153
Ақпаратты талдау мәліметтерді коммерциялық құпия қатарына
есепке алу үшін негіз бола алады, оған байланысты қандай да бір
мәліметтерді жария ету қаупі туралы қорытынды жасалады. Осыдан кейін
оны қорғау бойынша кешенді іс-шаралар жүргізіледі.
Қорғау шараларын әзірлеу кезінде:
o
қорғауға қандай ақпарат қажет;
o
ол кімді
қызықтыра алады;
o
оның қандай элементтері ең құнды;
o
бұл құпиялардың өмір сүру мерзімі қандай;
o
оларды қорғауға қанша шығын жұмсалады.
Ақпаратты қорғаудың сенімді жүйесін ұйымдастыру үшін оның
шығатын
арналары туралы нақты түсінік болуы қажет, олардың ең
ықтималдары:
o
ақпаратқа тікелей рұқсаты бар персонал;
o
осы ақпаратты қамтитын құжаттар (тасымалдаушылардың
барлық түрлері);
o
техникалық құралдар және ақпаратты өңдеу жүйелері, оның
ішінде ол берілетін байланыс желілері.
Кәсіпорынның іскерлік ақпаратының қауіпсіздігін
қамтамасыз ету
қағидаларын нақты атап өткен жөн:
1.
Қорғаудың қарапайымдылығы. Қарапайым қорғау әдістері ең
сенімді болып табылады.
2.
Ақпаратқа қол жеткізу бойынша артықшылықтарды азайту
3.
Рұқсатсыз әрекеттерді арандату үшін тұзақтарды орнату
4.
Пайдаланушылар үшін қорғаудың қолайлылығы,
әйтпесе оны
айналып өту әрекеттері жасалады
5.
Қорғау жүйесінің бақылануы
6.
Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етеін жеке адамдардың
ерекше жауапкершілігі
7.
Қорғау объектілерін оқшаулау
және топтарға бөлу олардың
біреуінің қорғанысының бұзылуы басқалардың қауіпсіздігіне әсер
етпейтіндей.
8.
Қорғау жүйесінің сенімділігі.
154
9.
Қорғаныс жүйесінің икемділігі мен бейімделуі
10.
Бақылау құралдарының болуы көзге түспеуі керек және олар
қолданылатын адамдардан жасырын болуы керек.
Коммерциялық құпияны қорғау жолындағы алғашқы қадам оны
құрайтын мәліметтер шеңберін анықтау және осы мәліметтерді кәсіпорын
үшін ақпараттың құндылығына байланысты санаттарға бөлу болуы тиіс.
Коммерциялық ақпаратты құпияландыруға
арналған шығыстар ықтимал
шығындарға барабар болуы тиіс. Өнімді өткізу нарығын кеңейтуге, оның
сапасын жақсартуға, серіктестермен аса тиімді мәмілелер жасасуға
мүмкіндік беретін ақпараттың бір бөлігін ғана коммерциялық құпия
ретінде қорғау орынды.