əнұран – бұл компанияның мақтанышы. Эмоциялық көтеріңкі көңіл-күй сəттерінде əнұранды шырқап, өз компанияңыздың деңгейінің маңыздылығына сенесіз.
Үлкен өкінішке орай, бұл жағдайда да қазақстандық компаниялардың жетекшілері мен басқарушылары осы құралдарға мəн бермейді. Бірақ бұл бағытта талап деңгейінен көрінушілер де бар. Мəселен, маған «Қазақтелеком» АҚ, «Каспий Банкі» АҚ əнұрандары өте ұнайды.
Төменгі деңгей элементтері де жақсы жұмыс жасайды
Мінез-құлық ережелері, адамгершілік, имандылық (əдеп). Ең алдымен анықтамалардан бастайық. «Имандылық – адамның қоғамда əрекет етуінің мөлшерлі, негізгі əдіс-амалдарының бірі. Адамгершілік сол немесе адамның барлық қоғамдық өмірде, еңбекте, тұрмыста мінез-құлқын жəне санасын реттейді…»
«Əдеп – … ғылым, оның зерттеу объектісі имандылық болып табылады»
«Мінез-құлық ережелері – 2) Белгілі бір əлеуметтік ортада қабылданған ереже, көзқарас; қоғамда адамдардың мінез-құлық ережесі…»
Бұл орайда: «Неліктен анықтамалар Үлкен кеңестік энциклопедиядан алынған, біз капитализм құрып жатырмыз ғой», деген сауалдар да туындауы мүмкін. Істің мəн-жайы, бұл анықтамалар буржуазиялық философиядағыдай коммунисттік философияда да бірдей екендігінде.
Сонымен қатар, адамның қоғамдағы мінез-құлығы бірлескен деңгейде талқылауларда басты мəселе ретінде қаралатындығында. Егер, біздер, өз кəсіпорындарымыздағы қызметкерлердің əсіресе тəртібіне, сондай-ақ ұжымдық адамгершілік нормаларына назар аударсақ, олардың біздер өмір сүріп отырған қоғамдағы орта топтан бірқатар айырмашылықтары бар екендігін анықтаймыз.
Жəне де тəртіп, оның ішінде еңбек тəртібі бір кəсіпорынның жетекшілері мен қызметкерлірінің тəртібі ерекшеліктерінің бəсекелес қызметкерлер тəртібінен айырмашылығы бар. Осы өзіндік ерекшеліктердің өзі мекемедегі адамгершілік қасиеттің бірегей көрінісі болып табылады. Жəне де мұның өзі, яғни еңбек тəртібі, мінез-құлық ақыр соңында мекеме жұмысының нəтижелеріне ықпал етеді.
Сонымен бірге ұжымдағы адамгершілік қасиеттер кəсіпорын жетекшілері жəне/немесе меншік иегерлерінің өнегесімен қалыптастырылады.
Біздің мекемелерімізде жетекшілер екі мінез-құлық стандарттарын (сонымен қатар имандылық жəне өзге де адамгершілік қасиеттер) енгізумен айналысуда. Бір стандарттар ұжым ішінде өзара қатынас үшін, екіншілері – акционерлермен жəне сыртқы клиенттермен өзара қатынас құру үшін, ал үшіншілері – жеке өздері үшін өмір сүруде. Алайда қызметкерлер – бір бүтін тұтас тұлғалар жəне олар тек бір ғана стандартты таңдайды16. Яғни, егер ұжым ішінде ішкі қатынастар қалыптаспаған болса, онда акционерлермен жұмыс деңгейінде тəртіп те болмайды. Біздің барлығымыз мекемеде бір-бірімізге клиенттерміз. Сондықтан ішкі клиентке қатысты мінез-құлық нормалары сыртқы клиенттерге сияқты болғаны жөн.21 Акционерлерге, директорлар кеңесіне, басшыларға ұжымда имандылықты құрастырумен айналысқан жөн. Əдетте бұл компанияның əдептілік кодексін құру жолымен іске асырылады.
Бірақ əдеп кодекстері қалай құрастырылады? Оларды құру үшін Интернет желісінен өзге мекемелердің кодекстерінің көшірмелері алынады, шағындап бейімделіп, бекітіледі. Мұндай кодекстер «жұмыс жасамайтын» немқұрайлы құжаттарға айналады, мекеме мəдениетін қалыптастырмайды, себебі оның осы нақты мекемеге ешқандай қатысы жоқ. Əдеп кодексі қызметкерлердің іс - əрекеті үшін басшылыққа айналу үшін, ол ұйымдастырушылық оқиғалар негізінде құрастырылуы керек. Яғни алдымен мекемеде де қандай да бір оқиға болып, содан соң оны ұжымда талқылау барысында мекеме құндылықтарына сəйкес оқиға қайталанған кезде қызметкерлер нені жасауға міндетті екендігі анықталады, тек осыдан кейін ғана осы шешім бекітіледі жəне кодекске енгізіледі. Осылайша, кодекс бұл бейстатикалық құжат. Ол оқиғалардың пайда болу шамасы бойынша дамиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет